Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 1 страница



ISBN 978-601-7317-47-8                                       © Исаканова Г., 2013

ISBN 978-601-7317-46-1                                       © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013


 

 

ЖАСЫН ҒҰМЫР ЖАЗУШЫ

Алғысөз орнына

Япырмай, уақыт шіркін ұры екен-ау. Оралханның оқыста опат болғанына тура жиырма жыл толыпты. Таланты толысқан, көзқарасы, ой-санасы кемелденген кезде кенеттен көз жұмған жасын ғұмыр жазушы есімін ел-жұрты есінен шығарған жоқ. Соның анық айғағы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, оның басшысы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің тікелей қолдауымен, Оралхан Бөкейдің 70-жылдық мерейтойы қарсаң- ында жеті томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарудың қолға алынуы дер едім. Соған орай егіздің сыңарындай сырласып, мұңдасып ғұмыр кешкен Оралхан досымның қазақ әдебиетіне орны бөлек олжа салған тұлғалы туындылары туралы ой-пікірлеріммен бөлісуді жөн көрдім.

 

* **

Оралхан Бөкейұлы – әдебиетке бірден және өз бетімен, өз жолымен келген жазушы. Ол ешкімге еліктеген, солықтаған жоқ, яғни шәкірттік кезеңді аттап өтті. Оралханның өңделген, өзгерген, қайта жазылған не жарамсыз, жарияланбай қалған бірде-бір шығармасы болмауы осы пікірімізге толық дәлел. Бұл оның әдебиетке таланты толысып, дарыны дараланған тұста келгендігінің нақты көрінісі. Оралханның әдебиетке үлкен даярлықпен келуінің бір сыры, оның ел ішінде көбірек тұрып, Алматыға – әдеби ортаға жазушылық көзқарасы, дүние- танымы әбден қалыптасқан шақта қосылғаннан да болар. Көпшілік қаламгерлердің онжылдықты бітіре салып, ұрып астанаға тартып, оқу бітірісімен бірден жазуға отыратынын күнделікті өмірден көріп жүрміз. Ал құдай берген таланты қанша болса да, өмірді танудың өзгешелігі бар. Ол болашақ жазушының өмірді білуге қажетті дүние құбылыстарын


аңғарғыштық, байқағыштық, сезімталдық сияқты қасиеттерге байыта түсетіні рас. Сондай-ақ ауылда жүрген қаламгердің болашақ кейіпкерлерін оңай олжалайтыны бар. Ел ішінде он күн ойлап, қиялыңнан құрастыра алмайтын, кесек мінезді кісілермен, қилы-қилы тағдырлармен жолығып қалуың жеңіл екенін де ескерген жөн. Оң-солын танымаған, жоғары оқу орнын жаңада бітірген балаң жігіттің таланты тасып бара жатса да, не жазарын білмей қалары сөзсіз. Әлгі, өмірді білмейтін, санасынан емес, саусағынан сорып жазатын жазушыларды жазғыруымыз да осы себептен ғой. Оралхан міне осы жағынан келгенде көптен озды. Оның үстіне ол қаршадайынан газет жұмысына жегіліп, жазу-сызудың үлкен, тәлімді мектебінен өтті. Оралхан жазған очерктер көркем әңгімеге бергісіз, қызықтыра оқылатынын замандастары жақсы біледі. Оны

«Лениншіл жасқа» шақыртып алдыруға себепші болған да сол өзгеше сипаттағы очерктері болатын. Өміртану мектебінен өткен жас жазушының қаламы жүрдек, сезімі сергек, шығармаларының шырайы бөлек, кейіпкерлерінің түр-түсі ғана емес, тұлғалары да биік те бейтаныс болып келетінін білмейді емеспіз.

Біз білетін Бөкейұлының шығармашылық ерекшеліктерін айқындайтын ең бірінші белгісі – оның бірден өз қолтаңбасын тауып алғандығы. Ол не жазса да өзінше өрнектеп, өзінше ой- лап-пішіп жазуға әдеттенген. Моншақтай тізілген мөлдір де көркем тілі қандай керемет. Қазақ тілінің қасиетін жанымен ұғынып, жүрегімен сезінген суреткердің тіл қолданысынан нағыз шебердің нақышы, сөз ұстасының сұңғылалығы бірден көзге ұрып тұрады. Бір ғажабы, Оралханның қызыл сөзді қырмандай сапырмай, оңтайын тауып, ыңғайын келтіріп, тереңнен тербеп жазатындығы. Бұл болса жазушының табиғи дарындылығының айқын айғағы. Жүздеген әңгіме, ондаған хикаят, роман, қыруар пьесаларындағы сан алуан кейіпкерлерінен ешбір ұсақ мінез де, ұқсастық та таппайсыз.

