Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I 10 страница



Уақыт дегенің пенденің уысында тұрған ба, кеше ғана айқайлап, жарық дүниені аңсай алақанын жайған, ертеңгі күнге талпынған Ардақ он бестен асып, он алтыға иек арт- ты. Ал он алты жас қыз үшін нағыз көктемнің көріктеп бір құлпыратын шағы іспетті ғой.

Бір үйдің ұлы да, қызы да өзі боп, тым-тым еркетотай шалықтап өскен Ардақтың тілі де шолжаң еді. Қаншама ысылдаса да «р»-ға тілі келмей, əке-шешесінің дымын құрт-


ты. Тіпті ата-анасы осы жалғыз қаріпті көп-көп қауіп санап, бойшаң тартып, соқталана өсіп келе жатқан сүп-сүйкім- ді қыздың бар бақытын жоқ ететіндей шошынатын. Бірақ Ардақ үшін осылай сөйлесу керек сияқты; əйтпесе қорла- нып, бар еркелігінен, бар ажарынан айрылып қалатындай, əдейі шолжаң сөйлеп жүрді.

– Аспаннан былғары жауса, құлға оқшантайлық тимей- тіннің кері болды, қатын, – дейді Қожа кəдімгідей кейісті түрде. – Жалғыз қызымыздың сақау болуы санымызды та- лай соқтырар əлі. Еркек бала емес, «əкеңнің аузын уйайын, мал бейшем тимегеніңді көйейін» деп, ат үстінде шіреніп тұрып алатын, қызың сақау деп, бетке басып айттырмай қоя ма деймін. Елде ес бар ма? Түріне емес, тіліне қарайды, кө- рерсің.

– Ұлың да, қызың да Ардақ қой. Алмаса – асып жейміз бе? Жүрсін көз алдымызда. Қолғанат болар. Өзі де еркешора ғой, – деген əйелі.

– Əй, қайдан білейін, өзіне қиын болады əлі. Қыз болған соң – қызықпай тұра ма...

– Өзімізден көрмесек, кімге артайық жаланы. Ауыл-ай- мақтың ортасында өсіп, бала-шаға араласа берсе, бүйтіп са- қау болып қалмас па?.. Жау қуғандай ауа көштік.

Қожа қызының тал бойындағы мінді ойлап, талай-талай ұйқысыз түндер өткізетін. Бұйрықты күндерінің балын да, зəрін де татып, таласып-тартысып жүрген шақшадай басы шарадай боп, титімдей ғана нəрсеге əңкі-тəңкі болар деп ой- лап па еді! Кейде Ардақтың көзі ұйқыға бара бергенде:

– Қатын-ай, ұйықтап қалғанбысың? Əй, қара басқыр-ай, күндіз-түні қалғып кеп жүргенің, ұйқыдан басқа бітірерің бар ма, түге. Анау қызыңның болашағын ойламаймысың? –


деп бұлқан-талқан болар еді. Ондайда еруліге қарулы боп, шалының ырқына жығылмаса, құлағынан маза кетпейтінін білетін əйелі:

– Ақырын, Ардақты оятасың, – деп, қайтадан үнсіз қа- латын.

Қатынының дым сызбай жатуы Қожаның одан əрі ша- мына тиіп, бүйірінен шынтағымен нұқып жіберер де:

– Маубас! Қызыңды бай алмайды! – деп шаңқ етіп, іргеде жатқан шалбарына жармасатын.

Жаңа ғана көзі іліне берген əйелі селк етіп шошынып, шашы дудырай ол да өре түрегелетін. Сосын бір-біріне ақылшы боп қайта жатысатын.

– Түу, əп-əдемі түс көріп жатыр едім.

– Ой, түсіңді ұрайын.

Екеуі біразға дейін үнсіз жатып:

– Əй, кемпір, қалай болған күнде де қамсыз отырмайық. Ардақтың жасау-жабдығын ыңғайлай жүр, – дейтін Қожа.

