Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 7 страница



...Тәңірім-ау, аНаУлар-дың да ішінде мүйізі бар ғой, иә,

ОларДЬІҢ да сүзісе алатын, бірақ көзге көрінбейтін өткір мүйізі, бір тепсе оңдырмайтын темір тұяғы бар. Сонда не істеу керек?

«Өзің де темірден мүйіз жасап алуың керек»,– деді сол иығындағы сайтан, ал, оң иығындағы періштеде үн жоқ. «Темірден мүйіз жасап алайық», – деп сол иығындағы сайтан қақсап болмаған соң, шыдамы таусылды ма, оң иығындағы періште «мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағыңнан айрылмасаң» деп күрсінді. Осылайша, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылып қысты өткізді. Күн жылынып, ағаш басы бүрлеген, биелер құлындап, жер көктеген көктемнің көркем күндерінің бірінде аспан арғы бет марқакөлге барып, бір орыс- тың шалынан тазы иттің көзін жаңа ашқан күшігін сатып алды. Оны қойнына тығып; бергі бет – Еңбек аулына түсіп басқарушыға апарып берді. Күшіктің асыл тұқымдығына көзі жеткен аНаУ мәз болып, әйелі ұл тапқандай қатты қуанған. Қуанғаны соншама

«Бәсе-бәсе, ақылың енді ғана кіре бастаған екен. Баяғыдан осылай жасау керек еді», – деп, аға жылқышылық атағын өзіне қайтарған. міне сол күннен бастап мүйіз мәселесін ұмытып, қайдағы бір қозықаның обалына бола өз жанын өзі жегенді де қойған еді. Қарашы енді есіне қайта түсуін. аспан шөкімдей бұлтсыз. Іңір қараңғылығы түсе бастады. ай туған жоқ. аңғарды қараңғылық тез жайлады. аспан жылқышыны қаумалап, қоршап тұрған алып қарағай, самырсындар қараңғылықтың құшағына кіріп, үрей шақыра үңірейіп қарауытады. ай туа ереуілдеп, қайта көрінетін қарағайлардың  жасы  қаншада  екен,  деп  ойлаған  жігіт:  «адам


баласына тым болмағанда бір ағаштың да ғұмырын бермеген табиғатқа не дауа»,– деп күбірледі. Кешегіден гөрі бүгін күн райы шырайлы әрі сәл жылылау сықылды. Қақаған қыстың ақыры жақсылыққа көрініп, көктемнің де ерте шығарын сезеді. Шыбын жаны тірі қалса сол айналайын көктемді көрер күн алыс емес-ау. Ең ерте келді деген көктем алтай тауына көкек айында ғана туатын. ал тау басындағы қар мамырда ериді. аспанның сол екі-үш айдан соң ыбылжып, еріншектене әрең келер жазғытұрымды сағынуы

– өмір сүрсем деген үміттің үзіліп барып, қайта жалғануы сынды. Неге екені белгісіз, таңнан бергі есіне алған естелік осына жылы сезімін өзіне қайтарып бергендей еді. Түннің ортасы болып, ай көтерілгенше осы жақсылықпен жалғасқан әсерінен арыла алмай, үй іші, бала-шағасын сағынып жатты. Сонау ал қара аспанның төсіндегі самсаған сансыз жұлдыздарды түгендеп еді, бәр-бәрі өз орнында екен. Бір жамбастанған Жетіқарақшы, көтеріліп қалған Үркер, бедірейіп тұрған Темірқазық пен Қарақұрт – барлығы да тілсіз телміреді. Тек күншығысқа түсіп кеткен Қамбар жұлдызы ғана көрінбейді. Биылғы қыстың қытымыр өтерін аспан жазға салым сол Қамбар мен айдың атысуынан болжап білген. Енді, әне, істерін істеп алып, өзі зым-зия жоғалған. Сонау жарқырап, шоқтай жанын шыға келген Сүмбіле жұлдызы. аспан әлемінен жалғыз осы жұлдызды жақсы көруші еді жылқышы. Елбіреп қарағаны болмаса, одан да қайран жоқ.«Сүмбіледей сұлу ат мінсем» – деп армандаған қазақтың бірі аспан еді. Осы жасына дейін тайпалған жорғаның, айға шапшыған арғымақтың қаншасының арқасына ер салды. Шыққан мүйізі, жеткен жері қайсы... «Бірақ сол сүмбіледей сұлу аттың бірде-біреуі өзімдікі емес еді ғой», – деп ойлады. Осы шақта оның көз алдына қар жентегіне араласып бір батып, бір шығып атып бара жатқан қаракері келді. Құлындаған даусы әлі құлағында... Жарықтық жануар да аЙҚаЙДыҢ құрбаны болды. Ол мал баққанына тұңғыш рет өкінді. Әкесі жас кезінде, Әбдікәрім байдың жылқысын, бұл өңірде совет өкіметі орнаған соң колхоздың жылқысын бақты. алжығанына көрінді ме, көз жұмар сәтінде: «Баяғыда Зыряндағы шахтыға түсіп жұмысшы болып кетпеген екенмін. Сен ойлан, ұлым, мықтап ойлан. Өкініп жүрме», – деп өсиет айтып еді. Осындай боларын сезген-ау, жарықтық. мұндай боларын білгенде құрықты тізесіне салып, морт сындырып, басы ауған жаққа қаңғырып кетер ме еді... Әй, бәрібір кетпес еді-ау, кіндігі байланған жерден арқандаулы аттай  ұзамады,  –  мінезсіздіктен,  жоқ  болмаса  тәуекелі  жоқ


