Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





«Құлыным менің» – 2 4 страница



Жастар айғай-шуға басады: «Колбин шықсын! Қонаевты шақырыңыздар! Өз аузынан естиік? Үлт намысын аяққа таптап тұрсыңдар! Әр республика – өз басшысын өздері сайласын!».

Орталық Комитет үйінің терезесінен қарап тұрған Г. В. Колбиннің сұлбасын байқаймыз.

Г. В. Колбиннің монологы: – Қарай гөр өздерін... Әбден есірген екен! Көкелеріңді көздеріңе көрсетейін... Дүниедегі ең тентек халық грузиндер де мені тыңдаған, маған бағынған. Қазақтардың бұл бейбастақтығы саяси, идеологиялық бунт екенін ұқпай тұр-ау. аңғал басым, қалай ғана байқамағанмын: барып тұрған ұлтшыл, намысқой екен ғой... мойындарыңа


«ұлтшыл» деген қарғыбауды мәңгіге іліп берейін, шешіп көрсін. Қазір басындырып алсам, бұл халық күні ертең тәуелсіздігін сұрайды, аусылдың алдын алу керек. Ұлы Державаның шынжыры мен Советтік идеологияның құрығынан ешкім құтылған емес. Үзе алмайды да! (Ойланып) Тарар ма екен... сәл шыдай тұрайын?!».

 

алаңдағы көрініс қыза түскен. Әділет қатарласа тұрған Қайрат, Қымбат, айнаға жақындайды.

 

Ә д і л е т: – Сендер неғып жүрсіңдер... Қанат қайда? Қайтыңдар, жатақханаларыңа. Босқа арам тер болмаңдар. Олар (мінбе жақты нұсқап) шешімдерін өзгертпейді де, шегінбейді де... нақақ күйесіңдер. Қайтыңдар!

Қ а й р а т: – ағасы-ау. Сізден мұндай естиміз деп ойлаған жоқпыз. Елмен көрген ұлы той емес пе. Курстас жігіттерден бөлініп, жасырынып қалсақ, ертең бетіне қалай қараймыз.

Ә д і л е т: Қыздарды араластырмау керек еді. Қыздың жолы

– жіңішке... ал, бүгінгі әрекет – еркектердің еншісі.

а й н а: – Қазақтың қыздары еркектерден де көп ерлік жасаған.

алаңдағы айғай-шу үдей түседі. Жарық тағы да Г.В. Колбиннің бетіне түседі.

 

Г. В. К о л б и н: – «мына тобыр қояр емес. Барған сайын көбейіп, желігіп барады. Тез шара қолданбаса Орталық Комитеттің үйін басып алады. Егер тәртіпсіздіктің түп тамырына үзілді-кесілді балта шауып, кім ұйымдастырғанын іздеп таппасам, алаңға шыққандарды аяусыз жазалап, кінәлілерді соттап, түрмеге қамамасам михаил Сергеевичтің сенімін ақтамағаным. Ондай жағдайда қызметтен қоштаса бер... (телефонмен) Бастаңдар!»

алаңда адам айтқысыз шайқас басталады. музыка. аласапыран айқастың ортасында біздің кейіпкерлеріміз де жүр. айнаны сүйрелеген милиционер қолынан жұлқа тартып лақтырғанда басы көше шетіндегі тасқа тиіп қанайды. арашаға түскен Қайрат әлгі милиционерді көкжелкеден ұрады. Қымбат


пен Әділеттің басына да соққы тиеді. Бұларды тепкілеп, қолдарын артына қайырып алып кетеді.

айқас жалғаса түседі. Жастарды қоршаған әскерилердің мұздай қаруланған құрсауы қысып, сахнадан шегіндіріп бара жатады. «Желтоқсан желі» әні бебеу қағып қайғылы бір халдің хабарын таратады.

