|
|||
I 13 страница– Ұқтыңыз ба, отағасы. Мықтаса, иттің басы – екі-ақ кү- шік, – деді дауыстап. Осы бір сөз қақтығысынан кейін Ах- метбек жаңа келген жас жігітті іш тартып кетіп еді. Махмұттың қайран қалғаны: орта жастан асып кетсе де, өңін бермеген Əбдікерімнің келбеттілігі. Тостағандай дөң- гелек бота көзді, жұқалтаң жүзді, аппақ сазандай кісі екен. Не ұзын, не келте емес, қара сақалы өзіне өзгеше жараса- ды. Кірпияз, əрі талғампаздық жағынан бірегей. Неге бол- сын көзін күлімсірете тура қарап, үкімін айтады. Бұл өңірде тұңғыш рет бұдан жеті жыл бұрын орыс-қазақ мектебін аштырды. Онда орыс учительдерін ұстайды екен. Кіші ұлы Шабдан Петерборда оқиды. Басқа ұл-қыздары да білімнен кенде емес. Өздері шетінен сұлу. Махмұт осының бəрін ба- ғамдап, көңіліне топшылап жүретін. Өзін ана іргедегі орыс- қазақ мектебіне онша араластырмай, бөтен үй тігіп, бола- шақ молдаларды жиып бергеніне риза болмаса да, «Қанша жүрем дейсің. Бір жылға қоянның терісі де шыдайды» деп, өзін-өзі алдаусыратып қояды. Əйтсе де орыс тілі пəнінен са- бақ беретін Михаил Комаров деген орыстан анда-санда тіл сындыратын. Махмұттың тіпті ертеректе қайтып кеткісі бар-ды. Қас- қыр мен қойдың ғұмыры дос болмайтынын да біледі. Қалың жұрт қазақтың дертіне ем іздеп, басын тауға да, тасқа да ұр- ған ақын өмір айдынындағы тау толқындарымен айқасып, үмітін желкен, жігерін қайық етіп жүргенде, тек жыр ғана кеулеген жүрегі сеңдей бұзылып, Алтай талына жармасқан еді саусағы. Ол əлі өзі ғана білетін, өзі ғана дейміз-ау, үшеуі ғана білетін, жұмбақты сыр. Əр үміттің түні бойы ұйықтат- пай, беймаза ететін қиялды сəулелері иіндесе келіп, үлкен арманға, ыстық махаббатқа ұласқандай еді. Бір кезде ле- піріп бақ іздеп, албатыдан жар іздеген көңілі ақ ерке сұлу тауып, байызданған. Сүймейтін бір сұлуды сатып алып, «Сүй» деп зорлайтындарға тумысынан қаны қарсы Махмұт өзінің жұмбақты əрі мұңлы сүйіспеншілігін өзгені қойып, өзіне қиғысы жоқ. Қызғанады. Ол, əсіресе, соңғы күндері сеңдей соғылысқан азапты сезімнің құрсауында жүр. Бұ- рында ауыл шетіндегі қарағай түбіне алтыбақан құрып тас- тап, осынау меңіреу өңірді əн мен күйге бөлеген шаттықты шақтары бұлдырап, күн жылжыған сайын, артта қалып бара жатқандай. Бағана Ахметбек келіп: – Махмұт, бүгін алтыбақан құрайық деп едік. Сенсіз жиы- нымыздың сəні болмас. Келіп гармонь тартып бер, – дегенде: – Мақұл, – деп келісімін беріп қойған. Онда да Бағила барады деген соң, дидарласудың ыңғайы келе ме деп үміт еткен. Бала оқытудан қолы босаса болды, Қызылқайың сар- қырамасының жағасына келеді. Оның барар жері, отырар орны біреу-ақ – су жиегіндегі кəрі қайыңның түбі. Осында ұзақ отырып, дəптерге əлденені сарыла жазатын. Бірақ неге отыратынын, көз майын