Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 25 страница



ресторан іші у-шуға айналды. Келімді-кетімділер көп. аш қарынға ішіп жібергендер ме, жоқ болмаса әлсіздер ме, кейбірі даурығып шулай бастады.

Әлгі үш жігіт өткен кеткенін айтысып, шалдың мына бір жұмбақты көңіл-күйінен де, музыканттардың ана бір жымысқы тірлігінен де бейхабар отыр.

музыканттар қамдана бастады. май ішкен мысықтай жылмиған, аузын шымшып буған қан іспетті тапалтақ кекілді жігітті ақбас шал және шақырып алды. Төс қалтасынан бір сомды суырып, тағы да бір мыжып алды да ұстата салды. Барабаншы жылмиған күйі басын иді де жорғалай басып тобырына қосылды. Қақалып-шашалып музыка басталды. Дегенмен де бір кезде әр жүрекке нұр боп ұялаған сиқырлы, ғажап шығарманың осы күнгі тыңдаушысы бір-ақ адам еді. Ол да өлмелі шал, екі жағын таянған күйі, көзін жұмып егіледі.

Бұл ән осы кеште екі рет қайталанды. Шалдың қалтасынан екі сом ақша шықты. Отырғандар наразылық білдіре бастады.


Осы көріністің куәсі болған үш жігіт ақшаны судай жұмсаған шалға, музыканттардың құлқын құмарлығына іштей ыза болып: шалды – мисыз, музыканттарды – арсыз, деп аттанды рестораннан. музыка ойнаушылар дем алып келген сайын, бетінің қаны қошқылданып, қоюлана түсті, әрлене түсті. Қызып қалған секілді. Шал құнын төлемесе де әлгі әнді өз беттерінше ойнады. Әмбесінде бұрынғыдай емес, еркін, тынысты, тордан босатылған құстай әуелете ойнады. Шал жан рахатына бөленіп, әлденендей тұманды сезімге дес беріп, өткенін көз алдынан қайта өткеріп шықты ма, жүзі жиі-жиі құбыла берді. музыканың әрбір жүрек қылын тербер ырғағына, оқшау шыққан мелодиясына тәңірдей табынып, өздерін тек арпалысқан күресте шыңдаған жылдарды емірене есіне алды. ауық-ауық күрсінеді. ауық-ауық күлімсірейді. ауық-ауық үнсіз, бір нүктеге телміріп ойға батады, мұңға батады. Ол үшін мынау қым-қуыт думанға толы өмір тұл секілді. Тұл секілді болғанымен қайран қаларлық тамаша секілді. Ол үшін дүние, ақша дегендер түкке де тұрғысыз, әншейін бір амалдың жоқтығынан кәдеге жаратып жүрген бірдеңелер ғана. Бетіндегі айғыз-айғыз сызықтарды қуалап, жанары әлдеқашан сөнген көзінен қос тамшы жас аға жөнелді. Еркін ақты... бөгетсіз ақты. музыка толастаған жоқ... адырақ көз жігіт барабанын тәртіпсіздеу дүңк еткізіп ұрып қалғанда ақбас шалдың көзінен 1922 жыл бұлбұлдай ұшты...

...1922 жыл. Жаз. айлы түн. Тамылжыған алтай табиғаты.

Етекте қашқындар өртеп кеткен Берел ауылының орны бықсып, жанып жатыр. Крәнге беттеген ақ бандаларды тықсыра қуып келе жатқан еді. Қызыл әскерлер мен партизандар Берел үшін болған үш күнгі ұрыс қызылдардың пайдасына шешіліп, тыныс тапқан-ды бүгін. ақбұлқақтың суы шанағынан асып, тасып жатыр. Уыздай жас қазақ жігіті мен орыстың көк көз қызы құшақтасып, қына басқан қара тастың үстінде әлде бір әннің әуенін үйреніп отыр оңаша. Жігіт қызыл әскерше киінген. Қыздың үстінде жұқалтаң көк көйлек. Екеуі де коңылтақ. ақ құба өңі арайланған қыз, тілін бұрап қазақша сөйлеп қояды оқта-текте. Жүйе-жүйеңді солқылдататын ерекше өрлікке толы


музыка әуені қыздың қызғалдақтай аузынан шыққанда көңі- ліне көктем ұялатады. Талпынтады үлкен үмітке.

– анна, сен қайдан үйрендің бұл әнді?

