Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оралхан Бөкей 29 страница



– Жасырақ кезімде, ол кісінің жігіт, менің қыз кезімде... арамызда тым тереңдемеген жақындық, сырластық болып еді.

– Оның кім?

– Ол екеуміз сан рет кездестік, өмірлік жолды бірге өтеміз деп уәде беретін. Бір-бірімізді құлай сүйіп, шын ғашық жандардай қиналып та жүрдік. Ол жуас, мен шолжыңдап өскен тентек едім. Жолыққан сәттерімізде ол төмен қарап, тілі кесілгендей үндемей тұрар еді, ал, мен өзім құшақтап, бетінен де алғаш рет өзім сүйгенмін.

– атын айтпайсың ба? – Сақыш менің сұрағымды тың- дамағандай әңгімесін жалғастыра берді.

– Оның бұйраланған көмірдей қара шашы, бидай өңі, қыр мұрны, күлімсіреп қарайтын кішілеу, бірақ отты жанары, ойшыл да бір беткей мінезі... бүгінгідей көз алдымда. амал не, тағдыр бізді қоспады, әрқайсымыз жеке-жеке қайыққа мініп, өмір ағысымен кеттік. Қосыла алмағанымызға өкінген жоқпыз. адамды бақытсыз ету оңай ғой, ал оны бақытты ету екінің бірінің қолынан келетін ерлік емес. ағасы өлген соң, соңғы рет менімен жолықты да, сенің мәңгілік жарың болды....

Неге екенін өзім де білмеймін, Сақыштың толқып, ұялыңқырап айтқан әңгімесін соншалықты жайбарақат, сал- қынқандылықпен тыңдадым. Тіпті бойымда қызғаныштың титімдей де оты тұтанған жоқ. Не деп қызғанар едім.  Қалай

ғана?  ақан  алтайдың  ару  қызын  қиып  тастап,  маған  –  екі


байды жұтқан маған жар болғанын мақтан етіп, жар салу да жараспас еді. «Жүгірген алмайды, бұйырған алады» деп қазақ бекер айтпаған ғой. ал егер адалынан ақтарылған Сақышты жазғырар ма едім. Жоқ. Біз дүниеде кімді таңдап, кімді ардақтарымызда, кімнің бағы мен сорына жаратылғанымызды әсте де білмейміз. Біздің білеріміз – нәтижесі ғана. арманға жету дегеніміз – әбден болары болып, бояуы сіңген ісіңнің қорытындысын жинақтау, сол арқылы ақылға келу, өткеніңді еске алу, түйін түю емес пе. ақанға қосылған күннің өзінде бақытты боларына кімнің көзі жетіпті. Оны Сақыштың өзі де мойындап жатыр ғой. Ендеше, ақан мың қызға сөз айтып, айлы түнде аймаласа да, оның маңдайына атын атамай, «Жуас қайным» деп жүрген туған жеңгесі мен жазылған екенмін. Дегенмен жұмыр басты, ет жүректі пендемін ғой, «ақан маған үйленгеніне өкінбей ме екен», – деген ой анда-санда мазалай беретін. Сол бір жылтыңдаған ойдың үнін өшіретін жалғыз- ақ нәрсе бар, ол – құрсағымдағы жылбысқы нәресте. Жарық әлемге аман-есен әкелу ғана емес, ұл ғып әкелу – тек сонда ғана армансызбын.

– Сен жылап жатқаннан саумысың, – деді Сақыш маған қарай аунап түсіп.

– Жоқ, – дедім мен нығыз дауыстап. Ол сенбеді ме, көзімді сипады:

– Сендей тасқайнат әйел, әй, енді қайтіп жаратылмас-ау.

– Сендей ақкөңіл, адал әйел де туа қоймас, – деп бетінен сүйдім.