тауысып не жазатынын тірі пенде білмейді. Кейде күн таласып батып бара жатқанда, екі қо- лын басына жастап көк күмбезіне телміретін. Аспанда қал- қып бара жатқан бұлттарға қарап күбірлейтін. Мүмкін, ол кіндік жұрты Баянауылына ала кет, мінгестіре кет деп не- месе Сарыарқаның жаңбырын құя кет деп сəлем жолдайтын шығар. Не, мүмкін, бүгін түнде ақ еркеммен жолыққандай болсам, айдың бетін жап, қорғала бізді, түннің құшағында тербет дей ме екен. Əлде «жанды мал үшін жаратып жүрген» мынау елге деген өкпе-назын, ішіндегі қазандай қайнаған құса ойын, ел тағдырын кемеңгерге емес, езге, малға өңгеріп берген заман зарын еншілес дей ме. Кім білсін. Əйтеуір, ұзақ ойланады, əйтеуір, жалықпай жазады. «Кім жазықтының» мынау кəрі қайыңның түбінде тұсауы кесілгенін қайдан біл- сін мынау бейбақ ел. Əлі есінде: Махмұт болыстың үйіне барған сайын, Əбдікерімнің үлкен қызы Бағилаға көз қырымен қарай отыратын. Ал се- зімтал қыз болса жігіттің өзіне деген ниетін қымыз ұсынып отырып-ақ аңғаратын-ды. Екеуі бір-бірінен балаша ұялатын. Неге қысылатынын өздері де сезбейтін. Бұл үнсіз жұмбақ сүйіспеншіліктерін бір-бірінен қызғана да жасқана жасы- ратын. Бір-бірлерін ойламаса да, жүректерінде əрқайсысы- ның бейне бір буалдыр көлеңкелері тəрізді бір сағым кезе- тін. Махмұт бұл үйге келген сайын, келуін зарыға күткенін қашан болса да жəудіреген мойыл көзінен танитын, оның өзі де ертеден-ақ бөтен сезінгендей, оның келетінін білген- дей, аңсап күткендей болып жүргенін қимыл-қыбырымен-ақ аңғартатын. Бір-бірін жан-тəнімен қиыла сүйетіні ашылма- са да, ауызекі сұхбаттасудан əлдеқайда күшті құдіретті се- зім жеткізіп қойған. Бұл үнсіз сүйіспеншіліктері бой бермей билеп əкетсе, түбі неге апарып соғатынын, мына Бағиланың əкесі не дейтінін ойлаудың өзі аса сұмдық еді. «Қыз менің етегімнен ұстады делік. Оны осынау жылы қонысынан бө- ліп қайда апарып, қандай ұшпаққа шығарар едім. Қара ба- сты қаңғыртып, ел кезіп жүрген Махмұт, жар күтерлік жа- лақың бар ма? Жарайды, оған да мойымаймын. Сонда Ба- ғиланың құдандаласқан жері бар ғой, Əбдікерім салт басты, сабау қамшы сақа жігіттің қолына жетектетіп жіберер дей- місің қызын». Міне, осы бір тастаяқтай қақтығысып тыншу бермейтін түпсіз ой Махмұт жүрегіне ақпанды азынатып жүрген. Нұрмаш қыздан беріп жіберген алғашқы хатына өзгеше назбен сазды жауап беріпті. Бұл да жігіттің күйре- уіңкі жанына үлкен медеу болды. Бағана Бағиланың жауа- бын көкірегіне мықтап қысқан күйі үйреншікті орны – қа- йыңның түбіне келген. Етпетінен жатып алып, жалпақ көк тастың үстіндегі қағазға əлденені беріле жазуда. Нұрмаштың келгенін сезген жоқ. Ерке қыз сыралғы жігіттен жасқанбай- тын. Бірінің астына бірі мөрдей тіркеліп жатқан өлең жолда- рын үнсіз оқып тұр:
