|
|||
Оралхан Бөкей 32 страница– Егер шынымызды айтсақ, майданға жібересіздер ме? – дедім. – Жібереміз, – деді бастықтың орынбасары. – Ендеше милицияны сабағанымыз рас. – Осы, осы азамат менің пистолетімді тартып алған. – Өтірік айтады, – деді қауға сақал шал. – Біз оларды түсімізде де көрген жоқпыз. – Әйелдер де бір ауыздан қостады. Бар әңгіме осымен тамамдалды. милиционер жігіт: «Сен шалдың сақалын күзермін», – деп боқтап, күш көрсете сөйлеп аттанып кетті. «Картошка» мәселесін қайтып қайталаған жоқпыз. Соғысқа бару үшін жасаған бұл әрекетім нәтижесіз аяқталған соң, маңдайға жазылған жұмысымды атқарып жүре бердім. мен сонда қазақтардың «Көресіңді көрмей көрге кірмейсің» деген сөзіне алғаш рет құдайдай сендім. Иә, біз не жемедік, зардабын кейін бейбітшілік орнап, мамырстан заман қайта туғанда тарттық қой. Үсіген картошканы жей берген соң, асқазанымыз ауырып, ішіміз бұзылды. Өлмес үшін не істемейді кісі, бәріне көнесің, бәріне көндігесің. Пенденің басына қиыншылық іс түскенде, бойындағы бар- лық қадәр-қасиеттері біртіндеп сөніп, жынын алған бақсыдай, өз-өзінен жүдеп жүні жығылары бар. Әншейін уақытта аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермей жүретін ауылдың аусар мінезді жігіттері бұл күнде тасуы қайтқан тау өзеніндей жылап ағатын – жуас, арқасын желқом қажаған атандай көмпіс, көкіректегі шер, көңілдегі сырын айтарға адам таппай құсталанған мәңгүрт болып қалған. Елде жүргенде осы менің құрдасым Қожақтан қалжыңбас, бүлдіргі ешкім жоқ секілді еді, қазір өз денесін өзі әрең көтерген көтерем. ал Қаймақ ағамыз әлдеқашан аш аруаққа айналып қалған. Ішіміздегі «сорпалығы бар» Құмырай еді, одан да айырылдық. Бірақ қаншалықты тағдырдан таяқ жеп, екі жастың біріне келмей жатып азып-тозсақ та, өмірге өкпелеп, замананы ғайбаттауға болмайтын еді... Қаншалықты қайғы жұтып, қан құсып қиналсақ та жалпы ортақ тәртіпті бұзып, соғысты пайдаланып қалар сойқандыққа, сотталып кетер сатқындыққа барғамыз жоқ. Торғай екеш торғайда да ашу бар ғой, бауыздалар алдында ешкі де бір бақырап өледі деп, ер- тоқымымызды бауырға алып мөңкісек, қалың орманның ара- арасын паналай қаша жөнелсек, түн жамылып ұрлыққа түссек, күндіз-түні мылтығын шошаңдатып тұрған ешкім жоқ еді. Біз ондай Отанды сатар оспадарлыққа барған жоқпыз. Сол бір қиын-қыстау заманда ар тазалығына сызат түсірмеудің өзі асқан ерлік сынды еді. Ешкім ақыл айтып, үгіт-насихат жүргізбей- ақ, әр жұмысшының өз ожданы «ақылшы» болған кездердің кейінгілерге өнеге етер осындай-осындай мықтылықтары есіме түскен сайын, бүгінгі тоқ күлкі мезгілдің мерез қылықтарын көрген сайын сай-сүйегім сырқырайды.Неге? Өзім де әдібін сөгіп түсіне алмаспын. Соғыс жылындағы әр адамның бойына оқу-тоқусыз-ақ құт болып қонған ақ көңіл, адал да аңқау мінездің азғана түлеп, қоғам қоңданған сайын қоламталанып, білікті білімділіктен туған, «сауатты» сезімнің құлы болып бара жатқан жоқ па деген ұры ой ұялайды. Иә, ол шақта, әйтеуір, бір нәрсеге сенетін едік, тіпті балаша қуанып, балаша алдана алар едік. Егер қазіргі бейбіт те берекелі заманды айдын шалқар Бұқтырма су қоймасы десек, біздер жасаған ересен ерлік пен есіл еңбек сол теңізді қордаландырған мөлдір бұлақ едік-ау. ал бұлақтың басы әрқашанда таза басталмақ, ал