– Əкеңнің... аға болмады, қасқыр болды ғой Шалабай мен Далабай. «Қожаның қызы сақау» деп, алты алашқа сауын айтып адақтап шығыпты. Сол жылы келгенде, үйге қондыр- май, қамшының астына алып айдап салуым керек еді. Сен емеспісің: «Өз қаның, ағайыннан безіп қайда барамыз», – деп қылымсып қалған... Əй, естимісің? Егер ел-жұртқа қа- тын өсегін таратпаса, баяғыда көшіп барар едім-ау...

Бұл кезде əйелі жеңіл ғана тыныстап, пыс-пыс ұйықтап жататын.

– Өй, ұйқыда басың қалғыр. Əй, ит-ай...

Сонау бір жылдары жазда үлкен ағасы Шалабай арғы беттегі ауылға əйелін төркіндетіп бара жатып, жол үстінде болған соң, Қожаның үйіне түскен. Көп жыл бойы көріспе-


ген ағасының қылықтарын əлі де ұмытқан жоқ еді. Əсіресе, шешесі қайтыс болғанда, естісе де дым сызбай жатып алуы бұрынғыдан бері бұғып жүрген кек отына май боп құйылды.

– Ассалаумағалейкүм! – деп сумаң ете қалған шоқша сақал Шалабайдың сəлемін ернін жыбырлатып алған бол- ды да, есік көзінде не əрі, не бері жоқ, состиып тұрып қал- ған ағасына міз бақпай шаншыла қараған. Аңқылдақ əйелі ғана: «Үйбай-ау, үлкен қайнағам келіп қалыпты ғой, төрге шығыңыз», – деп жуып-шайып, Ардақпен даңқұрдас ұлы- ның бетінен сүйген. Бұдан кейін Қожаны ымдап далаға шығарып алып: «Таспен атқанды аспен ат» деген, қайтесің егесіп, өз қолыңды өзің кесемісің, қонақ етіп жіберейік, енемнің аруағы риза болсын», – деп ақыл қосқан. Қожа жібіді. Өрісте жүрген малды қайырып кеп, тоқтылардың бірін ұстап:

– Ал, аға, ықылас білдіріңіз, – деп Шалабайды қатты ұял- тып еді.

Шалабайдың ұлы Ардақпен тез табысты. Бірін-бірі қуып жасырынбақ ойнаған. Ардақ: «Ыстықтап кеттім, Аймас, суға түсейік», – деген соң, екеуі бірдей тырдай жалаңаш шеші- ніп, көлге шомылды. Көлге шомылып жүріп осынау қарша- дай қара ұлдан адамдар əйел-еркек болып екіге бөлінетінін, өзінің – қыз, Алмастың – ұл екенін түсінген.

Адалбақанда ілулі тұрған он екі өрімді қамшы Шала- байды қатты қызықтырып еді; шаншылып көп қарады. Көз құрты жыбырлап болмаған соң, үйде ешкім жоқ оңаша сəт- ті аңдып отырды да, екі бүктеп лып еткізіп саптамасының қонышына тыға салды.

Шалабай інісінің ықыласына риза болып аттана бергенде, Ардақ Алмасқа:


– Аймас, тағы кейіп тұй, шуға түшіп ойнаймыз, – деген.

Атына енді ғана қонған Шалабай қыз тіліне таңғалып:

– Қожа, Ардақ сақау ма? – деді. Қапелімде не дерін біл- мей сасқалақтап қалған Қожа:

– Жо-жоқ, өзі еркелеп сөйлейді, – деп қызарақтай жауап берді. Бірақ Алмас əкесіне: сақауланып сөйлейтінін, тіпті өзінің қыз екенін білмейтінін айтып қойды. Шалабай мырс- мырс күліп, бəлем, бар күйікті осы ерке қызыңнан тарттыра- мын деп, атын бауырына тартып-тартып жіберіп, борт-борт желе жөнелді.

Осыдан бір ай өткен соң, Қожаның жалғыз қызы сақау екен деген лақап бүкіл аймақты кезіп жүрді.

