Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 29 страница



– Қызық екен. Дегенмен жаныңыздағы адамға деген ілтифат болу керек.

– Не туралы айтайын?

– архитектура жайлы.

– Жазушының әдебиет, мүсіншілердің мүсін, дәрігерлердін медицина тақырыбын қаужайтындарынан жек көретін нәрсем


жоқ. Оны қазақтар «қырттық», яки мағынасы жоқ болтовня дейді.

– Әйтсе де, сіздер жобалаған ақтау маған қатты ұнады. архитекторлық ой көркемдік шешімін өте дәл әрі тамаша тапқан. Тау-тас, орман-тоғайдан жұрдай сарғайған жалаңаш далаға мынадай керемет қала орнату – ерлік. Әсіресе көше бойындағы ағаштарды айтсаңызшы...

– Сол әр түп ағашты бағып, күту үшін қанша қаржы жұмсаларын білесіз бе... Екеуміздің бір жылдық табысымыз.

– Әдемілікті ақшамен өлшеуге болмайды ғой.

– Әрине. ақтауды салғанда көптеген кемшіліктер жібер- ілді, оны келесі жолы қайталамаймыз. мен ригада орган тыңдағаным бар еді, – деп әңгімесін одан ары жалғастырды Тас.

– Бейне бір жұмақтан шалқыған пейіштің самалындай, жан- сарайыңды кеулеп, мәңгі сарқылмас рақат дүниесіне кенелесіз. Біздің ауылда қобызшы шал бар еді, мен органды тыңдап отырып сол кісіні есіме алдым. музыканың құдіреттілігі сонда

– ешбір аударманы, ешқандай шек-шекараны білмейтін жалпы адамзаттық сипатында; жер бетіндегі адамдарды тек музыка ғана біріктіре алады. «архитектура – остывшая музыка» – деп жар салғанымызбен, онда үнсіздік, яғни тілсіздік бар, өзің барып арнайы көрмесең – сенбейсің; ал музыка аса тез тарайды да, адамдардың жүрегінен терең орын алады. Жылжымалы үй салсақ қана бүкіл әлемнің игілігіне айналдырар едік. Сонымен қатар ән қашықтықты да мойындамақ емес.

– Сонымен сіздің ендігі арманыңыз астында моторы бар көшпелі мәдениет үйлерін салу ғой, – деп қыз сықылықтап күлді.

– мазақтамаңыз. Енді бір ғасырдан соң ұшып жүретін үй саламыз. айталық, москваның үлкен театрына қашан барсаң да билет таба алмайсың, ендеше, оны ұшатын немесе қозғалатын етіп жасау керек. Қазір сол тұрған қалпымен ақтауға ұшып келіп қона салса ғой, гастрольге жұмсалатын ақша қанша үнемделер еді...

– Бір сөйлеген соң сізді тоқтату қиын екен. Қиялыңыз да баланікі секілді.

– рас айтам, бұл балалық емес, қаныма сіңген ұлттық қиял: баяғыда қазақ халқы ғасырлар бойы көшпенділік өмір кешті, демек олардың архитектурасы да көшпелі болған. Қонысы ескіре бастаса болды, киіз үйлерін бұзып, түйеге артып


алатын да келесі бір көк майсаға қона салатын. Кей ретте бізде мынандай оқиғалар болады: бір жерден кәсіпорнын ашамыз, ал оның табиғи қоры елу жылға әрең жетеді делік. Сонда әлгі өндіріс үшін орнатқан әсем қаламызды жарты ғасырдан соң не істемекпіз? Басқа жақтан шикізат тасып, завод, фабрика сала- мыз. Кететін шығын – шаш етектен. мемлекеттің осы пробле- мадан құтылуына архитекторлар араласуы керек. Демек, қалай болғанда да алмалы-салмалы немесе жылжымалы құрылыс қажет. Кейде мен маңқыстаудың мұнайы таусылғандай қауіп туса, мына зәулім үйлерді қайтемін деп мазаланамын...