Келді хатың мен шаршап, Отырғанда қамығып. Хабарыңа бек аңсап, Созылып көзім талығып. Сөзіңнен көріп өзіңді, Құшақтай алдым жамығып, – деген жеріне келгенде, қыз шыдай алмай сықылықтап күліп жіберді. Махмұт селк ете түскен. Атып тұрып, дəптерін жа- сыра қойды. – Е, сен екенсің ғой, Нұрмаш. – Ақын жігіт, сағыныштан əбден біткен екенсіз. Құшақ- тап жатқаныңыз Бағила емес, көк тас қой. Оны неге өлеңге қосасыз? – Адасқан қаздай қаңқылдап əбігері шығып, жар іздеген жабыңқы жүрек ойда жоқта туласа, есеңгіретіп тастайды екен, Нұрмашжан. Тұйық ағаңның тұтқиылдан туған ма- хаббаты тұмшалаған тұманды ойдың тұнығын тілімен емес, жырымен жеткізуге талпынғаны да. Нан іздеймін деп жүріп, жар таптым ба деп едім, үмітім ескексіз қайыққа айналды. – Қамықпаңыз, Махмұт аға, Бағиланың сізге деген ықы- ласы оң. Тыншу бермей сізді қинап жүрген сезім оның ба- сында да бар. Түбі қайырлы болсын деңіз. – Əлгінде ғана бұлтыңдап қуақыланып тұрған қыз Махмұттың бет-əлпе- тіндеті мұңайыстың ауыр табын аңдап, момақан күйге көш- ті. Белін қынай тіккен пүліш камзолының арқасында шаш- баулап өрген қос өрім күрең шаш қыздың қара торы өңіне өзгеше жарасымды, басын піскен алмадай иіп, жігіттің ал- дында бейне бір өзін борышкер адамдай сезініп тұр. – Қолымнан бар келгені – хаттарыңызды бір-біріңізге та- быс ету болса, оның өзі де қияметке айналып бара жатыр. Бағиланың үй-іші секем алады білем. Бағана Бағила шақырт- ты деген соң, кіріп шығып едім, шешесі жер-жебір, жекен суыма жетті. – Сен қыз бұл үйге сумаңдай берме, – дейді. – Тəңірім-ау, сенгенім сен болсаң, сенің жолыңды да жі- ңішкерткен екен. Алладан медет тілегендей, намазшам ара- сында қырға шығып қайтатынмын. Сонда сенің тілеуіңді Бағиладан кем тілемейтінмін, Нұрмаш. Сен мен бейбаққа үлкен жақсылық жасадың. Қайда жүрсем де ұмытпаспын. Бодауын қайтару қолымнан келмейді. Тіліме тиек, жырыма өрнек боларсың. Күн таласып барады. Шəңгіштайдың бар малы өрістен құлап келеді. Кешқұрымғы ауа салқын. Аздап жел бар. Мах- мұт жел өтіне төсін беріп тура қарап тұр. Жүзі сынық. Нұрмаш қайтуға ыңғай білдірді. – Махмұт аға, желге бұлай қарсы қарап тұрмаңызшы, суық тиер. Кешке алтыбақанға барарсыз. Бағила əкем Үлкен нарын жақтан келіп қалмаса, бір соғып қайтармын дейді. Сəті келсе, жүздесіп, тілдесіп қаларсыз. – Айналайын, Нұрмаш-ай, көңілімнің көк мұзын жал- ғыз сөзіңмен-ақ еріттің-ау. Ымырттың тез үйірілгенін тіле десеңші. Махмұт шолпысы тілерсегіне соғылып, ырғала басып, асықпай оқшау жүріспен аяңдап бара жатқан Нұрмаштың артынан ұзақ қарап қалды. Жүрегін əлденендей жақсы үміт- тің сағымы шарпи бастап еді, булығып кеп үздіге ұзақ жө- телді. Алыста, қызыл ала кеңістікте бір топ жабайы үйрек қоналқыға беттей ұшып барады...
