Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 21 страница



адам күздігүні ойлы күймен асықпай аяңдап барады.


 

 

 

ӨЗІ СҮЙГЕН

Біз қостан шыққанда ымырт жабылып, қас қарая бастаған еді. Жайлаудың шыбын-шіркейсіз қоңыр салқын кеші жанға өзгеше жайлы. Күндізгі ызың-шудан беймаза болған тау сүлбелері самал лебіне бетін төсеп үнсіз тұр. Ұзақ жолдан шаршаған күн, бозамықтанған батысқа ақ жолақ орамалын қалдырып төркіндей кетіпті. Бағанағыдай емес, ақ жолақ орамал да өңі түсіп, түн икеміне көне берді. Бағанағыдай емес, өзіндік бір жарасымдылығымен түн тіршілігі де басталған еді. Бағанағыдай емес, пішеншілер тірлігі анық емес, еміс- еміс қана естіледі. Ирелендей қашқан тау жолымен көтеріліп келеміз. Құлағын кезек қайшылаған аттар солқылдата аяңдап, бастарын еріксіз шұлғиды.

Біз екеуміз. Жанымдағы менен екі-үш жас үлкендігі бар, қой көзді, қара бұйра шашты өңді жігіт. Біз шығып келе жатқан таудың арғы етегінде қой бағады. Күндіз бізбен бірге шөп үйісті де мені қоярда-қоймай «біздікіне қон, әңгіме шертісеміз» деп, ертіп шыққан беті еді. алтайдың әні мен әңгімесіне қызыққанмен, ат терлететін алыс жер болмаған соң, ілесіп кетіп едім.

міне, біз тау үстіне шықтық. Бұл сәтте Қосжүректің иығына бізбен бірге ай да шықты. Шықты да, әлгіндегі еркіндей бастаған қараңғылықты тау-таудың, ағаш-ағаштың түбіне түре қуып тастап, жайлауды емін-еркін өзі билей бастады. ай нұрының бұл өктемдігіне өкпелеген қараңғылық көлеңкеге айналды да, ай аспанға көтерілген сайын кішірейе берді. алтайдың аспанмен таласқан көгілдір шоқыларын үйірінен адасқан бұлт қиындысы бауырлай басып, тең екіге бөліпті. Етегінен айрылған шоқы сонадайдан мұнартып бұлттың бөркіне ұқсайды. Барқылдаған тарғақ, барабанын қаққан тоқылдауық, шырылдаған шегіртке,


сұңқылдаған қара құс, түнгі концерттерінің репетициясын жүргізіп жатыр. Оқта-текте алдымыздан дүр етіп, ұлар ұша жөнеледі. мұндайда жалт берген аттың жалын ұстап әрең қаламыз. алтайдың сырлы түні, нұрлы түні ...

– Әне, – деді алтай жылтыраған отты көрсетіп, – әне, менің отау үйімнің оты. Біз тамаша жерде тұрамыз, ә достым, қарашы! айлы түніміз, айдын көліміз, алты жүз төліміз бар, – деп термелеп кетті. Әлде осынау әсем түнге елтіді ме, әлде етекте жылтыраған оты қуат берді ме, әлде қойға бас-көз боп жападан жалғыз қалған Күмісайым не күйде екен деп асықты ма, алтай тор төбелін борбайлап жіберіп шаба жөнелді. артынан мен де далбақтадым.

алтай киіз үйін сопақ айна секілді көлдің жағасына тігіпті. Көл өзгеше әсемдікпен кербез керіліп жатыр. Толқыны ай сәулесімен шағылысып жалт-жұлт етеді. мөлие қараған ару – ай көлде бетін көріп тұр. Үп еткен самал көл бетіне маржандай ұсақ толқынды оқыс төсеп кетеді. Қотан шетінде қарақшы ербиеді. От басында біреу қараңдайды.