Басқасын былай қойғанда, Оралханның тырнақалды ту- ындылары «Қара сөзбен жырлаймын» этюдтері мен бертінде жазған «Ауыл хикаялары» топтама әңгімелерін оқып көріңіз. Этюдтері – адам аяғы баспаған Алтай өңірінің сұлу, тамаша


табиғатының тамылжыған тілмен, кестелі, бейнелі сөзбен салған суреттері. Оларды оқып отырған сәтте көз алдыңа асқар Алтайдың әсем келбеті, табиғатының қыз қалпы келеді, мұрныңа алуан түрлі таулы жердің шүйгін шөптері мен гүлдерінің иісі келетіні әсірелеу емес, шындығы сол. Бірқақпай, қысқа қайырым осы шағын әңгімелердің әсері сондай, оларды оқи сала сапарға аттанып, Алтай асып кетуге асығасың. Көркем әдебиеттің әсері, көкейге қонымдылығы мен нағыз нанымдылығы нақ осындай болса, оны жазған жазушыда не арман болсын!

Ал «Ауыл хикаялары» топтамасы – оқиғаларының қызық- тығы өз алдына, адамдардың кескін-келбетін, мінез-құлқын, іс-әрекетін суреттейтін тамаша танымдық қасиетімен дара- ланатын әңгімелер. Сол әңгімелерде суреттелген тұлға- лары тұтас, бейнелері бөлекше ауыл адамдарының басынан кешкендерін оқыған кезде қай оқырманның да езу тартып күлері, ескі танысына жолыққан кісіше қуанары сөзсіз. Кіндігі қараша ауылдан үзілмеген қазақ баласының ол әңгімелерді оқи отырып, кезінде өзі көрген кісісін, білген оқиғасын есіне алып бір жасап қалары кәдік. Жүріс-тұрысы, бет-бейнесі түгіл, танымы, ой-пікірі, көзқарасы дара-дара мұншама кісілердің образдарын осылайша ойда сақтап, шебер суреттеген жазушының жан көмбесінің байлығына, жадының жақсылығына, сөз тапқырлығына таңданбасыңа болмас?! Міне, осының бәрі қаламгердің сөз құдіретін шынайы шеберлікпен түбегейлі меңгергендігінің жарқын мысалы.

Осы жерде өзіміз білетін тағы бір шындықтың бетін аша кетсем деймін. Өйткені оның да жазушы шеберлігіне қатысы бар сияқты. Оралхан бірде-бір шығармасын жоспар жасап, ойлап отырып жазған емес. Ол тез жазатын, түзеп- күзеп те әуре-сарсаңға түспейтін. Бұл оның нағыз ақпа- төкпе талантының арқасы. Сондай-ақ, бұл – Бөкейұлының әр туындысын іштей толғатып, ойша пісіріп алып барып жазу үстеліне отыратындығы. Шығарманы жеңіл, жедел, жақсы жазуының құпиясы осы.

Бөкейұлының барлық шығармаларында кездесетін тұрақты тақырып, ортақ желі бар. Ол адам мен табиғат, олардың әлім-


сақтан туыстығын, тұтастығын жазушы тап басып тани біледі, сүйсіне суреттеп, жарқырата жазады. Оралханның көптің көкейіндегісін тап басып, айрықша сүйіспеншілігіне бөленуі, атының алыс елдерге танылуы да осынау шығармашылық шеберлігінің нәтижесі.

Шеберлік дегеннен шығады, Оралханның шығармашы- лық ерекшелігі жазушылық жолының жеңілдігі, оның нақ осы қасиетіне тікелей байланысты. Кешегі тоқырау жылдарында да мың сан оқырман көңілін қалдырмаған қаламгердің бірегейі де біздің Оралхан. Ол айтпақ ойын астарлап, жіңішке жолмен жеткізуге тырысып бақты. Соның өзінде сүрінген, ұсталып қалған кездері болды. Мысалы, оның «Зымырайды поездар» хикаяты бізде «жарамай» әуелі Мәскеуде, орыс тілінде жарық көрді. Өмірдің көлеңкелі жақтарын жазған деп бағаланып, жазғырылды. Шағын разъезде тұратын шалқар мінезді, тағдыры қилы адамдардың ойлары олақ, пікірлері теріс болып көрінсе керек.