III Көз байланған уақ. Тау сілемдері ауыр сібірленген мұ- нараға бөгіп тұр. Күнбатыс көкжиекте ақшылтым жолақ бар. Əлемді түннің кейуана тыныштығы баса-көктеп жай- лап алған секілді. Əншейінде тағат таппай безілдейтін ше- гірткенің үні де дəл бүгінгі кеште семгендей, оқта-текте үйірінен адасып қап кісінеген жылқының арқыраған қоңы- рау даусы ымырт тыныштығын тіліп өтеді. Ауылдың түнге айналған уағы біржола меңдеп бара жатқан меңіреу тыныш- тықтың құшағына ойыса беріп еді. Ұзақ тауының етегінде- гі шоқ қарағайдың түбінен жарқ еткен жалын мен сыңғыр- лаған күміс күлкілер мазасын алды. Қатар тұспа-тұс өскен қос қарағайға алтыбақан құрған ауыл жастары лаулатып от жаққан еді. Топтың топаны мол. Бүгінгі кештің басалқасы Ахметбек те, гүлі – Махмұт. Ол Нұрмашпен əрі-бері алты- бақанда тербелді де, «гармонь тарт» деп қыздар жағы қол- қалап болмаған соң, түсіп кеткен. Əр əннің басын бір шалып келді де, əлденендей тылсым жаныңды жаннатқа бастайтын мұңды күйді термелеп кетті. Ортадағы сатыр-сұтыр ла- пылдап жанған отты қаумалай тұрған қыздар мен жігіттер жүзі бал-бұл жайнап, шадыманды əрі мұңлы күйге көшкен. Əркім өз арманын аялап тұр, əркім өз жүрегінің сырын Мах- мұт тартқан музыка үнімен бір-біріне жеткізіп тұр, əркім өздерінің буалдыр болашағын болжауды тыйып, бір сəттік тəтті минуттың жалқынды құшағында əнтек тербеліп тұр. Біреу ауыр күрсінгендей болды. Махмұт гармоньды зарла- тып барып шұғыл үзе қойғанда да, қауым бірер мезет əлі де тұрып қалған-ды. Тек Ахметбектің «Тусаң ту, ақын аға!» – деген өр даусы шеңберленген топты бал ұйқысынан оятқан- дай дүр сілкіндірді. Жан-жақтан: – Махмұт аға, өлең оқыңызшы! – Ақын аға, ғашықтар жайлы қисса айтыңызшы! – Махмұт аға, Ақын аға... – деп жамыраған дауыстар тұс- тұстан андыздап кетті. Ал Мақыш болса алысқа, ақжолтайланып тұрған көк- жиекке кірпігін қақпастан телмірген қалыпта жуықта жаз- ған өлеңі «Алты аяқты» қоңыр дауыспен бастай жөнелді де, мына бір тұсына келгенде, от-жалынына шағылысқан екі көзі жайнап, екілене мақамдап кетті:
Тайдай толқын тағы кеп, Ұшты қайық аспанға. Əзірейіл тұр «болшы» деп, Қайда барам қашқанда. Жанталастым тұншығып, Бір батып суға, бір шығып. Міне, сол уақытта: Алтайдан бір тал, білмеймін, Түсті неғып қолыма? Кез қылды ма құдайым, Ажалсыздың жолына. Талдан ұстап қарманып, Судан шықтым аллалап. Суық өткен, шаршаған, Бола ма адам, болмай ма? Соққы жеген қаншадан, Дауасы яки қонбай ма. Дауа тегін, ем тегін, Қайтар алла еңбегін.
