Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 19 страница



– деп, жар салғым келді; міне, ол үн; ұйқылы-ояу табиғат

дүр сілкінді де, жылдар бойы қаңсып, табанын тас отарлаған жасыл жағалаулы көне арнамен, алты ағысты, асығыс ағысты, сұрапыл шуылмен сел ақты; ол көктемгі тасқын; ұмытылған қаңсық арнаға оқыс құлаған, бір кезде қағажу көрген судың байып, өз еркі, өз ырқы өзіне тиген соң, құлындай құлдыраған әрі бақытты, әрі шаттықты, уа, қайғылы сұңғыла сапары оң сапары еді; құлақты адасып барып, алжасып барып арнасын тапқан тасқынның Толқыны, салтанатты Толқыны, шырқап салған ғажап даусы жарып барады... е, ақсарбас... е, ақсарбас

– жылайды Толқын, шулайды Толқын, тулайды Толқын; бұл

– ғайыптан емес, табиғаттан пайда болған, жаһан құрсағын


тепсіне шығып, еңіреп келген айналайын алапат тасқынның кеуделі де кесірлі Толқыны! мен жайлы да жұмсақ орнымнан атып тұрып, көзімніңжасынсүрттім де:«Жасасын, жас Толқын!»

– деп, бар даусыммен айқай салдым; менің үнімді аңғал-саңғал маубас таулар, ойдан басқа түк бітірмейтін ормандар, бір күнгі тоқтыққа мәз қаз-үйректер, арқасынан қақса асқақтай беретін аспан, өз пайдасының құлы – құрбақалар, жыпжықай шымшық шаптығып тыңдап, құдіретіне көзі жеткен соң, шаттықпен қайталады... қайталады; табиғаттың кенже ұлы «Тасқын» қаңсыған арнаны аласапыран жойқын үнге бөлеп, сай-сүйегің- ді сырқыратар өміршең шуылмен асығыс ағып бара жатқан...

Ер екеніңді білейін, осындай тау толқынды тасқынға қарсы қауқар тапшы!

1. ЖалғыЗ      аЯҚ       ЖОл Баяғыда, айхай, дүние-айда, бөдене тоқтыдай, тоқты қойдай,

қой сиырдай, сиыр пілдей, піл таудай, таулары адамдай  бағы

заманда, адамдар бай-кедей, жақсы-жаман болып бөлінбеген мамырстан көне дүниеде ме екен, – әйтеуір, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір жалғызаяқ жол пайда болды; ол жалғыз аяқ көрбілте жолды бертін келе әр нәрсеге жорып, сан-саққа жүгіртетін- ай; біреулер айтты: от алып қашқан Прометейдің ізі деп; енді біреулер айтты: жерұйық іздеген асанқайғыдан қалған қасқа жол осы деді; тағы біреулер, тәңірімнің қолынан түсіріп алған тасбиығы екен десе, шалдар ақ табан шұбырындыдан қалған көне соқпақ осы деп көкіді; Шаруа ойлайтын: меніңше, осы- ның бәрі де сандырақ, Ескі жұрт пен Жаңа жұрттың арасын қосатын ең жасырын, ең төте, тек әкем ғана білетін жалғыз аяқ сүрлеу – бұл, басқа жұрт тау айналып бір күн жүрсе, әкем ет пісірім уақытта салып ұрып жетіп-ақ келер еді; өтірік-шынын қайдам, жалғыз аяқ жол не болғанда да адамдар салған, тек солардың ғана тажал табаны ойған жол екені хақ; жол болған соң оның да тарихы, былайғы жұртқа беймағлұм өз сыры, өз жыры бар-ды; сонау шақтарға дейін бұл жолдың баржоғын