Қараңғылық басқан. Зуылдап ұшқан түн қоңызы мен бақаның даусынан өзге үн жоқ. Толайым тіршілік шалдығып барып бой алдырып жатқандай момақан. Тоғай арасындағы сиыр соқпақпен ілбіп басып, ауылға  қайттық. Әрқайсымыз өз арманымызды, өз мұңымызды арқалап келеміз. мүмкін екеуміздің ойымызда жалғыз-ақ адам шығар.

– Әттең, соғысқа да алмады-ау, – деп күрсінді Сақыш.

– Бірақ ешкі тулап ыңыршағын шаға ма. Осы қу бас болып қалғаным – қалған шығар.

мен оны жұбата алмадым. Иә, жарықтық, ол да өтті дүниеден. Ертеңінде наубайханаға барып, нан пісіру жұмысына кірістім. Қып-қызыл тілі жалаңдаған жалынның ортасына кірдім де кеттім.


...Жаздың ортасына таман майданға алынған азаматтар- дың орнын басуға жүздеген қыз-келіншек келді. Улап-шулап, сол кезеңнің бар қайғысын, қалған-құтқан қуанышын ала келді, айналайын әйелдер... – деп, ақан шал әңгімесін одан әрі жалғастырды. Орынбай қолындағы ожауымен кесеге қымыз үстеп құйды. – Еркектер енді екі есе жұмыс істеу керек, өйткені әйел заты нәзік, жар болуға жаратылған жан ғой, қара күш қажет ететін жұмысқа ал дегенде төзе алмайды. Бұрынғыдай емес, орман арасында, үлкен өмірден кесіліп қалғандай болып жататын жүдеу де көңілсіз бараққа жан біткендей қым-қуыт қызыққа айналып, жайнап, жасарып шыға келген. Жаздың жайма-шуақ күні еңбектің де екпінін күшейте түскен-ді. Жұмысшылардың көбі сасық барақтан қашып ағаш түбіне, ашық аспан астына түнейтін. Әсіресе, түн баласында Орал таулары шоқтықтанып, жүндес жақпар тастары айбармен үңірейе қарауытатын. Шың басына дейін ерінбей ере өскен қарағай, қайың мен терек біртіндеп сирексіп, тамыры мықтылары ғана сонау ұшпа тастың жарығын сыналап өсіп шынарға  айналған

– шыңның басына қадаған жалау секілді, етектен қарағанда әдемі көрінетін. Жыл құсындай қиқулап келген қыз-келіншек пен азаматтар арасында адамдық жақындасулар, сыбырлап басталып сыбызғылана жарасқан сырластықтар шешек атты. Қазір ойлаймын – ұлттар, халықтар арасындағы нағыз берік достықты нығайтқан соғыс, ауыр шақтағы тағдырластық, қара нанды қақ жарып жеген дәмдестік, бір аяқтан ас ішіп, бір шұңқырда қатар жатқан бірбүтіндік. Жау – біреу болған соң мақсат та, арман мен үміт те, сезім мен сенім де бірегейленіп, кімнің қаны қандай, жаны мен түр-түсі қандай деген сықылды әурешілдік әрекеттер мен бөлінушіліктің арасындағы уланған жіпті қиды да жамырата қосып жіберді.Әлі есімде: біз алғаш рет барғанымызда кейбір ұлт өкілдері жер бетінде қазақ деген халық барын білмейтінін жасырмай айтып еді. мен Свердловскіден келген Иван атты орыспен достастым. менен гөрі ересектеу, еңгезердей денелі, көк көз, сары шаш жігіт еді. Соғысқа кіре салып жараланады да, ептеп жазылған соң «трудармияға» жібереді. алғаш келгенде, ауруханадағы ерекше күтімнің әсері ме, аппақ сазандай толықша жігіт еді, жұмысқа түскен бір-екі айдың ішінде аруаққа айналып шыға келді. Өзі біртоға, жолдастарына адал, қолы ашық аңқылдаған


