Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Луиза 1 страница



Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына он жыл то- лып, елдің ырсиған арқасы, тыртиған қабырғасына шыр бітейін деп қалған кез еді. Бүгінде мықтап тойынып көз еті өсе бастаған жұрттың тәубесі әлі бойында,ертеңді-қаракеш итырықтатқан жұмыстан зәрезеп болып шаршау, жүйке тоздырып жалығу дегенді білмейтін жанкешті уақыттың өз қызығы – өзінде: бала секілді аңқау алданыш, ессіз иланғыш; ие-ие, жүректің соғыс салған жарасы ептеп жазыла бастаған-ды. Кіршең көңілдің қайтып ағармастай болған, қайтып жаңармастай болған жаулы- ғы уақыт желіне қайта желбіреп, батсайыдай құлпырған, қызық- қа толы шуақты да шаттықты шақтарының бірі еді. Соғыстан соңғыонжыл– осына тым азәріұзақмезгілдің еншісіне, қираған, бүлінген дүниені қалпына келтіру ғана емес, жылап-сықтаған жетім мен жесірдің баяғыда, сол орны толмастай болған, ауыр қайғының, аһлап-уһлеген өкініштің өксігі басылып, уануы да тиген. Жау салған жара тыртыққа айналды, жыртылған жеріміз жамалып, аузымыз аққа ілінді. Сонау аза мен қазаға толы жылдардағыдан гөрі айналайын табиғат та жасап-жасарып, түлеп-түрленіп тотықұстай сыланған. Қар ерте еріген; көктем ерте шыққан; көк тез көктеген; жылдағыдай емес 1955 жылдың құсы тым-тым ерте оралған; ал, тау басының қары әлі еріген жоқ, күні кешелері ғана дүмбілез жатқан қыстың ызғарын еске салғандай күн сәулесімен ойнап, айнадай шағылысады әне.

Биыл Бұқтырма өзені шанағынан асып, долданып, қатты тасыды. ауыздығымен алысқан ақ езу тентек, көбік түкірген толқындар жағалауды бар пәрменімен ұрғылағанда асау тепкіге


шыдай алмаған жарқабақ гүрс-гүрс омырылады. Әсіресе, құла түспен шоқтығы еңселене мөңкіп аққан тау өзенінің жал-жал толқынына жармасып, қалқып бара жатқан бейшара салындылардан: қайың,терек-талдардан су беті көрінбейді – аткөпір. Енді-енді ғана бүршік атып, жапырағын жая бастаған ағаштың түп-тамырымен қопарылып, тіршілікпен мүлде қоштасуы, мәңгі солып, семіп, жағалауда қуарып қалары аянышты еді. Қар қалың жауған жылы Бұқтырма байып, мәйектеніп жетісіп қалатын. ал, тау өзенінің тасығанын көру

– әлдебір улы-шулы күй тыңдағандай айызың қана қуаттанып, көңіліңе желік пайда болып, ағызып-ағызып алар арғымақ іздегендей елегізіп, тақымың қышыры және рас.

Сонымен 1955 жылдың көктемі келді. май мерекесін ұлан- асыр тойлап, енді Жеңіс күніне қам жасаған Шыңғыстай ауылы үлкен бір қарбаласта. Әсіресе бірінші майды жақсы қарсы алды. Қолына қызыл ту ұстап қаздай тізілген колхозшылар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары бүкіл ауылды айналып, де- монстрацияға шықты. Құндыздай шұбаған қызылды-жасылды шерудің соңынан ала ауылдың тамам бала-шағасы еріп, қыл- аяғы қайқы құйрық итіне дейін еркелеп ермек тапты. Ән айтылды: Отан туралы, Ұлы жеңіс, Бірінші майтуралы. Бұдан соң ағаштан қиып салынған ескі клубтың алдында, ашық аспанның астында жойқын митинг өтті. ауданнан келген кительді, хром етікті аппақ сазандай сұлу өкіл сөйледі, сонда өкілдің қағазға қарамай тез-тез сөйлеген сөзін шыбынның ұшқаны білінбестей тыныштықпен ұйып тыңдады: артынан ауыл жастарының күшімен дайындаған концерт болды. Тіпті сол күні соғыстан қайтқан солдаттардың да арқасы қозып, Солтақан деген елудегі азамат алтайды жаңғырықтырып, ән шырқады. Бозторғайдың үніндей шырылдап шығатын жіңішке дауыс көкпеңбек аспанда дірілдеп, ілініп тұрып қалғандай, жалғыз ноқат болып мәңгіге қатып қалғандай еді. Бұдан соң қабырғасы қаусаған жаман клубтың шіріген еденін тепкілеген «Қырықаяқ», «Саратов»,

