Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I 8 страница




Қиялханның ойы мен қазіргі қарекетінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар-тын. Санасында соңғы бес жылда балапандаған соғысты қайтсе болдырмауға болады деген ой ала құйын шауып жүрсе, екі қолы маяға шөп əперіп тұр. Мая биіктеп барады, бұл айырлап шөп əперген сайын, аспанда- ған анау бес-ақ кластық білімі бар жігіттің асығы алшысы- нан түскен заман еді. Өзі мұнда болғанымен, қиялы қияда жүрген Қиялхан қолындағы шөп көтеріп алған айырдың қа- лай түсіп кеткенін сезбей қалды.

– Ей, мұғалім, – деп айқұлақтана айғай салды маяның үс- тінде тұрған жігіт. – Пішен үю сенің қысыр қиялың емес, мəңгімей дұрыстап əпер. Баламды күзгі сынға қалдырып ең, айырды жіберіп қалып, тұрған жеріңде тырапай астырайын ба, бəлем.

– Шаптықпа, – деді жердегі екінші маяшы, – ұлың өзің секілді көкеми болса, күзгі емес, қысқы сынға қалдырса да обал жоқ. Бар қалқам, деміңді ал, бірден қара жұмысқа түс- кен оңай емес.

Қиялхан ой еңбегін дене еңбегінің алдында тізесін бүк- тіргісі келмесе де, өзін осы ортаға артық санап тұрған соң, амалсыз кейін шегінді. Ашуын əлі де баса алмады ма, мая- ның үстіндегі жігіт екі иығын жұлып жеп тұр:

– Осындай осалдарды ауылға екі шақырым жақын жолат- пау керек. Осы өңірден аттап шықпай-ақ өмір сүріп келеміз ғой, қаласында жүре бермей ме, не іздеп келеді десеңші. Үлкен өмір бізге тиіспесін, үлкен өмірге біз барып, жалғанда соқтық- паймыз. Ойбай, тауық керек, ойбай жүн-жұрқа, сүт-май керек деп салық салса – осылардың қамы үшін де. Егінін салып, шө- бін шауып жайына жүрген жандардың мазасын алатын – анау секілді екі айыр пішен əпере алмайтын «ойшылдар».


– Оттапсың, – деді жердегі бұжыр бет, ала көз, орта жас- тағы адам. – Ауыз өзімдікі екен деп, былшылдай бересің ғой. «Аласталған Алитет» деген кітап оқып едім ертеректе, сол саяқтан айырмаң болсайшы. Осы кезде аң екеш аң да ел- жұртқа үйірсек, қолдан жем жегісі келеді. Ана таудың ар жа- ғына бір қыс тастаса, артыңды қысып қайтып оралар едің... Қара қазанның қайнағанын дəтке қуат еткен əулекі неме, осыншалық ойсыз-мисыз бошалаң болып жаратылармысың, каланың даласыз, даланың қаласыз күні бар ма? Түс маядан ербимей, əйтпесе қолымдағы айырды мен саған жіберіп қа- лармын.

Салы суға кетіп көңілсіз қайтты жұмыстан. Одан да Той- ғанбай құсап бармай қойғаны жақсы ма еді. Сөз естіді. Шы- нында да, айналасындағы адамның көбі-ақ мұны есерсоққа балайтын секілді. Өмір бақида жүзеге аспайтын бедеу ой қуып жүргенін қайдан білсін. Ой сауғанның оңғаны бар ма? Жəне де Қиялханның ойы дүниені танып-білуде материалис- тік көзқарасқа жанаспайтындай, объективтік идеализм іс- петті танып-білуге болатын шындықтан тысқары, ерекше бір ұлы рухани сала бар, оған ғалымның да (егер бар бол- са құдайдың да) қолы жетпейтін тылсым күш іздеп жүрген жоқ па... Сондықтан да адам баласына тəуелсіз өмір сүре алатын, сөйте тұра сол адамзатқа қызмет ететін сиқырлы əл- дене ашуға əуес те; бұл иландырмайтын əуестік қана бол- ғанымен, жалпы ниеті дұрыс, жас сəбидің саусағын жайып алыстағы айға талпынғаны секілді бейкүнə қылық. Мейлі, қателессін, мейлі жүзеге аспасын, ақ көңілдің мөлдір жасы- на ұласар... «Қазір, – деп түйді ол өз ойын, – қазір жұрттық та, ұлттық та емес, одан əлдеқайда көкжиегі кең, əлдеқайда ауадай қажет жалпы адамзаттың болашағына жауапкер əрі