біз байытқан теңіздің астында не барын қайдан білейік. рас, қайықшылар жағаға шығып, ақшағаладай кемелер жүзе бастады. Сол әдемі кемеге міне алмағанымызға өкінбейміз де, бәлкім, жағада тұрып қызықтауға жаратылған жандар шығармыз. Кейде ойлаймын, соғыс кезінде «трудармияда» болған адамдар бал арасының ішіндегі қызығын ешқашан да көрмейтін «еңбеккер» араға тым ұқсаймыз-ау, байғұс «еңбеккер» ара ең соңғысы өліп бара жатып, ең соңғы балды ана-араның аузына тосады екен. Сондықтан да бүкіл ұяның өмірін жалғастырады. – лағып кеттім білем. Негізгі әңгіменің арнасына қайта оралайын, – деп алақанындағы насыбайдың қалдығын қағып тастады. – Дегенмен біз де екі аяқты, жұмыр басты пенде едік қой, ал дегенде көп дүниенің парқын ажырата алмадық. Соңғы он жылдағы бейбіт өмір, берекелі тірлікке үйреніп, арқа-басы кеңіген жұрттың жалғыз-ақ күнде апай-топай болуы талайымызды-ақ мәңгіртіп тастаған. Оқу-тоқуы аз, дүниенің төрт бұрышында не болып, не қойып жатқанынан бейхабар қыр қазақтары үшін «ата жау» деген сөздің мәнін жыға танып, түсінудің өзі ауырлау тиген еді. Сонау жоңғар шапқыншылығынан бергі уақытта «жау шапты» деген аттансал ұранды естіп отырғандары осы. Ол шақта дұшпандары іргеден бас салып еді... ал «қызыл» , «ақ» болып атойласқан жылдар бұдан гөрі жеңілдеу ме, қалай еді? Әйтеуір, айтыссаң да, атыссаң да өз ағайының, өз жұртың болатын. Сонау құлақ естіп, көз көрмеген батыстан шыққан жау бұлар үшін – қазақтар үшін «ата жау» санала ма, жоқ па? Тіпті, осы сұрақтың өзін Құмырай сан рет қойып, құлақ етімізді жеп еді-ау. «Идея, мақсат пен мұрат, басқарып отырған үкіметіміз біреу болғанда, жау да ортақ емес пе. Орыс ағайындар сан рет қазақ жерін қорғап қалған» деп шама-шарқым жеткенінше түсіндіріп-ақ бақтым, амал не, «әй, қайдам» деп басын шайқай береді. ал Қаймақ шал мен аусар Қожақ, жуас Бура үнсіз тыңдап, басын шұлғи береді. Оларда неге болсын дау-дамайсыз келісу бар, пәлесінен аулақ, осы күйімізден айырылып қалармыз», – деп көндігу бар. – Иә, көкейдегі көп-көп сұрақтарды соғыстың өзі-ақ ұқтырып берді ғой. Сондықтан да тек немістерді кінәлап келеміз. Жоқшылыққа қазақтардан төзімді жұрт болмай шықты. Ондай аш құрсақ күйдің зардабын талай-талай тартқан елдің азаматтары үйренбеген асын жей алмай бір ашықса, үй ішін сағынып екі ашықты. алғашында ауыздарына нәр салмай-ақ апталап жүре беретін. – Қышымадан жасалған көже, бір тілім нан – біздер үшін үлкен байлық. Баяғыда бұдан да зорын көргеміз, – дейді Қаймақ ақсақал алдындағы бір аяқ жап-жасыл суды сапырып отырып. – Қайғысыз қара суға семірген заман қош-қошын айтқан. Қанағат керек, жігіттер, қанағат. Таудың бегін қазып жегенде де өлмегенбіз. Өкімет аман болса бұлайша ашықтырып қоймас. Барлық мақсат тойып тамақ жеу ме екен. Соғымға үйірлеп жылқы, қора-қора қой сойған атақты байлар да өткен бұл дүниеден. Жоқтан өзгеге тарылмаңдар. Құдайдан Гитлердің өлімін тілеңдер. – Жаудың жеңіліп, Гитлердің өлгенін көру үшін де аштан өлмеуіміз керек қой, – деп сөз жүгіртті аусар Қожақ. – Өл-тіріл еңбек ет, өл-тіріл тамағыңды асыра. Суішкілігің таусылмаса балталаса да өлмей сол көксеген күніңе жетесің. – Кеше станция маңына бір вагон картошка төгіп кетіпті, күзетшісімен келістім, бір дорба беретін болды, – дедім