Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОН БІРІНШІ СӨЗ. ОН ЕКІНШІ СӨЗ



ОН БІРІНШІ СӨ З

Осы елдің ү нем қ ылып жү ргені немене? Екі нә рсе. Ә уелі - ұ рлық, ұ ры ұ рлық пен мал табам деп жү р. Мал иесі артылтып алып, тағ ы да байимын деп жү р. Ұ лық тар алып берем деп, даугерді жеп, қ ұ тқ арам деп ұ рыны жеп жү р. Қ арапайым жұ рт ұ рлық айтып мал алам деп, ұ рығ а атымды сатып пайдаланам деп, не ө ткізбесін арзанғ а тү сіріп алам деп жү р. Екінші - бұ зақ ылар біреудің ойында жоқ пә лені ойына салып, бү йтсең бек боласың, бү йтсең кеп боласың, бү йтсең кек аласың, мық ты атанасың деп, ауқ аттыларды азғ ырғ алы ә лек болып жү р. Кім азса, мен соғ ан керек боламын деп, к... н қ ыздырып алып, ө зін бір ғ ана азық қ ылайын деп жү р.

 

Ұ лық тар пә лі-пә лі, бұ л табылғ ан ақ ыл деп, мен сені бү йтіп сү йеймін деп, ананы жеп, сені бү йтіп сү йеймін деп, мынаны жеп жү р. Қ ара халық менің сонша ү йім бар, сонша ауыл-аймағ ыммен сойылың ды соғ айын, дауың ды айтайын деп, қ ай кө п бергенге партиялас боламын деп, қ ұ дайғ а жазып, жатпай-тұ рмай салып жү ріп басын, ауылын, қ атын-баласын сатып жү р. Осы бір ұ ры, бұ зақ ы жоғ алса, жұ ртқ а ой да тү сер еді, шаруа да қ ылар еді. Бай барын бағ ып, кедей жоғ ын іздеп, ел секілденіп талапқ а, тілеуге кірісер еді. Енді жұ рттың бә рі осы екі бү лік іске ортақ, мұ ны кім тү зейді? Анттың, серттің, адалдық тың, ұ яттың бір тоқ таусыз кеткені ме? Ұ рыны тыю да оң ай болар еді, бірақ осы бұ зақ ының тіліне еретұ ғ ын, азатұ ғ ын байларды кім тыяды?

ОН ЕКІНШІ СӨ З

Кімде-кім жақ сы-жаман ғ ибадат қ ылып жү рсе, оны ол ғ ибадаттан тыюғ а аузымыз бармайды, ә йтеуір жақ сылық қ а қ ылғ ан ниеттің жамандығ ы жоқ қ ой дейміз. Лә кин, сондай адамдар толымды ғ ибадатқ а ғ ылымы жетпесе де, қ ылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Ә уелі - иманның иғ тиқ атын махкамлемек керек, екінші - ү йреніп жеткенше осы да болады ғ ой демей, ү йрене берсе керек. Кімде-кім ү йреніп жетпей жатып, ү йренгенін қ ойса, оны қ ұ дай ұ рды, ғ ибадаты ғ ибадат болмайды. Уа-лә кин, кімде-кім иманның неше нә рсе бірлә н кә мә лә т табатұ ғ ынын білмей, қ анша жерден бұ зылатұ ғ ынын білмей, басына шалма орап, бірә дар атын кө теріп, оразашыл, намазшыл болып жү рген кө ң ілге қ алың бермей тұ рып, жыртысын салғ анғ а ұ қ сайды. Кү зетшісіз, ескерусіз иман тұ рмайды, ық ыласыменен ө зін-ө зі аң дып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұ рмаса, салғ ырттың иманы бар деп болмайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.