Біз қойларды үркітіп алмас үшін, дабыстай келдік. алды- мыздан арсалаңдай щыққан аламойнақ «мұнысы кім» деген- дей мені иіскелеп жүр. Қабайын десе, иесінен қорқады білем. От басында тұрған жас келіншек:

– Ту, алтай, мұнша неге кешіктің. мен шошымайды дедің бе? – деп алтайға бұрыла қарап алды да, менімен сыпайы ғана есендесті. Бірақ оның үнінде өкпелік емес, наз бар.

алтай аттардың ер-тоқымын сыпырып алды да бусанған қапталын шапалақтап-шапалақтап, тұсап жіберді.

– Жүр, асқар, үйге кірейік. Қане, Күмісайым, неменең бар қамдап жібер, – деп, алтай жітірмелетіп жіберді де киіз үйдің есігін айқара аша берді.

Қосжүрек етегіне тігілген, қос жүрек баспанасының есігі айқара ашылды. Ортадағы ошақта от маздап, жалынымен қазанды жалап тұр. Бүлк-бүлк қайнап, қазаннан шыққан еттің иісі мұрныңды жарып барады. Төр алдында малдасты құрып тастап, алтай екеуіміз отырмыз. ас қамдап, Күмісайым жүр. анда-санда күлімсірей қараған көзінде әлгіндегі айдын көл секілді бір көргеннен өзіне тартарлық әдемілік, әсерлілік


бар. Үлкен қара көз от сәулесімен шағылысып тіпті әдемі боп көрінеді. От қызуымен алқызылданған екі беті балқып батып бара жатқан немесе күлімдеп шығып келе жатқан күнді алма кезек есіңе түсіреді. ас ішіліп, дастархан жиналған соң алтай Күмісайымға:

– Күмісайым, сен ренжіп жүрме. мен асқарға екеуіміздің танысу хикаямызды айтқалы отырмын, – деді. Күмісайым бетінің ұшына ду етіп қан ойнап шыға келді. алтайға ләм деп жауап та қатпады. Бірақ Күмісайымның мұнысы қарсылық емес, ұялу секілді.

– Күмісайым.

– ау.

– айтсам қайтеді.

– Осы қызық қой деймін. айта бер.

алтай есіктен басын шығарды да қатты бір ысқырып қойды. мұнысы ит-құсқа қылған айдыны еді. лаулап жанған тіршілік отына тесіле қараған күйі әңгімесін бастады.

– Ия, достым өткен өмір шауып өткен бәйгенің аты секілді ғой. Өткеніңе өкінгенмен, қайтып келуі екі талай. Сол бір өмір екеш өмірді дұрыстап сүре білмесең, өзен бетіндегі салынды сияқты жиекке шығып қаласың. Өмірде адамның өксіп өтінетін кездері, өкініп өтетін кезеңдері болатыны бар. мен бұл жасыма дейін бағзы біреулер секілді өксітіп өткізгенім жоқ, бірақ өкінген кезім болды. Ол орны толмас өкініш емес те еді.

Сегізінші класты бітірген соң-ақ мойныма сайтан мініп оқымай қойдым. Кім білсін, әудемжер жүрмей жатып әурелендірген жастық желігі ме, түсінбеушілігім бе? Әкем

«оқымасаң қой бақ» дегеннен басқа тіс жарып, ештеме демеді. Сосон бір жыл әкеммен бірге қой бақтым да, келесі жылы трактор курсына оқуға түстім. алты айлық курс алты күндей де болмады, оны да тауыстым. ал дегенде маған сеніп трактор берген жоқ, көмекші болып жүрдім. Кешікпей арманым болған қара тұлпарға да міндім-ау. арманым болған дейтінім – мен шүйкедейімнен танкист болуды арман ететінмін. Кейде әкемнің соғыс кезінде танкыға мініп түскен суретіне еркімнен айрылып ұзақ-ұзақ қарайтынмын.