Жастар шоғыры жəне де өз-өздеріне келе алмай, əлгі бір сəттегі шаттықты шақтарынан айрылып қалардай сілейі- сіп қалған. Таңдайда қалып қойған тəтті əсерлерін жұтуға қимағандай. Осынау қазақ даласының бір пұшпағындағы шағын ғана жұтаң ауылдың сыртынан қарап əсте тон пішуге болмайды екен. Əсіресе, жастар жүрегі əмісе жақсылыққа, жаңалыққа, ойын-күлкіге құштар-ды. Махмұт мұнда келгелі, осындай ойын-жиын тым-тым жиілеп кеткен. Жастар жағы тез үйірілген. – Сізді Бағила Бұқтырманың жағасында күтіп тұр, – деп сыбыр ете түсті. Махмұт қайыра сыбырлады. – Қай жерінде? – Дөңгелек тоғайда. – Ал, құрбыларым, айып етпеңіздер мені, – деді Мах- мұт, – сендермен таң атқанша сейіл құруға шыдайтын түрім жоқ. Қазіргі күйімді өздерің де түсінесіңдер ғой. Күзге ай- налған маусымның түні салқын. Рұқсат етсеңдер, мен қайта- йын. Сауықтарыңды жалғастыра беріңдер. – Рұқсат, рұқсат... – Рақмет, Махмұт аға! – Ризамыз сізге, ақын аға! Дөңгелек шіліктің ішіне кіре бергенде, Махмұттың дене- сі бір ысып, бір суыды. Буын-буыны қалтырап, иек-иегіне тимей сақылдап кетті. Бағила су жиегіндегі көлденең жы- ғылған ағаштың үстінде шынтағын тізесіне қойып, жағын таянып отыр екен. Махмұттың алғашқы сыбдыры шыққан- да, селк етіп шошынып қалған. – Мен ғой, Бағила. – Түу, жүрегім аузыма тығылғаны, аңдушы біреу ме деп. Бұрын-соңды жігіттермен оңаша жолығып көрмегенді- кі ме, жоқ болмаса Махмұттан шындап қысылғаны ма, Ба- ғиланың сөйлеген сөзі, қимылы бір түрлі ебедейсіз. Бірақ Махмұтқа осының өзі аса сүйкімді, ғұмыры қайталанбай- тындай. Тіпті жайшылықтағы жыр кестелейтін сөз маржа- нының бірі түссеші аузына. Бар болғаны қатарында аққудай қонып отырған қыздың тал бойына, бет-əлпетіне телміріп қайта-қайта қарай берді. Бағила одан сайын қымсына түседі. Иə, бұлар бір-біріне жалғыз ауыз тіл қата алмады. Тіл қатса болды, осы отырыстарының шырқы бұзылып, көңіл айды- нына қонған бақыт шүрегейін үркітіп алар ма еді. Бұқтырма арқырамай, сарқырамай да баяу ағып жатыр. Беті қарауы- тып, шолжаң толқын жарды шолп еткізіп сүзіп өтеді, сүйіп өтеді. Жағадағы түбі қопарылып, басын суға мала жығылған қызыл талдың бұтақтарын су қағып, тағатсыз əнтек діріл- детеді. Бейне сезім қағып дірілдеген екі жастың қос жүре- гіндей. Олар əлі үнсіз отыр. Үнсіз отырса да тілдесіп отыр. Олар əлі оқшаулау отыр. Оқшаулау отырса да іштей бір-бі- рін ойлап, бір-ақ нəрсені армандап отыр. Түнгі ауа дымқыл тартты. Шөп басын шық шалды. Өзеннен жеңіл бу көтерілді де, тұманға айналып, Махмұт пен Бағиланы тұмшалап алды. Бағила жеңіл киінген. Махмұт та. Олар əлі үнсіз, əрі оқшау отыр. Бағила тітіркенгендей болды. Махмұт тамағына таяп қалған жөтелді баспақ болып жөткірінді. Бағиланың тоңа- зығанын Махмұт сезген. Махмұттың бойын