|
|||
АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ 23 страницаБір кезде аббас шах пен оның сүйікті қолбасшысы қол алысып, біреумізден ұл туса, біреумізден қыз туса, екі жасты бір-біріне қосамыз деп ант береді...Көп жыл өтеді. Шах та, қолбасшы да өледі. Шахтан асқан сұлу Шахсенем, қолбасшыдан ер жүрек ұл Гариб туады. Есейе келе екі жас бірін-бірі сүйеді. Екі жасты қосу тілегінде болған Гарибтің анасы – абадан Шахсенемнің шешесіне барады.Бірақ ол Гарибке кедейсің деп, қызын бермегенімен қоймай, Гарибті анасын, қарындасын бірге қосып Жыландықұм төбенің басына апартып тастайды. Гарибтің махаббат жолында шеккен былайғы азабы шындық та ауыр шеңберде көрсетіледі. ақыр аяғы Шахсенемді ұзаты- лу тойының үстінде алып қашып, барар жер басар тау қалмаған соң Шахсенемді құшқан күйі шыңнан құлап өледі. Одан басқа қолынан келері жоқ, дәрменсіз еді. Бұл тұста ауыр трагедиямен аяқталған мөлдір махаббат азабымен де тартымды болып тұр. «азап атаулының ішіндегі ең асыл, ең ардақты және ең айрықша азап – махаббат азабы», – деген Ф.Энгельстің даныш- пандық сөзінің ғажап дұрыстығын мына фильм тағы да бекітіп тұрғандай. Шахсенем рөлінде ойнаушы Д.маллаеваның қос жана- рынан сорғалаған жасты көргенде, қоса егілмеске шараң жоқ. Гариб рөлінде ойнаушы К.аннақұрбановтың жан жүйеңді сырқырата шырқап салған назды мұң мен зарға толы әніне елжіремеске лажың жоқ. Екі итін екі тізесіне, екі жендетті екі иығына қондырған, қара жамылған шах әйелі (ойнаушы а.аннақұлиева): «махаббат деген жоқ!» – деп, зәрленіп отырса, айып үкімін оқымасқа да шараң жоқ. рөлдерде ойнаушы актерлердің шеберлігі сол – сен өзіңді сол өмірдің бел ортасында жүргендей сезініп, тірі адамдармен жүздесіп, бірін сүйіп, бірін түйіп жібергің келеді. Саудагер Эзбер-Ходжа боп ойнаған О.Қоджамұратовтың комикалық еркін қимылына, мимикасына еріксіз күлесіз. актерлердің шеберлігіне режис- сер Тахир Сабиров та ортақтасады. Киноактерлердің бұл бағыты «Түркімен фильмінің» құс жолындай болашағын аңғартқандай. Қорыта келгенде, бұл тек советтік «Түркімен фильмінің» табысы ғана емес, түрі ұлттық, мазмұны социалистік өнеріміз- дің алтын қорына қосылған кесек табыс десек артық емес. Бұл фильмді – махаббат дастаны десе де болады.