мен жолдастарымның сарыуайымын азайтқым келіп. – Ой, ол ұрлық қой, – деді Қожақ. – Ұрлық болғанмен, игілікті ұрлық, – дедім мен. Үйден хат келді. Көптен бері хабар-ошар ала алмай, уайымдап жүр едім, төбем көкке жеткендей қуанышқа кенелдім. Хат болғанда қандай десеңізші, жанымды жайлау, көңілімді көктем еткен сүйіншілі, мың жылға бір-ақ жетерліктей нұрға бөлеп, жарқыраған құдіретті, бой тұмардай мәңгілікке сақтар қасиетті. Жанарымнан жас саулап, қайта-қайта көз жүгіртемін, тіпті, өзіме өзім сенбей ауылдас жігіттерге оқыттым. Олар да ойран-асыр қуанып, құттықтап жатыр. «Бәсе, – деймін ішімнен, – бәсе, менің де атар таңым, ат ұстар ұлым болу керек қой. Не жазыппын жаратқанға». «...аса құрметті асылым! алыста жүрген ерім менің! Сүйінші, ұлды болдың! аман-есен босандым. Дүниеге құлын келді. атын – Баламер қойдық. Ұзағынан сүйіндірсін, артық қуанбайық, арты қайырлы болсын, тәубе-тәубе! Жағдайымыз жақсы. ауыл-аймақ аман. апам мен атам, балалардың дені-қарны сау. Қайнағам мен қайнымнан жалғыз- ақ хат келген, әдірісі анық емес, ауысып отырады екен. Соғыстағы кейбір жігіттерден қара қағаз келді. атын атап жүрегіңді ауыртпай-ақ қояйын. Өзім қазір наубайханада нан пісіріп жүрмін. Жұмысым жеңіл. Біздің жақта күн жылы. Шөпті жеткізіп, картошканы қазып алғанбыз. Қайғы жоқ, тамақ тоқ дегендей. Жалғыз-ақ арман – сендердің аман-есен оралуларың. Бізді уайымдама. Денсаулығыңды күт. Босанған күні шаршап барып көзім ілініп кетіпті. Түсіме сен кірдің. Бұлақтың басында жүзің аппақ қудай болып, бетіңді жуып отыр екенсің деймін. Соншалықты жүдеусің, ақан, бір жерің ауыра ма? Әр жазған хатыңда: «Барлығы керемет, барлығы тамаша», – деп мақтайсың... «арқада қыс жақсы болса арқар ауып несі бар» демекші, тәңірім-ау, мынау қан сасыған заманда «тамаша» өмір болушы ма еді. ал Құмырайдың әйелі «итқорлығын көрсетеді екен» деп зар еңірейді. Жасырмай шыныңды айт. Шүкіршілік, соғыста жүрсең қайтер едім. ақаным менің, күмістелген ер- тоқымың сақтаулы. атқа ер салып, Баламерді алдыңа алып, мені ертіп өзіміздің ен жайлау Көкжотаға шығар күн де туар. Шыдайық. Жағдайыңды жасырмай айтып, толық етіп хат жаз. Көріскенше күн жақсы болсын, ерім. Сәлеммен, алмаң». «Көріскенше күн жақсы болсын», – деп ішімнен қайта- ладым. 1943 жылдың, яғни жаңа жылдың басында жүздеген жұмысшы аудан орталығына жаяу-жалпылы сапар шектік. Қысқы орман ішінде қар кешіп ширыға шұбырған халықты тоқтатар күш жоқ еді. Директор, цех бастығы, десятниктің жолымызды кес-кестеп, ақырып-бақырғанына аялдап, сөз- дерін тыңдаған адам болмады. Жұмысты бір кісідей бірігіп бастадық та, күннің суығы, жолдың қиындығы, ауданның алыстығына қарамай соза тартып келеміз. Сандаған ұлт өкіл- дерінен құралған жұмысшыларда жалғыз ғана тілек бар. Жағ- дайымызды түсіндіру, майданға алуын өтіну. Бұл қайнаған қан, жұлқынған жүректен шыққан адал да батыл тілек. ары қарай шыдау мүмкіндігі біткен соң, әупірімдеп бастап кеткен орыс ағайындарына ердік те, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара дегендей білек сыбана беттедік. Былтыр жазда менің досым Иван қозғау салған, ұятымыз бен ар-ұжданымызды оятқан бастаманың сөніп барып, қайтадан қар бетінде тұтануы еді. Не болса да көріп алмаққа аттандық. ауданға