 

 

БЕСІНШІ КӨрІНІС

 

Қауіпсіздік комитетінің бөлмесі. Стол басында тергеуші. Ол орнынан тұрып, есік ашып «Бозтайлақов Қайратты кіргізіңдер!» деп дауыстайды. Бөлмеге бет-аузы қан Қайрат кіреді. Тергеуші орындықты нұсқайды. Қайрат әлсірей отыра кетеді. Темекісін тартып, ары-бері жүрген тергеуші «Нахалы! Наглецы!» деп, күбірлейді.

Т е р г е у ш і: (зілдене) – Барлық шындығыңды айтпасаң түрмеде шірисің. Сенің қылмысың басқалардікінен ауыр. Тіпті ату жазасына кесілуің мүмкін. Тірі қалғың келсе, бұл көтерілісті кім ұйымдастырды, соны айт. Екінші, қоғамдық тәртіп күзетшісін ұрып жыққаныңды мойында.

Қ а й р а т: (басын зорға көтеріп) – Білмеймін... еш нәрсе білмеймін... студенттердің барлығы алаңға жиналып жатыр деген соң тобымызбен сонда бардық. Жазықсыз ұра бастады... Көгершінім...

Т е р г е у ш і: – Жазықсыз дейді... Көрсетейін мен саған ұрғанды!

 

Құлаштай ұрғанда Қайрат орындығымен құлап түседі.

Тергеуші тепкілейді.

– Тұр!

 

Қайрат ыңырси әрең көтеріледі.

 

Т е р г е у ш і: – Иттің баласы! Көздеріңнің еті өскен екен! Құтырайын, деген екенсіңдер. малмен бірге маңырап далада жүруші едіңдер, ұлттың қамын-ойлап ұлитын болыпсыңдар-


ау. Өзімізге де обал жоқ. Тәрбиеге көнбейтін халықты тәртіпке салу керек еді... айт жаныңның барыңда! Кім ұйымдастырды! Қонаев па?!

Қ а й р а т: (әрең сөйлеп) – Білмеймін, көгершінім... Бар жазығымыз алаңсыз алаңға шықтық... Кінәміз не?

Т е р г е у ш і: – Жазығың сол – үкіметке қарсы келдің! милиционерді ұрдың! мә, саған көгершін! (жағынан салып жібереді)

Қ а й р а т: – Ұрғаным жоқ. Өзі де әрең жүрген ауру қызды тепкілеп жатқан соң, еркек емеспін бе, ара түстім... Қазақта қыз балаға қол жұмсамайды... көгершінім...

Т е р г е у ш і: (түтіге ашуланып) – Қазақта! Құдай-ау, осы

«қазақ» деген сөзден қашан құтылар екенмін... ал, қазақта былай ұрады! (Жағынан тағы да тартып жібереді). аялап отырған қызыңнан жауап алуға да кезек келер. (өзіне-өзі) Әттең, қазақ атамандарының әскері болса ғой, мыналардың қанын судай ағызар еді... КГБ-ыда да қазақтар көбейе бастады. Осы оқиғаны пайдаланып, азайтып тастау керек шығар... (даусын шығара). Сенімен тәжікелесіп тұрар уақыт жоқ. Жүздеген адамнан жауап алуым керек. Кім ұйымдастырғанын және милиционерді ұрғаныңды мойындап жаз да, қолыңды қой... Тағдырыңды советтің әділ соты шешеді. мә, қағаз-қалам...

 

Қ а й р а т: – Кім ұйымдастырғанын білмеймін... Қызды қорғағаным рас... көгершінім...

 

Тергеуші бүйірін теуіп жібереді. Түймешікті басады. Күзетші келеді.

 

Т е р г е у ш і: (күзетшіге) – Куәні шақыр!

 

Күзетші шығып, көзілдірікті ардагер кіреді. (оған). азамат ардагеров, мына жігіттің милиция қызметкерін ұрғанын көрдіңіз бе?

 

а р д а г е р о в: – Көрдім. Дәл осы жігіт, таяқпен ұрып жықты.


Т е р г е у ш і: – Бара беріңіз. ардагеров кетеді.