ынжықтығынан емес, әсте де олай емес, әншейін, еті үйренген сүйеккесіңді кәсіпті қимауынан, от жаққан туған жерін тойған жеріне сатып кетпеуінен еді. Ендеше, жылқышы болғанына өкінуі бекер, басқа іс түскенде ойбайлаған байбалам әрекеті ғана. Баяғыда ФЗО-ға алынып, сол жақта үйленіп шахтерліктің мол ақшасына кенелген талай жігіт қомшасын арқалап қайта көшіп келмеді ме. Дүниеде кіндік қаның тамған – кіндікжұрттан ыстық не бар. ата- бабасының: «Туған жерден бір күрек топырақ бұйырсын», – деп зарлап өткені бекершілдік емес, рухының мықтылығы шығар. Ер үстінде ұйқтамасаң, атқа мініп не бар еді, – деп өсиеттеп отырар әкесі де, әлгі бір сөзді алжығанынан айтты. «Іздегенің есіктен табылса, төрге шығып нең бар еді» – дейтін әке «өкініп жүрме»

– деген сандырақ сөзді неге, не біліп меңзеді екен?..

– Диірменде туған тышқан оның дүрсілінен қорықпайды, әке,– деп еді аспан. – Көзімді ашып көргенім үйір-үйір жылқы, сол үйірлеген жылқыны иіріп, ат үстінде жүрген – сіз. Ішкенім

– саумал мен қымыз, жегенім – қазы-қарта, жал-жая. Тіпті күні бүгінге дейін аузыма бір жапырақ нан салмай үйрендім. Ұядан не көрсек, ұшқанда соны ілдім. Өзіңнің өміріңді қайталағанның несі айып, несі шам...

– Жоқ! Сен мықты болсаң қайталама менің өмірімді. мен жүріп өткен жол қайбір оңып тұр еді. Бөрінің соңынан бөлтірік ақылдылығынан ермейді. мықты болсаң өз жолыңды-өз жөніңді тап. Бұл жасыма дейін бір адамның бетіне қарап, бір адамның жағасынан алып, «сені ме» – деп көрмеген адам ұшпаққа шықса – мен шығар едім. Жерден басымды бір алмай, оттаған малша борт- борт желгеніме мәз болып келіппін. Қолдан жем жеген құстың алысқа ұшқанын көргенің бар ма. Қол-аяғың сау кезде қаңғыр, арала ел-жұртты, аспанның асты кең емес пе, күшің барда – күрес, тісің барда – тістелес. Жіберме есеңді. Еңбектеп өтуді біздің тұқымның маңдайына жазып қоймаған шығар. Осы өсиетімді ұлыңның ұлына жеткіз. – Тәңір шалдың көзінен қос тамшы жас ағып, аппақ болып өңірін жапқан сақалына саулап еді.