– Бір құрылысты екінші жерге көшіре салса, архитекторлар кәсіпсіз қалмай ма,– деп, Вайра тағы күлді. – Жасыңыз бен қиялыңыздың арасы жер мен көктей.

– мазақтай беріңіз,– деп қызарақтады Тас. Тым лағыңқырап кеткенін білсе де, берілмеді.– мәселен, космоста салмақсыздық бар, әттең, сол кеңістікке аэродром мен үйлер салса. Өзінен-өзі қалықтап жүрген үйлерге ракетаға мініп ұшып, қона салсақ.

Бұл жолы екеуі де күлді, Күн тас төбеге өрмелеп барады. аспан шүйкедей бұлтсыз, бетпақтанып тұр. мәңгілік деген ұғымды ақиқаттайтын жалғыз ноқат іспетті.

Күн құдіреттің түнде де өмір сүрерін біз астрономиядан білеміз, өйткені ай Күннің арқасында ғана жарқырап көріне алады. Даралық деп осыны айт! Екеуі де әңгімеден шар- шағандай біразға дейін үнсіз жатты. Қыздың таң қалғаны – мына іргесіндегі алпамсадай жігіттің жоқ дегенде әуестікпен наз айтпауы, дарақылыққа бармай-ақ қойсын, ырымға болса да еркектік емеурін білдірмеуі. «аса ұстамды жігіт екен, – деп ойлады, – мүмкін жалыққан, мүмкін, мен оның талғамынан шықпағаным. Шығыс жігіттері шыдамсыз келеді дейтіні қайда». Неге екені белгісіз, осы қазақты кеше түнде-ақ ұнатып қалған. Қазір сол ойда жоқта пайда болған сезімі алқымына кептеліп, жүрегін майда мұң шарбылады, жеңіл күрсініп жылағысы келді. Көзінен жас шыққан жоқ. «Қандай келісті пішілген дене!» Тасқа байқатпай көзінің қырымен қарады. Ол білегін жастанып, бейне бір бұл әлемде өзінен басқа тірі жан жоқтай теріс қарап, баяу тыныстайды. Тағы да ұйқтап кетті ме деп ойлаған Вайра оны қайтып мазаламады. арада он минуттай уақыт өткен соң:– Сіз білесіз бе, менің не ойлағанымды?– деді басын көтеріп. Қыз басын шайқады.– Даралық, мәңгілік деген сөздердің анықтамасы туралы.


– Ежелден белгілі шындық қой!

– Белгілі екені рас, бірақ осы ұғымдардың мағыналық, яки, өмірлік мәнінің жоғалып бара жатқандығы.

– Неге?

– Неге екенін өзім де білмеймін.

– мына сіз салған қала мәңгілік деп есептемейсіз бе?