сол адамзатты уысында бейбіт ұстап тұра алатын құдірет- ті күш керек. Өз «ұлтын» күшейтіп алған Гитлердің қанды жорығын қайталамау үшін, бір ақылды екінші ақылға айдап салмау үшін де керек шығар...».

Ол өз пікірлерінің əлі шалағай екенін біле тұрса да, тəтті қиялын толастатпады.

 

ІІІ

Ақ апа тамақ істеп күтіп отыр. Шəугімге су құйып, беті- қолын жуғызды.

– Шаршаған шығарсың, өңің сынық екен.

– Жұмыс істеп шаршаған жоқпын, апа, неге екенін біл- меймін, қайдағы-жайдағы ойлар ызыңдап мазамды алады. Тіпті қаншама ойлауымды тоқтатайын десем де, басымнан қуып шығара алмаймын, тəттіге үймелеген шыбын іспетті, ызың етіп дүркірей ұшады да, жапырлап қайта қонады.

– Томаға-тұйықтығың содан-ау, шырағым.

– Ол да рас. Қөзім ілінсе болды, машақатты түстер кө- ретінді шығардым. Сіз таңертең маған «кешке əңгіме айтып берем» деген едіңіз-ау.

– Тамағыңды ішіп ал. Сосын асықпай айтып берермін. Күн батпаса екен деп ойлайды, батып кетті. Шағын ауыл-

дың даңғаза шуылы бəсеңсіп, тау ішінің барқыт кеші жұмсақ түніне ұласқан, енді біраз уақыттан кейін дүние жүзінің ұры- лары түнгі жорыққа аттанады. Енді біраз уақыт өткен соң, күндізгі ақ шапанын сыпырып тастап, қара шапанын жамыл- ған «күнəһарлар» ақ тілек адамдардың ар-ожданы мен ізгі ниет, ақ шағала арманын ластап, ұлы шерудің күре жолына тосқауыл құрып, ор қаза бастайды. Сонсоң жылап-сықтаған


жан айқайын шығаруға да жасқанып, қинала ыңырсыған үн естіледі. Ал, сол бір көмек сұрап жалбарынған үнді еститін түрік құлақ, бауырмал сана керек. Ақ апаның тарамыс-тара- мыс кəрі қолынан шыққан кешкі асы дəмді болса да, Қиял- ханның жүдеген көңіліне медеу бола алмады. Оның құлағы- нан сонау Ангола-Хиросимодағы мəңгі мүгедекке айналған адамдардың Америка Құрама Штаты мен атом бомбасын қарғай зарлаған дауыстары кетпеді. Екі құлағын бітеп кө- ріп еді, бəрібір талып естіліп тұрды. Санасында жүріп жат- қан осыншалық азапты ойлар мен қорқынышты елестерден арылғысы келді ме, Ақ апаны əңгімеге тартты.

– Ақ апа, – дей беріп еді, жігіттің ала құйын күйін өзі де сезіп отыр екен:

– Айтайын, қарағым, айтайын, – деді. Кимешек шылауы- шын түзеп қайта киіп, сөзін бастады.

