Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 8 страница



Әйелінің өңі боп-боз болып кетті. Жауап берген жоқ, орнынан қозғалмады да. «О несі, менен күдерін мүлдем үзгені ме, – деп ойлады аспан. – Әлде дәрігерлер рұқсат етпей ме екен». Сонда ғана барып әлгінде Қамқаның: «Жарымжандық ештеңе етпес»

– деген бопса сөзінің байыбына бара бастады. «Он екі мүшем сау секілді ғой. Дегенмен, түгендейінші өзін».

Екі көзін кезек қысып қарады, анау өмірдің нұры саулаған жап-жарық терезені жанары көреді.

мұрнын сипалады – орнында екен. аузы бар.

Екі қолы да сау секілді – саусақтары қимылдайды.

Енді не қалды? Екі аяғы ше? Ол да орнында шығар, ауыртып шыдатпай жатыр ғой. Қозғала ма екен, дегендей басын көтеріңкіреп қимыл жасамақ болып еді, көрпе бүлк етпеді. Тіпті сол көрпенің астында ештеме жоқ секілді, майын сығып алған бүйендей төсекке жабысып бос жатыр-ау «мүмкін емес, – деді ішінен,– мүмкін емес».

– Қамқа, ау, Қамқа, көрпені ашшы! – Әйелі орнынан тағы да қозғалмады. Иегі кемсеңдеп, өзін-өзі тоқтата алмай, дауыс сала жылады-ай. Шешесіне баласының шыңғырған үні қосылды. Осы кезде есік ашылып, аппақ бөлмеге ақ халатты дәрігер кірді.


– Егер жылай берсеңіз, мен сізді шығарып жіберуге мәжбүр боламын, жеңеше, – деді қатқыл үнмен. – Сырқаттың көңілін бұзбаңыз.

– Бұзылмаған несі қалып еді сырқаттың, – деп одан сайын еңіреген әйелдің қолынан жетелеп шығарып жіберген дәрігер аспанның жанына келіп өзі отырды. Бір нүктеге қадалып, кірпік қақпастан жатқан жігіттің кеберсіген ерні дір-дір етті. Қазіргі пошымы – қар үстіңде қайтадан қатып қалғандай. аспан алғаш рет аппақ түстен жеріді. Оның көз алдына – бөлме ішіндегі барлық зат аппақ қарға айналып, өзінен-өзі жаурап, өне бойын суық жайлаған. Енді тісі-тісін ұрғылап сақылдай бастаған. Бір нүктеге қадалған жанары біртіндеп үлкейіп, жалғыз тамшы жас мөлт етіп шығып, езуіне құйылды.

– Сіздің аяқтарыңызды кеспеске амалымыз жоқ еді, – деді дәрігер баяу үнмен. – Жіліншігіңіз сынған және жарамсыз болып үсікке шалынған, аяғыңызды алып тастамасақ өзіңіздің аман қалуыңыз қиынға соқты. Сіз еркек адамсыз, түсінуіңіз керек. Соғыс кезінде бұдан да сорақысын бастан кешкен халқымыз. мүгедектік – жалғыз сіздің ғана еншіңіз емес. Жер бетінде аяғы, екі қолы мен көзі жоқ қаншама кісі бар...

– Соғыс... аяғымнан сол соғыста айрылсам не арман еді! – аспанның көзі қанға толып кетті.

–Соғыста сіз де болып па едіңіз! – деп таңырқай сұрады дәрігер. – ғажап, денеңізде сызат жоқ.

– Денемде болмағанымен, жүрегім толған сызат, жарқыным.

– Уақыттан мықты емші бар ма, ағайын, әлі бәрін ұмытасыз.

– Екі аяғын ұмытқан адамды көргенім жоқ, жер бауырлатып еңбектеткенше өлтіріп-ақ тастауың керек еді. Қолыңнан келеді ғой. Көрмейсің бе, енді өмір бойы сені қарғап өтетін болдым.