Қожа ағасын оңаша бір жолықтырудың ұрымтал кезегін күтіп, іші қара қазандай қайнады-ау.

Оның да сəті түсті.

Өткен жылы күзде Қожа торшолағын тағалатып алмақ болып, Жəкібай ұстаға шыққан. Екі күннен бері қарлы жаң- быр сабалап тұрған: түс əлетінде беті қайтып, күннің көзі жылтыраған соң, бұдан былай қара қатқаққа айналып, мүл- дем тобан аяқ болып қалармын деген қауіппен атқа қон- ды. Тау асып, ащы ішектей шұбатылып жатқан жалғыз аяқ жол тайғақ, жүруге жайсыз. Бұлттың жыртық-жыртығынан жылт етіп сығалап қап тұрған күн сəулесі екі тəулік жауған нөсерге малшынған жерді дегдіте алған жоқ. Əлі де айран- ботқасы шығып, терлеп-тепшіп жатыр. Ауа салқын, теріс- кейден сыбызғылап сызды жел еседі. Кəрі теректің ұшар басында бір топ қарға қысты қалай қарсы аламыз деп, мə- жіліс құрысып отыр. Бұтақ-бұтақтың басында əлі де ілініп тұрған сарғыш жапырақ күз желі ызыңдаған сайын, əлсіз өлімсіреген үн шығара қалтырайды. Қожа күз күнінің лай-


саңдығына қабағын кіреукелендіре қарап өтті де, жел жұл- малаған шапанының етегін қымтана түсті. Мынау ұңғыл- шұңғылы мол тау ішіндегі соқтырмасы көп соқпақпен тек өзі ғана сапар шегетін. Жарты ғасырдан асқан ғұмыры ішінде бір-ақ арман, бір-ақ мақсаты болыпты. Дүние өртеніп бара жатса да, парық қылмайтын саспастығы тек соңғы жылдар- да шілдің қиындай пышырап бопсалана бастаған. Өне бойы тірі пендеге жалынышты боп көрген жоқ, табан ет, маңдай терімен ел қатарлы тіршілік құрып келеді екен. Жə деген қы- зуы мол, қызықты əрі думанды шақтары болмағанымен, «əт- тең-ай» деп, сан соғар өкініші де көп емес. Ол ертеңін ойлап, əсте де бас қатырмайтын. Бүгінгі дастарқанның қамы мен ауласынан аспайтын күйбеңі зор іске бағышталмай, асыл ар- манды арқандаулы аттай шырғалап ұстайтын. Ол тіпті мы- нау Тарбағатай тауының ұшы-қиыры бар ма, анау өзен қайда құяды, қазақтан өзге жұрт, Шалабай мен Далабайдан басқа жауы бар ма – қай-қайсысын сана сарабына салып көрген жоқ. Бұл пəниге келіп-кеткенін ауыл-аймағы болмаса, өзге жұрт білмейтіні есіне түскен сайын, бұл да бұйығы тартып, керең боп өтуді мақсұт тұтқан. Оның ішкі есебі де осы.

Ол көп ойланды. Не үшін ғұмыр кешіп жүргенін, неге талпынып, алғы күндерінен қандай үміт күтетінін білмейді. Бұғанасы бекіп, ат жалын тартып мінгелі көргендері мен түйгендерін зерде елегіне салып, екшеп көрген емес, екше- се де дəн мен қарамығын ажыратып ала алмайтын. Түу иен- ге бүйі тигендей бүліне көшіп келуі – əсте жетіскендіктен емес-ау, өз ел, өз ағайынының шымшылай берер қысасты- ғы-тын. Еруліге-қарулы болғысы келмей, біржола пəстеніп жеңілгендей боп аттанған. Бірақ ол кімнен жеңілгенін, неге жеңілгенін жəне білмейді. Көкірегін шоқтай қарып жүрген