ақкөңіл. Ол қазақша білмейді де, ал менің нан сұрап жерлік орысшам бар еді, осы Иванмен сөйлесе-сөйлесе келе ептеп жаттыға бастадым. Ол әлі үйленбеген, елінде жалғыз шешесі бар екен, сол кісіні қайта-қайта есіне алып, аяп отырушы еді. Украина мен Беларуссиядан келген қыз-келіншектердің бірін ала қайтамын ғой деп әзілдеп қоятын. Институттың үшінші курсынан әскерге алынған Иванның біздерге қарағанда сауаты бар, көзі ашық, көкірегі ояу. Әсіресе, саяси сауаты мол, қазіргі майдан жайынан хабардар.

Бір күні ол кешке барақтағы барлық жұмысшыларды жинап алып соғыстың барысы, совет жауынгерлерінің жан қиярлық ерлігі жайлы әңгіме өткізді. Бұл кен басшыларының рұқсатынан тыс, өзіміз ұйымдастырған саяси хабар кеші еді. Әңгіме арнасын тауып, тұс-тұстан сұрақтар жаудырып, қанағаттанарлықтай жауап алып енді қыза берген кезде бастығымыз Шахтинский келді де, бидайдай қуырып ұрысты.

– Біздің келісімімізсіз жиналыс өткізуге кім право берді?

Қане, тараңдар!

– Өз ықтиярымызбен...

– Өздерің неге анда-санда айтып тұрмайсыңдар?

– Біз түрмеде жүрген жоқпыз... Өлдік қой әбден...

– малды да бұлай бақпас...

міне, осы секілді сөздер жан-жақтан жаңбырша жауып, Шахтинскийдің аузын аштырмады. Ол бір қызарып, бір сазарып тұрды да: – Жарайды. Олай болса өткізіңдер. Бірақ ақырғы рет. Ерігіп жүрсеңдер жұмыс күнін бір сағатқа тағы ұзартамын,

– деді. Көзілдірігін сүртіп киіп, кетуге ыңғайланғанда, Иван:

– Тоқтай тұрыңыз, – деді жолын кесіп.

– Сіздердің бұл карьердегі іс-әрекеттеріңіз маған мүлдем түсініксіз. мыңдаған жұмысшыны орман арасындағы аңдай қамап ұстап, қараңғы жұмсап, тағдырмен ойнауға болмайды.

– Сен кім едің бізді тергейтін?

– мен – соғыста жараланған жауынгермін. Қазір жұмысшымын.

– Ендеше, жарқыным, өз жұмысыңды біл. Тіл безегенше, нормаңды орында. Қарапайым халықтың миын қатырма. Бұл

– еңбек армиясы!

– Еңбек армиясы да, негізгі армияның бір бөлігі. Оқ жауған майданда да оң-солымызды танытып, ойын қоятын, хабар жүргізетін. ал сіздер қораға қамаған қой секілді қараңғыда


ұстағыларыңыз келеді, – деп, шімірікпей бастырмалатты. риза болып қалдық.

– Жоғары жақтың рұқсатынсыз жиын өткізуге қақың жоқ. мұның ақыры жікшілдікке, бунтқа апарып соғады. Әлде... Өкіметке қарсы топ құрып жүрген шығарсың... Тексереміз. аяқсыз қалдырмаймыз. Тілің тым-тым ұзын екен... Өзің партияда бармысың? – деп қарсы шабуылға көшіп, Иваннан қоғамға жат мінездер іздей бастағанда, бағанадан едіреңдесіп, жұбы жазылмай тұрған жұмысшылар жылыстап тарап, біртін- деп шетіней берді. Байқап тұрмын, алғашқы болып атып шығып кеткен Құмырай еді. мен Иванның қасында тұрғанмын, Шахтинский қойнына қол жүгіртіп менің де аты-жөнімді, қайда, не істейтінімді тәптіштеп жазып алды.

– Партияда өзіңіз барсыз ба, соған күмәнім бар. – Иван тайынар емес.