– Еркіңіз білсін. мен медицинаның барлық мүмкіндігін аяғаным жоқ, аға.

– Тазы ашуын тырнадан аладының кебі ғой, айып етпе, ашумен айтқан сөзім. Дәл қара саннан емес, төменірек, тізеден кесуге болмады ма. Протез киюге жарайтын қалдырмапсың.

– амал жоқ болды ғой... Саптама етігіңіздің қонышы жеткен жерге дейін мұз болып қатып қалған. Тегі, өзен ағызғанда суға толып қалса керек, – деді оташы мұңайып. аспанның алдында, шынында, өзін айыптыдай сезініп отыр.

– Қайтейін, тағдырдың құрығынан құтылам ба. Жалғыз- ақ өтінішім – кесілген аяғымды сақтап қой, өз қолыммен жерлеймін.


– мақұл, аға. Болған іске болаттай берік бол демеуші ме еді. Жасымаңыз, ерлігіңіз де, еркектігіңіз де бойыңызда... Протез киюге қалғаны да жетеді.

аспан мырс етіп күлді. Күлді де терезеден ақшағырмақ далаға қарап, үнсіз жатты. Бұдан ары азамат адамға ақыл айтып, маңдайынан сипап жұбата беруді артық санады білем, дәрігер жігіт бөлмеден ептеп басып шығып кеткен. Тыныштық орнады. мешелдік өмір басталғаны да. Баяғыда, майданда жүргенде ергежейлілердің концертін көргені бар. Сонда бір қазақ жауынгері аспанды түртіп қалып: – мендей емес, бойдақсың, ғой, осылар- дың біреуіне үйленсең қайтеді. «Тышқан маядан қорықпайды» деген орыстарда мәтел бар. Өзің осалдық жасамасаң мыналарың тайсалмас, – деп әзілдеп еді. Досының орынсыз қылжағын жақтырмаған. «Сен де қайдағыны айтады екенсің», – деп теріс айналып кеткен. Ергежейлілер тағдырын қатты обалсынған-ды. Енді міне, тым болмағанда солардың тірлігіне жете алмағанына опынып, қанжылап жатқаны. Екі аяқ болмаса – бастың түкке қажеті жоғын біледі; білді де тау ішінде мертігіп жатқанында өзі өзін өлтіре салмағанына өкінді, қатты өкінді.

– Тәңірім-ай, осыншалық жазалайтын қандай жазығым бар еді... – Төсектің басындағы темірді саусақтары қабыстыра қысып, майыстырып тастады. арғымақ болып жаратылған соң тасбақа секілді тарбаңдау жарасар ма еді, айтыңыздаршы. Жарасқанды қойып, мүмкін емес қой. Егер жылқының төрт тұяғын демелік, алдыңғы екі аяғын шашалықтан кесіп тастаңызшы, не болар екен... Не болар екен...

– Қара да тұр, қас қылғандай көп жасап, қор боламын. Құдайға енді менің керегім жоқ! Жоқ! – деп ақыра аЙғаЙлаП жіберіп еді, сестра қыз жүгіріп келді.

– Сізге не болды, аға?

– Сондай да сұрақ бола ма екен. Бәрі болды!

– азамат емессіз бе? Шыдаңыз. Нағыз ерлік – өзін-өзі жеңген ерлік.

– мен азамат емеспін, жарымжанмын, қарғам. Бәр-бәріне көнейін, тек ақыл айтпаңдаршы.

– Кешіріңіз. – Жалт бұрылып шыға беріп еді, оны аспан тоқтатты.

– айналайын, аялдай тұр. Немене, жаман ағаңа ашуланып қалдың ба?

