Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 9 страница



– Баяғыда сіздің әкеңіз көшкінге кеткен «Сайтан көпірге» де жете алмадық-ау, – деді Ерік. – Қай тұста еді?

– Осыдан төте тартсақ, тым алыс емес. Біз сәл бұрыс, құлдырап барамыз. Бетон көпірден өтпесек «Сайтан көпір» атты кісіні көтере алмайды. Сідіріне ілініп әрең тұр.

– Сол атақты «Сайтан көпірді» көре алмай-ақ қойдым...

– Көрмей-ақ қой, – деп күрсінді аман.

– Неге... қызық қой.

– Несі қызық дейсің, шырақ... Бірақ әкем айтып отырушы еді,

– деді көк тіреген шыңға қарап, әлдене есіне түскендей. Жүзін- де кешегідей лапылдап тұрған от жоқ бүгінде, мезгілсіз сөнген, өзгеше жуас мұң бар. – «Әркімнің алдында түптің түбінде өтпей қоймайтын «Сайтан көпірі» бар. Тек қорықпағандар ғана арғы жағалауға шығып, мақсатына жетпек. мен сол көпірден дұрыс өте алмадым. Сонсоң әркімнің бойында бір сайтан бар, – дейтін көріп отырғандай сеніммен, – бұл жалғанда күнә жасай берсе, сол иығында қонып отырған сайтан, оң иығыңдағы періштені жеңеді де, күндердің күні болғанда әлгі адамды бүтіндей жынға айналдырады. Күнәһарлықтың басы осылай басталмақ. Бұл өмірде сайтан-адамдар көп, тек олардың жасаған жамандығы көзге көрінбейді. Әлемді бүлдіріп, былғайтындар да солар...»

– ал өзіңіз осыған сенесіз бе? – деп тақуалады Ерік.

– Білмеймін, – деді аман қалтасынан шылым алып тұтатып. – Бәлкім, әкемнің мезгегені, жер бетіндегі жамандық пен жақсылық ұғымдары шығар. Өмір болған соң ойы мен қыры, кем-кетігі болмай тұра ма. ақ пен қараның жоғалмайтыны секілді, жақсы мен жаман да тепе-тең, мәңгілік секілді.

– мәңгілік дедіңіз-ау... – Ерік қарсысында жүрелеп отырған бөлімше басқарушысына жаңа көргендей тесіле қарады. Шар- шаңқы тартқан беті суық сорғанда жезденіп кетеді екен. Қи- мылсыз, ағаштан жонып жасағандай қатып қалған. «Дегенмен


әкесіне тартқан қайратты адам», – деп ойлады ішінен. Бұл кісімен қызмет істескеніне бір жарым жылдай болды, ашу шақырып аЙғаЙлағаН кезін көрген жоқ. Сабырлы да салмақты қалпынан өзгермейді. Осы бір салқынқанды, байсалды мінез бұлардың тұқымында бар секілді. Қарындасы мәликенің аумай ағасына тартқанын қазір ғана аңғарып, өзінің алғашқы кездегі оспадарлығына өкінген-ді. ақсүйек тектілік, зерделі көшелілік, оқуы аз, бірақ тоқуы мол ауыл адамдарында да жеткілікті-ау.

«Қызық, кеше неге мінез көрсетті».

– мен түнде артық кеткен екенмін. Бір ойдан сендердікі де жөн, адамның жаны сыңсыған қалың орман сынды. айыпқа бұйырмаңыз, дұрыс ұғуым керек еді, – деді басқарушы биялаймен қар сызып. – Әкем айтушы еді: «Ұлым, жалғанда дауыс көтерме, бақырып бастық болмайды. Сол аЙғаЙДаН туған жаңғырық- тың құрбаны менімен бітсін», деп. Сол әке аманатын бұзғандай, өзімді-өзім жеп келем...

