|
|||
ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
Рас, бұ рынғ ы біздің ата-бабаларымыздың бұ л замандағ ылардан білімі, кү тімі, сыпайылығ ы, тазалығ ы тө мен болғ ан. Бірақ бұ л замандағ ылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұ рт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, ә лгі екі ғ ана тә уір ісін біржола жоғ алтып алдық. Осы кү нгілер ө зге мінезге осы ө рмелеп ілгері бара жатқ анына қ арай сол аталарымыздың екі ғ ана тә уір мінезін жоғ алтпай тұ рсақ, біз де ел қ атарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болғ ан соң, ә лгі ү йренген ө неріміздің бә рі де адамшылық қ а ұ қ самайды, шайтандық қ а тартып барады. Жұ рттық тан кетіп бара жатқ анымыздың бір ү лкен себебі сол кө рінеді.
Ол екі мінезі қ айсы десең, ә уелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Кө ш-қ онды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Ө зге қ ара жұ рт жақ сы-жаман ө здерінің шаруасымен жү ре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары калай қ ылса, калай бітірсе, халық та оны сынамақ, бірден бірге жү ргізбек болмайды екен. «Қ ой асығ ын қ олың а ал, қ олайың а жақ са, сақ а қ ой», «Бас-басың а би болса, манар тауғ а сыймассың, басалқ аң ыз бар болса, жанғ ан отқ а кү ймессің » деп мақ ал айтып, тілеу қ ылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік сағ ан, берген соң, қ айтып бұ зылмақ тү гіл, жетпегенің ді жетілтемін деп, жамандығ ын жасырып, жақ сылығ ын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұ тып, ә улие тұ тып, онан соң жақ сылары да кө п азбайды екен. Бә рі ө з бауыры, бә рі ө з малы болғ ан соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қ амын жемей қ айтеді?
Екінші мінезі - намысқ орлық екен. Ат аталып, аруақ шақ ырылғ ан жерде ағ айынғ а ө кпе, араздық қ а қ арамайды екен, жанын салысады екен. «Ө зіне ар тұ тқ ан жаттан зар тұ тады» деп, «Аз араздық ты қ уғ ан кө п пайдасын кетірер» деп, «Ағ айынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағ ы кетеді, тө ртеу тү гел болса, тө бедегі келеді» десіп, «Жол қ уғ ан қ азынағ а жолығ ар, дау қ уғ ан пә леге жолығ ар» десіп. Кә неки, енді осы екі мінез қ айда бар? Бұ лар да арлылық, намыстылық, табандылық тан келеді. Бұ лардан айырылдық. Ендігілердің достығ ы - пейіл емес, алдау, дұ шпандығ ы - кейіс емес, не кү ндестік, не тыныш отыра алмағ андық.
|
|||
|