– Жоқ... мені түсінбегеніңізге сәл ренжідім, – деп маржан- дай тістерін жарқырата күлді. аққудай қалықтап келді де, аспан-


ның аяғы жатуға тиіс төсектің бос жеріне келіп отырды. – Сізді аяғанмен, жоғалтқан асылыңызды тауып бере аламыз ба, ондай ерлік ешкімнің де қолынан келмейді. Сондықтан да жасымауға; ел қатарлы өмір сүруге қайраймыз.

ақ халатты қыз аса сүйкімді, жанары жаудырап, кісіге ұяң қарайды екен. «Құдай-ау, қайдан көрдім, – деп ойлады аспан.

– Қайдан... е-е, жайлаудан екен-ау... сол... аНаУДыҢ иті талап өлтірген еліктің қозықасы... рас, рас, табиғаттың тамашалары өлмейді, тек бір-біріне ауысып, қайта жаратылады».

– Неге үндемей қалдыңыз, аға?

– Әншейін, есіме бір оқиға түсіп...

– Сіздің қайраттылығыңызға таң қалмаған адам жоқ. Егер менің қолымда болса, сізге Батыр атағын берер едім.

– рақмет, айнам. маған енді еш нәрсенің де қажеті жоқ. мен енді бұдан былай өткен өмірімді ойша қайталап қана өмір сүре аламын. Демек, отыз бес-ақ жыл ғұмыр кештім деген сөз.

– Түсінем ғой, – деді қыз күрсініп. – Дегенмен, сіз керексіз біздерге. Өмірді сүюді тек сізден ғана үйрене аламыз. аяғыңызды дырылдатып кесіп жатқанда оташыға керекті аспаптарды әперуге шамам келмей ағыл-тегіл жыладым. Жүзіңіз таныс, әйтеуір, бір жерден көрген, еркелеп мойныңызға асылған аяулы адамым секілдісіз. Бұным жанашырлықтан туған жалған сөз емес, жо-жоқ, бұдан былай дәл сіздей мықты жігіттер дүниеге келе ме, келмей ме, деп уайымдауым шығар... Өз аяғымды кесіп алып тастағандай қиналамын, аға... Жақсылар неге ғана жасырын қалады, неге ғана сондай адамдармен қатар жүре алмаймыз, жылдар бойы зар жұта зарығып іздейсің, енді таптым-ау дегеніңде айрылып қаласың, не ерте туасың, не кеш туасың, әйтеуір, қисыны қиюласпай-ақ қояды...

ақ халатты қыздың жаудырған жанарынан сыңар тамшы жас

сорғалап, шиедей әдемі ерніне құйылды. «Құдай-ау, дәл осындай тұнық жанардан аққан жасты қайдан көрдім? Е-е, жан тапсырғалы жатқан қозықаның көзінен...»

– Кешіріңіз, аға, – деп орнынан тұрған қозықа-қыз еңкейіп, аспанның мандайынан сүйді де тез-тез басып есікке беттеді. Жылқышының мұрнын қыз тастап кеткен қош иіс жарып барады.

«айналайын, қозықам-ау, сезімім өлмеген екен, өлмеген екен...»

аспанның алдынан мазасыз, қайғы-қасіретке толы күндер мен ой мүжитін ұйқысыз түндер күтіп тұр еді.аттай зулаған үш ай