мен ол кезде бөтен тілектен аулақ, тек еңбекке деген қызба қызығушылық қана бар еді. махаббат арқаны мойныма ілінбеген. Сөйтсе де ол шіркіннің ауылы тым алыс емес, он тоғыз деп аталатын төбенің аржағынан түтіні шығып қалып жүрді. Ептеп балалықпен де қош айтысып, қимас бала досымды келмеске шығарып салдым. мені балалықтан айырған әлгі махаббат ауылының түтіні. Ойлап қарасам, осы ауылға қоңсы қонатын уақыт жеткен секілді. адамның бір аттамай адасып, ессіз есейіп кететіні бар ғой. Оныншы класта оқитын Еркежан дейтін қыз бар болатын; көңіл шіркін соны сүйіп қалғаны бар. Неге екенін өзім де білмеймін, сол мені магнитше тартады да тұрады. Бұл менің тың жүрегіме тиген тұңғыш соқадай болды. Жүрсем де, тұрсам да, көзімді тас қып жұмсам да, Еркежанды көрем. апырай, адамның кейде өстетіні бар-ау!

ауыл қыздарының ішіндегі сорпа бетіне шығары да осы Еркежан болатын. Шынымды айтайын, табиғатынан тәкаппар қыз ал дегенде мені менсінбеді. Ептеп тамырын басып хат жазып көріп едім, тіпті тулатып алдым. Өзімнен де бар, хатымда абдрахманның Шұғаға жазған хатынан өлең келтіріп, өзім жаздымды аңғартқам. Оны сезген қыз: «Өлең ұрлаған адам – махаббатты да ұрлайды» деп жауап жазып жіберіпті.

Тіпті болмаған соң бір жолы есебін тауып кинода жанына отырдым. Ой, аллау, адамның кейде бір осы сезімінен де, сөзден де тұсалып қалатыны бар-ау. Иықтасып отырған ынтығыма қара тер боп, ләм деп аузымды аша алсамшы. Қыздардың денесі де ыстық осы. Көйлекпен ғана отырған қыз тәні мені жандырып жіберді. мен өзімді өзгеше бақытты сезіндім. Бір кезде осылай қатар отырудың өзі мен үшін қол жетпес арман еді. Бар мықтағаным кино көрінбейді деген сылтаумен басымды оның басына тигізе отырдым. Өзім де нашармын- ау, әйтпесе Еркежанның маған деген ілтипаты тым теріс емес секілді. Деміміз тоғысып, басым басына тигенде қымсынбады ғой. Сезіктеніп, сескенсе кет әрі демес пе еді. Бағанағы қайрап- қайрап жіберген Кеңестің сөзі қамшы болды ма, қақалып- шашалып: «Еркежан кинодан кейін қ... қы...дырсақ қайтеді» деп күрсініп, үстіңгі ерінімді тістедім. Ой, дариғай десеңші, Еркежан жымиып күлді де: «мұғалімдер көріп қойса қайтеміз»


дегені. Ия, маған біртүрлі батылдық бітті. Тұтықпастан, күрсінбестен «елдің ең артынан шығамыз» дедім. Өзім де қызықпын, қонғалы тұрған қызға тұғыр жасамаған. Біз сөйтіп, елдің артын ала шықтық. Тұңғыш қыдырдық. ауылдың кең де мерейлі дархан даласы, қара мақпалдай түні бізге ұшпақты еркіндік берген еді. Күнәдан да, кінәдән да пәк жүрегіміздің соғысы бір-бірімізге естіліп келеді. алғашқы сыр тартысып, сырласқанымыз осы болғанымен көп жәйлерді айтысып, ынтық жандар боп ұғыстық. Бұл кеш екеуімізді бір-бірімізге соншалықты сүйікті, соншалықты ынтық етті. Еркежан мені ұнатады екен. Әншейін қайтер екен, мені рас сүйе ме екен деп, айдын қылып жүріпті.

Күн бұлтты пәлендей әсер берерлік әсемдігі жоқ болатын. Әдетте жазушылардың адам көңіл күйіне байланысты таби- ғатты жылатып, не жұбатып алатыны бар ғой. Бірақ маған осы бір аспанды бұлт басқан айсыз қараңғы, желді жайсыз түн, өзгеше бақыт, ерекше шаттық бергендей еді.