ыстық өкініш бар, оны сумен де, умен де сөндіре алмады. Қайта шыжылдатып қуырған сайын, шиыршық атып ши- рай түсер. Көр көкіректе шер жоқ, шеменделген уайым бар. Ел-жұртын сағынбайды дейсің бе... Ақшоқының үстіне шы- ғып алып, ертеден қара кешке дейін көз сата ұзақ телміре- тін арғы бетке. Бұлдырап, мұнартқан қапсағай таудан өзге еш нəрсе шола алмай мысы құрып, зəрезап күйде қайтып оралушы еді үйіне. Жалғыз үй – ауыл емес. Өз баспана- сы өзін тағы зəрезап етер. Ол құлақ етін жер қаңқу-саңқу сөзден ғана қашаң тартпаған, қалың тобыр бар жерде бол- май қоймайтын жамандық атаулыдан безген, екі қолын төбе- сіне қойып зəтте бола безген. Сөйтсе, онысы бекер болыпты. Жамандықтан қашып құтылу қиын екен. Жамандық қайда болсын іздеп табады екен. Жамандық қайда болсын іздеп барады екен. Ағайын-туған арасын ащы қылар, ұйыған ел- дікті індеттеп, ірімтіктер бақастықтың көп-көп кесірін жал- ғыз қызы көрмей-ақ, білмей-ақ өсуін тілеген. Қызының таза өсуін көксеген көңіл шіркін, сол Ардақ күні ертең бойжетіп, құтты қонысына ұзатылғандай гəп болса, бəрібір сол қиқу- сиқу ел ішіне баратынын бағамға алды ма екен. Сынық- тан басқаның бəрі жұғады, бая-шая жұрт кіршіксіз жанды бұзбауына кім кепілдік бере алады. Жо-жоқ. Ел іші алтын бесік дейтіні қайда, əлде басына іс түсіп, қысылған шағын- да немесе өзге жұрттың бодауында жүрсең – қадірі білі- нер ме. Мүмкін, мұныкі əншейін еркелік шығар. Иə, ерке- лік қой. Артымызға қарамай, басымыздан сөз асырмайтын намысшылмыз. Əйтпесе, бір атым насыбайға өкпелескен абысындардай тосыраңдай қашатын қылық мұның ғана міні ме? Егер шайлығыңнан айрылып, от пен суға қарап қалшы – бəрібір сол, ит те болса, туғаныңды табасың. Ырылдайсың


қаппайсың, содан артық таппайсың... Мұныкі еркелік қой... Мұның жəне қимайтыны – шешесінің елге бар деген өсие- ті-тұғын. Шақшадай басы шарадай болған Қожа өзін екі оттың ортасында жүргендей дəрменсіз сезінетін. Əйткен- мен ол сол туған жер, өскен елін қаншама ет бауыры елжіреп жақсы көрсе, осынау шағын ғана шаңырақтың іргесі сөгі- ліп, қариясы сұлап жатқанда, сол елден, сол ағайын-туған- нан жаназаға бірде-бірі қатысып, бір уыс топырақ салмаға- ны, бірде-бірінің төбесін көрсетіп көңіл айтып бата оқырға келмегені, елжіреген ет-жүректі суыта, мұздата түсетін. Ол мəңгі бақида сол ауылға қайтып көшіп бармайтынын түйген көкірегіне. Шешесінің мүрдесін тастап қайда бармақ. «Ті- ріде сыйласпаған, өлгенде жыласпайды» деген, тегі, рас та. Заман деген қандай ала құйын едің. Мынау күздің аласапы- раны секілді, мынау күздің қатал да қатқыл суығы секілді, мынау күздің өңменнен өтер ызғары секілді, мынау күздің қош-қошын айтып, өлімсірей сарғайып бара жатқан өңі се- кілді – тегі, мынау астындағы атын тебініп, қалғып-шұлғып келе жатқан Қожаның өмірі секілді.