өтіп, маужыраған мамыр туғанда аспанды ауруханадан шығарды. Қара саннан төменгі жағы жоқ, алпамсадай дене домалаң қағып, арбаға отырғанда бүкіл дәрігерлер қаумалай қоршап шын жанашырлықпен қол бұлғап аттандырды. Дәрігер жігіт аспанның аяқ жағына дорбаға салған әлденені өзі әкеліп қойып кеткен. Оның сырын тек екеуі ғана біледі... Көктемнің де тамылжыған, ұзатылар қыздай барын киіп жасанған әдемі шағы болды. «Ер жігіт аттан жығылмай жер танымайды» – деген сөздің растығын дәлелдегісі келгендей, жарықтық табиғаттың осыншалық сұлу- лығына сұқтана қарады-ай. Кердең-кердең басып, атқа мініп құйғытып жүрген бала шағында осы әсемдіктің бірде-бірін байқап, елемегеніне қайта-қайта қайран қалады-ай. Делбе ұстап, арбаның алдында отырған әйелі Қамқа күйеуі сезген, жүрегімен ақтарыла тамсанған осынау таңғажайып дүниені көріп келе жатқан жоқ. Өйткені оның – екі аяғы сау. ауданнан шыққалы артына бұрылып, аспанға да қарамаған. Өзі ғана біліп, өзі ғана іштей сезетін мұң қабыздап, жанарына толған жасты қолының сыртымен сүрткілей берді. Бұрылып қарамауы – бәлкім, көз жасымды жарымжан жарыма көрсетіп, көңілін бұзбайын дегені шығар. Жол бойында қарсы ұшырасқан немесе артынан қуып жетіп, басып оза берген жолаушылар жылқышы жігітті жазбай танып, сәлем беріп өтеді. аяқтан айрылған соң осы сәлемшілердің тым көбейіп кеткенін аспан білетін. Білетін де мүсіркегеннен туатын ізгілікке жорыған. Иә, олардың назарын аударатын жалғыз-ақ нәрсе. Домаланып отырған адамға амандаспай көрсін. Иә, олар өздері үшін есендеседі... Өздері үшін.

Сонадайдан ауылдың түтіні көрінді. маңайын тазалап, есік алдындағы, қора маңындағы қыстай жиналған қоқысты өртеп жатқандықтан ауыл үсті көк тұман түтін, будақтап тіпті алыстан болжанатын.

– мені Өрелдегі мүгедектер үйіне апарып тастасаң қайтеді,

– деді аспан. Сынайын деп емес, адал көңілімен айтып еді. – мүгедектер үйінің маған арналғандай жақында болғаны қандай жақсы. Балаларға ағаштан ойып ойыншық, қасық жасап ермек қылармыз. Солар жонып жасаған ағаш қалақтың бір-екеуі, ұмытпасам; біздің үйде де бар-ау деймін...

Қамқа үндеген жоқ. Болдырыңқырап қалған атты «шу-шулей» түсті.

– Қуарған томарды қай қатын құшақтап жатуға құштар дейсің...

– деп көзін сығырайта қарап, бопсалап еді, Қамқа бәрібір жақ ашпады. Әбзелдердің астын ақ көбік басқан аттан өшін алғысы


келгендей, қолындағы бишікпен шықпыртып-шықпыртып жіберді. Тас қағып секеңдеген арба үстінде отырған ерлі-зайыптыларды қалшылдатады-ай кеп.

– ат байғұстың жазығы не, маған сілтесең етті. – Әйелі бәрібір үндеген жоқ.

– Қалдырып кет, осы жерге! – деп аЙғаЙ салды аспан. Осы кезде ғана Қамқа делбе тартып, «др-р-р» деп көлікті тоқтатты.

Тоқтаған соң жалт бұрылып, күйеуіне қарады.

– Ей, аспан! – деді түйіле қарап. Жел желпіген шашы жаулы- ғынан шығып қобырап тұр. – Онсыз да ілініп, үзілейін деп тұрған жанымды қажытпа, білдің бе?! Сен бір мүгедек болсаң, мен екі мүгедекпін. Бұл екеумізге бірдей келген зауал. Бұған дейін сен шыдасаң, бұдан кейін мен шыдауым керек. Өлсең арулап көмем, өлмесең... Онда мен өлгенше бірге жасасасың. Ендеше, төбеңнен көшкінді мен құлатып жібергендей қазымырлана берме. Құдайдың басқа салғаны шығар – мойныңмен көтер. Тағдыр тәлкегін де, сені де көтеріп өтуге менің қуатым жетеді. «Пілдей алып болсаң да орнымен жұмса күшіңді», – дейтін қайран атамыз қандай ақылды еді...