– рақмет, сізге, қызуқандылықпен айтқан сөзім үшін мен де кешірім сұраймын. рас, бұрын ондай мінезіңізді байқамап едім. Бәрі де шаруаның қамы ғой! мен зіл сақтамайтын жігітпін, аға. Кейде бір, осы күнгі жастардың еркелігін көтермей қалатындарыңыз бар. Осы күнгі жастар, аға, «Сайтан көпірден» өтпесе де, жын-періге айнала қойған жоқ. ЖаҢғырыҚҚа сенбейді де, жасымайды. аЙғаЙДыҢ дәурені қош-қошын айтқан. Қазір – ақылдың дәуірі. «аЙғаЙДыҢ ең соңғы құр- баны мен болайын»– деп аспан атамыз бекер айтпаған-ау...

аман жас жігіттің аяз жалаған дидарынан уыздай пәктік пен өжеттікті аңғарды. «аппақ қардай тазалық... осы тазалықты лас- тайтын, бәлкім, біздер шығармыз. Кешірім сұрағаным қандай жөн болған. Бүлдіре жаздаппын».– Оның ойын тағы да зоотехниктің қоңыр үні бөлді.

– мен осы сіз басқарған ауылға сонау оңтүстіктен келгеніме көп уақыт болған жоқ. Елдің тарихынан, тіпті мінез-құлқынан хабарым аз. Естуімше, аспан атамыз, «Сайтан көпірден» өте бергенде әлдекім әдейі аЙғаЙлаП қар көшкінін құлатқан дейді... Ол кім?

– Білмейсіз бе?

– Білмеймін, – деді аман алысқа, қар басқан ұлар тауларға бұғыша маңқая қарап. Әлпетін қанша өзгертпегенмен жанын от қамшымен осып өткендей лапылдаған ышқыныс бар еді. Сол ышқынысын жасқана жасырғаны байқалады.


– Бұл сұрағымның орынсыз екені рас, аға. Дегенмен шындық- тың бетіне тура қарағанды ұнатамын да. Сіз білесіз кім екенін, бірақ өмір бақида айтпайсыз. Соңымнан түсіп, пәлеге ұшырармын,

– деп қорқақтайсыз. міне біздерді – кейінгі ұрпақты қинайтын да, осы жұмбағы шешілмей бара жатқан шындықтарыңыз. Тарихта біз білмейтін, бізге көрсетпейтін көп-көп астарлы сырлар бар. Оны ешқашан да ашпайды. Жабулы қазан жабуымен тастағысы келеді. Сөйте тұра жастарды адалдыққа тәрбиелегісі келеді. Өйтіп алдап тәрбиелегеннің, арбап үйреткеннен қандай айырмашылығы бар, аға.

– Осыншалықты тақуа, білгіш болып туармысыңдар. Әй, соғыстан соңғы ұрпақтар-ай, – деді аман.

– Өйткені біз аЙғаЙға емес, аҚылға сүйенеміз, – деді Ерік өшіңкіреп қалған темекісін қайта тұтатып. – менің естуімше аспан атамызды емес, сол кісі алдына салып айдап келе жатқан елу жабағы-тайды көшкінге кетірмек болған. Совхоздың өтірік мәліметтегі жемшөбі тақа таусылған соң, алатайдағы қыстақтан етекке түсір деп әмір берген. ал ауылдың да мал азығына қарқ болып тұрғаны шамалы еді. Сонда елу тұяқ жабағы-тай қайда апарса да бәрібір арам қатпай ма. Одан да көшкінге кетіп өлсе

– табиғат апаты үшін ешкімді де жазаға тартпайды, құда да тыныш, құдағи да тыныш. міне, осы себептен де аЙғаЙДы әдейі ұйымдастырған. аЙғаЙДаН – тау жаңғырыққан, ЖаҢ- ғырыҚТаН – қар сусыған, өкініштеріне орай тайлар аман қалып, сіздің әкеңіз екі аяғынан айрылған..

– Ой, інішек-ай, ол ненің. ЖаҢғырығы және кімнің аЙғаЙы екенін ит біле ме? – аман шыдай алмай орнынан қар- ғып тұрып кетті. Оқыс қимылдан үсті-басына қырау қатқан аттар селк етіп, бастарын кегжең еткізді.

