Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ СӨЗ



Ей, мұ сылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің кө ң ілі жақ сылық қ а мейілді, біреудің кө ң ілі жаманшылық қ а мейілді - бұ лар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: қ ұ дай тағ аланың жаратуынан яки бұ йрығ ынша болғ ан іс деп. Жә, олай болса, біз қ ұ дай тағ аланы айыбы жоқ, міні жоқ, ө зі ә діл деп иман келтіріп едік. Енді қ ұ дай тағ ала бір антұ рғ анғ а ең бексіз мал береді екен.

 

Бір қ ұ дайдан тілеп, адал ең бек қ ылып, пайда іздеген кісінің ең бегін жандырмай, қ атын-баласын жө ндеп асырарлық та қ ылмай, кедей қ ылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қ ылып, қ ор қ ылады екен. Қ айда бір ұ ры, залымның денін сау қ ылады екен. Ә ке-шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер қ ылады екен. Тамам жұ ртқ а бұ зық болма, тү зік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. Тү зікті бейішке шығ арамын деп, бұ зық ты тозақ қ а саламын деп айта тұ ра, пендесінің біреуін жақ сылық қ а мейілдендіріп, біреуін жаманшылық қ а мейілдендіріп, ө зі қ ұ дайлық қ ұ діретімен біреуін жақ сылық қ а бұ рып, біреуін жамандылық қ а бұ рып жіберіп тұ рады екен. Осының бә рі қ ұ дай тағ аланың айыпсыз, мінсіз ғ афур рахимдығ ына, ә ділдігіне лайық келе ме?

 

Жұ рт та, мү лік те - бә рі қ ұ дайдың ө зінікі. Бұ л қ ылғ анын не дей аламыз? Ө з мү лкін ө зі не қ ылса қ ыла береді. Оны айыпты болады дей алмаймыз десең, ол сө зің қ ұ дай тағ аланың айыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуғ а бата алмаймыз дегенің емес пе? Олай болғ анда, пенде ө з тырысқ андығ ыменен не табады? Бә рін қ ылушығ а қ ылдырушы ө зі екен. Пенде пендеге ө кпелейтұ ғ ын ешнә рсе жоқ. Кім жақ сылық, кім жамандық қ ылса дағ ы қ ұ дайдан келген жарлық ты қ ылып жү р екен дейміз бе? Қ ұ дай тағ ала ә рбір ақ ылы бар кісіге иман парыз, ә рбір иманы бар кісіге ғ ибадат парыз деген екен. Жә не де ә рбір рас іс ақ ылдан қ орық паса керек.

 

Жә, біз енді ақ ылды еркіне жібермесек, қ ұ дай тағ аланың ақ ылы бар кісіге иман парыз дегені қ айда қ алады? «Мені танығ ан ақ ылменен таныр» дегені қ айда қ алады? Дініміздің бір жасырын тұ рғ ан жалғ аны жоқ болса, ақ ылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақ ыл тоқ тамағ ан соң, діннің ө зі неден болады. Ә уелі иманды тү зетпей жатып, қ ылғ ан ғ ибадат не болады? Жоқ, сен жақ сылық, жамандық ты жаратқ ан - қ ұ дай, бірақ қ ылдырғ ан қ ұ дай емес, ауруды жаратқ ан - қ ұ дай, ауыртқ ан қ ұ дай емес, байлық ты, кедейлікті жаратқ ан - қ ұ дай, бай қ ылғ ан, кедей қ ылғ ан қ ұ дай емес деп, нанып ұ қ саң болар, ә йтпесе - жоқ.

І895



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.