Кезінде, «Құм мінезі» хикаяты шығып бара жатқан кітаптан алынып қалғанын да білеміз. Өйткені оның кейіпкері қайта құруды ертеректе бастаған қойшы. Мимырт тірлік, мехнатты ғұмыр кешіп жатқан қойшылардың мына жарық дүниедегі тұр- мыс-күйін, ой-арман, мақсатын, өмір құбылыстарына көзқа- расын бүркелемей, бұлайша ашық, анық жазу теріс деп түсін- дірілсе не шара?! Ұраншылдыққа, айғайшылдыққа қарсы дауыс көтерген бұл хикаят шын мәнінде шыңғырған шыншыл- дығымен, қоғамның іріп-шіруінің қалтарыста жатқан құпия қатпарларын ашып айтуымен дара тұр. Ондағы жазушының әлеуметтік мәселелерді көтеруі бүтіндей бүгінгі күнмен үндесіп жатыр. Мұнда да, Оралханның өзге шығармаларындағыдай, көптеген кейіпкерлер қиындықта сыналады. Қарапайым ауыл адамдарының психологиясындағы буырқанған бұлқыныстар- ды жазушы дөп басып, шын шеберлікпен суреттеуімен сүйсінтеді. Нақ осындай шұрайлы шығармалардың ғана адам- дардың жан-жүрегін әсерлендіріп қана қоймай, олардың ой- санасына сіңіп, көңілін толқытып-толғандырып, болмыс- бітімін өзгертіп, өміріне рухани сілкініс жасайтыны әлімсақтан әйгілі. Көркем әдебиеттің құдыреттілігі де осында.


Оралхан қай шығармасында болмасын өзінің ары таза, жаны жомарт кейіпкерлерін тағдырлары тайталасқа түскен шешуші кезеңде көрсетуге шебер. Оның әңгіме, хикаяттарынан кең тыныс, еркін көсілісті сезесің. Оны оқыған сәтте күнделікті тіршілік күйбеңімен жүріп табиғат пен адамның бөле-жаруға болмайтын бірлік-тұтастығын, шын сұлулықтың сырын бүкіл болмысыңмен ұғынасың. Айталық, Оралхан

«Қар қызында» өз кейіпкерлерінің-замандастарының көзсіз ерлігінің, табандылығының, мінез-құлықтарының әр алуан  әрі тұлғаларының тұтастығының қайнар көзін соншалықты нәзік, жүрек қылын шертер сезімталдықпен баяндап береді. Ол осылайша өз кейіпкерлерінің тағдыры арқылы бүгінгі алмағайып замандағы жастардың орны мен қам-қарекетінің жалпыадамзаттық мән-маңызын ашып көрсетеді.

Жазушының өз кейіпкерлерін өмірдің қиын сәттерінде көрсетіп, сол сыннан қалай сүрінбей өткендігін көрсетуге құмарлығы да шығармашылығының айрықша ерекшелігі. Қажырлы, қайсар, мақсатына жетпей жаны тыншымайтын жазушы кейіпкерлері өмірмен қоян-қолтық араласып кетеді де, қалың оқырманды адал да арлы, табанды да сезімтал адамдар қатарында жүруге үндейді.

Оралханды өзге қаламдастарынан тағы бір ерекшелейтін тұсы – оның жаңа заманның жаңа сипатты адамдарының болмыс-бітімін өзінше өрнектеп, өзіндік көзқараспен қисынын тауып көрсетуге шеберлігі. Жазушы кейіпкерлерінің қазақы қалпын, мінезін баса көрсету арқылы көкейімізге қонымды, жанымызға жақын адамдармен қауыштырады.

Қаламгердің көптеген шығармаларынан жолығатын кісі- лер типтік кейіпкерлер галереясын құрайды. Олар бір-біріне мүлде ұқсамайтын, мінездері де, көзқарастары да, іс-әрекеттері де әр алуан адамдар. Өздері қалай өзгеше болса, тағдырлары да сан тарау. Жазушының ерекшелігі, өзіндік қолтаңбасы деген осы болар!

Жазушының тағы бір қыры – оның романтика мен реа- лизмді шебер қиюластырып, оқырманның жан дүниесін байытатын, көңілінің қалауын табатын тамаша әдеби тәсілді шебер меңгергендігі. Бұл да Бөкейұлының бір өзіне ғана тән шығармашылық ерекшелік.