– Кімдікі болса да, аЙғаЙДыҢ артында адам бар ғой.

– Болсын делік. Одан бері отыз жыл өтті ғой. Жоқ, әкемнің мүгедектігін тек табиғи апаттан көремін.

– ал мен, әлемнен көремін.

– Ендеше, мен сені ұға алмадым, інішек. атқа қонайық.– Қамдана бастады.

– атқа қонбас бұрын ойланып алайық.

– Тағы қандай ой аяқ астынан келе қалған?

– Хайуанның да жаны бар, кешеден бері аш әрі болдырды. Әйтеуір, қар бұздыратын боған соң, өзіміз шаңғымен жүріп, жаяу жетелейік.


– мұның, енді, дұрыс. – Қанжығадағы шаңғыларды шешіп, аяқтарына киді.

– Әлкөнің де істемейтіні жоқ, – деді Ерік. – Сіздің аяғыңызда- ғы соның сырғымасы емес пе, басын тесіп, жіп тағып қойғаны несі.

– Ой, оның әдісі бар. Табанына құлынның терісін қаптаған шаңғы омбы қарға батып кеткеніңде қайтадан суырып шығару үшін зор күш керек. Кісіні тез шаршатады. ал бас жіп байлап алсаң қолыңмен іліп тартып, өз аяғыңа өзің көмектесіп отырасың. міні былай,– деп аман боз айғырды жетегіне алды да жорта жөнелді. Қарға батыңқырап қалған шаңғыны мұрындық жіптен тартып суырып алады.

– Керемет екен! – деді Ерік мәз болып. – Бұл бір таптырмайтын әдіс екен. – Өзі де атын жетектеп қар мұхитын қақ жарып бара жатқан басқарушының соңынан ерді. Қыстың қысқа күні таудың қалқасына құлдилап барады. ауада ызғар бар. Олар осылайша көліктерін бос жетелеп жолдың біразын еңсеріп тастады. Жүрістері бәрібір маңдыған жоқ. Қас қарайып, қара шашын жайып түн келгенде қар бұзған жылқылар әбден болдырды. Барлық ауыртпалық боз айғырға түсіп, қанша қасарысса да сыр берді хайуан. Қос танауы пырылдап орғып-орғып алады да басын кекжең еткізіп тұра қалады. аман айғырға бір-екі рет қамшы жұмсап та жіберді. алғашында ондай қорлықты бұрын көрмеген жануар, шамданғандай апыр-топыр бастырмалатып, иесін басып кетердей омыраулаған, енді сойылдасаң да селт етпейтін жабылыққа көшті.

– айғыр зорықты, – деді аман аялдап. – Байғұс қызыл май болды ғой деймін. Бұдан арыға шамасы жоқ.

– Ұрғылай берсе малды қойып адам да зорығады. Енді не істейміз, аға?

– Білмеймін... – Екеуі де ентіге дем алып, қар үстіне отыра кетті. Екі бүйірі тынымсыз солықтаған көліктердің үсті-басы

– көбік, танаулары көрік секілді. айсыз түн албастыдай басып жатыр. адамды жыңдандырып жіберетін тас керең тыныштық орнаған.

– Жол тым-тым қиялап кетті, жүріске ауыр. Сен осында аттардың қасында қал. мен алатайға шаңғымен аттанайын. аман-есен жетсем, ондағы жігіттермен қарсыдан қар бұзып қайта оралармын. Оған дейін бойында жаны болса соңымыздан Әлкөлер де келіп қалар. Бір түн шыдасақ...


– Неге мен қалып, сіз баруыңыз керек, – деп сөзін бөлді Ерік.

– мен жеңілірекпін ғой.

– Бәрібір шаңғымен мендей сырғи алмайсың. Жердің ығын, таудың сырына бала жастан үйренгенмін.

– мен бұған келіспеймін, – деп кесіп айтты. – Жеребе тастайық.