жетіп, райком мен райвоенкоматтың алдына топ- талдық. Жұбымыз жазылмастан иықтасып тұрған біздерді таратпаққа әрекет жасап безектеген директорымыз Шах- тинскийде зәре жоқ, амалы қайсы, бұл қарекеті өте кеш еді, ештеңе өндіре алмады. Есік алдына аудан басшылары мен әскери комиссариат шықты. Ұзын бойлы, көзілдірікті орыс жігіті жағдайымыздың нашар екенін, сондықтан да қолымызға қару алып, Отан қорғауға жіберуді өтінген талап-тілегімізді аса мұқият тыңдады. Біз кен орнына жеңіспен оралдық. Сол кездегі бастық- тарымызды түгелдей орнынан алды. Шахтинский қой терісін жамылған пиғылы жат адам екені анықталып, сотқа тартылды да, оның орнына директор болып Карпов тағайындалды. Бараққа радио орнатылды, әр күн сайын саяси хабар жүргізіліп, майдан, тыл өмірінен толық мәлімет алып отырдық. Қазақтың «Көп қорқытады, терең батырады» дейтін сөзі тегінде рас екен. Соғыс басталғаннан бермен арқамызға ерттеп мініп алған шолақ төрелер жалғыз-ақ күннің ішінде сайда саны, құмда іздері қалмай көзімізден құрыды, көңілімізден өшті. Сөйтсек, жат пиғылды жандардың жұмысшылардың өкіметке қарсы жаппай наразылығын туғызбақ қастандық әрекеттері екен-ау. Бірақ біздер сенімімізді жоғалтқан жоқпыз, сағымызды сындыра алмады. Иә, рухы мықтылар ғана жеңеді. Сондықтан да шындықтың бетіне тура қарай аламыз. Іріткі салмақ болған арам ниеттің күл-талқанын шығардық та, жан тазалығымызды арашалап алып қалдық. Тегінде, адамның ниеті бұзылмасын де, егерадамның ниеті бүлінсе, ондаоғанешбірқаруда, үгіт-насихат та төтеп бере алмақ емес. «Трудармияның» солдаттары ең әуелі Отан, туған жердің алдындағы борышын шыдамдылығымен, қайсарлығымен, қаншалықты тозақ отына өртеніп жүрсе де, ақиқатқа сеніп, жақсылықтан күдерін үзбеуімен дараланады. Әрине, бар кінәні, «уақыт талабы, заман солай» деген сөздерге сілтеп, өз-өзімізді алдарқаттық. Дегенмен түптің түбінде, яғни бейбітшілік орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мезгіл келгенде, сол уақыт пен Отан алдында есеп беретін күн болмай ма... Иә, сол шақта кімді кім жеңгені айдан анық, күннен жарық болар, бірақ кімді-кім сатқанын тайға таңба басқандай таба аламыз ба. Нағыз шындықты білетіндер шейіт болып, олардың күні ертең куә боларын алдын ала сезген соң өліміне себепкер болған аНаУларДыҢ аты-жөнін айта аламыз ба. Бізге жеңісті көксегенде сен тимесең мен тимен деп, тып-тыныш ғұмыр кешу үшін емес, адамдардың ақ- қарасын ажыратып, сатқындарды ақиқаттың сотына тарту үшін көксеген шығармыз. Шүкір, ондай атты күн туды. Шүкір, біртіндеп ОНДаЙларДаН арамызды аршып та жатырмыз. Жауға қызмет етіп, жау жеңілген соң бет-пердесін сыпырып тастап, баяғыша баянды өмір сүрмек болғандарды іздеп тауып та жатырмыз. Әттең, тауысып бітпегенімізге, қайсысы екенін әлі де таба алмағанымызға өкінемін де... Кімдер олар? Қандай қызметте жүр? Жаман айтпай жақсы жоқ, Отанымызға қауіп бұлты төнсе тағы кімдер бір бармағын ішіне бүгіп жүрген? Ең қиыны осы еді. мәңгілік майдан аяқталған жоқ дейтініміз де содан-ау. рас, ел басына күн туғанда ербитіп басын қайта көтерген ежелгі жаулардың орман арасына паналап, екі жыл бойы жұмысшыларға жасаған қысастығынан осылайша құтылдық. Іштен шалмаққа әрекет еткен ескіліктің сарқыншақтары сол шақта кең-байтақ еліміздің