 

* * *

Тәңір шалдың бұл сөзі өлмес есіріктік те, бұл дүниеден қайтар алдындағы бой жазуы да емес, жылдар бойына көкірегін сарсулаған өкініші, ұрпағының ертеңгі тайғақ тағдырын ойлап жапа шегуі еді. Бірақ жастықтың буына піскен аспан әкесінің соңғы сөзін тағы да алжыдыға жорыған. Енді міне, қар бесіктің


құндағында жатып, сана сарабына салса, тіпті де бұл ойлағандай алжығаннан айтылған ағат сөзден гөрі, көңіл жүйріктігімен ертеңін болжаған қарттың аһ ұрған арманға толы аманаты екен- ау. Әкесінің сол аманатын өзі орындай алмады, өз ұлы – аман әлі жас, кімге ескертер... Шыбын жаны тірі қалса, әттең, әке өсиетін ұлының құлағына құяр еді-ау. Заман су болса, аспан секілді қарапайым адамдар сол судың табанындағы тас сынды, мәңгі өзгермеген қалпында қалады. Сондықтан да қазақ «су ағады, тас қалады» – деп бекер айтпаған. Ес біліп, етек жапқалы осы Еңбек аулында қаншама бастық ауысты десеңізші.. Әрқайсысының мінезі әр түрлі. Бірі қырам-жоям, деп аЙғаЙлаП, енді бірері алдап-сулап маймөңкелеп келеді. ат төбеліндей ауылда бола берер ондай-ондай кем-кетіктер үлкен өмірдің қылшығын да қисайтпас, заман атты алып мұхиттың бетіне түкіргендей ақымақтық та болар, бірақ сол алақандай ауылда да адамдар тұрмай ма...

Бүгінгі түннің жылысын-ай! Жылқышының екі тізесінен

төменгі жағында жан жоқ, мұны тастап аспанға ұшып кеткен секілді. Кеуде тұсы ғана бір тоңып, бір ысынады. Тұла бойындағы діріл бәсеңсіген, әлдеқандай жұмбақ жылылық аймалай бастады. Бет-аузы, екі қолы қышына ма-ау... ал қарға батқан жон арқасы тіпті темір пешке қақтағандай күйіп-жанады. «Егер ертең ешкім іздеп келмесе, өлгенім шығар»,– деп ойлады аспан. Күміс тана тағынған ал қара көк аспан қол созымдай тұсқа аласарғансынды. адам бұл дүниемен қоштасар сәтінде қиял жетпес нәрсенің бар- барлығы жақындап, мазақ қылары несі екен... Сонау жарқыраған Сүмбіле жұлдызының осыншалық сұлу туғанын жылқышының алғаш көруі... ай екеш ай да бір орнынан тапжылмай, бедірейіп тұрып алғандай. Әлемді шарлап жүрер жаңғырық жан тапсырып, әлемді тыныштық жайлап, ауыр да қасіретті мұңға батқандай. Жүрегі баяулап, қан тамырлары қата бастады ма, аспанның аюдай денсаулығы бірте-бірте әлсіреді. Өлі мен тірінің, ұйқы мен ояудың екі арасындағы мәңгірткен хал сыңсып салған мұңлы әнімен әлдилеп, жанарын жаба берді. «Уһ, аллам-ай, шаршадым-ау», – деп көкірек айыра қатты күрсініп барып, көзін күшпен ашып жіберді. Дүние сол қалпында екен. «Егер көзімді мәңгілікке жұмсам, мынау әлемнің әдемі әйнегіне тарыдай да дақ түспейді екен-ау». Бұл жалғанда адамнан сорлы бар ма екен. Шолпан жұлдыз туғанда аспанның көзі ілінгендей болып еді, аса қорқынышты түс көрді. ғажап... екі аяғы аспанда ұшып жүр  екен  дейді...  Өзінің  өкшесіне  нәлі  қаққан  саптама  етігін