– Бұған не айтасың?

Қ а й р а т: – Бұл кісіні мен танымаймын, тұңғыш рет көріп тұрмын.

Т е р г е у ш і: – Сенің тануың міндет емес. Содан соң сенің қалтаңнан наша табылды.

Қ а й р а т: – Көгершінім, бұларыңыз жала! Тергеуші күзетшіні шақырады.

Т е р г е у ш і: – алып кет мынаны! ана... қызды шақыр.

К ү з е т ш і: – Жолдас майор! Ол қыздың маңдайынан аққан қан дәрігерлер қанша рет дәрі жақса да тоқтамай тұр. Өз айтуына қарағанда, ауруханада тіркелген... белокровиемен ауырады екен. Не істейміз?

Т е р г е у ш і: (сәл ойланып). – Олай болса осы жерде өліп қалып, пәлесі жұғар. Больницаға апарып тастаңдар. Екіншісін шақыр.

 

Күзетші Қымбатты кіргізеді.

 

Т е р г е у ш і: – Отырыңыз, бикеш. Осындай әдемі қыздан ұлтшыл шығады, деп кім ойлаған. Саған таяқ тимеген-ау, бет- аузың аршылған жұмыртқадай... (темекі ұсынып). алыңыз...

 

Қымбат басын шайқайды.

 

– Бикеш, есіңізге түсіріп көріңізші, Брежнев алаңына сіздерді бастап барған кім және плакаттарды ерінбей-жалықпай кім жазды? Бұдан соң Қайрат Бозтайлақов деген азаматтың милиция қызметкерін соққыға жыққанын куәләндіріп берсеңіз осы қазір-ақ босатып қоя беремін.

Қ ы м б а т: (сәл үндемей барып) – мені қинамаңыз, ағай. Сұрақтарыңызға жауап бере алмаймын. Өйткені ешнәрсе


білмеймін. Қанаттың туған күн кешін өткізіп көшеге шықсақ халықтың барлығы Брежнев алаңына ағылып жатыр екен, біз де соңдарына ердік...

Т е р г е у ш і: (сөзін бөліп) – Халықтың барлығы емес, қазақтар ғана...

Қ ы м б а т: – мейлі, солай-ақ болсын... бірақ қазақ та халық екенін ұмытпаңыз. ал, Қайрат Бозтайлақовтың ішкі істер министрлігі қызметкерін ұрғанын көргенім жоқ. Көрмеген себебім – бірін-бірі итермелеген қалың топ мені лықсытып, құрбыларымнан бөліп әкеткен. Бұдан соң қолына арматура ұстаған «дружинниктер» қолымды қайырып, дайын тұрған машинаға бір теуіп, кіргізіп жіберді...

Т е р г е у ші: (мысқылмен) – Қай жеріңе тепті?

Қ ы м б а т: (ұялыңқырап) – ...ыңғайсыз болса да айтайын, аға, арт жағыма...

Т е р г е у ш і: (күле жақындап) – Оңбағандар, осыншама үріп ауызға салғандай әдемі қыздың құйрығынан тебе ме екен... (етегін көтермекке қолын апарып). Қане, көрейінші, таңба түскен бе екен?..

 

Қымбат етегін жаба орнынан ұшып тұрады.

 

Қ ы м б а т: – Қойыңыз, жолдас майор! Таңба түскенін көргіңіз келсе не дәрігер, не әйел қызметкеріңізді шақыртыңыз. Сонымен қатар менің қылмысты екенімнің ақ-қарасын анықтау барысында адвокат алдыруға мүмкіндік жасаңыз. ал, әзірше, мен қылмыскер емес «күдіктенуші ғанамын».

Т е р г е у ш і: – Қарай гөр өзін... Сауаттарың ашылып қалған екен... Ендеше, мен саған тұрасын айтайын: «сен маған ұнайсың, қазір, дәл осы жерде көңілімді тапсаң, үстіңнен көтерілген бүкіл іс қағазды жоямын да босатып қоя беремін... ал, оған көнбесең жап-жас ғұмырың түрмеде өтеді. Қап-қара шашың ағарады, аппақ бетің суалады. Түрмеде еркек көруге зар боласың...