Ол кезде менің бойымнан қыздың жанына емес тәніне, беті- не қызықтыратын бозбалалықтың алғашқы желігі арылмаған. Бұл тыз етпе құмарлықтың, қызбалықтың арты жар соқтыраты- на мән бермедім. Сол алыпқашпа құмарлық, мені Еркежанмен тонның ішкі бауындай жақындастырып жіберді.

алтай басын есіктен шығарып қатты бір айқайлады да, қарауыта бастаған отқа бірер бұтақ салып тастап жіберді. алакөлеңкелене бастағанүйжап-жарық болып кетті. Күмісайым осы бір әңгімені бұрыннан-ақ білем дегендей онша тұрақтап тыңдаған жоқ, кіріп-шығып әрнәрсенің күйбеңімен жүр. алтай алаулай жанған отқа тесілген күйі сөзін жалғастырды.

– алғаш жүрек құйынын соқтырған Еркежан он жылдықты бітіріп, оқуға аттанатын болды. мен оны күйіне де, сүйіне шығарып салдым. Күйінетінім, онымен бұрынғыдай жиі ұшыраса алмайтыным. Оны қойшы, мен оған он жылдықты бітірген соң қосылайық, сен сырттан оқисың, деп қолқа салғанмын. Ол көнбеді. Сүйінетінім, кетерде жақсы тілекпен, игі ниетпен аттанды. Қоштасар сәтте: «мені тос, алтай. адал махаббатымыздың ала жібін аттамаспын» деп, қиыла айтқан сазбен, назға толы сөзі. Ия, ол сонымен кетті. Ой, дариғай


десеңші, адамның кейде бір, әкең де, шешең де емес ала бөтен бағзы біреуге ынтығатыны, жаныңдай жақсы көретіні қызық- ақ. Еркежан кеткенде мен жүрегімнен ел көшкендей болып жүрдім. Бірақ мен Еркежанның бұл кетісі біз үшін тым баянды болмайтынын сезбеген едім.

Бір жылдай хат жазысып, қиюымыз қашпай жақсы жүрдік. Келесі жылында мен ауырып қалдым. Бір ай өзіміздің Катон ауруханасында жаттым, сосон Өскеменге жіберді. менің ауруым – құлаққа түрпідей тиетін өкпе ауруы. Жаңа Гаваньдағы тубдиспансер мені бел баласындай күтті. Емдеген дәрігерлеріме әмісе рахмет айтамын. ауруханаға түскен соң бір жұмадан кейін Еркежан келді. «ауру болдым, мен секілді көксау енді кімге керек» деп, өмірдің күнгейінен күдер үзіп, қайғымен қорынудың бұлты үстемдік құрып тұрған сәтте, жалт етіп келе қалған Еркежан мені дүр сілкіндіріп, түлетіп жіберді. Болашақ жарым, көп жұлдыз арасындағы туысы бөлек шолпаным болған Еркежан, палатадан шыққанымда есік алданда тұр екен. Достым-ай, өзің ойлашы, туберкулез дегенді сау адам естігенде не күйде болатынын. Өзің ойлашы, тамам көксаулардың арасында еліктің лағындай мөлдіреген қыздың келіп, мені іздеп тұрғанын. Өзің ойлашы, бұл өкпе ауруы тәнінді ауыртпайды, жаныңды қинап, жүрегіңді ауыртады емес пе! Өзің ойлашы ...

Шү дегенде ол дір етіп, қысылып қалды да, іле-шала күліп жіберді. Көптен көрмегендікі ме, екеуіміз де құмарлықпен тоятсыз қарастық.