– Жоқ. Өйткені мұның даралық сипаты айқын емес, бәрібір жер бетіндегі сандаған градостроительствоның біреуі ғана. Бұдан да әдемі, модернизациялы үйлер салынбайды дейсіз бе? адамды асқаралы биікке көтеретін, оның ойының, ісінің озықтығы ғана емес, ең әуелі ешкімге ұқсамайтын, мысал үшін айтсақ Пикассолық оқшаулығында. Қазіргі заманда коллективтік жаңалық ашулар, коллективтік өнерлер мен тобымен бір-ақ алатын сыйлықтар қаптап кетті. міне, мұндай жалпылама табыстар жекелеген адамның индивидуальдық мүмкіндігін, талантын дара дамытуға кедергі жасайды; демек, табиғат сыйға тартқан қабілетін жояды; демек, ғылыми жаңалықтардың басын біреу, қонышын екінші, ұлтанын үшінші біреу қондырып жататын майдагерліктен – мануфактурадан айырмашылығы болмай қалып жүр. мәңгілік өнер даралықтан ғана туып, тарихи мирасқа ұласпақ. мен өз талантымның коллективтік еңбекте ғана өмір сүре алар бейшаралығын енді- енді түсініп келе жатырмын. Данышпан болып жасалмайды, данышпан болып жаратылады. Көбіміз, тіпті бәріміз делікші, ерінбегеннен етікші шығады деген қағиданың төңірегін шиырлап жүрміз. Егер мен осыншалық рухани тоқырауға душар боларымды ертерек сезгенде кез келген шаруа баққан адамдар қатарына қосылып, мыңдаған жылдар тіршілікті жалғастырып келе жатқан қарапайым да қасиетті өмір жолына түсер едім. Не жасасақ та көкейімізде оның бағасы, салмағы тұрады мен мұндалап. Біздер, өнер иелері, ұлылыққа қатты дайындаламыз, тіпті сол ұлылар тізімінен орын сайлаймыз, ал шын талант, ұлылық деген сөзді ұғымнан сызып тастап, есі ауыса еңбек еткенде ғана бір ғасырда жалғыз-ақ рет таңқалдырып туар даралықтың тағына көтеріледі. Осы замандық өнер марафондық жарысқа ұқсас, барлығымыз жүгіріп келеміз, біреулер алда, біреулер артта... Жасырақ кезімде аты-жөнім газетте басылғанына балаша мәз болып қуанатын едім. Не деген аңғалдық десеңізші... мәңгілік пен даралықты сабақтап таратып ойлай бастасам, менің алдымда бас айналатын без-


дна – түпсіздік пайда болып, Писарев айтқандай «душевная апатияға» тап келемін. Жанталаса шегінгім, осы азаптан азаттанғым-ақ келеді, амал қайсы, мен шегінетін жер қалмапты. Кешегіден, яғни өткеннен тартылған жол бар, бірақ сол өзің жүріп өткен жолмен қайтып кету жоқ тірлікте. рас, жалғыз-ақ соқпақ қалды, оның өзі де қара жердің астында... айтыңызшы, айналайын латыш қызы, мені осы апаттан құтқаратын не? Тәңірім-ау, мен ғана ма, бәрімізді...

– мен сізден қорқа бастадым, – деді Вайра күрсініп. Көзінде жас бар.– Жұрттың барлығын өзіңізден терең санайсыз-ау. Өнерді де, өмірді де соншалық қиындатып жібереміз. Өзіңізді- өзіңіз танығаныңыз, жаныңыздың тұңғиығында жасырынып жатқан кемшіліктеріңізді ашқаныңыз дұрыс-ақ, алайда он тоғызыншы ғасырдағы орыс классикалық әдебиетінің кейіп- керлеріндей тірі өлікке айналуға болмайды ғой. Егер осы санаңызға саңылау түсірген бүкіл толғаныстарыңыз саф өнерге бағышталса ше... артық айтсам, айып етпеңіз, Сіздің ең үлкен қателігіңіз – Даралық үшін күреспей, сол Даралықтың көлеңкесінен қарадай үркуіңіз.

– мен бұл әлемде жалғыз-ақ нәрседен қорқамын, – деп қыздың сөзін бөліп жіберді. – Ол – өзім.

– Сіздің рухани күйзелісіңізбен мен де ауыра бастадым.

Жүріңіз, суға шомылайық,– деп Вайра қарғып тұрды.

– Шомылсақ – шомылайық. Бірақ іштегі жалынды теңіз де баса алмайды ғой.