– Бұл сапар менікі. Бал ашуға көнбейді. Егер жалғыз қалуға қорқатын болсаң, онда расыңды айт, аттарды тәңірге тапсырамыз да бірге жүреміз.

– Сынамайтын кезде сынайсыз-ау. Қал десеңіз, қалайын.

– Биыл алатайда ит-құс көп. Қыс қатты түскен жылы қасқырдың құтырып кететін әдеті. мылтық сенде қалсын.

– Сіз қайтесіз, аға. Көкжалдармен бокстасасыз ба?

– Ит-құс жаяу жолаушыдан гөрі малға әуес. Сөз жоқ, сені торуылдайды. ал мұндай қар қалың қыста қасекеңдер үйірімен жүреді. Осы маңдағы барлық қисық ауыздар саған шабуылдары рас. Әлкөнің қос ауыз мылтығы тұрғанда – төрт аяқты аңды қойып, екі аяқты жауға алдырмассың.

Қалың қардан сауырлары ғана көрініп тұрған жылқылар ішін тартты. Таңнан бері аппақ болып сірескен қар-мұхиттың бетінен атыз тартып, ақ тер, қара тер болған жануарлар жалғыз сәттік тыныштықта тықыршымай, сұлық тұр. алдынан аю келсе де қозғалуға дәрмендері жоқ.

– Қардан үйшік жасап ал,– деді аман тас түйін дайындалып.

– Өлсең де ояу бол, ұйықтай көрме, жарқыным.

– мені уайымдамаңыз, аға. Өзіңіз сақ болыңыз. «Қозғалыс дегеніміз – өмір», – депті Вольтер дейтін ақсақал.

– ал, қоштасалық онда. – Жанында қар кешіп тұрған жас жігітті қапсыра құшақтады. – Көрісуге жазсын, інім...

– Көңлімді босата бермеңіз, аға. Әйтпесе мен жылаймын.

– Жылайтын күнің қашпас. мықты бол. мен саған сенемін. Осы шақта шөгіп жатқан сансыз түйелер іспетгі ирек-ирек тау ұшынан жарықтық айдың шеті қылтиды. Әлгі ыңырана туып келе жатқан айға сол иығын бере жолға шыққан аман тура бағыттан тайып, сәл оңға қияс тартты.

– аға! – деп, соңынан айғай салды Ерік. Даусы жан ұшыра қорқынышты шықты. – Бұрыс кетіп барасыз ғой.

– Бұрыс емес, інішек, нағыз дұрыс бағыт осы. Жол қысқарту үшін төтелей тарттым. Не бақ, не сор...

– «Сайтан көпірден» өтесіз бе! – Таң қала сұрады.


– Иә, «Сайтан көпір» арқылы өтемін алатайға.

– Қорықпайсыз ба?

– Құдай өзі берген жанды, өзі алады да. Әйтеуір, түбі бір өтетін көпірім, ерте-кеші бар ма. Есен бол!

– аман аға, сәл аялдай тұрыңызшы, – деді зоотехник.

– айтатын бір сөзім бар еді. Сіз білесіз бе, әр адамның ішінде біз ести бермейтін ҮНІ болады. Ол ҮН – ішкі сырынан өрбіп тарайды. Егер аша бермейтін, айтуға болмайтын жүрек сырына, сана сарайына әркім келіп қол сұға берсе ол ҮН – жан айқайына айналады. Қазақтың «жан дауысы шықты ғой байғұстың» дейтіні де содан болар. ал жан аЙҚаЙыН шығаратын да сыртқы аЙҚаЙ. Сіздің әкеңіз сол аЙҚаЙДыҢ құрбаны.