Он жылдық стажым бар, құрметтім. Сен іштаншаң жүрген- де өткенбіз.

– Бекер-ақ болған екен, – деді Иван мысқылдай.

– Не бекер болған?

– Сіздің байқаусызда партбилет алып, бастық болғаныңыз.

– Қысқарт! – Шахтинский шиқандай қызарып ашуланды.

– Я вам покажу где раки зимует! – Шұғыл бұрылып, шапшаң басып шығып кетті. айналама қарасам он шақты жігіт қана қалыппыз.

– Өзіне де сол керек. Қатырдың. міне, жігіт, – деді барақтың босағасына сүйеніп тұрған ақ көйлекті, көгілдір көзді қыз.

Осы өзін қуаттаған жалғыз ауыз сөз Иванды арқаландырып жіберді ме, қыздың бетінен шөп еткізіп сүйді де: – Қыдыруға қалайсыз? Қолыңыз тие ме? – деп бірден ұсыныс жасады.

– Сол үшін есік күзетіп тұрған жоқпын ба, – деп қыз сыңғырлай күлді.

– Ендеше, жүріңіз. Жаныңызда құрбыңыз бар ма? ақан досымды жападан-жалғыз тастап кете алмаймын.

– Сіздікі қызық екен. Әдетте қыздар осылай қылымсушы

еді.

– Қазір менсінбей менменсіп тұрар, жоқ болмаса қыз

қылымсып, жігіт жағымсып тұрар уақыт па.

– Оныңыз рас қой, бірақ уақыт солай деп, тауыққа да айна- лып кеткен жоқпыз. Әйел намысын ешқандай жау, ешқандай қару-жарақ, аштық пен жоқтық жеңе алған емес. ауыр уақытты


желеу етіп, басына сөйлегеніңізді қайтып алыңыз. Әйтпесе мен сізбен қыдыруға шықпаймын.

– Кешіріңіз, асығыс айтылған оғаш пікірімді өзіме қайтарыңыз, – деді Иван қыз уәжіне жығылғандығын ұяла мойындап.

Біз үшеуміз түн жамылып сыртқа шықтық. Қыз өз жатын орындарына жүгіре басып кетті де, құрбысын ертіп қайта оралды.

– ыңғайсыз болды-ау, мен кетейін, – деп күңкілдедім.

– Жеп қояды деймісің. Дем алып, қыдырып қайтайық.

– мен сен секілді сұр бойдақ емеспін, әйелім, үш қызым бар, төртіншісін күтіп жүрмін.

– Қызық екенсің, – деп күліп арқамнан қақты Иван. – Саған үйлен деп үгіттеп тұрған жоқпын. адам ретінде әңгімелесіп, сырласуға болады ғой.

– Қазақтар танымайтын қызбен «әншейін» қыдыруға үйренбеген. Ойнаймын деп от бассам, жанасам деп жаныма жарықшақ түсіріп алсам қайтемін.

– Ой, сені де жігіт дейді-ау.

– міне, біз келдік, – деді жадырай күлген бірінші қыз жақындай бере. – Танысып қойыңыздар, менің досым – Надежда.

– Әуелі өз есіміңізді айтпайсыз ба? – деді Иван қолын ұсынып. – менің атым – Иван, мына жігіт – ақан деген қазақ.

– мен – Галинамын.

Осымен қысқаша таныстық аяқталды.

Иванның сөзі түйеден түскендей оғаш естілді ме, қыздар ыңғайсыздана ошарысып қалған. ақырын басып, орманға қарай беттедік. Барақтан ұзап кетуді қаламаған қыздар жүз қадамдай жүрген соң тартыншақтай бастады.