Екеуі, әне, асау толқынды атырауға қарай зыр жүгірді. Олардың соңынан қараған адам бейне бір түн мен күн баласы жарысып бара жатқандай, қара шашты жігіт пен ақ сары шашты қыз жұптасуындағы жарасымға қайран қалар еді, Европа мен азия анау Тас пен Вайрадай таза да тәкаппар пиғыл-ниетпен көкжал толқынды шалқар теңізге шомылып, мөлдіреген сезім, өзара ұғысумен достаса ала ма, жоқ па оны білмейміз, біздің білетініміз – бейбіт өмір, асығыс ғасырға еркелеген, сол зымыран мезгілден өздерінің даралығын, жеке менін іздеген қыз-жігіттің ортақ сезім, ортақ тілекпен кеңістіктің көкжиегіне ұмтылысы ғана. адамдар бір-бірін шынайы түсініп, ұғу үшін қаулы-қарар, халықаралық симпозиумдар емес, тек қана адал, ыстық ықыластан туған мағыналы мақсат жеткілікті, оған жарқыраған жалғыз-ақ күн керек.

Тас бөлмесінде кітап оқып жатыр еді, телефон шыл- дырлады.


– алло, тыңдап тұрмын.

– Бұл мен ғой, – деген қыздың даусы естілді. – Енді үш сағаттан соң ұшамын, шығарып салмайсыз ба?

– Онда сіздің жолыңызды жуайық, ресторанға түсе беріңіз.

– Жо-жоқ, онда бармаймыз. Тағы да біреумен шатақтасып қалуыңыз мүмкін. менің бөлмеме келіңіз. Күтемін.

– Қазір-қазір, – деп жігіт қалбалақ қақты. ыңылдап, әлдебір әннің әуенін ысқырып жүріп тез киінді де, лифтіні шақырып, төменге түсті. Бір шөлмек шампан, бір плитка шоколад алды да Вайраның бөлмесіне көтерілді.

– Кеш жарық.

– Кіре беріңіз, – деді күлімсірей есік ашқан қыз. Бүгін күндегісінен әлдеқайда сұлуланып кеткен секілді. Иығы ашық жеңіл көйлек киген. арқасын жаба судырап төгілген ақ сары шашы жан біткендей жалт-жұлт ойнайды. Шағын ғана дастарқан жасапты. Қолындағы сыйын қызға беріп жатып бетінен сүйді. мұрнын француз әтірінің иісі қытықтады.

– рақмет, – деді Вайра қызарып. Жігіттің лыпыған жеңіл қимылы, еркіндеу бірақ өте жарасымды әрекетіне шын ықы- ласымсн сүйсіну бар жүзінде, жайраңдай басып дастарқанға шақырды.

– Түу, осынша мол тамақты қайдан тапқансыз! – деді Тас отыра беріп. Жұқалаң тілінген нанға уылдырық жағып ұсын- ған Вайра, тағы да майда күлімсіреді.

– Шампанды ашыңыз. Жеделдетіп ішіп алмасақ уақыт өте аз қалды.

– Такси шақырып қоялық.

– Қам жемеңіз, заказдап қойғанмын.

ақ көбік атқан шарапты екі бокалға құйды:– ал, жолыңыз болсын, Вайра. Самолетіңіз жеңіл ұшып, жайлы қонуы үшін алып қоялық.

– рақмет, өзіңізге де осыны тілеймін.

Екеуі бір-біріне тесіле қарады – қимай қинала қарады. Тас қыздың қолын алақанына салып, өзіне жақындата тартты да, ернін тигізіп еді, Вайра көзін сәл жұмғандай болды да: – Үш-ақ күнде сізге осыншалық үйреніп кеткеніме қайранмын, – деді.

– Жүз жылдан бері білетін секілдімін. Сіз маған ұнайсыз.

– Сіз де... Үш ғасырлық әсер қалдырдыңыз. Бірақ осының өзі стереотиптік сезімдер мен электромузыкалық еліктірулер емес пе екен?!


– Тым болмағанда ендігі еншіміздегі екі сағаттың мазасын алмайықшы, – деді қыз қасы дірілдей.

– Кешіріңіз. Технократиялық сана не айтқызбайды... мен сізді ғана тыңдаймын.