Қайтадан алдына қарады да «шу, жануар» – деп солықтап

тұрған атты айдап қалды. Оқыс қозғалыстан шалқалап барып, арбаның жақтауынан ұстап үлгерген аспан Құдай қосқан қоса- ғына ләм-мим жауап бере алмады. «Осынікі де жөн-ау», – деді ішінен. Бұдан соң ол аптыққан, әлденеге қысастанып, орынсыз шаптыға берген сынық көңілін сап-сап басып, ақылға жеңдірген. Ол әйелінің көзінен адалдықтан жанған отты, өне бойынан неге болсын белді бекем буған нар тәуекел батылдықты аңғарып еді. Ендігі қыңыраңдауы – қырттық екенін ұқты. айналасындағы тамылжыған дүниені қызықтауға қайта көшкен. Оның есіне ауруханада қаршадай ғана сестра қыз айтқан: «аға, шыдаңыз. Нағыз ерлік – адамның өзін-өзі жеңгені» – деген сөз түсті. Иә, мұның қайсыбірі де, аяғынан айрылмағанның бәрі ақылдыдан тумаған, қайта шын жанашырлықпен айтылған таза сөздер екенін бағамдаған. «Өмір сүру керек шығар, – деді күбірлеп. – Екі аяқсыз- ақ сүріп көрейік енді...»

Бұларды сүйреткен атты арба ауылдан бір шақырымдай бері

орман шетіндегі қалың бейіттің жанынан өте бергенде: – Қамқа, ау, Қамқа, сәл аялдашы, – деді аспан. ат тоқтағанда барып: – Сен мені осы жерге қалдыр да, ауылдан күрек алып кел. мынау дорбаның ішінде жатқан екі аяғымды көміп кетейін, – деді.


– Ә, ұмытып барады екенмін-ау. Қазір... қазір... – Қалбалақ қаққан әйелі арбадан секіріп түсіп, күйеуіне иығын төседі. – мені құшақтап, байқап түс. Бір жерің ауырып қалмасын.

Қамқаның арқасына жас балаша мініп еді, әйелі ауыр- сынбастан апарып, анадай жерге еппен отырғызды.

– мен қазір келем.– атты шықпырта айдап ауылға қарай желе жөнелді. Қара жерге құйрығы алғаш тигенде, аспанның тұла бойы дір ете қалды. Сап-салқын екен. «ал, ағайын, енді осы отырғаным – отырған», – деді даусын шығара. Бұдан соң жанында жатқан дорбаны сүйрете жылжытып, тақтаймен қор- шалған бейіттерге жақындады. Әкесінің шеткерірек көміл- ген моласына құйрықпен жылжып жетті-ау. маңдайынан бұршақ боп тер сорғалады. Қиын екен! Бетін сипап, әкесінің аруағына иман айтқан болды. Жаңадан қылтиып шыққан көк шөптің бір талын жұлып аузына салды. Әлі дәм кірмеген жасық екен.

ауылдан бері шыққан арбаның шаңы көрінді. «Қайтсін, байғұс құстай ұшып-ақ келеді. – мынадай қайратына сүйсінді. – Қатын қайраттанса қазан қайнатар, деген бос сөз. мен айтар едім: қатын қайраты қара жерді қақ айыруға жетер. Оны соғыс кезінде көргенбіз».

– Бүкіл ауыл сені тосып отыр,– деді Қамқа арбадан түсіп. – Қане, қай жерді қазайын.

– Әкемнің жанын ала қаз... Тым жақын алма... Күні ертең бас жағымды көмуге орын қалсын.

– Қайдағыны айтады екенсің.

– Тік сөйлейтін болыпсың.