«Полька» деген би басталған. Ұзын көйлекті, тік иықты қыздар шалбарының балағы жер сызған, шашын шалқайта қайырып, жып-жылмағай қырынған жігіттермен ұзақ билеген. айлы аспанның астында ұзақ қыдырып, сыбыр-сыбыр сырласқан. Бұл күні әр үйде қазан көтерілген, шырмауық салып, қолдан ашытқан бал сыраны өлердей ішіп, мас болған және осынау мастық өздеріне соншалық жарасқан. Өйткені ешкім ешкімнің


жағасына жармасып, ата-бабасынан түсіп балағаттамаған еді- ау. Бар болғаны аздап өтірігін қосып, соғыста немісті қалай қырғандарын, тырқырата Берлинге дейін қуғандарын, жеңіске қалай жеткендерін жыр қылып айтысқан... ол кезде айтар әңгіме қандай көп еді...

Сол күні Нұрлан да таң атқанша көз ілмеген: әуелі елмен бірге демонстрацияға шыққан, содан кейін аппақ сазандай өкілдің сөзін аузын ашып тыңдаған, содан соң сахнаға иегін тіреп қойып ойын көрген, би басталғанда сықсима терезеден сығалап тұрған, бұдан соң ауыл ғашықтарының түнгі оңаша жорығын аңдыған, жортуыл таң қылаң бере аяқталып, жау түсіріп келгендей төсегіне жығылған; шешесі ұрысқан, ұрысып жүріп үстіне өзінің шапанын жапқан, жан-жағын қымтаған, маңдайынан сүйген: «азамат болып қалды, құлыным» деп сүйсіне күбірлеген. Табалдырыққа келіп қалған бозбалалық шақ Нұрланға да өзінің алаңсыз күндерін ала келген. Қызыласықтан қар кешкен, қанды жылдардың ауыртпалығы бәлкім ересектерден гөрі балаларға көбірек батты десек, тойып тамақ ішіп, жарытып киім кимеген қара домалақ қазақ ұлдарының бірі Нұрлан-тын. Есеймей тұрып ес кірді, мынау дүниенің ащысы мен тұщысын үлкендермен бірге татты. Ер- азаматынан айырылған әр үй «тілеуі теріс жалмауыз, әкесін құртқан қу жетім» деп таяққа жықты. Күнмен бірге шығып, күнмен бірге батқан мүгедек балалық шақ әсіресе әкеден айырылғандар үшін қош-қошын ерте айтқан еді. Нұрланның өзге құрдастарынан анау деген айырмасы бақытына орай ма,

«әкесін жұтқан қу жетім» деген сөзді естіген жоқ. Жаман әкесі басы қалқайып от пен оқтың ортасынан есен-сау оралды. Есен- сау оралғанымен ауырғыштай береді, қорықшылығына бір күн шықса екі күн төсек тартып жатады. Ескі жара – әлі алынбаған оқ сыздатады білем, қыңқыл-сыңқылы күн өткен сайын көбейіп барады. Кей түні көрер таңын көзімен атқызып ыңқылдайды, тісін қайрайды, «алға» деп аласұрады. Ондай сәтте Нұрлан шыдай алмай, сыртқа шығып кетеді. Жар жағасындағы жалғыз теректің түбінде Бұқтырманың сарынын тыңдап, ауыр ойға батады. Терек жалғыз емес еді, көп еді, талайын өзен жалмады, ендігі кезек осы Нұрланның өзіне меншіктеген кәрі терегіне жеткендей. Ол тым болмағанда биылша құламай тұра тұрса екен деп тіледі. Кейде ауылға қарай жан ұшыра ентелеген Бұқтырманы ары аунатып ағызатын тылсым күш  іздейтін.