– Олай болса, құлақ салыңыз. Сіз маған өте ұнайсыз, сондықтан да командировканың күні бітпесе де ертерек билет алып, қайтайын деп отырмын. Жақсы көрген адамыңның жанында ұзақ болу – қауіпті, тамаша әсеріңді бүлдіріп аласың. Жалпы, сізді қанша сүйгеніммен, болашақ өмірді бірге өткізу мүмкін емес, өйткені сіз жалғыздыққа жаратылған жансыз, жарыңыз да – сол жалғыздық. Бұдан былай үйленбейсіз-ау деп ойлаймын. мені әуестендірген – ауылда өссеңіз де орысша тілге жүйріктігіңіз, ақыл-парасатыңыздың кеңдігі, мол мәдениетіңіз, өмірге деген көзқарасыңыздың әрі айқындығы, әрі тұмандығы. У вас есть какая-то магическая сила. мен сізді құрметтеген сайын аяймын. алғы тірлігіңізден хабардар болғым келеді, мазасыз тағдырыңызды қалай аяқтарыңызды білгім келеді, адресімді тастап кетейін, анда-санда хат жазып, не болмаса телефон шалып тұрыңыз. Қолыңыз тисе, Балтық жағалауына келіңіз.

Жігіт темекісін сора түсіп ойланып қалды. Жүйелі сөзден жеңілгенін мойындағаны ма, көпке дейін үндемей отырды.

– Келіңіз, сіздің даралығыңыз үшін алып қоялық, мәңгілікті көре жатармыз,– деді Вайра бокалын көтеріп.

– рақмет. Сіздің де...

Шарапты сыздықтата ішіп, сыпайы отырған жаппай комму- никацияның жас өкілдері қадір түнін күзеткендей тыныш- тыққа беріліп еді.

– Балтық теңізіне міндетті түрде барып, сізге қосылып янтарь теремін, – деді Тас. – Әсіресе електен өткізгендей сусыған қызыл-қоңыр құмы қандай десеңізші. Күн-күн сайын су шайып жатқан теңіз құмынан таза не бар.

– Теңіз жағалауға қоқысты ғана емес, асылын да лақтырып тастайды. Ол да бір замана толқыны секілді... Біздің мақсат

– салындылармен бірге жағалауға шығып қалмау...

– абай деген атамызда мынадай философиялық толғау бар. мен сізге мазмұнын аударып көрейін. «Дүние шалқар көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, соңғы толқын

– інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер».

– Керемет екен, – деді қыз сүйсіне тыңдап.– Бұдан артық айтам деу бекершілік шығар.


– Өмірде ешкім жаңалық аша алмайды, бар болғаны белгі- лі, айтылған шындықты қайталайды. америкалық жазушы Торитон Уайлдердің «Я не новатор, а раскапыватель забытых ценностей», дегені – әділ сөз. Ендігі гәп сол шындықта бар затты қалай, қайтып пайдалануда болып тұр ғой. Даралық пен мәңгілік ұғымы да осыдан өрбиді.

– Сіз тағы да өзіңіздің ауруыңызды айта бастадыңыз.

– Ә, солай екен-ау.

– Біле білсеңіз, адамзаттың өзі де мәңгілік емес, несіне басымызды қатыра береміз. Келіңіз, одан да шарап ішелік, көңілді қоштасалық.

– Не үшін аламыз бұл тосты.

– мәңгілікке пара-пар теңесетін әдемі кеш үшін.

Осы шақта бұрыштағы ақ телефон кісінеп қоя берді. Орнынан атып тұрған қыз: – Такси болар, – деп трубканы көтерді. – Жақсы, қазір шығамын.

– апыр-ай, – деп өкінді Тас, – осыншама келте қайырыла- рын білсемші.

– Сіз әрқашанда өткізіп алып, өкінесіз... маған дастарқанды жинауға көмектесіңіз.