Шілденің түні жылы. ай толып, он бесінен асқан әдемі шағы еді. айдың сәулесі ағаш арасынан шұбарлана, сыналап сәуле шашады. Иван мендей емес еті тірі, пысық жігіт қой, Галинаны ыңғайлап бөліп алып кетті. Біз біразға дейін не айтарымызды білмей үнсіз тұрып қалып едік. мен орысшаға шорқақтығымнан жасқанып жақ аша алмадым. Тегі, қыз әңгімені мен айтар деп күткен болуы керек, ол да алғашқы сөзді бастай қоймады. Тіпті ыңғайсыз-ақ болды. Көкейімде «бекер-ақ келдім» деген өкініш бар. ғұмырымда бірінші рет жатжұрттық қызбен қатар тұрмын. Түсім секілді. Оның ажарын ала көлеңке


орман арасында анықтап байқай алмадым. Ол қолындағы жапырақты жұлмалап, төмен қарап тұра берді. Өзімді-өзім жек көрдім, ынжықтығымды ауылымнан көрдім. Қорада байлаулы өскен бұзау секілді жуастығым тілімді байлады. Дірілдеп, сескенгендеймін бе-ау... Бар қолымнан келгені, бар білетін орысша сөзімді қолдандым.

– Как вас зовут – дедім.

– Я же вам сказала: Надежда, – деп қыз күлді. Кірерге жердің тесігін таппадым. алайда осы оспадарлықтың өзі де екеу арадағы қамалды бұзғандай еді. Шоқырақтап біраз жөн сұрасқан болдық.

Надежда Украинадан эвакуациядан келген екен. Ол сыртта жүргенде үйлеріне бомба түсіп, өзінен басқа тірі жан қалмай қаза тауыпты. Екі көзінен жас парлап, болған уақиғаны айтып бергенде, сай-сүйегім сырқырап, жанарымнан жас қалай шыққанын байқамай қалдым. Қабырғам қайысып аядым. Оның жанында біздікі еріккеннің ермегі екен-ау деген ой келді. Қарғадай қыздың он екіде бір гүлі ашылмай жатып, осыншалық қасіретке ұшырағаны, менің өмірге деген бұған дейінгі салқындау көзқарасымды қатайтқан еді. Шыбық тимей шыңқ етер жігерсіздіктен арылып, қайғы мен қиындыққа мойымайтын беріктікті үйреткен.

– мен қайтып туған жерім львовқа бармаймын, – деді Надежда көзінің жасын сүртіп. – Осы Орал тауының шығысына

– Сібірге аттанамын. Соғыс аяқталса болды, бақытымды сол суық та тыныш қалың тайганың арасынан іздеймін.

– Неге? Кісі өз ауылынан, өз елінен қаша ма екен?

– Өйткені, соңғы ғасырда жау тек қана біз жақтан шабуыл жасай береді.

– Қызық екен, – дедім мен. – Жау тиді екен деп жан сауғалап кетуге болмайды ғой.

– Ондай патриоттық сезім менде жоқ дейсіз бе? Жазығым


не?


 

– Қайдам. Бірақ енді жау шаппас. Шапса да батыстан емес. алакөлеңке орман арасында түннің жарымына дейін


әңгімелесіп тұрдық. Біздің арамызда бөтен ой болған жоқ, сезімнің жетегінде де кетпедік, әрқайсымыз өз мұңымызбен әуре едік. Түу шығыстағы біздерді, түу батыстағы Надежданы Оралдың қалың қарағайлы орманына төге салған зұлматтың әсері екіұдай еді. Бұған дейін көз көріп, аяғымыз жетпеген