Жарды жегідей жеген жемір өзен біртіндеп анна апасының үйіне жақындап қалғаны қабырғасын тіпті қайыстырушы еді. Өкімет орнамай тұрып, көшіп келген жалғыз үй – орыс Нұрландардың көршісі, міне, елу жылдан асты шай десіп бетіне келіп көрген жоқ. анна апасы Нұрланның кіндігін кесіпті. Кейде анасы айтып отыратын: «Дүңк еткізіп турасын айтатын орыс мінезді болып барады ұлым. аннаға кіндігін бекер кестірген екенмін». Кіндік шешесінің шалы Гриша ағай өткен жазда дүние салды, жалғыз қызы маруся болса байға

– қазаққа тиіп кеткеніне үшінші жыл, кейде келеді, кейде мүлде ат ізін салмай қояды. Сол анна апасы айтады: «Көктем биыл ерте шықты, ырысты, берекелі жыл болады, бірақ өлім- жітім мол болады, әсіресе қариялар қирап, қырылады». Оны естіген жұрт шамданып «мыстан кемпірдің жағы қарыссын, қара басына көрінсін» деп долданып, өз отының басын өзі сабалайды. Гриша ағайдың қалай өлгені Нұрланның әлі есінде. Шыңғыстай ауылындағы жалғыз ұста шал қайыңнан шананың басын иіп отырған жерінде жүріп кетіпті. Оның о дүниеге жым-жырт аттанып кеткенін былайғы ел байқамайды, өйткені ол өте ұйқышыл шал еді. Соғыс кезінде пішенші әйелдердің шалғысын шыңдап отырып, не болмаса маяға шөп әперіп тұрып, немесе қаз бауыздай беріп қалғып кетеді екен. Бір күні Нұрланның үйіне бұлқан-талқан ашуланып анна апасы кіреді. Гриша ағайды балаша дедектетіп, қолынан жетелеп алған: «Ей, құдай көрші, – деді, – елу жыл отасқан шалыммен бөлінейін деп сендерді куәлікке тарта келдім. Қырманға астық ұшырайын деп кетсем қара басып жалғыз самауырынды бүлдіріп тастапты. Оттығына толтырып тұрып шоқ салған да, шай құйып ішем деп шүмегін бұраған күйі ұйықтап кетіпті. Содан барлық суы суалып, қаңсыған самауырын балқып істен шыққан. Не істеймін, ақылдарыңды айтыңдаршы», – деп Гриша ағайға алая қараса, ол кісі пештің түбіндегі орындықта қорылдап ұйықтап отыр. Содан жұлқылап жүріп, әрең оятып аманында үйіне ертіп кетеді. Нұрланның анасы Сандуғаш айтып отырады: «Байғұс анна бір үйге қонаққа барса, ұйықтап қалмасын деп шалының бүйірінен түрткілеп, санынан шымшылап отырушы еді» деп... Сондықтан Гриша ағайдың колхоздың шеберханасында қылжиып өліп отырғанын – ұйықтап отырғанға жорып, ешкім жоламайды. Тек кешке жақын анна барып: «Тұр, қақбас, тұр»  деп  шалының  жағасынан  тартып  қалғанда  сылқ  етіп