Қожа Ақшоқы кезеңіне іліне бергенде, сонадай жерде өзі іспетті мойнын ішіне алып, бүлкек-бүлкек желіп келе жат- қан салт атты жолаушыны көрді. Құба жоқ, қу даладағы жалғыз аяқ жол, екеуін адастырмай тура беттестіретін еді. Атқа мыжырайып отырысы жəне қамшыны солақай ұстауы өз туыстарының бірі екенін айнытпай танытты. Шалабай!

«А, құдай», – деді ішінен Қожа. – А, құдай, өзің жар бола көр. Ата жауым сен болсаң – атыммен соғып қарсы алайын». Торы шолағынан қарғып түсті де, атының айылын шаптай тартып, тымағын баса киіп, бауын байлады. Торы шолаққа секіріп қайта мініп, қамшысын оқтап ұстаған: түсі бұзылып,


тісін шақыр-шұқыр қайрады да, «Есіркеген, Есіркеген!» деп, ұрандай ұмтылды ағасына.

Шалабай да саспайтын марқасқа екен, бұл да атының айылын мықтап тартып, тымақ бауын байлаған да, «Есір- кеген, Есіркеген!» деп ақырып жіберіп, қарсы тебінген- ді. Жалғыз аяқ жолда жолыққан ағалы-інілі жау жеттілеп, құйын-перен шауып келіп, ағып өте бере қамшымен бір-бір салысып қалды. Бірақ екеуі де қайтып қайырылған жоқ, қай- та беттесуге жүздері де шыдаған жоқ. Тек екеуі де іштерінен жаңа ғана адақтаған, «əкеңнің...» деп, Есіркегеннің аруағын аунатып кетісті. Екеуі де мынау тар да тайғақ жолда əлі де сан рет бетпе-бет келетінін, мына қылықтары қара қазан, сары қарын баланың қамы, ел сауғасы емес, өздері сезіп- сезіктеніп, зердеге сап бағамдап көрмеген жалған намыс пен жарға жығар кекшілдіктің итаршылдығы екенін, бастарына іс түсіп, тағдыр гүрзісі төнгенде ғана, аһ ұрып, жұртта қал- ған күшікше ұлитындарын болжамады. Болжайтын ой-өре болса, арғы аталарының бір екенін ұмытып, асық ойнап аты- сып, бір төсекке жатысып, тел қозыдай тең өскен шақтағы туыстық сезімдері арын шымшып, ата-бабаларының аруа- ғы алдында жүгіндірер ме еді. Бірақ осынау сорлы сорап үстіндегі ағайын арасында өткен шатақ шайқастардың қай- сыбірі де отбасының бықсыған шекісінен туып, бəріне де сі- ңісті боп кеткенін ешкім де есептей бермейтін жəне түбі осы дерт алып жейтінін де ескермейді. Қанша ғайбаттасақ та, бү- гін бет жыртысып жатқан ағасы Шалабай бес жылдан соң дүние салып, «ой, бауырымдай» атап, асына торы шолағын сойып тастайтынын қайдан білсін мұндарлар.

Ардақтың өмірінде де өз əлінше қым-қуыт тартыстар өтіп жатқан. Ғұмырында əке-шешесінен өзге жан, торы