Жас жігіт көзі жасаурап, сонау қар жамылған жақпар тасты алып тауларға карады. Жүзінде мұң бар. Әлденеге өкпелі, әлденеден көңілі қалғандай жуас та момақан. Інішегінің ойлы дидары, ақылды сөзі аманды да алысқа – қиялдың ба, қиналудың ба, шексіз де шетсіз арман-алысқа жетелеп кетіп еді. Бұған дейінгі жастар жайлы ұшқарылау түйген пікіріне ұлы өзгеріс туғызған мынау зоотехник жігітке зерделі зейінмен карағыштай берді. Өзін одан әлдеқайда әлсіз, әлдеқайда білімсіз сезінді. Бірақ әсте шошынған жоқ, таңырқай, сүйсіне зер салды. «Тегінде ел билігін, халық тағдырын осындай білікті жастарға тапсыратын уақыт туған екен. Егер қазірден бастап етегінен тартып, шаужайына жармаса берсек, өз-өзінен мүжіліп, екі жастың біріне келмей шау тартар, өзін-өзі өшіріп шаршап қалар. Содан соң... «Шарға ұстаған балта едік, шабуын таппай қор болдық», – деп, түңіліп кетуі де мүмкін- ау. Бұлар қазір нағыз орда бұзар ор теке жаста ғой».

– аман аға, – деген дауыстан жайылыңқырап кеткен ойын жиды.

– ау, інішек.

– менің айтайын дегенім... айтпағым, егер «Сайтан көпір- ден» зәуде аЙҚаЙ шықса, менің даусыма жори көрмеңіз.

– Құдай сақтасын, о не дегенің, жарығым.

– Өйткені бұл тауда әзірше Сіз бен Біз ғана бармыз, сондықтан да менен көруіңіз заңды, логикалық жағынан лажсыз екенін есіңізге түсіремін. ал артыңыздан қуа барып аЙҚаЙлаЙТыН аНаУлар болса, олар шыбын жаным бойымда тұрғанда бұл жерден аттап баса алмайды, қасық қаным қалғанша айқасармын, бірақ жібермеспін. артыңызға қалдырған тілекшіңіз ғана емес, қорғаушыңыз да деп біліңіз. Сіз, аға, ұлы жорыққа аттандыңыз,


бейне бір майдандағыдай, мен Сіздің ту сыртыңыздан атылар оқтан бүгінше айтсақ, аЙҚаЙДаН қорғауға қалдым. алаңсыз болыңыз. Жау алдыңыздан шықпаса, соңыңызда жоқ. Ең соңғы айтарым: қазір Сіздің бойыңызды ептеп үрейлер елесі билеп жүр. арылыңыз одан. Әйтпесе «Сайтан көпірден» өте бере жан ұшы- рып өзіңіздің ішкі мЕНІҢІЗ шыңғырып жіберуі әбден мүмкін. Ондай қысылтаяң шақта тек қана әкеңізге сиынғаныңыз жөн дер едім.

– Ол жағына қам жеме, інішек, өзің де сақ бол. Сенен гөрі ит көйлекті бұрын тоздырдым ғой, білімім кем болғанымен, қыл көпірден қисаймай өтуді білемін.