таныды. Сол саптама етіктің қонышынан қып-қызыл болып сорайып, шығып тұрған жіліктен бетіне саулап қан ағады... бет- аузы жып-жылымшы қанға бөкті. Шошынып барып, оянып еді... сүмек болып терлеп жатыр екен, «аллам-ай, қиналдым-ау»,– деп талықсыды. Осы жасына дейін не оқ бораған соғыста, не қар бораған бүгінде «шаршадым», «қиналдым», – деген сөздерді аузына алып көрмеген қаражон бейбақ төзімнен айрылған күні – өмірімен де бақилыққа қоштасарын біліп, иманын айта бастаған. Ол иман – аз ба, көп пе ғұмырында жіберген қатесін мойындап, болмыстан кешірім өтіну еді. Қай-қай қазақта жан тапсырар сәтінде «кеш» деп, бұл дүниемен қоштасады. ал бұл өмірде аспан жасаған күнә аз. «Қанша рет, қандай күнә жасадым?» – деп есіне түсірсе де таба алмады. Тұңғыш рет әлемді қан сасытқан, бір- бірінің обалына қалатын, бір-бірін алдайтын, бір-бірін арбайтын қара ниет күнәкарлардың қалай өлетінін ойлады. «Өздері жасаған күнә өздерін буындырып, айғайлап, былапыт өлетін шығар». рас, аспан сүттен ақ, судан таза емес, бұлт басқан жауын-шашынды күндері де болды. Әсіресе ғарасат майданын ашып, Отан қорғау жолында талайдың қанына ортақ болды. Ел атып жатқан жаққа бұл да атты. Оғының тигені де бар, тимегені де бар, оны кім санапты. Егер мұның оғынан қаза тапқандар болса... өздері кінәлы, тіпті өздеріде емес, «Хайл Гитлер!» – деп жапанды ұлар- шу қылған ЖаҢғырыҚ кінәлы. Тек анау бір оқиға болмаса... Иә, ол өлімге өзін ғана жауапты сезінетін. Сол өзіне шошына қараған көз дәл қазір де өңменінен өтіп, «менің жазығым не, балам- ау»,– деп қадалғандай. Германияның шағын қаласын аларда, солдаттар тығылып қалған жаумен үй-үйге кіріп соғысып жүрді. Көп қабатты әдемі кірпіш үйге аспан да ентелей кіріп еді. Бұл әр бөлмені сақтықпен аралап, мылтығын кезей ұстап баспалап келе жатқан. Ешкім жоқ секілді еді. Ту сыртындағы кезекті бір есік оқыс ашылғанда, жалт бұрылып алдында тұрған адамды атып салған. Шыққан кісі аһ деп қан саулаған омырауын басып, біразға дейін құламай, бұған жанарына жас үйіріп қадала қарап тұрып қалған. Сонда ғана аңғарды: қарсы алдындағы қаруы бар жау емес, аппақ көйлек киген бейбіт ана... ана... ана... әлденені міңгірлеп айтты да, түбі өртенген бәйтеректей сұлап түсті аспанның аяғына... Бағжайып жатқан аспан көзді алақанымен өзі жауып еді... Енді міне, сол әйел дәл қасында отыр. Тірі. алақанымен аспанның жанарын жабуға әзір. «Кеш – деп күбірледі жылқышы. – мен емес едім кінәлі. Жазығымыз ЖаҢғырыҚТа».


Жер бетіндегі мың-миллион адамның бірде-біреуі өз күш- қуатының қанша және қашанға шыдарын ешқашан да есептеп, айта алмас еді. Болмыстың мұқым сырын ашқан адам, күні бүгінге дейін өздері туралы анық ештеме білмей келеді. атағы аспандаған ғұлама, жоқ болмаса әлем билігіне құштар сұңғыла саясаткерлер мен қарапайым ғана жылқышы өлімі арасында нендейлік айырма бар? Жоқ! Ендеше, тууы бір пенденің – өлуі қандай ұқсас боса, жер бетіндегі әлсіздік пен мықтылықтың шекарасын кім жіктеп бере алады. Олардың арасын тек ЖаҢғырыҚ қана ажыратып тұратын секілді. мансаптан мас болғандардың өлімі қаншалық қорқынышты болса, жылқышылардың өлімі соншалықты асқақ та қара жердің өзіндей қарапайым екен-ау. Қараңызшы, қарға көміліп жатқан аспан жалғандағы жалғыз күнәсінен арылып, бар күш-қуатын жинап, ақырғы рет дәрет сындырып, таза да тәкаппар қалпында арғы дүниеге тас түйін дайындық жасады. Өлімін өзгеден көрмеді. ЖаҢғырыҚТы да жазықтамады. Тәңірдің адал алуын тілеп, «бисмилла»,– деп көзін жұмды.

аЙҚаЙ марқұм болған – бейбіт тыныштық.

Таудың таңғы тыныштығы қандай рақат еді. ақ кебінге оранған тау-тас, орман-тоғай мүлгіп, жаназаға жиналған ақ сәлделі шалдардай үнсіз тұр. Бұтақтан бұтаққа секірген әдемі құйрық ақ тиіндер ағаш басынан шаңытып қар бүркеді. Әне, алақанат сауысқан ұшып келіп, шалқасынан қыбырсыз жатқан жылқышының қарсы алдындағы балапан самырсынға қонды. Қонды да құйрығы шошаңдап шықылықтай бастады. Тыныштық бұзылды. Таудың таңғы тыныштығына тас лақтырған кереметтей ерсі күлкі естілді. Сауысқан қайтадан ұша жөнеледі.