шолақтан өзге ат көрмеген қызға ары өткен, бері өткен жо- лаушының бəрі-бəрі таң-тамаша ертек сынды жайттер еді. Бұлдыр-бұлдыр күн артынан күн жылжып өткен сайын, бой жетудің бар ыстық-ыстық тыншуы жоқ қытықты қылықтары жақындап келе жатқанын, ал бойжеткен қыз өмір бойы осылай құлан-таза күйінде қалмайтыны есіне келмеген. Бұрынғы əке-шешесіне жасайтын шолжаң ерке-шоралығы бірте-бірте нəзік еркелікке ұласып, өзгеше көрініс тауып, кешегі былдырлап жүрген тұрымтайдай қыздың жарқ етер қырларын таныта бастады. Осы ересекке тəн мінез-қылық- тары, əке-шешесіне уайым, көңілдеріне қаяу саларын біле бермейді ғой. Білген күннің өзінде сезімнің еркінен тыс дырдуына тосқауыл болар, қажыр-қайрат көрсетер шама бар ма жас қызда. Ол санасында жүрген сан-сапалақ ой- дан сейіле алмай, ұйқылы-ояу, ұйқы-тұйқы халде сенделіп жүруші еді. Кейде мынау құлазыған тау қойнауына ермек, дос-жаран іздегендей ұзақты күн үйге жоламай сырғақсып, Марқакөлдің бірін-бірі қуып ойнаған тентек толқындарына жас баладай мəз болып қарайтын. Кейде толықсып жатқан толқындардың ойыны мұның да жанын қытықтап, елікті- ріп, қол бұлғап шақырғандай шолпыса, денесі от боп жан- ған Ардақ дəті шыдамай кетіп, мұздай суға күмп беретін. Кейде оқшаулана жұмыр жаратылған қатқыл өз денесіне өзі қызыққандай, тоңазып құс еттеніп қалған ақ санын уқалап, сызғылап ермек ететін.

Ардақтың үш ұйықтаса ойында жоқ қылықты сонау жыл Алмас қоздырып кеткен. Алмастан өзге еркек бала көрме- ген қыздың санасында сол болмаса да, қараң-құраң бір сүлде көлденеңдеп, қысқа түнде қырық оятып тұрып алар


еді. Ол осынау азапты əрі тəтті сезім асқынған сайын, бар- лық дүниеден оңашаланған оқшау сандалысқа салынып, өңі түгіл түсінде көрмеген жұмбақты бейнені қуып, сағым даланы кезе беретін. Көлден ескен самалға омырауын аша, балқыған балғын əрі күнəдан пəк денесін төсейтін. Адам бойына оқу-тоқусыз-ақ, ұялайтын табиғи құштарлықтар, аң- саулар мен асыл армандар Ардаққа да өгей емес, өзгелердей мұның қақысы бар нұрлы да сиқырлы еншілер ғой. Ардақ өзін осыншама алапат өрт күйге түсіріп, қинап жүрген құдіретті күш жастықтың секемшіл сезімдері екенін аңғар- ған жоқ. Бірақ күндердің-күні жай оғындай жалт етіп жай- пап өтерін де аңғарған жоқ. Тылсым күштің тегеуірінді əсері өзін бір мəрте қинаса, əке-шешесін үш есе азаптап, ой отына қақтайтынын да қайдан білсін.

Ардақтың бойжетіп соқталанғанынан, ерке-шора шақта- ры əлдеқандай тыншу еді жандарына. Ол бола ма, өспейтін, өнбейтін пенде бар ма; қырсыққанда бойы ғана өсіп қойса ғой, күн санап ой да түлеп келеді емес пе?

Ол бүгін де ұйықтай алмады. Шал мен кемпір əрі-бері кермалдасып алып, қор ете түскен. Ағаш тамның сығырай- ған терезесінен жұқалаң сəуле тарап, үй іші алакөбең. Ардақ тағы да Алмасты ойлады. Екеуінің балалық қылығын ойла- ды. Балалық қылықтарын ойлап еді, жалғыз сəттік жүзде- судің бақилық əмсе əсерін қайта таусап, енді бұрынғыдай еріккен бала көңілден гөрі əлдеқайда мəнді, əлдеқайда қы- зулы, лүпілдеген жүрекпен сезінді. Шыдай алмады білем, іш көйлекшең сыртқа шығып, көктемнің салқын лебіне бетін тосты.