Шаруадан өзге тірі пенде білмейтін; ию-қию өмірдің бәрінен қаға беріс, өз күні өзіне жекедара ғұмыр кешкен; жол, тек жолаушы жүрсе ғана қасиетті ғой, ал бұл болса шын иесінен айырылған соң, әлдекімнің боқты табаны кеудесін басқан- ды қаламайтұғын, қайта осылайша, ел көзіне күйік болмай, жайына жата бергісі келер; жалғыз аяқ жол, қисапсыз табандар таптамағанын, тумысындағы таза да тәкаппар қалпын сақтауды мақсүттаса, Шаруа да әкесі ғана жүріп өткен сүрлеуді жат жұттық әлдекімдер рәсуалауға қимаған; кей күндері күрең биесіне мініп келіп, осы ескі соқпақпен арлы-берлі шапқылап, ойқастап алатын; онысы – адам жүрмей, ернеуіне қалың шөп шығып, тынысы тарыла бастаған соң, сартаптап жаңғыртқансымағы; құла дұз, қиян далада қазақтардың ізі түспеген жер жоқ-ау; ойлап отырсақ, соның әрқайсысы заңғар заманалар салған тыртық іспетті де, мыңдаған жылдардың тамырланып кеткен тарихы; әр тау, әр төбені белдеулеп, небір ит тұмсығы өтпес ормандарды қақ тіліп, алысқа, тым шексіздікке жосылып, біріне-бірі қосылып, біріңді-бірің жетелеп, тар өмірден бар өмірге, бар өмірден тар өмірге бастар сенсің, құдіреті күшті қасқа Жол! Ей, жолдар, сендер өлшеусіз көпсіңдер, бірақ жалпақ жұрттың білетіні бар, білмейтіні бар десек те, қай-қайсың да адамдар иелігіндесіңдер, өйткені жол анасы – екі аяқ; Шаруа ойлайтын, егер мен жалғыз аяқ сүрлеумен күрең биеме мініп тарта берсем, қайда барар едім; мүмкін, үлкен бір шаһарға тап болармын, мүмкін, бөтен ел, бөтен жерге тап болармын, әлде қысы болмайтын, сондықтан шөп шаппайтын, от жағып, күл шығармайтын жер ұйыққа тап болармын ба? Әй, қайдам, ондай жер – жаннат жоқ та шығар- ау? Әншейін қаңғып, мұрындықсыз лаға беруге мені кім жібере қояды; қай екі туып, бір қалғаным бар; кең сарайдай боз үйді қойып, от жағып, су әкелмейтін көп үйдің бірі бұйырмағанда, маған туар жақсылықтың ауылы алыста, алыста... ендеше, мынау әкеден қалған жалғыз аяқ жолды көз құным қалғандай қызғыштай қорғауыма не себеп? Пайдасы не? Пайдасы – Ескі жұрттан Жаңа жұртқа елден үш-төрт сағат бұрын жеткенім бе? Елден бұрын жеткендегі шыққан ұшпағым қайсы; баяғы


өгіз аяң тірлік, қайта осы жолмен жүрмеген жұрттың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ, жол қадірі жүргенде ғана білінбек, игілігін былайғы ел көрсін, бердім; жалғыз аяқты соқпақты төрт доңғалақтың саусағына қидым; ...бүгінде Ескі жұрт пен Жаңа жұрттың арасын қосып жатқан ең төте жол – Шаруа көрсеткен жалғыз аяқ жол болды; бүгінде жалғыз аяқ жолдың сорабы да жоқ, үстіне қиыршық тас, мыңдаған машина құм төгілді де, цементпен тас қып желімдеді: сонау биікке шығып көз салсаңыз, әсіресе, жауыннан соң, айнадай жарқырайды-ай; ал үстінен өкіріп-бақырып жүздеген машина өткенде, осыншалық ауыр салмақ пен қапырық түтінге шыдай алмай еңбегі былқылдайды-ай; бүгінде жалғыз аяқ жол жоқ, әлдеқашан тас жолдың астында қор боп, құрып қалған, тек қайсыбір қыңыр тұстары ғана оқтай ағып өткен тас жолдан шетқақпай бұрыла қашып, турап тастаған құр жіптей үзіліп-үзіліп ағараңдамақ