1964 ж. ИТ ІШКІР-ƏЙ Сықақ әңгіме Бүгін той болатын үй – біздің ортан қолдай құдамыз Жүсіптікі. Шынында да бұлар бізге жақын құда еді. Жүсіп менің әкемнің қарындасына «аю қайнаға». ал құданың жалғыз баласы Қиса маған құда бала, оған мен де құда бала. Келіншек алған – сол Қиса. «Көзімнің тірісінде Қисаның аяғын тұсап беремін. Біреудің қолына қаршығадай қондырып отырған жалғыз қызы бар. Сол балаға көңілім құлап отыр. Қоймірет, пысық бала. Бір еркектің басын қор етпейді»,– деп, осы қызды Қисаға әкесі өз қолынан әкеліп беріпті дейді әкемдер. Әкемнің мұнысы өгізге келген күн бұзауға да туады деген емеуіріні болу керек, тегі. Осы ауыл жігіттерінің үйлену салты (әрине бәрі емес) өз басыма жақпай-ақ қойды. Түнеу күні Бейсен қызық істепті. Әумесер неме бес фляг сыраны ашытып қойып, қыз іздесе керек. Көрші ауылда «кет ары» емес, аманы түзу қызы бар екен. Соған сенген Бейсекең той жабдығын істетіп қойып, жанына иықты-иықты екі жігітті ертіп, салаң ете түссе ол немесін кеше ғана бір жігіт қағып кетіпті. Енді не істейді. Ен сап қойған жоқ мынау менің қызым деп. Әр ауылға ат сабылтып іздеген екен, аттың жалы, түйенің қомында қай қыз тигендей, таба алмапты. Бес фляг сыраны жатып ішіп, тұрып ішіп тауыса алмай сасуға бет бұрған соң төгіпті деседі. Құданікі кемпір-шалдардың басын кеше қосып тастаған. Бүгінгі есе жастарға тиген-ді. атам мен апам ішерін ішіп алған, ендігі кезек менікі. Құдайшылығымды айтайын, шыр етіп жерге түскелі той дегенді естуім бар да, көруім жоқ. Неге, демеңіз, орта мектепті биыл ғана бітіріп, химиядан құтылған жайым бар-ды. ал енді дырду шыққан үйдің әлде кім құсап есік-терезесінен сығалауға иттігім жоқ. Жауын-жауынның арасымен безетін қулықты менің пешенеме жазбаған. Бос белбеу, ашық ауыз, ынжықтықтың иісі үнемі аңқып тұратын бойымнан. Кейде «аллау», осы жылпостық маған неге ғана дарымады екен» деп, дода болып қамығатынмын. Әрине, бұл құрбы-құрдастарым тақырға отырғызып кеткенде ғана ойыма түсетін. Сонымен не керек, бүгін, тойға баратын болдым. Өз өмірімдегі күнделікке түртіп аларлықтай өзгеше кезең болған соң кәдімгідей түс әлетінен жиналдым. Несін жасырайын, шалбар, жейдемді екі қайтара үтіктеп, беті-қолымды ақ жемін шығара жудым. Өз- өзімнен желігіп, белгісіз бір қуаныш буып көтеріп кетердей, аса толқудамын. Жан досым Жолдыаяққа да қырын қарап: «кет, қылшығың жұғады» деп зекіп тастадым. апыр-ау, күн батсашы. Егер қолымнан келсе көтеріп апарып қоңыр төбенің артына алдақашан тыға салар едім. Ол дәрменді қайдан берсін, ошаққа қара қазанды әрең қойып берем апама. мен құданікіне келгенде той өз күшіне әбден кіріп үлгеріпті. Табалдырықтан аттауым мұң екен бір топ жігіттердің қолды- аяққа тұрғызбай қырғидай іліп әкеткені бар емес пе. Қайдан келдім, қайтып келдім ол жағы бимәлім, әйтеуір бір қыз, бір жігіттің ортасына топ ете түстім. Есімді жиып алдыма қарасам гүлді дастархан көнетоздау сырмақтың дәл ортасында жарты мөшек бауырсақ пен (отыз қырық болар) сыра толы стақанды төсіне мамырлатып ап, қырғи қабақсыз бейбіт жатыр