суық ұстай бас- тағанын сергек көңілді сезімтал қыз бағанадан аңғарған. Қыз жігітке тақала түскендей болып еді. Жігіт пенжагының түймесін асығыс ағытты да, қыздың ту сыртын қаусыра құ- шағына алды. Тұманнан ештеңе болжанбайды. Оқта-текте бытпылдық шырылдайды. Екі жас жабысып бір-ақ адамның нобайына кірді. Бірақ бір-біріне жақындаған сайын, алыстап бара жатқандай. Екі жас лəм деп аузын ашқан жоқ. Іштей ұғынысты. Тілсіз табысты: «Жас жүрек», «сүйем-күйем», «армандамын», «енді қайттік, құдая» демеді. Бар болғаны ыстық-ыстық сүйісті. Бар болғаны түннің аса қауіптілігіне, салқынына қарамай ұзақ отырысып, таң қылаң бере, кері оралды. Олар жердің шық екенін де сезген жоқ, ертең ал- дарында не күтіп тұрғанын жəне де ойлаған емес. Осының бəрі-бəрін өздері емес, əлдекім, əлдебір төтенше сиқырлы күшпен істеп жатқандай. Ұзақ тауының етегі жағынан:
Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз, Жайлаған алты ай жазда сарала қаз. Шолпандай таң алдында туып, батқан, Қайтейін, уа, дариға-ай, ғұмырың аз, –
деп шырқап салған əн естілді, естілді де тына қалды. Тына қалды да, ешбір əн қайталанған жоқ, бейбақ тыныштық орнады. Шолпан жұлдыз қазан түбіндегі майдай еріп боз- ғылттанып семіп барады екен. Шығыс жақтағы бозамықты қызыл арай сəуле тықсыра бастады... Бұл Махмұт пен Бағиланың тұңғыш та ақырғы жолығысуы еді. Махмұт жөтелді... Бағила күрсінді...
* * *
Бір айдан соң Бағиланы атастырған жағы – Шүйге ұза- татын болды. Əбдікерім қызы мен Махмұт арасындағы хи- каяны білсе де білмегенсіді. Əккі болыс Махмұтқа деген ілтипатын соңғы күнге дейін өзгерткен жоқ. Бағила аттана- тын күні: – Махмұт кеп, қарындасының ұзату тойын басқар- сын, – деп бала жіберткен екен. Əдейі сайқалдықпен шақыр- тып отырғанын сезген ақын морт кетті: – Бармаймын. Ғабділкəрім мырза сөзінде тұрмағаны қа- лай? Қаратай елінде əйелге кеңшілік беру һəм жесір дауын жоғалту қақындағы əдейі бас қосқан кеңестегі сөзінен та- нып, қайта күйсегені несі? – Шақырушыға «айта бар» деп қадап жіберді бұл сөзді. Өзі барған жоқ. Нұрмаштан Бағила- ға ұзақ хат жазып жолдады. Бағила кеткеннен соң, бір жұмадан кейін Зайсан жағы- на аттанбаққа жиналды. Жігіттің кететінін естіген Əбдікерім «кетпесін» деп те, «кетсін» деп те тіл қатқан жоқ. Əдетінше үнсіз екі ұдай сақ қалпын сақтады. Махмұттың қалай, кім- мен жүретінін, арғы елге немен кететінін де ашып, тиянақ- тап айтпады. Күн ала бұлтты болатын. Махмұт ол-пұлын дəріс берген шəкірт бала Көксегенге жинатып, аттаныс қамына кірісіп жатқан. Аядай ғана есіктен еңгезердей болып біреу кірді. Шағиман шал екен. – Сіз екенсіз ғой, ақсақал. Төрлетіңіз. – Немене, жүрмекшімісің? – Иə, ақсақал, ондай ой бар. – Ой болғаны – жол болғаны. Сезем, шырағым, жай-кү- йіңді. Немене, мына