– Баяғыда алыс қыстақта жалғыз үйлі күзетші тұрған екен. Күзетшінің əйелі жүкті болып, айы-күні жетіп босанғалы отырғанда, ері алысқа аң аулап кетсе керек. Үйде жалғыз өзі қалған əйел түс көреді. Түсінде екі омырауын екі қасқыр жей бастағанда шошып оянып, түсін жорытуға алыстағы ауыл- ға жүгіреді. Қыс. Ақпанның ақ бораны. Түс жоритын адам үйінде жоқ болған соң, аңшының жұбайына айтып беріпті. Көңілінде бөтен ой жоқ аңқау келіншек: «Ой, ондай болса екі емшегіңді өңіңде де қасқыр жеп қояды екен», – деп əзіл- депті. Жаны шығып шошынған əйел қыстаққа ізінше қайта қайтады. Сонсоң түс жоритын кісі кешке үйіне келгенде, ба- ғанағы оқиғаны айтып беріпті əйел. «Апыр-ай, бекер жаса- ған екенсің. Егіз ұл табады екен. Қандай жаман түсті жақсы- ға жору керек, ол əйел, сөз жоқ, бір нəрсеге ұшырады», – деп атына міне шабады. Амал не, ол жеткенше, екі баласын екі


жерге жайратып, қасқыр жарып тастаған екен... Түстің жа- маны жоқ, шырағым, сол секілді түстің жалғаны да болған емес, тек жақсы ниетке жорыған жөн, балам...

Сөзін аяқтап болған соң, Қиялханға қарап еді, екі ұрты суалып, көзі қанталаған қалпы, қазандықтағы отқа телмі- ріп отыр екен. Кемпірдің əңгімесін мүлдем естімеген мəңгі керең адам секілді. Дəл осы кейпінде қоламтадан жаңа ғана шыққандай өң-түсі өзгеше жат əрі азып бара жатқандай ая- нышты да қорқынышты. Əлдекімдерге қиянат кектенген тірі аруақ мың-миллион қайшылықтың мəңгі ортаймас теңізіне малтығып, қармана-қармана шалдыққан жазықсыз жанның өзінен гөрі өзгені аяп, өзгенің ертеңін ойлап уайымдаған жү- деу ұсқыны...

– Балам, – деді кемпір маңдайынан сипап, – сен жалғыз- сың ғой, несіне шаршайсың.

– Жоқ, апа, мен жалғыз емеспін...

Көңілдегісін айнытпай танып, аналық зор сезімталдық- пен ойын оқып отырған Ақ апаның киелі алақаны мұздаған денесіне жылу таратты.

– Сіз барсыз ғой, апа.

– Ананың арманы орындалар болса, өмір бақи да соғыс болмас еді. Сенің шешеңді білетінмін. Қандай еді десеңші, жібек еді ғой... Сен бес айлығыңда қалдың. Іле əкеңнен қа- рақағаз келді. Сені балалар үйіне тапсырдық... Құдай-ау, бəрі де күні кешегідей... Бірақ бəрібір көзімізді шел басып, ұмы- тып барамыз. Ақтабан шұбырындыдан кем соқты ма... Жау- ды көрмесек те, жауған оқтың астында қалдық...

– Неге екенін білмеймін, – деді Қиялхан кемпірдің кеуде- сіне басын қойып, – неге екенін білмеймін, əкемнің өң-түсін анықтап түсімде көре алмай-ақ қойдым. Ылғи да теріс қа-


рап үнсіз тұрады. Сонсоң... сонсоң мен жақындаған сайын, алыстай береді. Былтыр анамды көрдім, түсімде, əрине. Үстінде қара торғыннан көйлегі, қолында жез құманы бар, суға кетіп барады екен деймін. Мені: «келе ғой, құлыным, келе ғой маңдайыңнан сүйейін», – деп шақырады. Қаншама жүрегім дауаламай қорқып тұрсам да, жақындап бардым. Бауырына басып солқылдап жылайды. Өңірін ағытып жі- бергенде, омырауынан қара жерге сорғалаған сүтті көрдім.