екен. Осы екеуінен басқа тағам көрсем көзім шықсын. – Ұйбай-ау, Жуасбай құда келіпті ғой. – Е, құдаң болса қайтейін. Өзіміз мінгесіп отырғанда құй- ысқандағы бірдеме құсатып қыстырылғаны несі. – Балаңды бөлеп жүрдің бе, ерте неге келмедің? – Жолдыаяғынан шыға алмаған ғой. – Өзіне штраф тартқызу керек. – міне табылған ақыл, көзін жұмсын да бес стақан сыраны дем алмай ішсін, тәртібі: аузын ашады да бірінен соң бірін құяды өңешіне. – Сөйту керек. – Өлтіруші ме едіңдер, әлде Жуасбай жүндеуге жақсы деп отырсыңдар ма! (бұл қызбен жылы амандасушы едім). – Ей, Сара, қорғаштама, білдің бе! Бұл да ойынның бір түрі. Көрім болды ғой бағанадан бері құлаққа ұрған танадай едік. – Тіпті сыраны іше-іше іш кепті. Желпінейікші бір. міне мен осылайша тойға жиналған жастардың ойынына «ұйтқы» болдым. маңдайымнан суық тер бұрқ етті. Бесті қойып, бір стақан сыраны қырық бөліп ішетін басым, қатты састым. Тегі көзім тым-тым ежірейіп кетті білем. – Онесі-ей, әке, жылан көрдің бе? Еркек танасы емессің бе. Сен түгіл қыз – біз де ішіп отырмыз. Сені де атом ғасырының оқығаны дейді-ау, – деп, іреп тастады жанымдағы қыз. Қамқор тілей құдаға қарап едім: – Жұта сал. ашыған көженің суы емес пе,– деді көзін қысып. апыр-ай, енді не істеуге... Қайдан келдімге жолықтым. Шорт сним, өлсем көженің суынан өлейін. Сыра толы стақанды қолыма алдым да тура төбеге қарадым. Көзімді жұмдым. аузымды арандай аштым. Ия, сәт! Құя салдым. мәссаған. мұным иегіме құйылды. – Ой, дөйт деген. мына гөзелің өз аузын өзі таба алмады. – Суға сүңгитіндей көзін тасқылып жұмып алса, жағасына құяр. – Ендеше сен аузыңды аш, мен құяйын, – деді жанымдағы жігіт. Шыдаған жан шыдасын. Намыс қоя ма, көндім. Тағы да төбеге қарап, аузымды аштым. Құя салды. Іле екіншісін... Бұдан кейін дастарханнан бір-ақ секіргенімді білем. Көзімнен жас ыршып кетті. Сыраға шашалғаннан, химиядан жүз есеп шығарған оңай ма деймін. Булығып, лоқсып өле жаздап барам. Қашпағанда қорқам ба, алды-артыма қарамай үйге зыттым. ал тойдағылар күлкіден тоқал үйдің түндігін желпілдетіп жатқандай еді. Әйтеуір иегім өзіміздің шөпқораға ілінді, мұрттай ұштым. Өңешімді тырналап, әлі шашалып жатырмын. аллау, ашиды... Бір мезетте тыныс алайын дедім. «Әй, өзім үйленгенше арақ-сыра ішіп, тойға барсам Жуасбай болмай кетейін», – деп, ант бердім бейуақытта. Бұл шын антым еді. Өстіп әр нәрсені қиялдап жатқанда көзім ілініп кетіпті. Ілініп емес-ау, ұйықтап кетіппін. Түсімде әлгілер келіп: «іш деймін, іш» деп кіжінеді. мен «антым бар, ішпеймін өлтірсеңдер де» деймін. Біреуі келіп тұмсығын бетіме тигізе, іш деді. аузынан сыра иісі шығама немене. Демі қандай сасық өзінің. Дәл иттің деміндей. Жиіркеніп, тұмсықтан қойып қалдым. Бажылдап тұра безді. Ұшып тұрып, көзімді ашсам сонадай жерде Жолдыаяқ қаңсылаған күйі зытып барады екен. Құрып қалсын! Иіскелеп жүрген Жолдыаяғым екен ғой. Обалыңа қалдым-ау, бишара. Ит ішкір-әй, «әбден ашыған көженің суын» осыған берсе. Бірақ ит сыра ішуші ме еді, тәйірі. Қой ішетін шығар. Әйтпесе ит ішпегенді біз неге ішеміз.