құлап түседі. анна апа жанжолдасын қара жамылып, көп жоқтады; қазақтың қатындарындай бетін жыртып, шашын жайып жырлаған жоқ, үнсіз егілді. Кіндік шешесінің үйінің бұрышындағы қасын керіп, көзін бақырайтқан «бөтен шалдың» суреті алдына шырақ жағып, шоқынып күбірлеп тұрғанын сан рет көрген еді. Көрген сайын анасынан сұрайтын, сонда өз шешесі айтатын: «Ол – орыстың құдайы, сен ол табынып жатқанда бара берме, кәпір болып кетесің...» Сонда Нұрлан айтқан: «мені балалардың барлығы кіндігіңді орыс кескен,шоқыншысың, – деп мазақтайды». Өмірге жаңа келген кезінде басқа ел құрып қалғандай кіндігін ауылдағы жалғыз орыс әйелінің кескеніне өкініп те жүрді. Есейе, ес кіре келе тағдырының анау шүйкедей көк көз кемпірге телулі екенін, жылбысқы кезінде көп ауырып, шыбын жанын осы орыс әйелі аман сақтап қалғанын білді. Осыншалық мол мейірімге толы аналық қарыздан қандай жақсылық жасап құтыламын деген ұятты сезім де жүрегін шабақтайтын-ды. аннаның бұл ауылда емдеп, домдап жазбаған адамы аз. Тіпті, қыстыгүні ғана келген дәрігер қызға бармай саусағының ұшы қанап қалса осы кісіге жүгіреді. Бұл ауылда – Шыңғыстайда жеміс егетін жалғыз үй анна мен Григорий ағайдікі еді. Тек, ауылдың тамам баласы көктемей жатып таптап, огородты ақтаңлақтап кететін. Ондай жорыққа алғашқы кезде Нұрлан да қатысып жүрді. Бір күні салқамды жұла берген мұны Григорий ағай шап беріп ұстап алды да, ұрмай-соқпай ақылын айтты: «Сен біздікі кіндік бала, огородты сен охранят етуің керек. Бұдан былай ұрлықты қой. Жеміс жегің келсе, біз өзіміз де береміз. Бала жоқ, сен жемегенде – кім жейді», – деді де, қойны-қонышын көкөніске толтырып берді. Бұл сол оқиғадан былай қайтып огородқа ұрлыққа түскенді қойған. Қазір ойласа өз оспадарлығына өзі қиналады. Бірақ, балалыққа бәрі жарасымды... Гриша ағай өлген соң бұл кіндік шешесіне тіпті үйір бола түскен. Ертеңді кеш отынын жарып, суын әкеліп береді. Кейде жеміс-жидек егуге көмектесті. Кей күні орыс пешінің үстіне шығып алып, қарала мысықпен ойнап жатып ұйықтап қалатын. Ондайда анна ұйқысын бұзбастан үстіне шалының қара тонын жауып, күзетер еді. Бірде ол әлдекім түртіп жібергендей селк етіп оянып кетті. Көзін уқалап ашып қарап еді, анна апасы аяқ машинасымен жүн иіріп, әндетіп отыр екен. Нұрлан әннің сөзін ұқпаса да әуеніне тербеліп, маужырап ұзақ жатты... Бұрын естімеген ән


әлдебір қиялдарға, алыс армандарға жетелегендей мұңлы әрі шалқар, кең. Сонда ол өзі көрмеген, тек картадан ғана білетін орыс жерінің сыңсыған бай орманын, жылып ағар кең өзенін, қайыңды шалқар шабындығын көргендей қиял дүниесіне шомып, көзін жұмар еді. Көзін жұмса да бәрібір жіп иіріп, көк жазықтың ортасында әндетіп отырған анна апасының аяулы бейнесі өшпейтін. Өз үйіне қонбаған күні бұны ешкім іздемейтін: «Е, орыс шешесінің үйінде шығар» деп кәперсіз отыра берер еді. Көрші-қолаң қатындар Нұрланның анасына:

«Балаңды орыс кемпір дуалап қойғаннан сау ма, үйірсектеп сол үйден шықпайды», – деп қыжыртар еді. Ондайда Сандуғаш:

«Жас кезінде жанын алып қалған сол анна байғұс, бала қылып алам десе де қарсылығым жоқ» деп тыйып тастаушы еді.