Оралханның көптеген әңгіме-новеллалары, хикаяттары

– лирикалық-философиялық шығармалары: айталық, көп тіл- дерге тәржімаланған «Көрбұғы» әңгімесі өмірдің өткінші, алдамшы екенін, топ бастаған серкелік те, бойда күшің, қажыр-қайратың барда еленбес еркелік те, билік те, байлық та қолдың кірі екенін еске салатын санатты туынды. Ал оның тозып бара жатқан табиғат, азып бара жатқан адамдар туралы толғаныстарға толы «Бура» сынды шығармалары қаншама.

Жас  кезінде  жазылса  да  жадыңа  жазылып  қалатын

«Арысын тосып әлі отыр», «Жесірлер» топтама әңгімелері ше? Бұл тақырыпқа, кешегі соғыс жылдарында ауылдарда ауыр бейнет кешкен әйелдер тағдырын жазуға араласпаған бірде- бір қаламгер жоқ. Солардың бәріне ұқсамай, өзіндік мәнермен жазу, әрине, Оралханға оңай болмаған-ақ шығар. Әйтсе де, ойы шалқар, қиялы ұшқыр, тілі шебер жазушы мұндай қиындықтың да  ыңғайын  тапқан.  Мағрипа  есімді  келіншектің  боздағы

– Бозтайлағын сағына тосқан сәттерін жазушы қалай жан тебірентерлік сөздер тауып суреттеген десеңізші. Қарапайым қазақ әйелінің қасиетін ашатын айшықты, шынайы көркем шығарма бұл. Күйеуінің суретін серік етіп жүріп, шашы ағарған, санасы сарғайған Мағрипадай әйелден айналмайсың ба?!

«Жесірлер» топтамасы да тың ой, соны стильмен, айрықша шабытпен жазылған. Мұнда да өзінің қиын тағдырлы кейіп- керлерінің қайыспас қайсар мінездерін, кісілікті қылық- тарын, арлы, адамгершілікті қасиеттерін қастерлеп, сөз түйінін бәріне де сен кінәлісің сор соғыс деп аяқтауы қандай сәтті шыққан.

Оралханның жазушы ретінде бәлкім, аса көп арманы да жоқ шығар. Неге десеңіз, оның жазғандары бұрқырап жарияланып жатты. Оның бірқатар әңгіме, хикаят, пьесалары орыс, араб, ағылшын, неміс, чех, эстон, украин, жапон тілдерінде шықты. Бұл оның есімі осы аталған елдерге – жат жұрттарға да жақсы таныс деген сөз. Бөкейұлының бірнеше кітаптары Мәскеудің

«Молодая гвардия», «Советский писатель» (бұрынғы), «Худо- жественная литература», «Прогресс» баспаларында жария- ланғаны да белгілі. Орыс оқырмандары Оралханды «Дружба


народов», «Театр» журналдарында жарияланған шығармалары арқылы білетін. Қазақ қаламгерлерінің ішінен суырыла шығып, «Роман» газетінде жарияланып, «Халықтар достығы» жүйелігі бойынша кітабы жарық көрген де Оралхан еді ғой. Әдеби жүлделердің де талайын алды. Өз құрдастары ішінде қырық жасында Қазақстан Республикасының Мемле- кеттік сыйлығын алған да біздің Ораш болатын. Пьесалары астана, облыс театрларының сахнасынан түспей қойылып жатты. Шетел сахнасына шыққаны да бар. Орыс театрларында да қойылымдары болғаны белгілі. Міне, осының бәрі орта жасқа жаңа жеткен, мүшел жасында – 49-да мерт болған жазушы үшін аз шаруа ма?!

Бір мақалада Бөкейұлының бүкіл шығармаларын талдап, жазушының ұлт әдебиетіне қосқан ұлан-ғайыр рухани қазынасының сыры мен сымбатын жайып салу мүлде мүмкін де емес, міндет те емес. Сол себепті Оралханның соңғы кітабы – соңғы шығармасы «Атаукеремен» әңгімесін доғара тұрсам деймін. Жазушы бұл хикаятында осы бір отбасының тағдырын суреттеу арқылы бізге үлкен өмірдің, толғауы тоқсан тіршіліктің тағы бір тосын тұсын әңгімелеп, жаңа сипатты кейіпкерлермен кезіктіреді. Жапан даладағы жалғыз тауды мекендеп, ара өсірумен шұғылданып жүрген Ерік – тосын кейіпкер. Талай шығармадан талай дүниеқоңыз болып кеткен кісілердің образына ұшырасқанбыз. Алайда аярлықпен мал жинап, ар-ұятын дүниеге айырбастап азған адамның мұндай кейпін кездестірмеген едік. Жазушы осы шығармасы арқылы табиғаттағы тепе-теңдік заңын бұзуға болмайтынын, не нәрсе- нің де өз табиғи қалпына ештеңе жетпейтінін жетемізге жет- кізуге ұмтылады. Будандастыру арқылы жаңа бір ара ұясын өсіріп шығарған Ерік әрекетінің ақыры қайғылы  оқиғамен