1965 ж. ҚОШ, МАХАББАТЫМ! Ақылды адам қанша есі кете сүйгенмен ақымаққа ұқсамақ емес. Ф. Ларошфука. Әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстазым: Пенде боп жаралған екенсің сенің махаббатың бұл пәниде бір адамға, тек бір-ақ адамға арналады. Онымен бақыт кешіп, өміріңді бір өткізе бермеуің мүмкін. Бірақ оған деген жан сезіміңнің құлай берілуі көмескіленбейді. Осыған орай, сенің басқа жар сүйіп, бағзы біреулерді жақсы көруің де ғажап емес. Әйтсе де, бұл арналы махаббаттың күретамыры бола алмайды, сайып келгенде, негізгі махаббат емес, сол бір мөлдір махаббаттың әсерінен туған ұнатулар ғана, – деген сөзі бүгін де есіме түсіп отыр. Қандай даналық еді. Одан бермен талай адамдармен кездесіп, көп қыздармен таныстым. Әйелім және балам бар. Сүйемін бәрін. Олар да мені сол қыздан кем сүйіп, сыйламайды. Бірақ адал әрі аңқау риясыз тұңғыш махаббатым салып кеткен жүрегімдегі терең із әлі де сайрап жатыр.
мЕН: Ол кезде Жанна жас еді. Тал бойынан дүйім өмірге деген құштарлық, балалықтың балаң аңқау сөзінен уыз пәктік сезіліп тұратын. мойылдай қара көзі ұшқын ата естіліктің үлгісін сездіретін. Әрбір қимыл-қозғалысы аса күлдіргі, кімді болса да елітіп, еліктіріп әкететін өзгеше қылыққа толы болатын. мен оны сезуші едім де, үйлеріне барған сайын мазақтап, ызаға булықтыратынмын. Олардікіне жиі барушы едім. Өйткені оның папасы мен мамасы біздікімен ішек-қарны араласқан көрші, ағасы – асқар топырақ жесіп, ант ішкен дос, бір жыл туған құрдас. Уақыттың көбін бірде асқардікінде, бірде біздікінде өткізіп, әр үйге алма кезек қона беретінбіз. асқар бастықтың баласымын деп шәлтиюді білмейтін, ақ көңіл көрші туысқан достардан еді. Біз он екіде едік те Жаннаға қарағанда жігіт боп көрініп, оны менсіне бермеуші едік. реті келсе, қолындағы кәмпитін алдап жеп, ойынымызға ортақтастырмай жылататынбыз. Ол болса көз жасын мөлт-мөлт тамызып «ойнатпасаңдар кәмпитімнен беймеймін» деп, қолын артына жасырған күйі бұртиып өкпелеп қалатын. Бірақ ашуы ұзаққа созылмайтын. Ия, ол кезде мен Жаннаның кәмпитіне ғана қызығатынмын. асқарлардың семьясы мені өз баласынан кем тұтпаушы еді. Бір күні бармай қалсам: – Қайда жүрсің, Балағаз. Сен жоқта ортамыз ойылып, құлазып қаламыз. Балалар да үйір болып кетіпті. Сені іздеп қыңқылдай береді, – деп, дүниемді өткізіп қойғандай барын алдыма тосып, ішіңкіресе, жеңкіресе екен деп бәйек болатын. Жанна кешегі ренішін ұмытып: – Балағаз ағай келді, – деп, мойыныма асылатын. Күндер демейінші. Жылдар өте берді. асқармен арадағы достық салауатты, салмақты шынайы қимастыққа айналып, мән-мағынаға ие болды.