«Міне, сен еме алмай қалған ана сүті», – дейді. Дəл осы сіз- дікі секілді мұрнымнан мəңгі кетпейтін киелі иіс сезілді. Мүмкін, ананың ақ жүрегінен шыққан ұлы махаббаттың хош иісі ме?! Мен болсам сіздердің, айналайын аналар, ақ сүттеріңізбен марқайып, ақ білектеріңізге тербеліп тəрбие- лене алмаған соң ба, соғысты жылдың ызғарындай қатал да суықпын. Осы отыз жасыма дейін сізден басқа бір  пенде

«айналайын» деп аймалап, маңдайымнан сипап, бауырына басып көрген жоқ. Ережеге сүйеніп ержеткен соң, өзгеге де іші-бауырың елжіреп, ықыласың құлап тұрмайды екен. Қа- зір əлемде нендей сұмдық хабар естілсе де, ертеден тосқан, соған қаршадайымнан іштей дайындалған қалыпты жаңа- лықтардай саспай қарсы аламын. Адамның неге болсын еті өліп кетеді білем. Сіз маған гүлге толы шуақты ғұмыр сыйла- ғандай болдыңыз. Мен қайта тудым. Сізсіз – менің ұйқысыз түндерден, мазасыз күндерден іздеген Анашым!

Қиялхан бетін Ақ апаның бауырына басып, балаша өксіп жылады. Кемпір шандырланған алақанымен көзінің жасын сүртіп, аналықтың мəңгі сөнбес мейірімін төкті.

– Жыла, құлыным, жыла. Көкірегіңдегі запыран болып толған мұң-қиялдан арылар ма екенсің. Жыла, құлыным, жыла. Бұл сенің дүниеге іңгəлап жаңа келгенің болсын, əке-


шешеңді ақтық рет жоқтағаның болсын. Мен де өшкенім жа- нып, өлгенім тірілгендей, отыз жыл бұрын соғысқа кеткен ұлым қайтып оралғандай боздайын, боздайын.

 

IV

Тағы да азапты түндер басталды. Ары аунайсың, бері ау- найсың – ұйқың келмейді. Тысқа шығасың шыдай алмай – жым-жырт: тау да, орман да, жан-жануар, адамзат та бір сəт талықсып қалғып кеткен. Қалғығандарды аңдып жүргендер жəне бар. Алысқа карағың келеді – еш нəрсе көрінбейді. Осындай ертек сынды мың бір түндерде екі түрлі адамдар ұйықтамай жүреді: бірі – жарасымды тыныштықты қалай бұзудың амалын іздейді; енді бірі – осы жусаған тыныш өмірді қалай сақтап қалам деп ойдан тозады. Қиялхан ақы- рын аяңдап бұлақ басына барды. Əрбір шоқтығы алыстаған жұлдыздардың əлсіз жарығы жалап күмістелген ерке бұлақ осынау бейбіт өлкенің қыз күлкісіндей, дүрсілдеп соққан ма- засыз жүрегінің лүпіліндей, қара түнгі – қара шашына бай- ланған шолпының сылдырындай.

– Бұл – поэзия, – деді даусын шығарып. Өз үнінен өзі шошып, жан-жағына қарады. Ешкім жоқ екен. – Иə, бұл – поэзия!

Талаураған табиғаттың қара барқын дидары қазір ай туса, баяғының лəмбі матасындай құлпырар еді. Сонда көбең шалған көңіліне шым-шымдап нұр тарап, қазымыр ойдан қа- жып, саздау тартқан санаң уыз сəулеге шомылар еді. Күндізгі айқай-сүрең бəсеңсіп барып, мəңгірген бұйығы халден елес берер еді. Енді найсап та, нойыс та адыра биік мұрат, інжу пейілді адамдар ғана монданақтай жер шарының қожасы бо-


лып қалды деп, өзгеше көркем күйге əуестенесіз. Монданақ- тай жер шары тек қана поэзия кеңістігінде жүзіп жүргенге ұқсайды. Осылайша сіз өзіңізді өзіңіз алдаусыратасыз. Бірақ сізді қоршаған айнала айылын жимай бейбіт те салқамсері булаңытқанымен, жұмыр жер күйіп-жанып тұрар еді...