 

май мерекесінің ыстық-суығы басылып, дырдумен екі күнді өткізген колхозшылар көктемгі қарбалас жұмысқа жұмыла қайта кірісті. Биыл Қарадалаға күнбағыс егіп, бұл елде бұрын болмаған жаңа ырым бастамақ. Оны бастайтын ауданнан келетін бір қаршадай қыз көрінеді. алғашында шаруашылықтың бұл бастамасын түсінбеген жұрт: «Немене, сонда шекілдеуік жейтін болдық па», – деп нәумез көңілмен күңкілдескен. Күнбағыстың мал азығындық сүрлем үшін егілетінін, мұны жеген сиырдың жардай болып семіріп, сүті бұлақ болып ағарын білген соң, балаларын жүгіртіп жіберіп, тұқымдық дәннен ұрлатып алып әр үй өз огородына сеуіп тастап еді. Ұрлықтары күнбағыстары бас жара ашыларын ешқайсысы сезген жоқ. Нұрланның ауру әкесі – сол күнбағыс егілген даланың қорықшысы. Ол көбіне биыл оныншы класта оқитын ұлы Нұрланды сабақтан босаған әредікте өз орнына жіберіп, аяқ суытады. Осы қорықшылық жұмыстың тіпті азап екенін әкесі зарлап күндіз-түні айтып отырушы еді. малын байлауға, немесе қораға қамап ұстауға үйренбеген жұрт кешке өрістен қайтқан сиырын қақтап сауып алып, басқа бір салады да, егіндікке айдап қоя беретін. Өңкей қу мүйіз қарасан келгірлер салып ұрып, Қарадалаға жұмысы бардай мөңіреңдеп жетіп баратын. Таң атқанша ары-бері қуып, тырпық қалмайды. Әбден тіс қағып, қуланып алған сиырлар бұта-қарағай, сай- саланы баспалап тығылып тұрып, қорықшының көзі тая бере егіндікке қайта түсетін. Әлі көктемеген қап-қара даланы тапап,


үстіне жусап ластағанға мәз. мұндай қаскүнемдік сиыр төлі бұзауға да жастайынан жұққан. Күні бойғы ермек – жер тарпып гүжілдеген бұқашыға бар бұзау, тайыншаны қуу. Кейде Нұрлан егіндікке түскен малды әкесіне айтпай қуып отырып, қойшысы жайлауға көшіп кеткен иен қыстаққа қамап тастайтын. Шайпау әйелдер осы ұрт мінезі үшін талай рет қарғап-сілеген де. Сонда әкесі айтатын: «Бұл өзі соғыстан да қиын болды ғой. майданда қарсы келген  дұшпанды атып тастай салушы едік. Жаудан бетер қаскөй адамдар бар, не ата алмайсың, не аса алмайсың...» Неге? Оның себебін Нұрлан білмейді және пәлендей бас қатырып ойламайтын да. Ол  ойлайтын