– тек қана тентектері аман қалған; кей күндері қатты жаңбыр

жауғанда, шолақ-шолақ сілемге су толып, бертін келе жыраға айнала бастаған-ды; су орып, мүжіле келе, тас жолға зияны тиетін болған соң, сол бір жырашыққа айналған сүрлеуді және де құм таспен бітеп тастаған-ды; сонымен, Шаруа байғұс бәрібір жаңа жолмен жүре алған жоқ; биесіне мініп алып, майпаздай жөнелсе болды, не алдынан, не артынан машина шығып, қақпалап, еріксіз ығыстырып тастайды; әсіресе, бұрынғы соқпақтың жиек-жиегінде сыңсып тұрар хош иісті шөптер жағармай иісімен қуарып, сарғайған, қыс мезгілінде де жаңа жауған ақша қарды қара қожалақтап ыстайтын; Шаруаға жаңа ғана ес кірді, бірақ кеш кірді, өзі үшін тек қана, тек қана жалғыз аяқ жол керектігін үғынды; ол естіпті; әкесі аманатқа қалдырған жалғыз аяқ жол, баса көктеп жаншыған тас жол мен шынжыр табан жылан бауыр трактордың азуы бытыр- бытыр үккенде, шыдай алмай, таң алдында сыңсып жылайды- мыс; тегі, өз иесін қарғап-сілегені білем; жаңа ауылдың адамдары айтып жүр: өткінші жауып өткен күннің ертеңінде Шаруа күрең биесіне мініп, тас жолмен сыдырта аяңмен келе жатты: алдынан сылаң етіп шыға келген «Волгадан» бұрыла берем дегенде, артындағы ағаш тиеген УаЗ ауыр машинасына


соғылып-ақ қалғаны; абиыр болғанда, өз басы аман, тек жалғыз биесін ғана тас жолдың садақасына беріп алды; сол УаЗ-ға өлген биені салып, ескі ауылға алып келгенде, әйелі үйден өлік шығарғандай дауыс қылып жоқ-тапты, деседі жұрт; тағы да сол жұрт айтады: Шаруаның өзі де бағамдамай қалса керек, күрең бие әлдеқашан үйірге түсіпті, сойғанда ішінен қара қасқа құлын шығыпты деседі; жалғыз аяқ жолдың кәріне ұшыраса керек деп және айтады сол жұрттар; өтірік-шынын қайдан ғана білейік, біздің білетініміз – жаңа жолдың бәрі-бәрі ескі жолдың арқасында дуниеге келді, ендеше, жасасын жалғыз аяқ жолдар... жолдар... жолдар... Шаруа бейшараның жазығы не?!

 

1. БӘЙТЕрЕК

 

Кеше күн қып-қызыл боп, аса жалқын бояуды армансыз жағынып, батыс жақ жер-көкті тұтастыра өртеп, ырымы жаман болып еді, Шаруа әлденеге жорығандай, жүрегі лоблып, қырда ұзағырақ жүріп қалған; баяғыда – соғыс басталарда да, дәл осындай алқызыл кештің куәсі болып еді, бірақ кейінгі күннің байып батуын өңкей жақсылыққа жорып жүрді; биесінен айырылған жылы да, сонау бір ай жауын жаумай құрғақшылық болғанда да, міне, дәл осындай қан қызыл аспанды көрмегені рас; ал күннің бүгінгі сыңайы әлденендей сезік тастады шар- шап соғар жүрекке; мүмкін, ертеңгі күн ашық болар деп еді