Сол бір кез, сол бір көз есіме түспеуін тілеуші едім. Пенде боп жаратылған соң тағдыр тауқыметін көтеру міндет секілді. май айының жайма шуақ күні болатын. аспанда теңгедей бұлт жоқ. ағаш гүлдеп, көк шығып, Өскемен көктем құндағында ерекше сұлуланып тұрған. Осынау көктем мені де өз қызығына ортақтастырып жүрген-ді. Сырқатымның беті бері қарап, жұрт айтатындай мысқалдап шыға бастаған еді. аурухана сорған бетім өрескел ағарып, өзімді-өзім танымастай өзгергем. менің

ермегімнің көбі бақ ішінде отырып кітап оқу.

Сенбі күні болатын. «мөлдір махаббатты» құмарта оқып отыр едім, жанында маған бейтаныс жолдас қызы бар Еркежан


келді. Жанындағы қыз маған тұнық қара көзін кең ашып бір қарады да, ұзын кірпіктерімен көлегейлей қойды. мен де елти қарай қалсам керек, Еркежан:

– Неге таныспайсыңдар, – дегенде бір-ақ есімді жидым.

Қыз қымсына жақындады да қолын созып:

– Күмісайым, – деді. Қала жігіттеріндей емес танысып жаттықпаған басым қыздың қолын алыппын да, атымды айтпай қойыппын. менің бұл ерсі қылығыма Еркежан қатты сықылықтап күліп жіберді де:

– атыңды неге айтпайсың, – деді. Ұялғанымай десеңші, сасқанымнан:

– алтай, алтай, – деп қайталай беріппін.

Біз бір сағаттай отырып қалдық. Көп отыруды өзім де қаламаған едім. Өйткені булығып көк жөтел қысып кеткенде жанымды қоярға жер таппай қысыламын. Бір рет шыдай алмай күрк-күрк жөтелдім де, оң жақ кеудемді басып боп- боз боп отырып қалдым. Бағанадан жарқ-жұрқ етіп отырған Еркежанның өңі кіреукелене қалды. Күмісайымның жүзінде бір түрлі ауыр аяныштың табы бар еді бұл шақ. Олар қайтып кетті. Байқаймын, Еркежанның өңі сынық. Күмісайым кетерінде:

– Тез сауығыңыз. Біткен соң кітабыңызды маған берерсіз. Таба алмай жүр едім, – деп алғаш қарағандай мағыналы нұрға толы көзімен өткір бір қарады да, осы көздің сақшы солдаттары тәріздес ұзын кірпігімен жаба қойды. мен олардың қарасы үзілгенше қарап тұра бердім. Еркежан бұрылып қарай ма деп едім, қараған жоқ, тек Күмісайым ғана мойнын әнтек бұрған еді. міне мен  Күмісайыммен алғаш осылай танысқан  едім,

– деп алтай әңгімесін бір қайырып тастады. Әңгіме осы тұсқа аялдағанда Күмісайым өрттей боп қызырып кетті де, алтайға:

– мен қойды күзете берейін, – деп киіз үйден асыға басып шыға кетті. Оның киіз үйден шығар кездегі көзқарасы маған әлгіндегі алтай айтқан көзді елестетті. Барлық сұлулығы тек осы көзде ғана секілді. Көздер көп қой, мына көз сирек көз еді.

– Осыдан былай өзі туралы айтылатын болған соң ұялып

кетті.


Шіркін өмірде өзің біреуді есің кете сүйіп, бірақ ол сүймей кетсе одан бақытсыз не бар екен. мен Еркежанды ерекше жан деп бағалап, жан-тәніммен сүйіп едім. Осының өмірін кешу, ырқына көну дегенге ойым тірелсе, сол ойымның құлы болатынмын. Беташар махаббатымның артынан мұрнын тескен тайлақтай сүмеңдеуім қақ еді. амал не тағдыр шіләпісін теріс киіп кетті ғой. Ой, досым-ай, бұл махаббат дегенің өзі ұстараның дүзінде тұра ма деймін. Жә, қойшы, Еркежаным сол кеткеннен қайырылмады. Күндер зулап өте берді. Неге менен жеріді, неге кінәлімін. аяғым ақсақ, мұрным пұшық болып қалған жоқ. Тіпті ондай бақытсыздыққа ұшырай қалсам да, ұлы махаббаттың алдында дәрменсіз емес пе. махаббат жолына тосқауыл жоқ қой. Әлде, әлде менің ауруым жұқпалы деп сескенді ме? Онда абдрахман мен мағышты... Ой, сонымен қойшы, ойым онға, санам санға бөлініп дел-сал болдым. Бұл ой мені жегідей жеді, сүліктей сорды. Күрт жүдеп кеттім. мінімді айтып, бетіме басса дүниеде бар арманым бітіп, оған деген махаббатымды ескі жұртына ұлытып байлап қояр едім. Ой, досымай, не керек «ауру жүрек ақырын, соғады жай» деген емес пе еді абай.