– тезірек ер жетсем екен, оқуды тәмамдап, ауылдан кетсем екен, бәлкім үйленсем... кімге? Тағы білмейді. Оның біле- тіні әлдекім мұны самасы сарғайып күтіп жүр, сандалып іздеп жүр, әйтеуір бір күні екеуі жолығады. ал қазір бұғанешкім де ұнамайды. Ойша ауылдағы барлық қызды санап, көз алдынан көгендегенқозыдайөткізеді.Жоқ!Бұлардыңішіндежоқол.Сосын ол таң атқанша ұйықтай алмайды. Денесі ысиды, жүрегі жиі-жиі соғады, санасына қайдағы-жайдағы оралып атып сыртқа шығып кетеді. Табанын топыраққа басып, салқындайды. Басқышқа отырып, телміріп жұлдыздан тана тағынған алқаракөкке, сол көктегі майда жүзген айға телміреді. ауыл... ал, ауыл сол баяғы қалпы, жым-жырт ұйқыда; қаймақшып жатқан тыныштықтарды Бұқтырманың сарыны ғана бұзады. Жоқ, Бұқтырманың сарыны бұзбайды, қайта сол ауыл үстінде ұйыған тыныштықтың күзет- шісіндей мәңгі толастамас қуатпен сарқырап ағып жатқаны. Егер Бұқтырманың сарыны бір сәтке тоқтап қалса, мынау жылқыдай жусаған дүниенің өлі тыныштығы сонда ғана беймазаланатын- дай еді: Осыншалық жуас мамырстан тыныштықты қалайда бір нәрсе бұзушы еді ғой. Ол не? Е-е, еріншек үрген иттің дауысы ма, ұйқысыраған қораз ба, ол емес... Енді не? Е-е, ашқарақ енесі өрістен келмей қалып қарны ашып мөңіреген бұзау ма, ол да емес... Енді не? Е-е, сыраға тойып алып, сырнайлатып жүрген Қожақтың барқыраған әні? Жоқ, жарқанаттың сусылы шығар; судың ар жағындағы тоғайда әупілдеген елік шығар, түн қоңызының ызылдап ұшып келіп сиырдың мүйізіне сарт соғылып құлап түсуі ме; үйірін таба алмаған жылқының кісінеуі ме?.. Кейде ауыл іргесіндегі бейіттен жанға жат үн естілгендей болушы еді, сол ма?.. Пейіштен жанға жат үн естілгендей болушы еді, сол ма?.. Пейіштен ескен самал ма,


солар ма тірілерді шақырған... Жоқ! Не сонда мынау барқыт түннің тылсымын бүлдірген, бораздалаған, тілгілеген не?! Тәңірім-ау, кеудесіндегі асколка сыздатқанда жанын қоярға жер таппай ыңқылдаған әкесінің құлындаған зарлы үні екен- ау... Осыдан он жыл бұрын аяқталған соғыстың, аузын арандай ашқан зеңбіректің әлі сембеген үні, әкесінің бойынан сенбей, қайта жаңғырығып жан-жаққа тарап мазалап тұрғаны ма екен? Жо-жоқ, ол да емес... Қазіргі жас сәбидің ұйқысындай таза ұйыған тыныштықты бұзған өз жүрегінің махаббат іздеген, тазалықты аңсаған, ертеңіне алаңсыз ұлы дүбірлі қуанышты үмітпен телмірген құлын көңілдің көп-көп аңсар әндері; әлі айтылмаған, айта алмай жүрген сағыныш саздары, ешкімге сездірмеген, іштей жасқана жасырған ұялшақ сезімнің сергелдең үні, жоқтан барды іздеген ұшпа қиял құсының қанат сусылы; мүмкін жас ботаның тәй-тәйіндей балаң дененің жұмсақ дірілі... жұмсақ дірілі... жасқана ән салуы... тәңірім-ау, ұлы тыныштықты бұзған осы үн екен-ау, оны қайдан білген! Иә, оның білетіні – тезірек ер жетсе, осы ауылдан ертерек кетсе, бәлкім тек қиялында ғана кездесіп жүрген ғашығына қосылса, сәбилі болса... Нұрлан өз ойына өзі күліп жіберді.

«Сол немені бақыртып-шақыртып керегі бар ма өзі. мүмкін керегі жоқ шығар. мүмкін ол сәби ертең болар... бәлкім болмас та... соғысқа керек солдат шығар... бәрі мүмкін».