Екеуі жабылып жүріп бөлменің ішін тазартып, ретке келтірді. Қыз кезекшіні шақырып, қонақжайды тапсырды. Бұлар далаға шыққанда такси күтіп тұр екен, сарт-сұрт отырды да, аэропортқа тартты. Самолет уағында ұшты. ақырғы рет қоштасарда екеуі бірдей ұмтылып келіп, ыстық-ыстық сүйісті.

– Сізбен танысқанымнан гөрі, айрылысқаным қымбат мен үшін. Түбі бір жолығармыз, – деді қыз Тастың құшағынан әрең босап.

– мен де сондай сенімдемін. Қос сызық бір-бірімен қилыс- пағанмен, әрқашанда қатар созылады кеңістікке.

– мен сізге ризамын. Сүйемін сізді. – Вайра соңы рет жігіттің мойнына асылды да, шұғыл бұрылып, самолеттің трапына қарай жүгіріп кетті. ақ сары шашы желбіреп, иығындағы жол дорбасы шайқалақтап кетіп бара жатқан Вайраның соңынан қарап қалған жігіт дүниеде осындай жаны таза жақсы адамдар барына қуанды. «Осылар болмаса әлемнің әйнегі баяғыда быт- шыты шығар еді», – деп күбірледі.

Төңіректі жаңғыртып от алған алып лайнер маңқыстаудың көкпеңбек аспанына көтеріліп, солтүстікке қарай самғап ба- рады. Кішкентай құсқа айналып, көрінбей кеткенше Тас тұрған


жерінен қозғалмаған. Көңілі құлазып, жүрегін жалғыздықтың желі қайтадан кеуледі-ай. аққұсқа айналып, аспанға ұшып кеткен латыш қызы Тастың бөлініп қалған «жанын» жалғағандай. Енді ол – Тасжан.

Осы күні түнде қалаға келгелі алғаш рет рақаттана ұйқтады. Түс көрді. аспан кеудесіне найзадай шаншыла сұғынған ға- ламат биік үйдің төбесінде тұр екен дейді... Бұл тұстан төрткүл дүние түгел көрініп, жер бетіндегі алты құрылық аяғының астында қалды. Соншама зәулім биіктіктен қарағанымен жердегі зәредей зат алақанында жатқандай айқын... Ұшпаққа шыққан дегеніміз осы шығар... Даралық-данышпандық дегеніміз де осы деп тебірене қуанады. Енді маған теңелер адам баласы жоқ! майда-шүйделіктен арылып, мәңгілікке сапар шегемін. масқара зәулім үйдің төбесінде тұрып, шығысқа күн сала үңіліп еді, міне ғажап, мал жайғап жүрген әкесі, сиыр сауып отырған шешесі, тіпті есік көзінде жатқан ала мойнақ итке дейін көрді. Әне, Досым қолында құрық, аяғында қонышы ұзын резина етік, өзенге беттеп барады. Үй маңында балалары шулап ойнап жүр. «Досым, – деп айқайлап еді, ол естімеді ме, бұрылмады. – Әке! Тәте!» Ешқайсысы да басын көтеріп қараған жоқ. «асқақтап тым-тым биіктеп кеткен екенмін, сондықтан да жердегілер мені көріп, үнімді ести алмады. Даралықты тек жерде, адамдардың арасында ғана айқындауға болады екен-ау. Салған үйің неғұрлым биік болса; сен де солғұрлым табиғаттан алыстайсың, америка небоскребтарында тұратын халықтың қатыгез болатыны да сондықтан-ау, – деген ой келді. – Енді менде өлу ғана қалды. Қазір секіремін. мүлде құримын. Құмға түскен із секілді теңіз толқыны шайып жоғаламын жарық дүниеден. Секіремін! Секірдім...» Жүрегі зу ете түсті. айқайлап орнынан атып тұрған күйі балконға жүгіріп еді, абырой болғанда, түнде есігін жел жауып тастаған екен, шыныға соғылып аман қалды. «рухани сырқатым дене дертіне көшті, енді менен түк те шықпайды» – деп әйнектен жерге көз жіберді.