– бұлтты болды; ең сүмдығы: Ескі ауыл мен Жаңа ауылдың екі ортасындағы Көктөбеде өсіп тұрар бәйтеректі әлдекім жығып әкетіпті; бір-ақ күнде жығып, «ДТ-54» тракторымен сүйреп әкетіпті; жылдар бойына сырласары да, мұндасары да – жапанда өскен жалғыз терек, басқаны қайдам, Шаруаның «қарайғанда не қалды, қамыс қалдысы» еді; қабырғасы қайысып, тірлігінің қиюы қашқандай болса, тағы да осы бәйтерекке құрыстанған арқасын сүйеп, төрткүл дүниедегі айқай-сүреңнің бәрін ұмытып, өз-өзінен мұң сағынып, шыңырау ойдың сұп-суық құдығына сусар еді; жуан да соқталы тамырлары білем-білем тарамыстанып, қара жерді қауып жатқан осына асқақ ағаштың бұтақтары иір-иір, әрі сүйекті де қуатты, мың жыл дауыл соқса да


миземейтін көк соққан тентек бітім; көктемде кешеулеу бүрлеп, күз туа кешеуіл сарғаятын; ал теке тіресе біткен быжырқай бұтақтардың өзі-ақ бақта сидия осетін қарағаштан әлдеқайда әлді, әлдеқайда жасылға байтын; ал жел соқса, осынау сүйекті бұтақтар ілгерінді-кейінді итініп шайқалақтамай, сіресіп тұратын; ал, алақандай-алақандай жапырақтары төңкеріліп түсіп, желмен желбірер еді; төңкеріліп түсіп, желмен желбіре- ген жапырақтардың әрқайсысы күн нұрымен шағылысқанда, бәйтеректің тұла бойы күміске шомылар еді; ал әр жапырақ бебеу қаға дірілдегенде, көп дауыстанған қытықшыл әсем үн шығарып, осы үн мынау дүрия даланың ендігі қалған жалғыз жоқшысына, жалғыз жыршысына айналар еді; ал айдалада асқақ өскен бәйтеректің желді күнгі суылы жеңіс күйін шертіп, мәңгі маздақ өмір шаттығын мадақтағандай еді; Шаруа анда- санда жаяулап келіп, осы үнді, осы күйді тыңдап қайтатын; тыңдаған сайын жүрегін шым-шымдаған мұңлықты сезім билеп, өзінің әлі күнге тірі жүргені есіне енді ғана түскендей, сағым жортқан туған жеріне көз сата ұзақ телміретін; өліп, қайта тірілген халдегі Шаруа табиғаттың қапияда килігер сұрапыл опаттарына ырық бермей, оқыстан туып, оқыстан өлер мәңгі тірі бәйтеректен тым болмағанда бір бұтағының қуатын бере гөр деп жалбарынар білем; бірақ бұл жазғанның көрер таң, кешер ғұмыр жібі тағы да, тағы да екі аяқтылар санасына жалғанғанын сезе бермейтін; сезе бермейтіні адамдардың бәрі өзі іспетті ақ көңіл, жаны жаз деп ойлағаннан шығар, пенденің пейілін қойып, ағаш екеш ағаш та бір-біріне ұқсамақ емес, ендеше, жапандағы жалғыз терек тағдыр мен уақыт құлы – даланың маңдайына сыйса да, адамдар көңіліне сыя алған жоқ, сүйел болып қадалған екен -жан тапсырды; ертеңгі күні осына кепті Шаруа кимесіне кім кепіл, өзі берген жанды өзі алады да табиғат ием! Соны-мен бәйтеректен айрылдық; байғұсты жыға алмай, мыжғылап ұзақ қинаған екен; «Дружба» деп аталатын механиқалы арамен алты құлаш ағашты шыр айналдыра кесіп, балтамен ой жағынан тамақтапты; әбден мейізденіп қалған теректен ұшқан шыңылтыр жаңқалар жайрап жатыр; соншалық ауыр денемен гүрс құлағанда, қайсыбір бұтақтары қара жерге