Қ ы м б а т: (мысқылдай) – Дәл осы бөлмеде ме?

Т е р г е у ш і: – Жайлы төсек іздейтін жағдай жоқ... Қ ы м б а т: – Үстіңізден шағым жазсам ше?


Т е р г е у ш і: – Бәрібір ешкім сенбейді. Қ ы м б а т: – айғай салып, жыласам ше?

Т е р г е у ш і: :– Бәрібір ешкім кірмейді де естімейді. Жақындап Қымбатты құшақтамақ болады.

Қ ы м б а т: – Сіз, жолдас мемлекеттік қауіпсіздік комитеті- нің қызметкері, қатты қателесіп тұрсыз (шегіне) право-заңнан менің де хабарым бар. Заң факультетінің соңғы курсында оқимын... Коммунистік моральға, Советтік идеологияға қайшы безнравственный қылығыңыз үшін жауапқа тартыласыз. ал, бұл қызметтен бір қуылсаңыз қой жаюға да жарамай қала- сыз... менімен жасты қызыңыз бар ғой, жоқ дегенде содан ұялсаңызшы.

 

Тергеуші тіксіне үндемей қалады.

 

Т е р г е у ш і: (қайтадан қатуланып). – Сайрап тұрған тіліңді кесіп алар ма еді!

Қ ы м б а т: – Сіздің ұлтта «Казни, но выслушай» деген сөз, ал қазақта «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген сөз бар...

Т е р г е у ш і: – алаңға стихиялы түрде емес, ұлтшылдық пиғылмен шыққандарыңды қалай жасырасыңдар... Әйтпесе, сендердің топтарыңа бір орыс қосылар еді ғой...

Қ ы м б а т: – Кез келген ұлтшылдықты оятатын шовинизм.

Т е р г е у ш і: (столды ұрып айғай салады) – Кім шовинист!

Қ ы м б а т: – мен сізді айтып тұрғаным жоқ. Сұрағыңызға жауап бердім... Кешіріңіз, жолдас майор, осы жауап алуыңыздың протоколын неге жүргізбейсіз, ең болмағанда диктофон қойылуы керек еді ғой...

Т е р г е у ш і: (түтігіп) – Тақылдама! Қайрат Бозтайлақов- тың милиция қызметкерін ұрғанына куә боласың!


Қ ы м б а т: – мен ол жігітті танымаймын. Сондықтан куә бола алмаймын... Соңғы айтарым мен екі қабатпын. Камерада жазықсыз ұстауға құқыларыңыз жоқ.

 

Тергеуші ашуланып барып ішінен теуіп қалады.

 

Т е р г е у ш і: – Сука! На тебе! На тебе! Чтобы ты никогда не рожала! Ұрпақсыз қалғырлар!

Қымбат ішін басып отыра кетеді де «Помогите!» деп шыңғыра айғайлайды. Есік ашылып қазақ полковнигі кіреді.

П о л к о в н и к: – Не болды?

Қ ы м б а т: – ағатай-ай, жүкті едім... ішіме тепкіледі! Т е р г е у ш і: – Врет!

П о л к о в н и к: – мұныңыз ұят жолдас, Иванов! Қандай кінәсі бар?

Т е р г е у ш і:– алаңнан ұстап әкелді, жолдас полковник.

П о л к о в н и к: – алаңнан ұсталғанның барлығы айыпты емес. Нақты дәлеліңіз жоқ болса босатыңыз.

 

Шығып кетеді

 

Т е р г е у ш і: – Виктор михайлович мирошникке шағым айтып қызметтен қуғызармын сені... (Қымбатқа бұрылып) Кет бар! Сен қыз есіре тұр. адресің менде. Жердің түбінен іздеп тауып алармын. аяғыма қыңсылап өзің жығыларсың!