– Теңіз бетін қан қызылға бояп ыңырана көтерілген күн, бетін жыртып, игеріп тастаған арқаның ұлан даласына ұқсаған жал-жал толқындар. Құрлық пен атыраудың шектескен сызығында... бота жетелеп, баппен басып бара жатқан қыз...

«Жазған-ай, мәңгілік дегеніміз осылар ғой». Бұдан ары санасын бекер қамшылап сандалтпады. Беті-қолын сумен сипап, асығыс


сүрте салды да, ұйпаланған шашын тарауға да шамасы кел- мей; шапшаң киініп сыртқа шықты. Бота жетелеген қыздың артынан қуа жөнелді. Жүгірген бойы қуып жетті де: «Сәлеметсіз бе?» – деді. Түрі есі ауысқандай боп-боз еді. Қыз аялдаған жоқ. Көзінің қиығымен қарады да: «Сәлеметпіз», – деді.

– мен сізді күнде көремін. Кімсіз? Қайда барасыз? – айрылып қалардай сұрақтарын асығыс төпеледі-ай. Қатарында келе жатқан жігіттің жүзіне енді ғана бажайлап қараған қыз, аңтарыла сәл тұрып қалды: – мен сізді қайдан көрдім! – деп таңырқай сұрады.

– Қонақ үйден болар.

– Жоқ, одан көре алмаймын, өте биік. Түсімде шығар, – деді де ілгері тартты. Жетегінде жаудыр көз ботақан үкісі желбіреп, Тасжаннан үріккендей.

– айналайын, атыңды айтшы.

– Сіз маған ермеңіз,– деп кесіп айтты қыз. – Әне, үйдің бал- конынан ағайым қарап тұр, ұят болар.

– Қайдан табамын!

– Осы бағытпен жүре берсеңіз, ал қазір қалыңыз. Ботасын жетелей, бозамық кеңістікке сіңіп бара жатқан жұмбақ қыз  су тұщытқыш алып қондырғының ар жағына түсіп, көрінбей кеткенше бір орнында сілейіп тұрған Тас, қазіргі Тасжан

«осынын барлығы түсім емес пе өзі» – деп шошына қауіптенді. Шыдай алмады білем, жүре шешініп атыраудың жағасына жетті де, көк толқынды айдынға секірді...

Бөлмесіне кіргені сол еді, телефон шырылдады. Трубканы көтеріп «алло» дегенде ар жағынан: – Әй, жігітім, – деп гүр еткен еркектің даусы естілді. – Бұдан былай боталы қызға жолаушы болма. Әйтпесе сүйегіңді алабұғаға жегіземін.

«Бұл кім?» деп сұрағанша, құлағына дыңылдаған бір қалыпты телефон үні ғана естілді. «Қыздың ағасы!» Терезеден жасырына сығалады. ала шапанды адам мықшыңдап гантель көтеріп, дене шынықтыруға кіріскен екен... Ұлы шайқасқа дайындалған болар...

Осы күн ол ешқайда шыққан жоқ, тамаққа да зауқы соқпады. арасан суының екі-үш шөлмегін алып келіп, соны ішіп, бүк түсіп сұлық жата берген. Бар ермегі әлсін-әлсін темекі тарта беру, шағын бөлменің ішін көк ала түтін қылып жіберген. Кітап оқып көріп еді, тартпады. ақ қағаз алып, болашақ салынар қаланың жалпы сүлдесін сызғылады, бәрі


жалған болып шыққан соң жыртып-жыртып тастады да, басқа қағаз алды. ақ бетке қара қарындашты тез-тез жүргізіп, шашы арқасын жапқан Вайраның суретін, содан соң, бота жетелеген қыздың бейнесін келтірді. Екеуіне ежірейе қарап отырды да, қарындашты лақтыра салып, төсекке жантая кетті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.