– Ха,-ха -ха, -ха!

Таудың таңғы тыныштығын бұзған «ха-ха-ха» толастар емес. аңғарды жаңғырта, өне бойы селкілдеп күліп жатқан аспан жылқышының нақ өзі еді... Қатты үсінген адам қарқылдап күле береді деген сөз рас па, әлде жан тапсырар алдында жер басып, дүниенің қоңызын теріп жеп жүрген барлық азаматты мазақтағаны ма, әлде «әлемді мен де бір жаңғыртайыншы» деп тұяқ серпер әрекет жасағаны ма,– мүлдем жұмбақты күлкі – ха, -ха, -ха!

аЙҚаЙ қайтадан үстемдік алды.

Жоқ іздеушілер жылқышы жігітті күлкісін естіп тауып алған. Серейген денені өңгеріп жақын маңдағы қыстаққа апарғанда, тірі деп ойлаған ешкім жоқ. Жылы үйге кіргізіп, аузына арақ құйғанда ғана, аздап ашырқанғандай домбыққан ерні қыбырлаған.


– Тірі! – деді жылқышылардың бірі қуана дауыстап. Кеуде- сіндегі тонын шешіп, теріден тігілген желеткесін сыпырғанда іш киімі мен көйлегінің іріп-іріп қалғанын көрді. Тіпті тері желеткенің өзі борсыңқырай бастаған екен.

– адам деген ит жанды-ау,– деді қарт сиыршы. медицинадан көп хабары жоқ тау қазақтары өздері білетін ем-домды жасамақ болып шешіндіре бастаған. Әсіресе қинағаны саптама етік болды. мұз болып қатқан етікті пышақпен тіліп, темір пештің маздаған отына еріте бастағанда ағаш үйге буда-буда суық ала аңшы андрей кіріп еді. Жағдайды сәтте түсінген ол: «Вы, что с ума сошли», – деп, қаумалаған малшыларды итеріп-итеріп жіберді де, еңгезер- дей аспанды иығына салып далаға шығып кетті. Қардың үстіне салып қойып тұла бойын ысқылай бастады. Үйге қайта кіргізіп, беті-қолын шөлмекте қалған арақпен сүртіп, маймен сылады.

– Тез ауылға жеткізу керек. Бойында жаны бар! – деді жұмысын бітірген соң. – міне, мынау борсықтың майы. Қашан аудандағы ауруханаға жеткенше осыны жаға беріндер. Отқа мүлдем жақындатуға болмайды.– Былғары қоржынын ақта- рып, бір шөлмек қоймалжың майды қарт сиыршының қолына ұстата берді.

– Қар астында қалғанына неше күн болған? – деп сұрады жылқышылардан.

– Бір апта дегенде таптық.

– апырай-ай, мұндай мықты денсаулықты мен бұрын-соңды көргем жоқ, – деп аңшы андрей таңдайын қағып, басын шайқады.

– Сөз жоқ, тіріліп кетеді.

– айтқаның келсін, андрей, – деп қарт сиыршы қалбақтап жүр.

аспанның көз алды – көк мұнар. Бұлың-бұлың дүние. адам- дардың сүлдесі анда-санда қараңдап барып, жоғалады. Немесе жыбырлаған құмырсқа қаптап кетеді. Сол көз алдындағы көк мұнардың ар жағынан аспан көз неміс әйелінің оқ тиіп, құлап бара жатқаны кетпей-ақ қойған. Құлағына аса қатты аЙҚаЙ естіліп, дабыл жарғағын жарып жібергендей таскерең күй кешкен. Еш нәрсені сезіп те, біліп те жатқан жоқ. Бір құдіретті күш арғы дүниеге апарып тастағандай мең-зең аруақты хал билеген санасын. Тарс жұмулы жанарынан толассыз саулап аққан жасты сүртіп, құрғата алмай әуреленген қарт сиыршы өзі де кемсеңдеп жылап жүр. Бар айтатыны: «апыр-ай, баласы жас еді, баласы жас еді»,

– деп осы сөзді сан рет қайталай береді. Бір жұма бойы көзінде


мұз болып қатып тұрған жас, жылы жерге келгенде еріп, бұлақ болып сарқырағандай-тын. Бүкіл малшы осы ғажапқа қайран қалды. Жетінші күн дегенде аудандық ауруханаға жеткізілді- ау, әйтеуір. ампутация жасады. аспан жылқышы мұның бірін де білмейді. Есін жиып, көзін ашқанда көргені ұлын құшақтап, ботадай боздаған әйелі мен қолын айқастыра телміріп тұрған ақ халатты дәрігер жігіт. Дәрігер жігіт бұған жымиып қарап, алғаш сұрағаны: – Қай жеріңіз ауырады? – деген сөз болды.