шалдың қауқиған бойы ғана деп ойла- ма. Жүрек деген қыж-қыж қайнайды, күресуте дəрмен жоқ деген. Өзімнің құлай ұнатқан балам едің. Жалғыздық басыңа түскенде, қол ұшын бере алмадым. – О, не дегеніңіз, Шəке. Сізге не деп өкпе айтайын. Тіпті қай-қайсыңызға да өкпе-назым жоқ. Тілеуім ақ, көңілім пəк. Аунадым, қунадым. Бір қауым шаруамды бітіріп алдым. – Əй, Махмұт-ай, сипақтап қайтесің. Маңдайымызға сыйдыра алмадық қой. Алаштың ала-құласына жем болып жатқан қызымызды Арқаның ардагеріне қимадық. Білмес- тік емей немене, бұнымыз. Білместік. Жə, аттанам дейсің, астыңда атың жоқ. Күн болса мынау жауғалы тұрған. Баяғы- да Жазатырдан өзім əкеліп едім, енді барар жеріңе апару да міндетім секілді. Əйтпесе қазақ болып туғаным қайсы. Бас аман болса, аяқ артар табылады. Атаңның атын мініп кет, Махмұт. – Жоға, о не дегеніңіз, ақсақал. Талшық тауып отырған жалғыз торыңызды маған түсіп беріп... – Уа, садағаң кетейін! Сөзді қой, шырақ. Мініп кет. Атаң екі сөйлемейді. – Одан əрі сөз бұйдаласа, шал шатақ шыға- ратынын сезген Махмұт үнсіз келісті. Нөсер құйып берді. Жол лайсаң. Алтай күзінің басталы- сы қатты. Тау басы аппақ, қар жауып қалған. Ағаш басында сарғайып ілініп тұрған бірлі-жарым жапырақ, тамшы саба- лаған сайын, есі шығып қалбалақтайды. Күз нөсері үнсіз, күркіремей жауады. Терек басында қарғалар жүр қарқыл- дап. Жылдың қай мезгілінде де мынау атамекенін қиып тастап ешқайда ұшып кетпей, туған жердің құлы болса да қалбалақтап жүрудің өзі де ғанибет-ау. Махмұт атқа қонды. Бір кезде Өрелдің өрінде өзі озып кеткен Шағиман шалдың торысы бұл. Шағиман Махмұттың кітап толы қоржынын қанжығаға бөктеріп тұрып: – Шырағым, бұл əрі-бері ұшыртып барып болдырып қа- латын ұшқыр ат емес. Бүлкек желіспен-ақ жер табанын қуы- ратын шаруаның торысы. Бармаған жер, баспаған тауы қал- маған көмпіс ат. Ұзақ жүрістің, алыс жолдың, ой-қырдың соқтырмасына шаршап-шалдықпайтын жолаушының аты. Мə, қамшы. Ал, жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын, балам. Артыңнан ай, алдыңнан күн туғай. – Қош болыңыз, Махмұт аға! – Бұл – шəкірт бала Көксе- ген еді. – Қош, аяулы аға! – Бұл – Нұрмаш еді. – Қош, Алтайдың абзал адамдары, ай маңдайлы ақ ерке- лері! – Бұл – Махмұт еді. Жауын үдеп салды. Жол лайсаң. Алда ұзақ жүріс бар. Күннің толастар сыңайы білінбейді. Бірақ сона батыс көк- жиектің таумен астасқан етегі түріңкі екен... Басылар. Ал- тайдың сіркіреп тұрған ақ нөсері Сұлтанмахмұттың көз ал- дына Сарыарқаның жаңбырын елестетті... Жол лайсаң. Тайғақ. Алда ұзақ жүріс бар...
* * *
Ақ жауын сілбілеп тұр. Мен Қызылқайың сарқырама- сының жиегіндегі кəрі қайыңның түбінде таң алдындағы Шолпан жұлдыздай туып-батқан аяулы ағаны емірене есіме алып, əлі отырмын.
ЖЫЛЫМЫҚ
|
|||
|