Қосақтаған құлындай тел өскендікі ме, мінезіміз, жүріс-тұрысымыз, сөз саптасымыз ғажап оқшасатын-ды. Шама келгенше бірдей киінуге тырысамыз. Әрине жұпынылау мен үшін асқармен ат қосып, бәйгеге түсуге, бірдей киінуге дәулетім жете бермейтін. Оны сезуші еді ол. мейілінше жұпыны киінуші еді-ау. Қырға шықсақ жұрт бір үйдің егіз баласы деп: – Бүлдіршіндей әдемі өздері, – десетін. Ондайда ішіміз жылып, жымың-жымың қуанатынбыз. Біз өстік. Жанна да өсті. Біз оныншы, ол сегізінші оқыды. Бұрынғыдай емес арамызда ересек қарым-қатынас бой көрсетті. Ол өзгеріп өсті. Бала кезіндегі өжеттілігі, ұшқалақ ұрыншақтығы жоқ, салмақты, ойшыл болып бой жетті. От шашып тұратын қара көзі көлеңкеленіп, нәзік мұң шақыра, ізгілікпен қарайтын. Дене мүшесі оқтаудай жұмыр, бойшаң. Шөлмектей ақ, жібектей майда байыпты жүзі ерте ересек тартып, ұялы көз жанары, жұмсақ қозғалысы және әсіресе әрбір қимыл-қыбырынан білініп тұратын тұңғиық терең, үлпілдек те сүйкімді біртүрлі мұң секілді жарастық қайталанбайтын қасиеттей жүрегіңе айықпас буалдыр көлеңке тастайтын. мазаңды кетіретін. асқармен сөйлесіп отырып, Жаннаның жүріс-тұрысынан көз алмай қадалып қаламын да, осынымды досым сезіп қалмады ма екен деп, өз-өзімнен қысылатынды шығардым. Бұл жиілей берді. Әлгіден бері әлденені айтып отырған асқардың сөзін ұқпай, есіл-дертім сонда – Жаннада болады да, қанша ойламайын, қарамайын десем де қара көзін төңкеріп өтсе: – Япырау, мынау шынымен-ақ кешегі тұлымы желпілдеп жүрген, шынашақтай Жанна ма?! мен бейбақ мұның бұлай өсерін неге ескермедім екен. Кімнің жұлдызы оңынан туып, кімге бұйырар... Әттең өзіме... «Кет әрі, ұят емес пе?! асқар бауыздап тастасын». Осы ұсақ-түйек бейкүнә ойлар мазалайды дәйім. Шынымды айтайын, мен Жаннаны сүйетін секілдімін. Сүйдім де. Бұл үйге енді асқар емес Жанна үшін келетін болдым. менің бұл есерсоқ ниетімді асқар сезсе не болды? ал, Жанна ше? мүмкін білетін шығар. мөлие қарап қалғанымда екі беті ду етіп, қызарып қоя беруші еді ғой. мүмкін жан азабын ол да шегіп жүрген де? Жоқ, жас қой. Сергелдеңімнің сыры екеу ара ашылып, бір-бірімізді ұна- татынымызды көп ұзамай сездік. мен осы үйге келген сайын, келуімді күткенін қашан да болса екі көзінен танитынмын. Жеке қалған сәттерде үндемей телміріп ұзақ отыратынбыз. Бірақ бірімізді біріміз сүйетінімізді ашысқанымыз жоқ. Қайта онымызды жасқана да қызғана жасыратын едік, қымсынып ұялатын едік. Бұл жасырын сырымызды, бұл үнсіз мұңлы сүйіспеншілігімізді жария етуге қорқатын едік. мен оны жан-тәніммен қиыла сүйетінімді аңғардым. Бірақ осы бір құпия махаббатым бой бермей лап ете қалса, ертеңгі күні не болатынымды, осы өз үйімдей болып кеткен семьяның, асқармен арадағы тарихы мол, дамуы тәртіпті бал достықтың не күйге түсетінін елестетсем бойым мұздап салатын. Кейде батылдық бітіп, (онда да өз үйімде отырғанда), шегірткеден қорыққан егін екпес, достығым махаббатымның садағасы, достықтан махаббат күшті деп, асқарға ағымнан ақтарылсам деймін. Достықты махаббат жолына құрбандыққа шалу әбес- тік емес-ті. Солай-ақ болсын делік. Сонда Жанна екеуміздің арамыздағы томаға тұйық, әлі сыралғы болмаған жұмбақ сыр шынайы махаббат па, әлде тұсауы кесілмеген түйінсіз алда- ныш па?! Біз болсақ мектеп бітірдік, ал ол әлі оқиды.