Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІІІ Экологиялық мәдениет



ІІІ Экологиялық мә дениет

 Ұ лттық экомә дениет

Ө ТІНІШ, ТІЛЕК  МӘ НДІ СӨ ЙЛЕМ

1-сабақ

Лексикалық тақ ырып: Экологиялық мә дениет – тазалық тың кепілі

Грамматикалық тақ ырып: Ө тініш, тілек мә нді сө йлем

 ОҚ ЫЛЫМ

1-тапсырма. Мә тінді тү сініп оқ ың ыз.

«Экология» термині грек тілінен «ү й тура­лы» ілім деп аударылады. Мұ ндағ ы «ү й» – қ оршағ ан табиғ и орта дегенді білдіреді. Демек, экология ол табиғ атты қ орғ аумен байланысты туындағ ан термин. Ғ ылыми ә дебиеттерде оғ ан «табиғ аттың тазалығ ын, сұ лулығ ын сақ тай, қ орғ ай отырып, оны адам қ ажетіне ұ қ ып­ты пайдалану» деген анық тама беріледі.

Ал экологиялық мә дениет деген не? Бұ л адам мен табиғ аттың арасындағ ы еркін (залал келтірмейтін) қ атынастардан туындайтын мә дениет.

«Мә дениет» деген ұ ғ ымның ө зіне ғ алымдар ә ртү рлі, бірақ мә ні бірдей мынандай анық тамалар берген. Мә селен, қ азақ тың кө рнекті жазушысы Ә біш Кекілбаев: «Мә дениет дегеніміз – адамдардың ө здерін қ оршағ ан табиғ и жә не ә леуметтік аяны ө згертіп, сол екі ортада ө здерін де ө згерте білу қ абілеті» десе, қ оғ ам қ айраткері, жазушы Олжас Сү лейменов : «Мә дениет – тіршілік ету кү ресі жолындағ ы ең бек-зейнеттен туғ ан, табиғ атпен, адами ортамен ү йлесімді ө мір сү ре білу ө нері, адамның ә дет-ғ ұ рыптар мен заң дарғ а сү йенген қ оғ амда қ адірін тү сірмей тұ ра білуі, қ оғ амның басқ а қ ауымдармен қ атар ө мір сү ре білуі. Мә дениет – ол тарихи тә жірибе айтып берген дағ дылы машық тардың, рұ қ сат етулер мен тыйым салулардың тұ тас бір жү йесі» дейді.

Демек, туғ ан жердің табиғ и болмыс-бітімін танып-тү сіну, қ оршағ ан ортамен тіл табысу, сол ортамен ү ндес ө мір салтын қ алыптастыру арқ ылы ұ лттық экомә дениет қ алыптасты.

Қ азақ халқ ы табиғ аттың апталық, айлық, маусымдық, жылдық қ ұ былыстарын терең нен білген. Сондық тан да олар жаз жайлауғ а, қ ыс қ ыстауғ а кө шіп отырғ ан. Ә рбір қ оныстың тазалығ ына ү лкен мә н берген. Жайылымдық жерді қ орғ ау, ө сімдік жамылғ ыларын қ орғ ау ү шін малды бір жерге жаймағ ан, кө шіп аралап жү ріп жайғ ан, мұ ның ө зі табиғ атқ а деген қ ұ рметті білдіреді. Ү йдің тұ рғ ан жерін аптасына 2-3 рет алмастырып отырғ ан – бұ л да тазалық тың белгісі. Бұ л экологиялық тепе-тең дікті сақ таудың бір тармағ ы.

Киіз ү йдің тү ндігі арқ ылы жұ лдыз жорамалын жасағ ан, ауа-райын болжағ ан. Осындай мың да­ғ ан жылдар бойы жиналғ ан ө мір тә жірибесі негізінде ұ лы дала тұ рғ ын­дарының арасында астрономиялық, геогра­фиялық, математикалық, гидрометеорологиялық зердесі ерекше дамығ ан, ешкімге ұ қ самайтын кө шпелілер мә дениеті дү ниеге келген.

Ол қ андай мә дениет? Ол – нағ ыз табиғ атты терең тануғ а, табиғ атпен мінсіз ү ндесуге негізделген қ азақ и экологиялық мә дениет! Қ азақ та «Қ ұ стың ұ ясын бұ зба», «Қ ұ мырсқ аның илеуін бұ зба», «Су ішкен қ ұ дығ ың а тү кірме»,  «Ақ ты  тө кпе»,  «Тү нде  тырнақ алма»

деген сияқ ты кө птеген тазалық қ а, табиғ атты аялауғ а байланысты тыйым сө здердің кө п болуы осы мә дениеттің бастамасы екенін дә лелдейді.  

(http: //www. halyk-gazeti. kz )

 АЙТЫЛЫМ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.