Осындай ой тұңғиығына батып жатқанымда кезекші сестра

келіп: «Қарындасың шақырып тұр» – деді. Төсектен атып тұрдым. Япырау, бұл кім?! менің қарындасым Өскеменге қайдан келді? Еркежан ба?! Бірақ оны сестра танитын, «қызың сұлу екен» деп қалжыңдап жүретін-ді. Жалаң аяқ, жалаң бас шыға келсем үлкен көзі жаудырап Күмісайым тұр! Ол маған тура қарай алмай, басын піскен алмаша ие берді. Досының әумесер қылығын кішкентай бас көтере алмай тұрғандай.

– Сіздің кітабыңызды әкелдім. Және Еркежан мына бір записканы беріп жіберіп еді, – деп «мөлдір махаббаттың» ара- сын ақтара беріп еді, таза махаббатты лайламаймын деген- дей Еркежанның хаты сусып түсіп кетті. Жүрегім атша тулап хатты ашып жібердім. Денем тоқ соққандай дір-дір етеді. Бұл хат әлде недей белгісіз себеппен үнсіз кеткен Еркежанның бүркеулі жұмбақ сырының кілті болды. Ол қысқа ғана былай депті:


«алтай, өткен өмірді ұмытайық. ренжімессің, мен әрі ойлап, бері ойлап сенімен бақытты бола алмайтыныма көзім жетті. Сұлу-ақ жігіт ең, амал не ауру болдың. Қысқасы, сау басыма сақина тілегім келмейді. Оны өзің де түсінерсің. мен өз бақытымды табамын. Қош! Еркежан».

Еркежанның бұл қылығына қатты қапалансам да, түнегіден бергі зіл боп басқан ауыр ойдан жеңілдегендей еркін тыныс алдым. Дүниеде не ауыр десе – тұманданған ой ауыр дер едім. Кім біледі, онікі дұрыс та шығар. мен аурумын ғой. аурудан кім қашып құтылған. ауру адаммен қалай бақытты тұрмыс құрам деген де. Жас өмірі өксімесінші. мен оны кінәламай- мын. Бірақ бір жапырақ суық қағазы менің «Еркежан» деп елжіреген ет жүрегімді мұздатып-ақ кетті.

Күмісайым мені аяйтын секілді. Қос жанары мөлт-мөлт етеді. Ол менің жанымда ұзақ отырып, әр нәрсені айтып күлдірумен болды. Бүгін өзі өзгеше ашық-жарқын, бір нәрсеге қуанышты секілді. Жүзінде әмәнда жылылық сақтап тұрған өзгеше бояу бар. Салиқалы қимылы, мағыналы нұрға толы, жұмбақты мол сезіммен қараған үлкен қара көзі тілсіз, сәлем жолдағандай күнәсіз қарайды. Ия, оның жаны сұлу еді.