– Әкем үйретті. Ол пианинода шебер ойнайтын, әнді де тәуір айтушы еді. Біз Қазан қаласында жүргенде өзі білетін музыкалық шығармасын түгелдей мирасқа қалдырған маған.

– Папаң қайда кәзір?

– Өлген. Колчакпен арадағы қанды айқаста қайтыс болған. анна күрсінді. Жігіт те томсарып, мұңая қалды. Үнсіздік басты. Көзіне мөп-мөлдіп жас ілінген анна әнді терең тебіреніспен қайта бастады. Бұл жолы еркін, тынысты шықты. Кәдімгі айтып жүрген эстетикалық ләззат, эмоциялық әсер, рухани күш беретін, қыз орындауындағы әсем әннің ғаламат тілі, жігіттің жүрегіне әлде нендей бақытты, әрі қайғылы сырдан сыбыр айтады. Әжімсіз бетінен арна таба алмай, лықсып, іркіліп тұрған көзіндегі жасты сезген жоқ-ты жігіт.

«Ән! анна! Не деген ғажап...»

– Жайдарың жарасқан екен! – Таяқ тастамдай ғана жерде бесатардың аузын үңірейтіп Балтабек тұр. алтай өңіріндегі жан мен малды талапайлап, лаң салып жүрген қашқындар тобының жетекшісі Балтабек бұл.

– Ей, орыстың сайқалы, кет былай жан керек болса.

анна дірілдеп бір табан шегінді де Балтабек шүріппені баса берем дегенде оқыс ұмтылып, ахметтің алдына кесе- көлденең тұра қалды денесімен жауып. Осы сәтті пайдаланған жігіт жан-дәрмен мылтығына ұмтылды. Көзді ашып-жұмғанша қалпақтай түсірді бірнеше жыл ұстатпай сан боздақтың қанын төккен сұңғыла қашқынды. амал не...

...– а...а... а!!! ахмет! – анна ышқынып барып ұшып түсті жартастан.

... ақбас шал шошып қалып, есін жиды. музыка үні де, әлгіндегі әдемі сан рет қайталанған мұңлы ой да жым-жылас жоқ болды.

Бақса барабаншы арбадан түсіп қалған мөшектей домалап жатыр екен... Достары оны көтермек болады. Шама жоқ. Сенделектеп барып, өздері мұрттай ұшады. Әуре-сарсаң, у- шу, қыбыр-сыбыр көбейді. ақбас шал аяғын қадап-қадап,


нық басып шығып кетті... Сүрінген жоқ. Басы да айланбады. Құламады. Жаңағы әннің әуенін ыңылдап, тротуармен жөнеп барады жұмбақ шал...

Әрине, үш жігіт ақбас шалдың кім екенін білмейді ғой. Табан ет, маңдай термен табылатын ақшаны орынсыз рәсуәлағаны үшін «мисыз» деп жазғырды, айдар тақты, жаман ойда кетті.

Әлбетте мастықтан құлап қалған барабаншы да жомарт шалдың кім, қай қазақ екенін, орыстың ескі әнін не себептен сан рет қайталатып ойнатқанын білмейді. мүмкін барабаншы жігіт «неге?» деген сұрақ төңірегінде ойланбай-ақ тіршілік кешіп келе жатқан шығар. Немесе, әлгі үш жігіт оны

«құлқынның құлы– арсыз» деп бекер кінәлады ма екен...

Шалдың шашы сол күні – анна жан тәсілім берген күні ағарып кеткенін де тірі пенде білмейді емес пе. Өң беті ішінде жұмбақ шалдың көңіл кілтін тек әлгі бір ән ғана табатын. Сол әнге құдіреттей табынушы еді ол. медеу тұтатын көңіліне. Өмірінің қуанышы да, жұбанышы да сол – қыз, сол – ән. айтқандайын ақбас шал әлгі барабаншының кім екенін сезе ме осы. Жоқ. Көптің бірі дейді оны. адамның аласы ішінде емес пе. адамдар бірін-бірі білмейтіндіктен де ағаттық жасай ма... адамдар сыр сандығында қандай жиһаздар барын білмейтіндіктен де күпіршілік ойлай ма бір-біріне. Ел сөзін, әлгі жігіттер құлақ-қағыс болсын деп барабаншының кім екенін біз айтсақ: ол – аннаны атып кеткен Балтабектің немересі еді.

 

1966 ж.


«ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА...»



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.