– Екі аяғымның басы сыздап шыдатпай жатыр, – деді аспан.

Хирург жігіт ұлын құшақтап отырған әйелге жалт қарады.

– Жүз жасайсыз, – деді де тез-тез басып шыға жөнелді. Әйелі солқылдап жылауын одан ары үдете түсті. Жанындағы он жасар ұлы кәперсіз, беті қабартып, үсіктің таңбалары мүлдем өзгертіп жіберген әкесін танымай қалды ма, үрке қарайды.

– Келе ғой, құлыным, – деп шақырды. – Келе ғой, жалғызым.

Бала көзі бақырайып шешесіне жабыса түсті. Шалқасынан жатқан адам әкесі емес, әлдебір құбыжық секілді болып елесте- се керек, шошына шыңғырып, бақырып қоя берді. «Танымады,

– деп ойлады аспан. – Енді мені ешкім де танымайтын шығар». Терезеден саулап сәуле түскен. Бөлменің іші – ақ шаңқан жарық. Басы көтеріңкі жатқан жылқышы, сол сәуле құйылған әйнектен тысқа қарап еді, күн нұрымен шағылысқан қар көз қарықтырарлықтай нұрға бөгіп, күміс шашып жібергендей күлім қағады. Әріректе шана жеккен ат байлаулы тұр. Үсті-басы ақ қырау, тұмсығына сүңгі қатқан. Қатты жүріспен келіп, суыған аттың үстінен жеңіл бу ұшады. Жаңылмай таныды: әйелі жегіп келген өз аулының көлігі. Жұбайы жылауын қойып, енді баласын уата бастаған.

– Қой, жылама, ол әкең ғой.

аспанның екі қолы да шоқпардай, ақ дәкемен таңылған. Екі көзі сау секілді, өмірге жаңа келгендей айналасына аң- таң қарай береді. Ол өзін қырық күннен соң көзін ашып, алғаш рет жарық дүниені көрген сәбидей таңыраңқы сезінді. Жарық дүниенің осыншалық әрі әдемі, әрі жат боларын бұрын неге байқамаған. Осыған дейін кермек татыған өмірдің дәмі дәл қазір балдай тәтті, саумалдай сіңімді еді. Өліп, қайта тірілген- дер бұл жалғанда тым аз, сол саусақпен санарлық қана адамдардың бірі – аспан жылқышы десек, содан сұраңызшы, «Бұл өмірде кімдер екі рет туыла алады», – деп. Ол сөз жоқ «Қайсарлар ғана екі рет туыла алады», – деп жауап берер еді. Бірақ аспан ондайлық


үлкен ұғым, философиялық терең пайыммен тіпті де ойлап жатқан жоқ. Ол үшін өмірдің өлшемі – анау қарды аймалаған күн, мынау жанарлары жасқа толған әйелі мен баласы. Өзгесінің бәрі қарын тойғанда, қайғыдан арылғанда айтар еріккен жандардың езу көпіртер ермегі ғана. Барша тіршілікті түсініп, түйсіну үшін бар болғаны үш-ақ сөз жетеді. – Күн, Жер, адам. міне осына үш ұлы дүниені көзбен көріп, жүрекпен сезген қарапайым ғана пенделер мәңгі жасайды. артық ойдың, асқақ арманның қай-қайсысы да ұшпаққа шығармақ емес. Түптің-түбінде табиғат-ана мен адамзаттың өзіне қатер, түптің-түбінде тек қана зиянын тигізеді.

– Құдай сақтап, шыбын жаның аман қалды, – деді әйелі көзін сүртіп.– Жарымжандық ештеңе етпес.

аспан әйелінің не айтқысы келгенін ұққан жоқ. Беті тыртысып, удай ашып шыдатпаған соң, шоқпардай ораулы қолының басымен сипап еді, әсері болмады. Енді екі құлағы қыши бастады. Оны қойшы, жан біте бастаған шығар. Екі аяғының басы ұйып, шыдатпай барады-ау.

– Қамқа, ау Қамқа, – деп дауыстады баяғыша. – аяғымның басын уқалашы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.