қай-қайсы түкпірлерінде бар еді ғой. Таптық мүддені түсінбей, саясат сауаты жетілмесе де, пенделік пасық та сасық қулық-сұмдықтардың ауылда да ойран салып, ойына келгенін істеп баққанын артынан естіп білдік қой. Әсіре- се заманның тыныш, азаматтардың бар кезінде бұғып жүрген жабылардың, ит жоқта шошқа үреді қораданың керін жасап, атқа мінгені – жуас жұртты жұдырықпен, айқаймен басқарар шолақ төреліктің бағының жүргені мерейінің тасығаны- тын. Құрғақшылықты ауыр жылдары құрт-құмырсқа, бақа- шаянның қаптап кететіні секілді, соғыс жылдары одан қашқан, бұдан қашқан, жамандықпен көзін ашқан ашқарақтардың асығы алшысынан түсті. 1943 жылдан бастап жау қашып, совет әскерлерінің жер жаңғырта уралаған даусы естілгенде ондай шолақ төре, әпербақандардың да жүні жығылып, кеме келген кезде толқып жағаға лақтырып тастаған салындыдай қайраңдай бастаған. Осындай жаппай шабуыл тұсында, Ұлы Жеңістің нышан- дары сезіліп, сенім мен жігер ұштасқан ұмтылысты шақта коммунистік партияның қатарына өтуге өтініш бердім. майданға сұранған тілегім қанағаттандырылмағанмен, мұнда да мықты жігіттер керек деп, броньмен мүлде қалдырған соң, қазіргі жұмысымды адал атқаруға білек сыбана кірістім. Көктем туа партия қатарына қабылданып, десятник болып тағайындалдым. Бірақ асқазанымның ауруы оңалмай-ақ қойды. Күн өткен сайын жүдеп, ішкен тамағымды іле-шала құсып тастаймын. Елден көптен бері хабар алмай жүр едім. Түнде кезегім бітіп, шаршап келіп ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап соңдарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым- жырт. Шошына ояндым. Екеуінен де мәңгілікке айырылғанымды жүрегім сезіп еді.
– Белімді тас қылып байладым да,сиыр саууға шықтым. Жөргекте іңгәлаған жалғыз ұлым жатты, – деп алма кемпір әңгімесін бұдан ары жалғастырды. – алғаш босанған күні жөргекте құндақтаулы жатқан баланың бетіне қарауға мұршам келмеп еді. Сиыр сауып келген соң қыңқылдап, қозғалақтаған нәрестені алғаш рет қолыма алдым. мен шошынып қалар деді ме екен, баланың жалқақта- нып туғанын жасырып айтпапты. Өз көзіме өзім сенбедім: денесі, беті сап-сары... Сол сарғыш түс қырқынан шыққанша тарқамай қойып еді. Көршіміз анна деген орыс кемпірі емдеп- домдап әрең кетірді. Баланың сарғайып туғанын біреулер – оттың жалыны өтіп кеткен дейді, ал аннаның топшылауынша – шырмауықты көп қайнатқандікі, у шөптің иісі сіңіп кеткен көрінеді. Не керек, әйтеуір, тірідей дүниеге келгеніне қуандым. Құлыным аумаған әкесі: қыр мұрын, жіңішкелеу көзі – бәрі- бәрі ақанның аузынан түсе қалғандай-ау. Өзі тынышты, әбден қарны ашқанда болмаса, мұрны пысылдап ұйықтай береді. Емшек сүтіне де жарымай жетілді ғой. Туғанына жеті күн өтпей жатып-ақ оны үйге тастап, жұмысқа қайта шықтым. Енем аннаның ақылымен ешкінің сүтіне мак қосып қайнатып береді, тойып алған нәресте мен наубайханадан келгенше масайып ұйықтай беруші еді. Тағы да қыс түсіп, сақылдаған сары аяз келді. Сол жылы қар қалың жауып еді. Ел адам танымастай болып жүдеген, әсіресе біздің үйге ауырлау тиді. Кісі саны көп, он шақты жанбыз, тек қана картошкаға қараған күн. Шиеттей балалар ертеден кешке дейін жей-жей одан да шықты. Жалғыз сиырдың сүті Баламер мен өлсе де қара шай ішпейтін қарттарымыздан артылмайды. Төркінімнен