қарс кіріп кетсе, қос трактор сүйреп өткен жолында сабағынан мезгілсіз үзілген жапыраққа толы жосылған із қалыпты; ең ғажабы: иесінен айрылған теректің түбінен быршып-быршып жып-жылымшы су шығып, қара сүмек терге ме, ботадай боздаған көздің жасына ма шомып жатыр; ең сұмдығы: терек түбін жалаңаштап үш елідей қалың қабықты ерінбей-жадықпай аршып кеткен екен; бұл түпті-тұқиянымен құртпақ ниеті білем; Шаруаның қатты қайран қалғаны осы жайт-тын; бірақ көпті көрген көне шал үйінен балшық езіп әкеліп, тұмшалап тұрып салып тастады; келесі жылы көктемде қайта оралса, бәйтеректің томары сол өзі сылаған қалпында тұр екен де, дәл түбінен көк өрім шыбықтар қылтиып, өнген; Шаруа шалқып жатқан салқар жазық, ойпат-қыраттардың ақ-жасыл көйлегін қайта киген мәз тірлігін әзірге ғана байқаған; байқаса, о да қайта туған, қайта жасарған, сонадай-дан мен мұндалап тұрар бейтеректен айырылған құстар былтыр қалдырған ұясын іздеп, көгілдір аспанда шарқ ұрады; Шаруаның коңіл құсы қоса ұшып, ұя салар бәйтеректі және көксегендей; енді бір туар, енді бір жасасар жасыл өмірді сағынғандай; көксе, сағын, бәрі бекер; артында жосылып қалған із де жоқ, көктеп шығар түбір жоқ, қаңсып өткен қайран жылдар-ай; «Сап-сап көңілім,

– деді Шаруа сонсоң, – сандала берме, өкінішті күндерім

көп болғанымен, өксіп отер жылдарым болған жоқ; құдай қыршыннан қиылғаннан сақтасын; бір өмір өлгенмен, бір өмір тумақ, күзде қуарып түскен жапырақ көктемде қайта когермек емес, ескінің орны жаңанікі, бәйтеректің түбірінен жас өскін көктепті, соның тілеуін тілейін, болмасқа бордай езіліп қайтеміз, жаратқан ием жас ғұмырды жарылқағай; қош, ғасырлар куәсі бәйтерек, қош! мен сені сағынармын, саянды сағынармын, желді күнгі әсем әніңді сағынармын, ескі көз, кәрі досым едің, артыңа ұрпағыңды қалдырдың да бақилыққа көз жұмдың; сені мен ғана емес, алыстан арып-ашып келер жолаушы, басыңды пана тұтар құстар, бәрінен бұрын қара жер сағынар, сарғая күтер, бірақ сен оралмайсың, сен жоқсың; артыңда қалған жас шыбықтың қабырғасы қатқанша, мен де бұл дүниеден аттанармын; ең аяныштысы сол - менен ұрпаққа қалмады;


қалған - қарғыс атқан соғыс жалмады; - қалған -күнбатысқа аттанды, өлі қайтқан жоқ; мен оны әр күн сайын сенің түбіңнен келіп тосар едім; өйткені сенің түбіңнен аттандырған едім; мүмкін, барған жағыңнан көре қалсаң, сәлем айт! «Әкең өлі тірі де, күрең биесінен айрылған де, жалғыз аяқ жол жоғалған де, әбден алжыған де, екі көзі төрт болып, жанары солған де, күн қызарып батса болды, зәре-құты қалмайды де, жуықта бір түс көріпті де, түсінде жаман іс көріпті де – жалы қан-қан ақ боз атқа мініп жүр екенсің де, өлі де жауыңмен жағаласып жүр екенсің де, бес уақыт намазында қолына тасбиық алып тілейтіні, сары уайым жұтып жүдейтіні – бейбітшілік те; «Бәріне де сен кінәлі, ей, адам», – де, сондықтан азып, жүдеген де, тағдыр әбден жүндеген де, айт, бәрін айта бар, бәйтерек, айта бар!».

ал түбірден көктеген жас өскін жеңімпаз жарапазанын

шырқап тұрған.

Ер екеніңді білейін, құлаған бәйтеректі тірілтіп көрші!


 

 

МЕЗГІЛ ƏУЕНДЕРІ

1. ҚаҢТар

 

Сәулем-ау, мен осынау аппақ армандай ақша қарды күрейтін күрек сұрай барып, жанарыңа жолықтым ғой...