мүмкін ол мені сүймейтін болар. Өзі де білмейтін еліктеу оты шарпып жүр ме бойын?! асқар оқуға аттанды. Сыңарымды шығарып салдым. Кеткеніне іштей қуанып та жүрмін. Бірақ бұл қуаныш пәк та адал секілді. менің ойдым-ойдым жан қалтарысым асқар үшін беймәлім. Қойнаудағы ойымды қайдан білсін ол. аңқылдақ адал көңілімен көзіне жас іркіліп, бетімнен қайта-қайта өбіп қоштасып кетті. Кешір, досым, жүрек шіркінде ес бар ма, құлыншақ іспетті ұрыншақ қой ол жазған, ұрыншақ. Әлбетте мен Жанналардікіне баруды тоқтатпадым. Әр нәрсе сылтау. Кет демеді. – асқарымның досы ғой. Келіп жүр. Жаннаның отын кесіп жаруына шамасы жете бермейді. Көмектес, – деп, мамасы жылы қарсы алады. Бұдан асқан бақыт неме керек. Бір күні ол екеміз отын кесіп тұрдық. Шербек өтпей көп әуреге салды. Оқсын-оқсын түйісіп қалатын көз қиындықты ұмыттырып жіберді. Отын жардым. Балта сілтесіме сүйсіне Жанна қарап тұр жанымда. Балта қысылып алынбай қалса: – Өзі шаншып, өзі ала алмайды. ал бір орыннан шанышпай, келесі бір тұстан ұрып қалсам: – Өтірікші, өтірікші, – деп, жас балаша мәз боп қуанып, мазақтайды. Ондайда менің көз алдыма тілін шығарып, сықы- лықтай күлетін кішкентай Жанна елестейді. Біз отын кіргіздік. – Балағаз. – Ия. – Кел, жарысайық. Қораға отынды кім бұрын жеткізер екен. – мен бұрын, әрине. – Ия, саған. Екі-үш жаңқаны қырғидай іле сала тұра бездік. Бір- бірімізден оза алмай отын қораға қабаттаса кірдік те түйісіп қалдық. Ол құшағындағы отынын тастай берді де маған үнсіз тесіліп қарап қалды. Бұған дейін тұншығып келген сырымды қазір айтпасам өмір бойы ашылмайтындай осынау сәтті секундты пайдаланбақ ниетте Жаннаны құшақтай алдым да: – Жанна, қандай жақсы едің! – дедім. – Сен де жақсысың, Балағаз! – міне, бар айтылғаны осы. Бұдан артық сөз тіптен де қажеті аз, болған күнде де алпыс тамырды солқылдатқан күнәсіз сезімімізге нұқсан келтірер еді. Оны мен бауырыма тартып, сүйіп алдым. Булығып, деміккен Жаннаның тұңғиық терең көзі сол сәтте мөлт етіп: «Қоямын бұдан былай аға деуді, жақынсың ағадан да маған енді» деп тұрғандай еді. мен оның мөлдіреген кеугімді көз жанарынан өз бейнемді көрдім. Осы бір бейне ғұмыр бойы кетпеуін тіледім. Ол жылай ма, жоқ болмаса ренжи ме деп сасып қалсам да, мән тастай қараған мұңлы да байсалды, бір түрлі аянышты жүзін көріп, жетісіп, тояттап тұрған қызба көңілім монтая қалды. Қуанышын көлегейлеп тұрған кірпігін қадап: – Жүр, кетейікші, – деп, қолымнан жетелей жөнелді. артынан үнсіз ере бердім. Отын қора біздің жұмбақ сырымызды ашып, балалығымызды алып қалды. маған қиын тиді. Сорлы болайын дедім. Жанналар қалаға, тіпті алыс қалаға – ақтөбеге көшетін болды. Түпкі төркін елі сол жақта болса керек. Күзді күні еді. Жылдың төрт мезгілі мен үшін күзімен мәнді, күзімен сәнді. Өзінің сабырсыз жомарттығы, ойлылығы- мен құнды еді бұл