Қ ы м б а т: (орнынан ауырсына әрең көтеріліп) – мен сізге, жолдас майор, академик лихачевтың мына бір сөзін айтып кетсем деп едім: «любые призывы к спасению русской куль- туры, имеющие шовинистическую основу, глубоко оскорби- тельны для истинно русского». амал не, бұл философияның мәнін сіз ұға алмайсыз ғой... ақиқат сотының алдында жолығарымыз. Хош болыңыз.

 

Шығып кетеді.


алТыНШы КӨрІНІС

 

Орталық Комитеттің үйі. Жан-мырзаның кабинеті. Жалғыз отыр. Төрдегі Қонаевтың суретін алып тастап м. С Горбачевтың портретін іледі. Телефонмен сөйлеседі.

Ж а н – м ы р з а: – ал-оу, Бұл кім екен! Қареке, өзіңізсіз бе?... Әзірше тынышталды. Өздеріңіз қалай?... менің сізді мазалап отырған себебім: қазақ жастарына арналған ашық хаттың тексін жасап едім... Соған сіздің де қолды қойсақ қалай қарайсыз?... Оқып берейін бе?.. Келіссеңіз болды. Қазақтың бірсыпыра зиялыларын таба алмай отырмыз... Қарсы болмас деген оймен фамилияларын тізіп қойдық... жоқ, жазушылар ғана емес, өнер қайраткерлері де бар... Олжас келіспеді. мұхтар москвада творчестволық кешін өткізіп жатыр... Геннадий Васильевичтың жазушылармен кездесетін ойы бар. Сөзге дайындалыңыз... сау болыңыз.

 

Бұдан соң өз үйіне телефон соғады.

 

– алло! анар өзіңсің бе? Халдерің қалай? Дулат пен Қарлығаш кетті ме?.. (пауза) ...Сен де қызықсың, баласы милиционерге қол жұмсап қамалды ғой, қалайша біздің үйде қала алады?... Қанат қайда?...

 

Жарық анарға түседі.

 

а н а р: (телефонда) – менің сенен көңілім әбден қалды... Жан. Баласы үшін әке-шешесін неге кінәлайсың, тіпті Қайраттың кінәсі жоқ көрінеді.

Ж а н - м ы р з а: – Сот әрқашан да әділ. Кінәсі жоқ болса тергеу аякталған соң босатып жібереді. Оған несіне шыр- пыр боласың. Өз ұлыңның амандығын тіле. Қаңғыра бермей артын қысып үйде отырсын. маған түскен мәлімет бойынша қалалық балалардың бірде біреуі алаңға бармаған, ата-анасы жібермеген. Желігіп жүрген далалықтар...

а н а р: – мен сені жылдан жылға танымай барамын, Жан. Есіңде ме маған: «адам адасайын десе, қолына шырақ ұстап


жүріп тал түсте адасады. адасу үшін әлдекімнің азғыруы мен арамдығы қажет те емес» дегенің. адасып барамыз, Жан, адасып барамыз...

Ж а н - м ы р з а: (зілдене) – Сонда қалай, адасқан жастар емес, мен болғаным ба? Қой, жарқыным, ондай сандырақты. Әлгілерді кіргізбе. Ұлыңды үйден шығарма. Тек жүрсең – тоқ жүресің...

а н а р: – Қанат ауруханаға кетті. айнаның басына соққы тиіп қаны тыйылмай жатқан көрінеді... Достарымен бірге болмағанына өкінеді... бізді кінәлайды... (жылап) үйден мүлдем кетем дейді... жалғыз ұлдан айрылатын болдық.

Ж а н - м ы р з а: – Өйтіп күш көрсетпесін. менің абыройымнан көшедегі жолдастарын жоғары қоя ма?

а н а р: – Ендеше, сол абыройың екеуің партияның көк есегі болып жүре беріңдер. мен де кетемін мынау моладай азынаған үйден!