 

* * *

Қаңтар! мен сен жайлы жазғым келмеген еді; алғашында аса бір құлшыныспен қалам алғаным рас, бірақ қақаған аязың жан алқымыма жармасып, шымшылап шыдатпаған соң, қарғып тұрып кеттім; аядай бөлмеде ары-бері аяңдап бой жылыту да қиын; бір бұрыштағы аузы қожалақ-қожалақ пештің көмекейіне бес шелек көмір тықсақта, сырты жылыған емес; ал қаңтар болса, сенің мазаң өмірден түртпек көріп жүргендігіңді кәперіне де ілмей, қайта күн өткен сайын, сары шұнақ аязы мазақ қылып ойнайды; мен ғана ма – күні кеше ғана жасыл желек жамылып құлпырып тұрған табиғат мәңгі бұйығы ұйқыға берілгендей, аппақ ақиретке тұмшаланып, өлікше серейеді; ал адамдар – сұмдық айнығыш адамдар, көптен көксеген кәрі құда-қысқа тіпті де оң қабақ, шын пейіл танытпай, өкпелі кеспірде бүрсең қағып, шеменделіп, шелпек болып қасаттанған қарды жас балаша жылатып, сықыр-сықыр басып барады; кеше ғана ақ көбігін аспанға лақтыра сақ-сақ күліп бәлдене ағар тау өзені буын-буынын сарсу алған көрі кемпірдей, шор-шор, бунақ-бунақ мұздан кебін киген: ал өзі ессіз күлкіні күрк-күрк жөтелге, дімкәс сырылға айырбастау сыңайлы; ал ағаштардың басы дүр сілкініп серпіле алмай, бұрынғы тәңірден нұр тілеп жайған жапырағы – (алақаны) күпсе қардың астында қатып жатса, өн бойын суық сорған сайын, сыздап қалтырайды; бұтақтары ап-ауыр қарды көтере алмай морт сынып, аса қатты суық буындырғанда, омыртқасы


опырылып, өзегі көрінді; қырдың әлі із түспеген ақ шаңқан қарына қарасаң, көз қарықтырады, жанарыңды суырады; ал Күн байғұс аяз буған аспанда тұтылған ақ боз перденің ар жағынан өлімсірей жүз беріп, болар-болмас жетім сәулесін жасқана шашқан болады; осынау алып ұйқыға есе берген аппақ даладағы айқаса жарысып жатқан жолдың үстінде қар сызып, шана жеккен жалғыз атты жолаушы көз ұшында бұлдырайды; ал мынау ысылдап ысқырық бүріккен бел-белес, қырат-қырқалар бет қаратпайды; күннің суықтығы мен адамдардың құқайы мезілеген XX ғасырдың бедеу қасқыры құйрығын бұтына қысып қаңғып барады; шоқайып отыра қалды да, көкке қарап ұлығансымақ болып еді, сілекейі қатып түсті; ал әлдеқайда, аласарып кеткен аспанда, мындаған қарғалар топталып ұшып, азан-қазан шулап жаман ырым бастаса, мамық басқан шыршаның, әйтеуір, бір тұсынан аш шымшықтың шиқылдаған өте әлсіз даусы естіледі, бауырыңа басып аялағың, жылытқың келер, бірақ өзің де аялаған алақанның жылуын аңсап тұрсың; дүниенің өн бойына суық сіңіп, сіреу боп қатқан, өзен көк тайғақ құрсаудың астында жаншылып, қорлана жылап жатыр, түн ортасында сол тұтқындағы өзеннен сарт-сұрт үн естіледі, ол – осыншалық қиямет-қайымға төзе алмай шытынаған мұздың долданғаны; тіпті суырыла соққан жел көрпесін ашып, жалаңаштанған жер жазған да өрмекшінің торындай быт-шыт боп ырсия айрылып кеткен; ал, жаңа, осы әзірде ғана екі шелек су алған анау бөкебайлы қыздың кірпігін қылау шалып, шелектегі судың беті қаймақшып қатып-ақ үлгерді; ал анау бір тон киген шал тым тоңғақ болуы керек, дірдектеп бөксесі бүріскен іші бұраудай омпық қара сиырға бір айыр шөп тастай берді де, қыңсылап аяғына оралған итке назар аудармастан үйге қашты; әлдеқайдан от алмай быт-быттаған трактор үні естіледі; ал қала адамдары болса, аялдамада тұрған бес-алты минутына шыдай алмай автобустың бас терісін аузына қаптайды, телефонмен бүгін неше градус суық болғанын сұрайды (әттең, неше градус суық болғанын сонау төбенің басында қой жайып тұрған шопаннан сұраса ғой); ал мен болсам үйімді жылыта алмай күйе-күйе болып жүрмін; қаңтар, сені жаза қоятын қылығың жоқ-ақ, кімге болсын жайлы тиіп, жарылқап тұрған жоқсың;