күз. Бұлтты аспан, қар бүркенген асқар тау, асауы басылып, арыны азайған Бұқтырма, қуқыл тартып оңа бастаған орман, секек-секек қақтырып, қаңбақты қуа жөнелетін күзгі жел, бәрі-бәрі менің қиялымды тербеп, жанымды кеңге тартады. Шөп тартқан күзгі жолға түсіп жүре берсең, жүре берсең... Күнәсіз таза әрі жұмсақ мұң ұялап, тұңғиық ой айдынына шомыламын да: «Ей, күзгі жол, қайда апарасың мені?» деймін. міне, мен сол жолмен ілбіп келемін. Күзгі бұлттай қорғасын сезім зіл боп басып, буынға түсіп жүрдірмейді. Жол мені буынып-түйініп, көшкелі жатқан Жанналардікіне бастап келеді. мен Жаннамен қоштасқалы келемін. Жүк тиеліп қойылған екен. аттанғалы жатыр. Жолға киілген жөнсіз қоңырқай киімі өзгеше жарасып, Жанна мәшін үстінде отыр. мені көрді де ырғып түсті. – Келмейді екен десем. – Неге келмейін. – Балағаз, енді қашан кездесеміз? – Кім білсін. – Кім білгені қалай? Біз білмейміз бе. Әлі-ақ жолығамыз. Хат жазып тұр, ия. Бірінші өзім жазайын. – Хат жазылады ғой. Бірақ ... мен ... біртүрлі қорқатын секілдімін. – Неден? – Өзім де білмеймін. Әне, мамаңдар шықты үйден. Ұят болар. – Шынында да қорқақ екенсің ғой,– деп, мұңая жымиды да мәшінге түсті. мен бәрімен қоштастым: осынау қарашаңырақ- пен де, анау жарылмай мыжғылап тастаған бұтақ-шормықпен де, мынау жарбиған әйтсе де ыстық отын қорамен де. Папасы қолын берді. мамасы маңдайымнан сүйді. мәшін бір ысылдап алып, тарта жөнелді алға. мамалары кабинада, Жанна кузовта жалғыз отырған. Нендей тылсым күш қолтығымнан алып, атып жіберді мәшінге. Дүниенің бәрін ұмыттым. Сезікті сезім қысып тұрған дал-дұл өрекпіген жүрегім тасып, бой бермей кетті білем. Жаннаны қатты қысып сүйдім де алды-артыма қарамай қайта секірдім жерге. Жан дәрмен ұшып тұрып: – Қош, Жанна!! – деп айқай салдым. Ол да қолын сермеп «Көріскенше сау бол» деді. Көзінен жас парлап барады. мәшін Күркіремеден асып көрінбей кеткенше шуатылған жолдағы параллель, бір-бірімен өмірі қиылыспайтын түзу сызық қалдырып бара жатқан мәшін доңғалағының ізіне телміріп тұра бердім. мүмкін біздің тағдырымыз да осы із секілді бірімен бірі әсте қиылыспайтын шығар. мүмкін мен Жаннамен ғана емес, тұңғыш та кенже махаббатыммен қоштасып қалған шығармын. мүмкін ... жоқ, мүмкін емес деп өз ойымнан өзім жирендім де, ілби жөнелдім күзгі жолмен. алқымыма жас тығылды, жылағаным жоқ. Әбігер бұлт шығысқа жөңкіліп барады. міңгестіре кетсеші мені. Түстіктен өкпек желемік есті. Суық. Сонау бір топ шіліктен қос тырна ұшып, аспанның шырқау биігіне самғай жөнелді. Қанат қағысы бірдей, жарасымды. Әне, тағы бір тырна қосылды. Үшеу боп ұшты. Енді бір сәтте алдыңғы тырнаның бірі бөлініп қалды. Көлденеңінен киліккені қос тырнаның бірін қағып алды да, қосарлана қалықтап бара жатты. Құрбысынан айрылған жетімек қиқуын үдеткен күйі топшілікке қайта қонды. аяғымның ауырғаны ма, жүрегімнің ауырғаны ма, өн бойым сыздап, сырқырай бастады.
|
|||
|