май мерекесі біткенмен, екінші мереке енді-енді ғана бастала берген шақ еді. Өлгенде көрген, бес жылдай қан төгіп, миллиондаған адамымызды құрбандыққа шалып, әрең дегенде қолымыз жеткен Ұлы жеңіс күні ертең дегенде Шыңғыстай ауылында үлкен жаңалық болды. Тып-тыныш жатқан жамағат алатайдай бүлінді. Елді алатайдай бүлдірген шыбық мініп, ауылдың үстінен шаңдатып, шапқылап өткен қара бала болды. Ол құйрығын сабалап, құйын-перен жүгірген күйі бар даусымен, «неміс келе жатыр, неміс келе жатыр» деп жер жаңғырықтыра айғайлады. алғашында тентек ұлдың бұл оспадарлығын  әркім  әр  түрлі  қабылдады.  Үлкендер  жағы:

«Жағыңа жылан жұмыртқаласын, өз басыңа көрінсін, жетпегір жаман ырым бастағаны несі?», – деп жер тепкілеп ұрысты. Кейбірі шынында да бір жерде тығылып қалған жау ағаш- ағаштың арасымен баспалап, алтайдың өр қойнауында жатқан момақан ауылды аңдып басып алуға келе жатпасын деп жағасын ұстай шошыды. Осы жастарына дейін тірі немісті көрмеген


тау арасындағы аңқау жұрттың аузын аштырып, таңдайын тақылдатқан оқиға осылай оқыстан басталды да, өрттей қаулап, гуілдеп етек алды. Баланың сөзі расқа айналды, шынында да неміс келе жатыр! Бірақ, жасырынып қалған дұшпан емес, осы колхозға агрономдыққа келе жатқан, бұл елге күнбағыс егуді үйреткен қарғадай ғана неміс қызы. Оның анық сол, осыдан он жыл ғана бұрын жерімізге жеті басты айдаһар болып шапқан фашистердің қызы екенін анықтау үшін Нұрланның әкесін шақыртты. Бұл ауылда немісті көрген, тіпті жалғыз немісті ғана емес, Қиыр Шығыста жапонды, солтүстікте финдіктерді көрген және жыға танитын есі бүтін солдат сол ғана деп білісті. Соғыстан басы аман-есен оралған сол – Әкім мен бригадир Иса және бұл ауылдағы ақсақ-тоқсақ бірер азамат. Қорықшының денсаулығы нашар, әсіресе бүгін ыстығы көтеріліп, орнынан тұра алмастай ауыр сырқаттанып жатқан соң қызды қарсы алуға Исаны азғырған. Ол тіпті, зәрезеп болып, мүлдем ат- тонын ала қашты. Әншейінде «гу-тиморгин», «гутинтак»,

«гут-гут камара», «хон де хок» деп кісінің құлақ етін жейтін бригадир «танымаймын десе танымаймын» деп безектеді: Жұрт оған: «Ендеше сенің Берлинге барғаның да, тіпті,на то пошло соғысқаның да өтірік, қашып жүріп қайтып келген дезертирсің», – деп шабына от тастай шамдандырды. ал, ол болса: «Е, немене, мен ол қыздың қойнына жатыппын ба», – деп безектейді. Сол бір шақта ауданнан ауылға автобус жүрмейтін. аптасына екі-үш рет қатынайтын Қожақтың машинасы болмаса, адамдардың көбі қара жолда шұбырып жаяу-жалпы кетіп бара жататын. агроном қыз да жаяу келеді екен деген хабар дүрліктіріп және жетті. Шыңғыстайдан шыға берістегі бір шақырым жырақта Күркіреме деген бұлақ бар еді. міне, осы бұлақтан бері өткен қыздың алдынан тайлы-таяғы қалмай ауылдың мұқым еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін қаптап шыққанда жолаушы есі қалмай қуанды; өзін қарсы алуға шыққан ақ ниетті адамдар екен деп балаша мәз болады. Бірақ, жақындай-жақындай келе өңі қуқыл тартып, өзгеріп сала берді. Әдемі бір көңілмен «Здравствуйте» деп сәлем беріп еді, қабақтарынан қар жауып, оқты көздерімен ата қараған қазақтардың тіпті өңдері жылып, еріндері де жыбырламады. Барлығы да әзірейіл көргендей екіге жарылып, ығыса жол берді... Әркімге бір жаутаңдап, қолға түскен қояндай қорқақ халді басынан кешірген неміс қызы: «Колхоздың кеңсесі



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.