– Әдейі басынан қатты сөйлеп, үйретіп алайын дегенім ғой, – деді әйелі тісін ақсита күліп. мандайына түсіп, термен жабысқан шашын сипап тастады да шұңқыр қазуға қайта кірісті. Жұбайының қазіргі қалпы аспанға соншалықты сұлу болып көрінді. ауада ептеп желемік бар еді, күректі қара жерге қарш кіргізіп, еңкеңдеген Қамқаның ұзын етек көйлегін үйіріп-үйіріп қалған сайын күн көрмеген ақ таңы жарқырап, әдемі жаратылып, жасырып келген мүсінді көрсетіп барып, қайтадан жаба қояды. Тершіген маңдайға бұйралана құлаған қою қара шаш, кейде бүкіл бетін далдалап, жаулығының астына қанша тыққыласа да бой бермей суси береді. Шаруаға әбден төселген оның қимылы да қапшағай шапшаң, оқта-текте алақанына түкіріп алып, шұңқырды тас-талқан қазады- ай. Көк шөптің үстінде қиқайып, әйелінің әр қозғалысын аңдып жатқан аспан анау ұзын бойлы, жұмыр білекті тасқайнат қосағын


жаңа көргендей соны сезіммен аялай қарайды. Қалай ғана байқамай келген, он екі жыл қойнында жатқан Қамқа әлемдегі ең әдемі әйелдердің бірінен екен-ау, тал бойында тарыдай мін жоқ, нағыз сүмбіле сұлудың өзі. Оған қажымас қайрат қосылғанда тіпті жарасып-ақ кетеді екен. Ол өз жұбайына қайтадан ғашық болды. Оқыстан үйленіп, жылқы соңында салпақтап жүргенін- де оның көп-көп қасиеттерін, өзгеге ұқсамас ерекшеліктерін тани алмапты. алғашында арғы беттегі қызды сағынып, алғашқы махаббатын ұмытпай, жарының жанына жара салған күндері де болған. Сонда Қамқаның қой көзінен «менің жазығым не?» – деген сұрауды сан рет оқыса да, алшаңдай басып, аулақтай беруші еді. Дүниеге аман есімді ұл келген соң ғана асаулығы жуасып, өз қағынан өзі жерігенді азайтқан. Тұңғыш ұлдан соң Қамқа күні бүгінге дейін бала көтермей, сыбай-салтаң жүріп алған. Себебін ерлі-зайыпты екеуі де түсінбеп еді және «Неге?» – деп бірі-бірінен сұраған да емес, жалғыздың тілеуін тілеп, соны медет тұтып келді.

Екі аяқтан айрылған соң кіндігім мүлдем кесілді деп ойлаған аспан медсестра қыздың жұпар иісі танауын жарғанда өне бойын қуалап өткен табиғи тәбет, міне, тағы да тағы қоздап, әйелінің қимылдаған сайын дірілдеген омырауы, жел ашқан тоқ саны, анау қопсыған қалың қара шашы үрлеп, лаулата түсті. Көңілінің қар көшкіні басып қалған көкек гүлдері біртіндеп тіріліп, қауашағын аша бастаған еді... Тіршіліктің баларасы ұшып келіп, сол көкекгүлден шырын сора бастағандай... көңі- ліндегі қар көшкіннен аман қалған титімдей ғана бозторғай ұя сала бастағандай... Қан тамырлары алас ұрып ұмытыл- ыңқырап қалған әдемі әуенмен құйын-перен шалқылағандай... неге екені белгісіз дірілдеп, ғашығының қойнына іргеден қол жүгірткендей алқынады... мұзға айналған санадағы сағыныш майдай еріп, төрт айдан соң жауқазын шағын сағынып еді. Жігіттіктің бір тот басыңқырап қалған әдемі сезімі жүрегін тер- беп, өне бойын қытықтап күле бастаған. «Жасаған-ай, – деді ішінен. – Жасаған-ай, аман екенмін-ау, денім сау екен-ау». Толқып, шыдай алмады ма, кемсеңдеп жылап жіберді.