 

Трубканы тастай салады. Жан-мырза басын ұстап ойлана отырады. Су ішеді. Қайта серпіліп, қоңырауды басады. Хатшы қыз келеді.

 

Ж а н - м ы р з а: – Шақыр әлгі геройды... Хатшы қыз кетіп, Әділет кіреді. Басы таңылған.

– Төрге шық, ғарасат майданының қаһарманы. Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады деген...

Ә д і л е т: Құлан қай жерде семірсе қаны сонда төгіледі, деген де сөз бар.

Ж а н-м ы р з а: – Дәл осы үйде төгілмесін білемін. Көп жортқан түлкі – құйрығынан айрылады деген де мәтел бар.

Әділет: – Қимай отырғаның партбилет болса, осы қазір тапсырып кетейін. Билетсіз өмір сүрген Әуезовтен әулие емес шығармын...

Ж а н - м ы р з а: – Бүкірді көр ғана түзейді дегені, тегі рас екен... мен сенің жаныңды алып қалайын деп отырсам, өлетін бала молаға қарай жүгіредінің керін келтірмесеңші...


Ә д і л е т: – Шығатын жан болса алланың үйінде отырсаң да аман қалмайсың...

Ж а н - м ы р з а: – Ендеше, тоқ етеріне көшейік. Үстіңнен іс козғалады. Жастарды бастап алаңға шыққансың, үгіт айтқансың... Төбелеске катысқансың. Басың жараланған...

Ә д і л е т: – алаңға барғаным рас. Жастарға «тараңдар, түбі пәле болады» деп үгіттегенім рас. Осы кезде қолында темір сойылы бар, сендер жұмсаған дружинник басымнан бір ұрып құлатқаны және рас. Есімді ауруханада жидым. алаңға мен ғана емес роза апай да, Әбіш пен Шерхан да барып басу айтты. мені қойшы, Қазақ ССр-ның депутаты, СССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзірбайжан мәмбетовті де соққыға жықтыңдар ғой...

Ж а н - м ы р з а: – Шықсын ауруханадан, ол режиссермен де сөйлесеміз. Қонаевқа еркелеп дандайсып кетіп еді... Сен менің үйімде отырған жоқсың, жолдас... шаңыраққа қара. ресми сөйлесемін. Егер өз айыбыңды мойындап, мына ашық хатқа қол қойсаң, «Правда» газетіне «Қазақ жастарының ұлтшылдық пиғылы» деген мақала жазсаң, жазадан құтыласың. Әйтпесе...

Ә д і л е т: (ширығып) – Әйтпесе, атып тастайсыңдар ма? Ж а н - м ы р з а: – ату қашпас. Бүкіл атақ-дәрежеңнен,

лауазымыңнан айрылып, азып-тозып кетесің.

Ә д і л е т: – Бұдан артық қандай азып-тозу болушы еді, Жан-мырза! 37 жылды қайталау ойларыңда бар ма?

Ж а н - м ы р з а: – Тарихи оқиғалар қайталануы – заңдылық.

Ә д і л е т: – Ішкен удың аз-көбі болушы ма еді. Удың аты

– у ғой. Ешнәрсе жазбаймын, ешбір қағазға қол қоймаймын. Білгендеріңді істеңдер. Қорықпаймын. Бірақ... (ойланып), бір- ақ нәрседен қорқамын: айтқандарыңа көніп, айтақтағанда- рыңа үріп кетер қаламгерлер табылып қала ма деп... Қорқып қуанған, жылап, уанған ел едік, ендігі күні не болар екен...

Ж а н - м ы р з а: – Білем-білем, мен сені сөзбен жеңе алмаймын. Есіңде болсын, бізден гөрі қу сөзден қуырдақ қуыратын мына сен секілді ақылдысымақтар қоғамға, халыққа әлдеқайда зиянды. Халыққа қалқан болатындар бар, халықты қалқан тұтатындар бар. Халықты қалқан тұтатындар... «Ура!