Көктемнің лебі өтімді емес, қоңыр салқындау екен. Ал Ардақ ызғарды сағынған, місе тұта алмады. Өзі де сезіп,


біле бермейтін үйірсек іңкəрлік, ыстық ынтызар жетелеп, Марқакөлдің жағасына алып барды. Жар жағасында оты- рып, көлдің көл-көсір бұйра толқынына ұзақ қарады. Ай астында ағарып отырған он жеті жасар қыздың қақтаған ақ күмістей сұңғақ та сұлу бітімі ертеректе ғана болатын су перісіне ұқсайды. Əттең, осы асқан сұлулыққа куə болар, ие болар пенде жоқ. Жар сабалап жарысып жатқан тоқпе- йіл толқындар дүлей, қыз мұңын, қыз əнін тыңдай алмады. Телегейі мен тереңі бірдей салқар көл Ардақ алдында таң- ғажайып көрініс беріп, кербез керіліп жатты. Ол самаладай саулап төгілген ай сəулесімен анау айнадай жарқырап, ауыр тыныстаған көл тілсіз табысып, құшақтасып жатыр-ау деп ойлады. Жұп-жұмыр қос тізесін құшақтап, шешесінің айта беретін «Сұр мерген» əнін ақырын бастап, қоңырлата созып əкетті.

Ауылың көшіп барады таудан асып...

Ардақ есейген шағында алғаш рет шыншыл, қылаусыз көңілмен егіле жылады. Сосын көлдің аса салқын суын омы- рауына дейін кешіп барды да, алқынған үнмен: «Алмас, кел- ші жаным, тағы да. Тағы да су шашысып ойнайық», – деді көзі ұшқындана. Əлі де балалық желіктің уыздай құшағын- да жүрген ол Алмас екеуінің арасында өткен сонау жылдағы оқиға – күнəсі мен кір шалған кірбіңі жоқ, балдырған қы- лықтар екенін жəне ойнағаны өз жұрағаты екенін де сезбе- ген. Тағы боп өскен қызға адамдардың бəрі бірдей секілді еді. Су шашысып ойнап, көңіл құртын өлтірсе болды. Тіпті де олай емес екен.

Көл шолп-шолп сүйісіп мазасын алды...


* * *

 

Марқаның жағасы ерте кеуіп, ерте көктеді. Жауқазы- ны қарды жарып та шыға беретін тау бөктерінің былтыр- ғыдан қалған күреңсесі күлтеленіп, қаулай тебіндеп келе жатқан көкпен араласып, алашабырланып жатыр. Тау ішін- де көкжиек жақын болады. Тауда тұрғанда аспан да аласа көрінеді. Сол көктемгі көкжиек – қоп-қою жалқынды са- ғым іркіліп барып, əлгі көк күмбезімен көмкерілген. Жаз- ғытұрымның кірбіңсіз ашық аспаны мөлдіреп, көлде көрініс беріп тұр. Кілкіген жұқалаң мұнар арасынан оқшау көрініп, мұнда-мұндалап аппақ болып жататын Тарбағатай шың- құздарын ұзыннан-ұзақ созылған жіп-жіңішке ақ бұлт екіге бөліп, аспан тауына ұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көк- темнің шуағына алақанын жая бастаған орман соңғы нөсер- ден жаңа ғана ес жиып бусанады. Көктемгі ауада сарай ашар жағымды саумал иісі бар. Сымпылдай ұшып келген бір топ шүрегей Марқакөлдің айдынын төсімен тілгілей қонды да, мамырлап жүзе жөнелді.

Осы көріністің қай-қайсысы да Қожаны қызықтыра ал- ған жоқ. Жаралғалы көзқашты қылған, қайталана беретін мезгілдің əртүрлі мінез-қылықтары шал үшін таңсық емес. Қайта жанын қажап, зəрезап қылатын. Кей ретте өлкенің осы күйінен қарадай жиреніп, басы ауған жаққа лағып кеткісі ке- летін. Бірақ қия алмайтын құрғырды. Құлан қағынан жері- генде барар өрісі, шығар биігі қайсы. Қайда барса да Қор- қыттың көрі, ат айналып қазығын таба бермей ме. Қожа, шынында да, Марқакөлдің жағасына шешілмейтін болып арқандалып қалған. Ақшоқының өз маңдайы іспетті қасқая біткен беткейінде өмірінің базары секілді бар малы табын



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.