– анасы мен өзінің өлімімен аяқталады. Жазушы осы түйін ар- қылы будандастыру – тегін бұзу ғана емес, араның яғни адам- ның, бүкіл болмыс-мінезін, тіршілік сипатын өзгерту екенін ес- кертеді. Ал бұл өмір сүру диалектикасына қарсы әрекет, қайшы, жасанды нәрсе. Бұл оқиға осы бір өмір шындығына оқырман көзін жеткізу мақсатында тілге тиек болған. Жазушы Еріктің ерекше безбүйректігі, кісіге жаны ашымайтын аяусыздығы екі


ұлттың қанынан, оның анасы орыс әйелі, жаралғандығынан емес пе екен деген ой тастап, оны Нюра кемпірдің монологі арқылы баяндап берген. Ақыр соңында Еріктің соншама арын сатып, жанын салып жинаған бар байлығы айдалада, итке жем болып қалады. Адамгершілігін жоғалтқан кейіпкер тағдыры осылай аяқталады. Ащы шындық теріс жолда жүрген кім-кімнің де көзін ашып, санасына сәуле түсіретіндей көркемдікпен кестеленген. Бұл өзі Оралханның қысқа ғұмырдың қызығы – дүние байлығы емес, жан байлығы деген тұжырымы, біздерге қалдырған өз өсиеті сияқты көрінеді маған.

Оралханның азаматтық тұлғасы, жазушылық жолы – қиын да қилы тағдыры туралы әлі талай сыр шертілер, мұң шағылар. Өзінің өмірдастанын, көркем шығармаларын қалың елі – қазағына арнаған, аманаттаған жазушының рухани өмірінің мәңгі жасайтынына өз басым сенімдімін. Әр адам елдің есінен шыққанша ғұмыр кешетіні рас болса, Оралхан атының қазақ тарихында қалары бір Аллаға аян.

 

Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.


ӨЗ ОТЫҢДЫ ӨШІРМЕ

Роман

«Ерлік атаулының ішіндегі ең кереметі – еңбек ерлігі».

М. Горький

БІРІНШІ САЛА

 

Бүгінде:

...Сахараны дүр сілкіндіріп тағы бір поезд өтті. Сол поездың ішінде кімдер кетіп барады екен...

 

* * *

Түн ортасы ауғанша көз шырымын ала алмады. Осындайда кісінің есіне қай-қайдағы түсіп, анталаған ауыр ой кірпік ілдірмейтіні бар-ау. Әрі аунап, бері аунап екі жамбасы талғандай болған соң, бірер рет тысқа шығып келген. Ал, дала болса ол да баяғы – сол мінезімен жым-жырт сазара сұлап жатыр. Даланың жон арқасын дірілдетіп, тұяғы дүрсілдеп оқта-текте өтер поезд ғана сахараны мендеген өлі тыныштықты өктем үнімен жұдырықтап оятушы еді: кейінгі жылдары оған да – әлгі оқшау үнге  де  құлағы  үйренгендей  ме,  сезімі  сірнеленгендей  ме

– қытығы басылған айналайын дала қаперсіз ұйықтаушы еді; кейде жас балаша қыңқылдап оянғандай, сипалап анасының омырауын іздегендей болушы еді... Қысында боран, жазында сағым жортқан сайын үлкенді өзіне тән ерекшелігі – тым кең-мол пішілгендігі; тым-тым аңқау да адалдығы; қанша ғасырлық ұйқыдан дүр сілкініп оянды деп айдарымыздан жел ескенімен, әйтеуір бір есінетіп, мәңгірткен мең-зең халден құлан-таза арыла алмауыңда ма?.. Бағана ақшам жамырап, көз байланғанша анау қырдың басындағы бірі көне, бірі жаңа мазардың қасында жүрді күйбеңдеп. Әлі салынып бітпеген шағындауы – сонау аласапыран жылдары Дарханның жаңа өмір, жақсы тұрмыс құрамын деп, асығып жүріп айырылып


қалған сүйікті жарыныкі. Міне, жылдан асты – сол арманда кеткен адамына арнап зәулім мола тұрғыза бастаған... Ендігі қалған аз ба, көп пе ғұмырын осы игілікті іске арнамақ.