Бұлақ жағасындағы жалғыз қарағай сонадайдан жеке- дара қарауытады. Анау қалың жынысты орманнан оқшау адаса жаратылған осы қарағай Қиялханның қазіргі саяқ өмірін еске салғандай, соны қайталағандай болатын. Өт- кен түндегі түстердің əлегінен əлі де арыла алмай, дел-сал жүргенде таудың кешкі самалы желпіп өткен. Самал желпіп өткен соң, еңсені езген ауыр ой бытыраған, дүниедегі сұ- лулық қайтадан сылаң қағып, қызық-қызық күндерге қол бұлғап шақырған, жүзі томсарыңқы болғанымен, көкірегін əлдебір əннің белгісіз əуені шабақтап, тəтті үміттің əлдебір əдемі əңгімесін сыбыр қып айтқан; бейуақтың жым-жырт момақан пердесі болмыстың мың-миллион кем-кетігін дал- далап, ізгі кешірімділікке толы жеңеше мінезбен жер-анаға айдың суға ғашық екенін өзгеше бір сыпайы мінезбен жет- кізген. Жер-ананың ықыласты ақ батасын алған ару ай өр- кеш-өркеш тау түрмесінен босап шығып, жарқ етіп жаман қылық көрсетпей майда жымиды да, жан-жағына наздана қарады, бой жазып алған соң ғана сай-сайдағы ерке бұлаққа шафқатты нұрын төгіп, айнымастай болып аймаласты. Осы ыстық сүйіс, ғашықтықтың қытықты келтірер ерке ойыны, ілкідегі көмір əлемінің əп-сəтте сүтке айналуы, оқта-текте тірі екенін сездірген түн құсының сұңқылы, айға қарсы кісінеген айғырдың даусы, қойының амандығына мəз қой- шының ит айтақтағаны – бəр-бəрі Қиялханның суыған ойын маздатпаққа əрекеттенді.


– Бұл – тұнған поэзия! – деп қана қабылдау лəзім. Шын өмір таң ата басталмақ. Осыншалық кілкіген тыныштықты бұзу үшін бір-ақ адамның ақымақтығы керек.

 

V

«Көзі іліне, көз алдындағы қап-қара түнекті қақ тіліп қызылды-жасылды сызықтар пайда болады. Бейне бір най- зағайдың жарқылы секілді. Сонсоң əлде ақ сары ма, əлде құлагер ме, бөлекше бояулы таулар ырғалып əн салады, то- лайым көрініс балбырап, тіпті əлемдегі ең сұмдық іс жаса- ған адамдар қолдарында бір-бір шырағдан, байыппен басып жақсылықтың жырын шырқап салады; сауысқан-қарғалар тамылжыта сайрап, есек тұлпардай тулап көкке шапшиды; ал көк жарықтық қандай мөлдір, сол мөлдір көкте ақ көгер- шіндер ғана самғап ұшады; ақ шағала іспетті сəбилер де кө- гершінге қосылып қалықтайды; өлім дегенді білмейтін ма- мырстан əлем осылайша, тағы да Қиялханды жүр-жүрлеп өзіне шақырады; баяғыдағы қарағай, баяғыдағы əткеншек, баяғыдағы қызыл көйлекті қыз жүрек суырар мұңлы əнімен əлдилейді; Қиялхан жасқаншақтана барып қыздың ақша бе- тіне саусағын тигізіп еді, орнында қап-қара боп дақ қалды; шошына кейін шегінді; қыз бетін басып солқылдап жылады; бірақ мұңлы əн сонда да толастаған жоқ; қарағайға тағы да тіл бітті: «Ей, тірі пенде, түс əлеміне тағы да келдің бе, саған не керек?».

– Маған дүниенің кілтін беріңіз?

– Егер берсем не істер едің?

– Жер бетіндегі өлім атаулыны өлтіріп, тек қана ғұмыр сыйлар едім адамдарға.


– Олай болса, жер бетіне адам сыяр ма еді, қазір қырқы- сып жүргенде...

– Өлмейтін болса, қырқыса берсін.

– Жоқ, ондай бақилық өмір жазмышта жазылмаған... бар дүниенің кілтін еш адамға сеніп беруге болмайды.