мүлдем басқа ұлттың өкілдері бір шаңырақтың астында бірігіп, қара нан, үсіген картопты бөліп жедік. Түр-түсіміз, тіліміз бен дініміз бөлек демедік, бір кісінің баласындай маңырап табыстық. Отан соғысы біздердің басымызға қайғының қара бұлтын ғана төндіріп қана қойған жоқ, біздерді айнымас ұлы достыққа да үйретті. ат жалын тартып мінгеннен бері менің ұғымымда: әйел мен еркек жақындасса тек қана сүйіспеншілік, ашыналық ойдың желігі деп түсініп келген мен, жыныстық, ғашықтық қатынастан да биік, киелі Достық барын алғаш рет сана сарабына салдым. Әсіресе, Надежданың қолымнан ұстап тұрып: – Егер киім-кешегіңіз кірлеп кетсе немесе жыртылса маған бере салыңыз, қалай дегенмен әйел затымын ғой, жуып, жамап берейін, – деген қамқор сөзі көңілімдегі көк мұзымды еріткендей еді.Біз бұдан кейін де сан рет жолығып, жұбымыз жазылмай жарасып жүрдік. Елдің өсек-аяң қаңқу сөзін тыңдамадық. ағалы-қарындастай туыстық таза сезіммен қиындықты қатар тұрып қарсы алдық.

ай қораланғанда бараққа қайттық. Иван әлі келе қойған жоқ екен, төсегі бос жатыр. Жұмысшылар шырт ұйқыда, тек қана Құмырай ояу, теріс қарап дорбасын ақтарып, тамақ жеп отыр екен, маған алая қарады да, ұрлығының үстінен түсіп қалғанымды жақтырмағандай, оны-мұнысын жасыра қойды. аузын сүртіп: – Иә, жігітім, хахолдың қыздары қандай болады екен. ауылдаспыз ғой, маған да ауыз тигізсеңші, – деді күлген болып.

– Әйелің жіберген сәлем-сауқаттан бөліскендей-ақ сөйлейсің-ау. Сәресі ішіп отырсың ба, тауық шақырарда тамақ іше ме екен...

– Енді әркімнің кәсібі әртүрлі ғой. Сен ойнас жасайсың, мен оразамды ашамын...

– Қанығын білмей тұрып оттама!

– Сонда қалай, мысық пен тышқан ойнадыңдар ма?

– Әй, қайран қазағым-ай, иегіңнің астындағыны ғана ойлай- сыңдар-ау, қайтейін. – Қажып, таусылып айттым. Надежда екеу арамыздағы терең де мөлдір сезімді оған таң атқанша айтсам да түсіндіруім мүмкін еместігіне көзім жетті де, тас бүркеніп жатып қалдым. Көзім іліне бергені сол еді, бараққа әлдекімдер кіргендей болды. Иван келген шығар деп басымды көтердім. Ол емес қасына ерткен милиционері бар, бастығымыз екен.


– Иван қайда? – деді дауыстап. Таң алдындағы оқыс айғайдан жұмысшылардың барлығы да өре түрегелді. Әрқайсысы өз төсектерінде көздерін тырмалап ашып, үрпиісіп отыр.

– Ол қыдыруға кеткен, қазір келеді, – дедім мен.

– Қыдырғанның көкесін көрсетейін мен оған. мүмкін қашып кеткен шығар.

– Қашатындай не көрініпті. Жау ма екенмін, – деген үннен барлығымыз жалт қарадық. Барақтың есігінде төбесі маңдайшаны тіреп серейген Иванның өзі тұр еді.

– Иә, жаусың?! – деді Шахтинский. – Сен ұсталдың.

– Жазығым не?

– Жазығың сол – бүлік бастадың. Саясатқа қарсы сөз айттың. Тергейтін жер бұл емес. Оны-мұныңды тез жина да, алға түс.

– Тұрған бойым осы.

– Тіпті жақсы.

– Жігіттер, – деді Иван есіктен шыға беріп. – Жалғыз шешем бар еді, хабарлай салыңдар. Естеріңде болсын, бұлай өмір сүруге болмайды, ауданға барыңдар. Соғысқа сұраныңдар. Біздің карьерде бір шикілік бар. Нағыз жаудың кім екеніне ертең-ақ көздерің жетеді.

менің адал да ақкөңіл Иван досым осылайша жазықсыз қолды болды. Қоң етімді кесіп әкеткендей бір түрлі қоңылтақсып көңілсіз жүрдім. ал Галина болса: «маған осы жігітті де қимадың-ау», – деп көп жылады.