Өлген соң өлеңге қосқанның да, өлгеннен соңғы бақыттың да керегі жоғын біледі, бірақ Гүлияның рухы алдында бүкіл қазақ халқы қарыздар болса, соның өтеуін жалғыз өзі өтеуге кіріскен сыңайлы…

Дархан үшінші рет еңкеңдеп есік алдына шыққанда шілде- нің жиырмасында қорғалап қалған ай кетіп, қазан түбіндегі тоң майдай еріп, жаңа ғана оқшаулана берген. Әлде біреу ұрлап әкеткендей. Кеңгір жаққа жалт қарап еді, пұшырайған мола әне... орнында екен. Енді-енді ғана сүттене бастаған әлсіз нұрға қаз- қалпында жатыр. Қара барқын дүние алакөлеңкеге ұласып, ат төбеліндей ғана разъездің жиырма шақты үйі алашұбарланып, жұмсақ мұңға оранған күйі жусайды. Түн баласында мынау тоқал тамдардың қотыр-қотыр қабырғасы, әр үйдің күресінде ыбылысып жатар қоқыр-соқыр, әр үйдің іргесінде керіскендей қып қалап тастаған бұл ауылдың «жасауы» текше-текше қи, бәрі-бәрі жым-жылас, шабдар сәуленің қорасаны секілді, тек пошымы ғана сүлделенеді. Дарханның көзіне Құланды разъезі бұрынғыдан әлдеқайда сұлу, көркем көрінеді. Қырық-елу жыл өзгермеген, өскелең тартпаған ауылдың ендігі тірлігі тұманды, ертеңі көкмұнар сықылданатын. Қалбағалай шөлі, қасқалдақты көлі бар ұлан-ғайыр сахараның дәл ортасында озып та кетпей, қалып та қоймай қойторы тірлік кешіп жатқан Құланды әлемдегі бар жаңалық, жақсылық атаулыны арқалап тасыр күре жолдың үстінде отырса да, оқта-текте елегізіп, әлдекімді күткендей елеңдеп, ішқұса күйде жалғызсырары да бар еді. Кей күндері Дархан дәл қазіргідей қашаға сүйеніп, оңаша ойдың күзетінде тұрғанда «осы шойын жолдың тамыршысындай шағын ауыл – Құланды төрткүл дүниедегі толайым жақсылық пен жамандықтан құралақан қалып, дүбәрә тірлік кешіп жатқан жоқ па?» – деген азғырынды пиғылға барынқырайтын.

Тағы да Кеңгір жаққа қарады. Енді оның жылдар мүжіген мұнарасы айдың болымсыз сәулесіне шағылысқандай, сонадай- дан жанарды жалай жалтыраған. Дарханның үш ұйықтаса түсіне кірмеген, тәуекелді іске бел будырған осы – Кеңгір батырдың төбесі көк, аяғы жер тіреген заңғар мазар-тын. Қартайып, қайғы ойлаған пенденің көңілін әр нәрсенің басын


шалып, қай-қайдағыны есіне түсірмей ме. Пенсияға шығып, шабысынан жаңылғандай болған Дархан паровоздың доңғалағы іспеттес тарс та тұрс өте шыққан өміріне ой көзімен қарап, таразыламаса – ұрлық өмір кешкендей тым жадау, тым жүдеу болып елестеген. Оны да қойшы, Алланың үйінде отырса да қашып құтыла алмас ажал бүгін болмаса бүрсігүні... әйтеуір бір күні есігін қаққандай болса – артында абыройы болып қалар несі бар еді?.. Жермен-жексен анау екі бөлмелі балшық үй қалады; бауы салақтап жалғыз құдық қалады; ал әлгі тоқал тамның бұрышында керосинмен жанатын көнетоз «коптилка», әйелінің ендігі қалған жалғыз жасауы – тулаққа айналған алба- жұлба сырмақ жатыр. Сыртын жез сыммен шарбақтаған білте шам мен рельстің сынығын тексеретін айна – Дарханның өте шыққан өмірінің, куәгері ғана емес, темір жолдың ыстық- суығын бірге татқан жансерігі – бар шайлығы, бар байлығы. Ендеше, Құдай-ау, көзі жұмыла қалса артында не қалады?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.