...Күндер өте берді. менің Еркежанға деген жүрегім сөнейін деді. Ол өзімен бірге оқитын жігітке тұрмысқа шығыпты деп естідім. Екеуі бір бөлме алып жеке тұратын көрінеді. адамның реніші тамшыдан жиналып, шарасынан асып төгілетіні бар ғой. Оны бір жола ұмыттым да. Бірақ есіме түскен сайын ішімді мысықша тырнайды. Жүрегім аунақшиды. Еркежанды ұмытуымды тездеткен Күмісайым болды. Күн сайын келіп, көңілімді аулап кетеді. Келген сайын жүдеу көңілім алай-дүлей болатын. менің жүрегімде күйік те, үміт те, азап та, қуаныш та бар. Күйік – өткенге өкіну; азап – қазіргі сәтім; үміт – белгісіз қылаң беріп келе жатқан Күмісайыммен арамыздағы үнсіз достық; қуаныш – мені де елеп-ескерер жан бар екен ғой деген ой. Өзі, өстіп жүріп талай күндер өтіп кетіпті. Күмісайыммен арамыздағы достық шетінемеген, қайта беки түскен. Бір сәт ертеңіме көз жіберіп қарасам, осы бір тар кезеңде болған мықты достық, келе-келе шынайы махаббатқа ұласатын секілді. Күмісайым әр келгенінде маған үнсіз телміріп қарап қалушы еді. Үнемі мен бір нәрсе айтса екен деп тұратын. Байқаймын ол


мені ұнатады. Бірақ бас сап «мен сені сүйем» деп айтуға ұялса, екіншіден, арланады білем. Әйтеуір үлкен толқыныста. Онша сұлу болмағанымен жаны таза, өмірдің барлық игі қасиетін тал бойына жинаған инабатты жан секілді. Тал бойынан қазақ қызына тән ұяңдық, жаңа өмірден орын тауып, аса жарастықпен білініп тұратын. Өз-өзімнен қорынған мен Күмісайымның жүрек толқынысына ортақтаса алмадым. «аузы күйген үріп ішер» деген емес пе, зәтте боп қалсам керек.

Бір күні дәрігерден сұрап Күмісаймен ұзақ қыдырдым. Түн болатын. Күлше секілді дөңгелек ай көк төсінде самарқау жүзіп барады. Жүріс саябырлап, қала тыныс алғандай еді. Тек бағана басындағы электр лампалары ғана аспан жұлдызымен таласа жымыңдасады. Бұл түн тек, тоқ-тоқ еткен тоқылдақты, шыр- шыр еткен шегірткені, сұңқ-сұңқ еткен қарақұсты жоқтап тұр еді. айға қарсы қарап тұрған Күмісайымның мінсіз-ақ бетіне ойнап шыққан қан, қыз көңілінің бүркеулі шынын, ыстық жалынды, терең сырын әйгілеп қояды. Бір нәрсе айтайын деп айта алмай, біресе қолындағы жапырақты жұмарлап, біресе туфлиінің тұмсығымен жерді шұқылайды. Не деген жүрегі тастан жаратылған жан еді деп тұрғандай еді маған. мен үнсіз айға телміріп тұрмын. Шиыршық атқан асау ойлар кезек- кезек құлағыма келіп ызыңдайды. Бір ой кеп: «Үп еткен желге ұшатын жеңіл-желпі сүйем де, күйем дей салу оңай. Ол сөзден опық жедің емес пе. Қой, алтай, көзді жұмып көлге секірме. Күмісайым да Еркежан секілді бір күні «сау басыма сақина тілер жайым жоқ» деп жалт берсе қайтесің десе.. »

Бір ой: «Өзің сүйгенді алма, өзі сүйгенді ал» деген. Ол сені сүйеді. Сол сенің өмірлік серігің» деп мазалайды. алай-дүлей көңіл.Тілім-тілім жүрек. Дыз-дыз еткен сезім. Бәрін көтерген сезім. Құдайым-ау, не деймін мен оған? Әттең-әттең. ауру...

Қырылысқан қияң кескі ой бұғалығында тұрған мені Күмісайым үні селт еткізді:

– алтай.

– ау.

– мен... мен, сені ұн...

– Жоқ, жоқ айтпай-ақ қой. айтпа! Керек емес. Білемін ғой. Сеземін. Сезіп жүргем де. менде де жүрек бар емес пе. Бірақ...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.