Жасасын халық!» деп ұран тастайды да сол сорлы халықтың тасасына жата қалады. ал, оққа ұшатын халық. Бәріміз әулие санайтын Қонаев та сөйтті. Келмей қойды. Жастарға басу айтпады. Шақырған жоқ, дейді. Құдай-ау, қарға адым жерде тұрады. Жастарға жаны ашыса еңбектесе де келмей ме? Кімнің рұқсатын керексініпті...

Ә д і л е т: – Құлан құдыққа құласа құрбақа құлағында ойнайды, деген осы... күні кеше ғана «Димеке, Димаш» деп, аузындағы түкірігін ауыздарыңмен қағып алып, жұтып қоюшы едіңдер, енді, міне...

Ж а н-м ы р з а: – Жазушы, өнер адамдарының жағымпаз- дыққа күлер арты жоқ. Коммунистік партия, совет өкіметінің бүкіл идеологиясын көш басында әндетіп жүрді.

Ә д і л е т: (сөзін бөліп) Бәрі емес...

 

Ж а н – м ы р з а: – Иә, сен секілді қыңыр-қисықтары болды, бірақ олардың көбін түзетті, түзелмегені күзелді. (орнынан тұрып, ары-бері жүріп). Бір қарт ғалым, «Геннадий Васильевич, Сізге покушение ұйымдастырып жатыр» деп шошытып кетті. Сіздің телехранителіңіз болайын дегендер де бар.

Осы кезде есік қағылды да ардагеровтің басы қылтияды. а р д а г е р о в: – Кешір, қалқам, рұхсатсыз кіргеніме. Бір-

ақ минуттық шаруам бар.

Ж а н - м ы р з а: (жақтырмай) – айтыңыз, ақсақал.

а р д а г е р о в: – Геннадий Васильевичке жолықтырсаң... көптен күткен азамат қой, бетінен сүйіп, батамды берейін деп едім...

Ж а н - м ы р з а – Ол кісінің қазір қолы тимейді. Көмекшісіне айтып кезекке жаздырып қояйын... Бас-бастарыңа басын қатырғанша барлық шалдар жиналып бір-ақ келмейсіңдер ме? а р д а г е р о в: – Әркімнің өз тілегі, өз батасы бар ғой,

шырағым...

Үлкен рахмет... Хабарын өзіңнен күтемін...

 

Шегіншектеп шығып кетеді.


Ж а н - м ы р з а: (Әділетке) – Көзің жеткен шығар... Үш жүз болып билікке таласқанша өзге ұлттың өкілі басқарғаны дұрыс, деген пікірді ойнасаң да сен айтқансың... сол ойыңды құптайтындар да бар.

Ә д і л е т: – Жұбан секілді ағамыз барында, ошақтың бұты үшеу болғанымен жағатын оты біреу екенін де ұмытпа!

Ж а н - м ы р з а: (естімеген болып) – Балалар алаңға щыққан күні Бекжан деген жазушы әкесіндей Тахауидың жағасына жармасты. Сол сен аяушылық білдіріп отырған балалардың біразы Жазушылар үйінің алдына барып ақыл сұрап айғайлағанда бір жазушың есік алдына шықпай тығылып қалды емес пе... көрерсің, күні ертең ап-сап басылып зәуде бір күшпен тарихтың доңғалағы кері айналсыншы шетіңнен батыр, шетіңнен шешен, шетіңнен тұлға болып шыға-шыға келесіндер.

Ә д і л е т: (ойланып) – Кейбір пікіріңді теріс дей алмаймын. Ондай мінезіміздің бары рас. мені таң қалдыратын ол да емес, мені таң қалдыратын: осы үйде – Орталық Комитетте істейтін азаматтардың бір-ақ тілде сөйлеп, бір-ақ мінездің ыңғайында кететіндері... рас бір-ақ адам секілдісіңдер. Сондықтан да жастар тағдырына біреуің де ара түсіп, жұмыстан қуылмадыңдар. Терезеден қарап, қалай ғана шыдап тұра бердіңдер...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.