– Ой, саған не көрінді, – деді күректі тік шаншып аңтарыла қарап қалған әйелі.

– Әншейін... келші жаным, маңдайыңнан сүйейін.

– ал, сүйсең – сүй, – деп әйелі тізерлеп отыра қалды. Ерлі- зайыпты екеуі аспанның дорбаға салып ауруханадан алып қайт- қан аяғын арулап көмді.


Қамқа осы оқиғадан кейін де екі құрсақ көтерді. Себебін кім білсін, екеуі де қыз...

 

* * *

алатайдағы қалың қарда қамалып жатқан жылқышыларға аттанған екі жолаушы – бөлімше басқарушысы мен зоотехник, әне, құрық бойламайтын аппақ дарияны қақ тіліп, жылжып келеді. Сонау құзар биіктен қарағанда дастарқан бетімен жорғалаған қос қоңызсынды – қыбыр-қыбыр қараяды. астындағы аттары әбден болдырған. аман тақымындағы боз айғыр ғана өзінің еркек екені есіне түскендей, тусырап тұтасып жатқан қарды опыра орғып- орғып алады да танауын көріктей кере солықтап тұра қалады. Дегенмен осы мардымсыз жүрістің өзімен-ақ біраз жолды еңсеріп тастаған-ды. Түс ауа аспанды туырлықтаған бозамық бұлт ыдырап, күннің көзі шықкан. Қыстың көзі қырауда аспандағы бұлттан кеспір кетеді екен: қазір қаз бауыр емес, түсін анықтап болмайтын сұрқай әлде мұнарыңқы еді. Күннің көзі көрінгенде алдарында сеңдей сіресіп жатқан қар айнадай жарқырап, жанарды жалады. Күлкітоқ пендеге тым әдемі көрініс. ақ тер, қара тер болып, жол салып жанталасқан екі азаматтың ойы – жалғыз; қайткенде де алатай қыстағына аман-есен жету.

– аздап дем алайық, аға,– деді зоотехник жігіт.– менің атым

болдырды. Тіпті сіздің артыңыздан ерудің өзі қиындап барады. аман тізгінін тежеді.

– Қараңызшы, аға, біз салған жол тың төсіне түскен алғаш- қы соқаның ізі секілді ғажап, түп-түзу.

– расында да, ұқсайды екен. аттан түсе тұрайық, белі талды ғой.

Екеуі аттан түскенде бойлары қардан көрінбей қалды. Тепкілеп-тепкілеп ұя жасап алды да, шоқайып-шоқайып отырды. Ерік тонының қалтасын тінткілеп екі-үш құрт алып шықты.

– ал, ағасы, обед жасайық, – деп бірін аманға ұсынған. Сіле- кейлері шұбыра малжаңдап, құрт кемірді. Көліктері басқа ұрғандай сүмпиіп, тырп етпестен тұр.

– алатайға атпен жете алмаймыз, – деді аман аузындағы құртты сарт еткізіп бөліп. – Боз айғырдың шыдайтын түрі жоқ.

– Сонда не істейміз? Көлікті осында қалдырып, шаңғымен тартсақ қайтеді?

– Олай етуге де болмас...

Екеуі де амалы таусылғандай біраз үнсіз отырып қалды. ақ бас


таулардан арқан бойы ғана көтерілген күн сол алып шоқылардың ар жағына сусып түсіп кетейін деп тұр. Суық. Сонау беткейде қар жамылған самырсындар сап түзеп, серейіп қатып қалған секілді. айналаны өлі тыныштық жайлаған. Күн сәулесімен шағылысқан қар сынықтары ғана тіріліп кетердей, күмістей жарқырайды. Сол қар астында жатқан қара жерден хабар жоқ, ол да марқұмданғандай. аруаққа айналған дүлей дүниені белшесінен кешкен қос жолаушы жемтік іздеп, аппақ ұнның ішіне ұрланып енген қара тышқан секілді еді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.