– Құдай да өледі, періште де қателеседі дейсіз ғой, енде- ше, жер жүзіндегі бірде-бір оқтаулы мылтық атылмай қала- тын сиқырлы күш беріңіз. Адамдар жауыздың жазалауынан емес, өз өлімімен көз жұмсын.

– Ондай күш бар, бірақ менің таңғалатыным, біздің пе- йішке келетін адамдардың жалқы-жаманын көрсем, көзім шықсын, бəрінің кепілдемесі біреу: «Жақсы адам еді, мез- гілсіз қайтыс болды, қайтейік, сұм ажал айтып келе ме, ара- мыздан мұны да алды, топырағың торқа болсын», – міне сондықтан да о дүниедегі адамдардың ұрысы да, қарысы да, асылы мен ардақтысы да бірдей, демек, адамның жаманы да, артығы да жоқ; мен саған оқ атылмаудың сиқырын айтайын: ауылыңның өр жағында үлкен қара тас бар, сол қара тасқа жайдың оғы түскен күнді күт. Сол жайдың оғын ерінбей қазып тауып ал да, жаһандағы ең биік таудың басына шыға- рып, кірпік қақпастан ұстап тұр, сонда жұмыр жердегі қару- жарақтың бірде-бірі өлім отын бүрікпейтін болады, амал не, оған шыдай алатын болсаң, сен жалғызсың, жай оғын тауып алсаң да, оны кірпік қақпай ұстап тұруың мүмкін емес...

– Неге мүмкін емес, əлемнің əр түкпірінен бір-бір адам- нан келіп кезекке тұрса, осылайша бір тілек үшін жаппай жұмылсақ, адамзатты бүкіл дүниежүзілік қауіптен сақтап қалуға болмас па еді...».

– Ақ апа, оятшы мені, оятшы, түу, көзім неге ашылмайды?

– Бісміллə-бісміллə, не болды шырағым, есіңді жишы.


Ақ тер, қара тер болып арпалысып жатқан Қиялханды жұлқылап жүріп əрең оятып алды. Ояна келген ол үйреншік- ті сөзін сарнап қоя берді: «Екі тонна көмірді жаяу тасысаң – 150 шелек».

– Тəңірім-ау, ауылға келем деп ауру жамап алар ма екен- сің. Бастырылыққан жақсы ырым деуші еді, түбі қайырлы болғай. Суық сумен беті-қолыңды жушы.

– Бұл ауру ауылға келмей тұрғанда-ақ пайда болған, апа. Бұл аурумен мұқым дүние жүзі ауырады, апа. Айтыңызшы, үлкен қара тас қай жерде, апа?

– Тау толған қара тас қой, шырағым, ең жақыны керек болса – анау Жылқыбайдың жұртында жатыр.

– Ендеше сол тас керек маған. Бұлаққа қарай балаша жүгіре жөнелді.

 

VI

Күн бұлттанса екен деп тіледі. Қас қылғандай аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Үп еткен желсіз, таудың бір жылда бір- ақ рет келер ашық күндері. Əуе бұл жерден əлдеқайда жақын, қол созымда тұрғандай ғана сезіледі. Көк төсіне сұғына кір- ген найзадай шыңдар, сарбаздардай сап түзеген шыршалар, түнеріңкі ұңғы-қойнаулар, мəңгі ұйқыда жататын қарабет жартас өзге өлкеге ұқсамайтын бөлекше бітім сипатта еді. Алқызыл, ақ сары гүлдері өзінен-өзі билеп тұратын алаңқай- лар із тимей тұнып жатса, əлі жан баспаған түкті жерлер, əсі- ресе, мол. Ал жалғызаяқты білте соқпақ ирелең қағып, ыл- дилап өрлеп, таудың жұмбақты қойнына суырып тарта жө- нелетін. Жаңбыр көп жауған соң ба, жер ошақ қазсаң да су шығып, əр ойпаң өзінен-өзі шылқып, жас сəбидің еңбегіндей