Иван ұсталып кеткен соң, жұмысшылар бұрынғыдан әрі сақтыққа көшіп еді. Қиюы келіспейтін бір нәрсенің барын сезсе де іштей тынып, таскерең үнсіздікке, көнтулақ көнбістікке көшкен. Ортамыздағы оқ көрген батыл жігітіміз істі болып, зым-зия жоғалған соң, суырылып шығып шындықты айтар өжеттердің үні өшкен. Сылп-сылп жүріс, сыбыр-сыбыр сөзден басқа қарекетің жоқ, артын баққаннан басқа айла таба алмай сарсаңға түстік. майдан шебінен де хабарсызбын, тіпті соңғы күндері «Жаудың беті жаман екен, біздің әскерлер шегініп барады», – деген лақап тарай бастады. Әрине, біз ондай алыпқашты сөзге сене қойған жоқпыз. Сенбесек те әркімнің көкейінде үрей елесі ұялай бастаған-ды. Жалғыз-ақ міндетіміз

– топырақ қазып, болат қорытып жатқан алып заводтарға жөнелту, әрі тез, әрі мол жөнелту. Осы ғана ма еді? Совет адамы болған соң, тек тиісті жұмысымызды істеп тастап, қайғысыз,


шалқадан түсіп санасыз жату ма?.. Ел басына туған қаралы күннің ыстық-суығына ойша болса да ортақтаспай, Отанға төнген қауіпке қабырғамыз қайыспай, көртышқанша үңгіп жер қаза берсек, азаматтығымызға, тіпті, тәңірім-ау, адамдығымызға сын емес пе. Неге біз, өндірдей-өндірдей жігіттер істі болып, айдалып келгендей, көзге көрінбейтін, әзірше белгісіз, бірақ іштей сезіп жүрген қоршаудың ортасында, баяғының құлақкесті құлдарындай, мәңгірген күйде мәңгі тыныштықты шуақтап жүре беруіміз керек. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алды дегендей, осы жұмбақты халіміздің ар жағында қаскөй әрекет тұрған жоқ па? міне, осындай күмән мен мазасыздық талайымыздың жүрегімізде жасырын жанып жатқан еді. Он жігіт арыз беріп майданға сұрандық. Онымызды бірдей кеңсеге шақырып алды да: – Иванның кебін киесіңдер, тыныш жүріңдер, соғысқа жіберер болсақ, сендерден сұрамаймыз,

– деп қатты ескертіп қоя берді.

ауылдан аттанған бес жігіттің ең кішкенесі – Бура еді ғой. Бір күні ол зым-зия жоғалып кетті. Іздемеген жерім жоқ. Көктен құдай, жерден шұнай алғаны белгісіз. Із-түзсіз ғайып болды. алғашында қашып кеттіге жорыған жігіттердің қаңқу сөзіне сенбедім. Әне келеді, міне келедімен бір тәуліктей уақыт өтті, хабар жоқ. Елден келген азаматтарға бас-көз болып, олар да мені жан тартып, (Құмырайдан басқасы) үйірсектеп жүргендіктен, бар жауапкершілік маған түскен еді. ал десятнигіміз болса,

«осының барлығына сен кінәлісің» деп, жан алқымнан алды. ақсақалымыз Қаймақпен ақылдастым.

– Қашып кеттіге жүрегім сенбейді, аға, – дедім. – ақыл қосыңыз, не істейміз? Байғұс бостан-босқа сотталады ғой.

– мен білсем, ол бір жерде тығылып жүр. анда-санда жоғалып, табылатын әдеті бала кезден бар еді. Баяғыда Шабанбайда шөп шауып жүргенде де осылайша үш күн қарасын батырып қайтып келген. Ол кезде бәрі кешірімді, заман тыныш еді ғой. Бастықтардан бір күнге сұранып, осы маңайды ізде,



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.