Екеуі де арбасқандай, жоқ болмаса бір-бірін жаңа, осы әзірде көріп тұрғандай ұзақ қарасты. мың жылдан бері сарыла іздеп, зар жұта сағынған дала саңлақтары енді ғана жолығып, қайтадан жоғалтарын сезген жүректің аласұра сазуы сынды қимас минуттарды кешті бастарынан. Олар екеуі тіпті арғы дүниеде ғажайыппен ұшырасқан аруақтардың адам айтса нанғысыз жұмбақты әрі ертекті таңғажайып тамашасына бөленді. Өңдері ме, түстері ме – білмейді. мәңгілікке, қайтып оралмас шексіздікке сіңіп бара жатты... шексіздікке... мәңгілікке... ай нұрына шомылып, қар бетінде қараңдап бара жатқан ағасының артынан, бір нүктеге айналып, көзден таса болғанша ұзақ қарап, шығарып салды. аман аттанып кеткен соң өз-өзінен құлазып, нағыз жетімдікті бастан кешкендей болды. аппақ қардың арасына сіңіп, бірте-бірте ұзап, көзден тасаланған бейнені ол ең соңғы сапарға шығарып салғандай көңілінде күдіктің шоғы жылтырады. алғаш осы Еңбек аулына жолдама алғанда, құмды далада өскен жігіт алтайдың сұлу табиғатына қызыққан. мойынқұмның сексеуілі сексиген қуаң даласы, қапырық ыстығы, не ішіп, не жесең де қытырлап аузыңда тұрар құмынан жалыққан, енді міне анау ақ кебінін айқара жамылып, жансызданып жатқан алып тауларға сұп-суық жанарын сала қарап, сол аңызақ шалған ақ шаңқан мойынқұмын сағынады. Көзіңнен аққан жасқа дейін бетіңде мұз моншақтана қатып қалар алтайдың ақырған аязында тұтқын болып, тісің- тісіңе тимей сақылдап тоңып отырғаныңда арманың да азып, жүрегің мен қан тамырың суына бастайды екен. мұздан жабу жамылған қос жылқы бір-біріне бас түйістіре сүлпиіп тұр, байғұс жаурайды білем, буындары дір-дір етіп, оқта-текте ішін тартады. Ерік бұлайша ой теңізіне сүңгіп отыра берсе, серейіп қатып қалары енді ғана есіне түскендей,орнынан қарғып тұрып, аяғымен


тепкілеп аршып, қардан үңгір жасай бастады. Қатты қимылдағаны соншама, өне бойы жіпсіп терлеп, екі беті қызара қызынып шыға келді. Ол ет қызумен жылқыларға да тебін ашып тастады. Қар көрпенің астында жатқан таудың күреңсесі күлтелене көрінгенде, бағанадан бері басқа ұрғандай сүмірейіп тұрған айғыр мен азбан құлағын тігіп, көздері жаудырап, қарайған жерге ұмтылған. аяқ астынан ермек тапқанына Ерік те аса қуанған еді. апан қазған қасқырдай қарбалас қимылмен бір сағаттай жұмыс жасады. аршылған жерге тас кенедей қадалған жылқылар, құр бекерге тоңып, нейбетке тұрғанына өкінгендей болат тұяқтарымен өздері теуіп, үкідей үлпілдеген күреңсені күрт-күрт шайнай бастаған. Тот басып, тоқтап қалған тіршілік сағаты қайтадан іске қосылып, сартылдап соғады-ай. Ерік айғырдың ерін алып, тоқымын төсеніш жасады да, ішпегін салып, қайтадан ерттеп қойды. Бұл шақта әбден қас қарайып, алатайдың түйе өркеш шыңдарынан бұп- буаз ай самғай көтерілген. Ол темекінің зарын енді ғана тартты. Былтырдан бері тиіп-қашып сорғаны болмаса, жан қалтасына салып шегетіндей әуестікке бармаған. Тек жанындағы адам сораптап отырғанда шыдай алмай, саусағын үйкелеп, «біреуін берші, әкемнің түтінін мен де шығарайын» деп қалжыңдайтын. аман ағасынан шылым сұрап алып қалмағанына өкінді. Бойын ұйқы қысқан соң, мұрнынан ыңылдап әлдебір әннің әуенін айтқан болып еді, құрғырдың сөзі есіне түспеді. Ол жаңадан шығып, жаңаша айтылатын әндердің бірде-біреуінің сөзін білмейтін. Қанша жаттап алайын-ақ деп қайта-қайта пысықтаса да ұмытып қала беретін. Содан соң, амал жоқ, халық әніне басатын. алматы- ның мал дәрігерлік институтында жүргенде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқаны бар. алдымен әнге, бұдан түк шықпайтын болған соң домбырашылар тобына қосылған. адамның қысылған, қиналған сәттерінде дүниеде ең жақсы көретін адамы көз алдына келіп, дүниеде ең жақсы көретін әні есіне түсетіні несі екен... Еріктің де көңіл сарайында алтын әріппен ойылып жазылған өз әні бар. Өз әні дегенде жадынан шығарған жеке меншігі емес, жүрегін сазға бөлейтін, өмірінің жібек жібіне айналған халықтың әні. Иә, әркімнің өз әні бар. Санасына титімдей ғана ән-құс қонып құйрығы шошаңдап сайрай бастады. Сезім пернесіне қонған, бейне бір ноталар секілді әуен торғайларын үркіткен, алыстан...