былқылдап жатушы еді. Көкшіл түтін көкке тік атылған жел- сіз тымық күндері-ақ шайыр мен балдырдың хош иісі мүң- кіп тұратын. Таза да саумал ауамен жеңіл тыныстап, делебең қозып əн салғың келеді, таудың күнгей беті əдетте ормансыз жалаңаш келеді де, тұтаса киізденіп қою шалғын бүркейді. Егер таудың құзар басына шығып етекке қарай домаласаң, артыңда жапырылған шөптің жосылған ізі қалады. Бір қы- зығы, мынау жап-жасыл жазираның трактордың жағар майы төгілген тұстары сап-сары болып шөп шықпай күйіп қалар еді. Осынау жап-жасыл беткей төскиіп барып, сонау көгілдір аспанға жапсарласқанда, ал сол көгілдір аспаннан сібірлеп мұнар жауып, буалдыр шілтері тұтылғанда, ешбір пайғамбар суретшінің құдіретті қаламы сала алмайтын көрініс пайда болатын. Ұлы бір майданның алдындағы алдамшы тыныш- тық секілді момақан күй жайлап жусаған өмір ептеп, ешкім- ге білдірмей ішінен күрсініп те қояр еді...

Он күн бойы осы қалпынан танбаған ауа райы тек түс қайта жаңылайын деді. Теріскейден бүлкектеп жел желіп өтті де, құныс шоқының қыр желкесінен терліктей қара бұлт ойнап шыққан. Бірте-бірте ұлғайып, соңынан шуалтқан үйір-үйір бұлтын ерте келеді. Сонсоң, əр тұста адасыңқырап қалған ағайындарын тобына қосып, үлкен қол құрап қоғам- дасты. Қару-жарағын сайлағаны болу керек, тым алыстан күн күркіреген.

Неше күннен бері жон арқасы құрыстанып, ұрынарға қара таба алмай жүрген Қиялханның жерден іздегені көктен табылды. Миллиард құмырсқалар талаған миы аспан төсіне бұлт іліне дауаланған. Өзінен-өзі сыздап, шатынап ауыртқан көз етінің қызуы қайтып, солқылдаған шықшыт балғасын ұрмады; қанағатсыз түйсіктің шоғын үрлеген көңіл көрігін


баспады; иығынан он батпан ой жүгін сілкіп тастап, жас ботадай ойнақтап саяқ тартты. Көкірегін ашып, желге қар- сы ұзақ жүгірді. Бұл – қазымыр ойдан қашқаны. Бірақ күн шығып тұрғанда өз көлеңкесінен өзі безген оспадарлықтан айырмасы жоқ еді бұл қылығының.

«Данконың жүрегіндегі алау найзағай алдында пайда бо- латын көкшіл ұшқындардан тұтанған деуші еді ғой, қайда сол құдіретті ұшқындар. Қайда сол көкірегін қарс айырып, жүрегін жұлып алып қараңғыда қарманған халықты жарық- қа бастаған Данколар. Мүмкін, көкшіл ұшқын енді жүз жыл- да да, мың жылда да көзге көрінбейтін шығар, əлде сол құді- ретті ұшқындарды көретін Данко жоқ па біздің арамызда?». Қара түнек аспан, теріскейден соққан алай-түлей жел əл- гінде ғана айнаға қарап, шашын тарап сыланған табиғатты астан-кестен етті. Жер мен көк тұтасып көкжиекті жұтып қойған. Алып қарағайлар, салба самырсындар басы ұлар- шу, ілгері-кейін теңселіп суылдап желігеді. Бұл маңда бір- де-бір құс қалмаған, əлдеқайда... алысқа ықтатып алып кет- кендей. Аңқылдап соққан жел Қиялханды да дедек қақты- рып, үйіріп ойнайды. Енді бір сəтте долы жел ішін тартты да, бар дүние тына қалды. Сонсоң бетті шарпыр ып-ыстық желемік əлдекім бүркіп жібергендей зу етіп өте шығып еді, жолындағы ағаш біткен жусап қалды. Балталап шапқандай морт-морт сынған қарағайлар ыстық желдің күре жолы бо- лып жайрап жатыр. Табиғаттың осыншалық тылсым күші- не қайран қалған Қиялхан Жылқыбайдың жұртындағы қара



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.