келген бөртпе шәлімді белге байлап, ақанның етігін алып, қол шана сүйреп сол ауылға бет түзедім. Ондағы ойым бөртпе шәлі мен етікке айырбастап жарты қап болса да бидай сатып алу. Баламерді тырбаңдатып жалаңаш қойныма тастап жібердім, жалаңаш денеге жабысқан бала тоңбайды, естігенім бар еді. Күн суық. Жер шалғай. Жаяу-жалпылы салпақтап келемін. Орта жолға жеткенде артымнан шана жеккен шал қуып жетті. Қуана алдын кес-кестедім. «ала кетіңіз»деп өлердегі сөзімді айтып жалбарындым. Безбүйрек кісі екен, «жүгім ауыр» деп зу етіп өте шыққаны. Қойнымдағы ұлымның өлі-тірісін анда-санда тексеріп қоямын да, қысқа жолмен безектеймін-ай. Сонадайдан Құндыз ауылының түтінін көргенде, алдымнан астау-астау жал-жая алып, құшағын жая қарсы алатындай көзімнен жас шыға қуандым. Қуанбасқа шарам жоқ еді. Бұл ауылда Күләнда деген қайын сіңлім тұратын еді. Бос қол шанамды сүйреп, солай қарай беттедім. Бөтен кісі екенімді сезген иттер шықты алдымнан абалап. Қолымдағы таяқпен жасқап, қорқа-қорқа межелі үйіме жеттім-ау. Күләнданың өзі де жаңа босанған, будақ-будақ суық ала кіріп барғанымда баласын бөлеп отыр екен, алғашында тұмшалана оранған мені танымады. – аманбысың, Күләнда, – дегенде ғана барып: «Ойбау-ау, тәтембісің», – деп ұшып түрегелді. ал дегенде сұрағаны: – Тәтем-ау, жас босанды, ұл тапты деп естіп едім, ол қайда? – Ол міне, – деп, тіршілік белгісін танытып, жалаңаш қойнымда тырбаңдап жатқан Баламерді қоянның көжегіндей суырып алдым. Етжеңді денем бұлтиып тұрғанын байқамаса керек, көзі бақырайып өз баласын тастай ұмтылып бас салды. – Құдай-ау, мұныңыз не?Тірі ме өзі? – Қолымнан жұлып алып, тынысын тыңдап, бетінен сүйді. – Омырауың суық шығар, мен емізейін. айналайын-ай, құйып қойған ағатайым ғой. – Өңірін ашып жіберіп, емшегін берді. Әбден қарны ашқан қызылшақа бала сорпылдатып сора бастады. – апам мен атам сау ма? ақан ағамнан,Бағдаттан хат бар ма? ақтайлақтың құрбан болғанын естігенмін. Барайын-ақ дедім, дәл сол кезде босанып қалдым ғой. – Бауы берік болсын. Тұңғыш балаң ғой. атын кім қойдыңдар? – деп бесіктегі сәбиге үңілдім. – Клара. Тынышсыздау. алғашқым болған соң ба, бабын білмей көп әурелендім. – ал ерте күнді кеш қылмай, бұйымтайымды айта отырай- ын. Тамақ іздеп шықтым. Бір айдан бері картошкеге қарап қалдық. Ұн жоқ. – Беліме орай байлаған бөртпе шәлімді шештім. – ақанның етігі мен мынау төркінімнен келген жалғыз жасау – шәліні алып, астық беретін адам табыла ма? – апыр-ай, тәтем-ай, ең бір қимас заттарыңды алып шыққан екенсің, шындап ашыққан екенсіңдер-ау. мен көршілерге жүгіріп барып келейін, біреу болмаса біреу келісер, сен балаларға қарай тұр, – деп, асыға тонын киді де, үйден лып етіп шыға жөнелді. мұса деген молда шалды ертіп, қайта кірді. мен оны бірден таныдым. Бағана шанасына отырғызбай кеткен қақбас осы кісі еді. Ол етік пен бөртпе шәліні бит қарағандай ұзақ ұстап, мұқият тексерді. ыңыранып, ойланып, басын шайқап, бұлдана тіл қатты. – Жарты қап рошқа келісем. Одан артыққа бағаласаң, басқа алушы ізде, – деді, қолына жағымсыз зат жұғып қалғандай жиіркене тастай беріп. Жыным келді-ақ, терісін басына қаптап, үйден қуып шығайын деп ойладым да, қайта айныдым. расында, осы шәниген шалдан айырылып қалармын деген қауіп жеңді.
|
|||
|