ақ көрпеңді айқара жаба салып, бүкіл тамылжыған табиғаттың бар қызығын ұрлап ашқарақ көңіл, қытымыр қызғанышпен бауырыңа басып жатырсың.

Қаңтар! мен сен жайлы жазбасам, сенің өзіндік қызық, өзіндік ғажап келбетінді өзің іспетті аппақ қағазға түсірмесем, несіне пенде болып, несіне қар басып жүрейін; айналаң хас арудың күн шалмаған етіндей, немесе саф бір тазалықтың бетінде шарбы жүзген ақ толқынды дариясындай – бар күнәдан, бар уайым-қайғыдан, кещше қылықтардан арылу үшін, рахаттана шомылғың келеді; талмауыр тартқан жаныңа ұлы рухқа, ұлы жасампаздыққа, ұлы салтанатты киеге толы сұрапыл күш дарыту үшін, кір шалып, дақ түспеген жас баланың санасындай ақша қарға жата қалып аунағың келер; аузынды ашсаң, бұрқырап бу шығып, өзегіңді өртеген харам иіс-қоңысты айдап қаңтардың қара суығына лақтырып жатқандайсың; ал артыңда жасқана басқан сенің һәм ақтышқанның ізі жосылып қалар; ал алдыңда әлі тапталмаған кіршіксіз сайын дала көсіле сұлап, ақ адырдан ақ адырға, сонан әрмен көкжиекке шылбыр тастар; аязды шыңылтыр ауада кәперсіз қалқыған қылау бар; қолшанасын сүйретіп, ит ерткен бір топ бала улап-шулап тауға беттеді; нән шана шөпті мықашта басып алып, ылдиға құлдаған шаруаның мұрты мен текіректей аяңдаған аттың танауына сүңгі тұрған; көгілжім тартып көлбеген су бетіндегі кіреуке мұз күн нұрымен шағылысып, айнадай жарқырайды, ал сол мөп-мөлдір мұзға үңілсең – астыңдағы емін-еркін жүзген ақ шабақтарды көресің; өткел басы абыр-сабыр: мал суарып, су алған ауыл адамдары хал-ахуалдарын сұрасып «қыстың басы қатты, аяғы тәтті болар» деп, жетіседі; азаннан аяз ішіп қызып алған жігіт-желең, қыз-келіншектер бір-біріне қар лақтырысып назданады; әр үйдің терезелері бықыған ғажап ою-өрнекке толы, әйнекке қатқан қырауды тілімен тесіп, кішкентай күн жасап ойнаған бала, сол сығырайған тесіктен қысқы далада ұлы-жіңгір тіршілікке аңтарыла көз тастайды; анау ақшанамен ағызып баратқан – бәлкім, алдағы асау арманына асыққан осы елдің ерке жігіті шығар; ауылдың қайқы құйрық иттері соғымның қанын жанасалаған сұмпайы сауысқандармен ала көз боп қызғанысады; батуға ыңғайланған күннің алтын алауы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.