«Тар» өзенінің бір тұсынан ұлыған қасқырдың үні болды. Омбы

қарды омбылап, тебінген жылқылар бастарын селк еткізе көтеріп, жанарлары тас төбесіне шыға осқырынды. Ерік орнынан шапшаң


тұрып, шылбырға жабысқан. Бұнысы ежелгі әдет қой, әйтпесе дәл қазір көлік қашып кетер жағдай емес. Киіздей тұтасқан қар мұхитын жарар қауқар қайда. Қасқыр жалғыз-ақ рет ұлыды да өңірде өлі тыныштық жусады. Жігіт тоқымның үстіне қайтадан жайғасты. «маған ештеңе қорқыныш емес-ау, қос ауыз мылтығым бар, аман ағамның халі не болар екен. Ондай адал адамдар өмірімізге керек-ақ. ай-й керек-ақ».

алтайға алғаш келгенінде қоңыр күздің тамылжыған маужы- раңқы шағы еді. мұндағы күз ешқай жерге ұқсамайды екен. Өзінің туған даласы мойынқұмда табиғаттың ал жасыл шағы тым-тым келте болатын. Көктем ерте шығып, тамыз тумай- ақ күз түсер еді. Тіпті сол күздің нағыз келбетін аңғарған емес, қуаң тартқан сахараның, боз шағылдардың сексеуілі тынымсыз соққан желден бе, әлде әуе айналып жерге түсер ыстықтан ба, әйтеуір, шаңдақ бейнемен алғашқы түсер қырбаққа дейін бір өңін, бір түсін сақтап баратын да селт етпестен томаға-тұйық жатар еді. Ол жақта қар жұқа жауып, төрт түлік мал қыс бойы өріске шығарылатын. Сол құмды өңірдің сипаты, өзгеше мінезі адамдарды да бейқамдыққа, ыңғай да ылғи табиғат-ананың жомарттығына иек сүйеуге бейімдеп жіберетін. Әлі есінде, сонау жылы, ойламаған жерден тізеден қар жауып, тебінге сеніп жемшөпті аз дайындайтын біраз шаруашылықтың қойы жұтап қалған-ды. ал мұнда олай емес, совхозды былай қойғанда, әр үй өз малына ала жаздай жанталасып, мая-мая шөп дайындайды. Ол науқанға еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін білек сыбана кіріседі. ат жалын тартып мінген баланың өзіне шақ тартпасы бар, қалың шалғынды жапыра шауып бара жатқанын көргенде, өмір бақида қолына шалғы ұстап көрмеген Ерік жерге кірердей болып ұялып еді. Жарықтық, алтай қаншалықты сұлу болса, соншалықты қатал екен... Тіршілікке ауыр, қызықтауға тамаша. Бұл жақтың күзі де қызық. ағаштардың жапырағы әр түрлі: бірі

– сары, енді бірі қоңыр, тағы біреуі – қызарып тұрады да, жалғыз- ақ күнде сау етіп түсіп қалады екен. анда-санда алтайдың жылы желі соғады. Сол желді бүкіл жан-жануар, адамзат – бәр-бәрі сағына күтеді. алтайдың, басына қар боратып жел соққан күні май тоңғысыз жылы болады. Ойдағы қарды ұшырып, малға тебін ашады. Тәкаппар алтайдың, осындай қатал да қайырымды мінезі ғасырлар бойы мекен еткен адамдарға жұққан сынды. Тау қазақтары ешкімге жағымсынып, жең ұшынан қол жалғап, қулық саууға қадеттенбеген, әрқайсысы жыланның баласы іспетті, өз



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.