Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сұрақтар.. Жауаптар.. Сұрақтар.. Жауаптар.. Сұрақтар.. Жауаптар.



Сұрақтар.

  1. Піштірілген егеуқұйрықта фоллитропин секрециясы жоғарылауының механизмі қандай?
  2. Неліктен гипофизі алып тасталған егеуқұйрықтың жыныс бездерінде бөлінетін жыныс гормондары піштірілген егеуқұйрықта фоллитропин өндірілуін тежемейді?

 

Жауаптар.

  1. Қанда жыныс гормондарының жеткіліксіздігі кері байланыс механизмі бойынша фоллитропин өндірілуін ынталандырады.
  2. Жыныс гормондары тез уақытта осы егеуқұйрықтың бауыры мен басқа да ағзаларында инактивацияға ұшырайды.

 

 

Есеп 12

Тәжірибеде жүкті егеуқұйрықтың жүрегі мен жатырының жиырылуын бақылап, жазып алынған.Адреналинді енгізген соң кимограммада бұлшықеттер жиырылу амплитудасының өзгерулері анықталған.

Сұрақтар.

  1. Адреналин миометрий мен миокардта қандай рецепторлармен әрекеттеседі?
  2. Жүрек және жатырдың жиырылу күші қалай өзгереді?

Жауаптар.

  1. Миометрийде – β2-адренорецепторлармен, ал миокардта - β1-адренорецепторлармен әрекеттеседі.
  2. Жүректің жиырылу күші артады, ал жатырдың жиырылу күші төмендейді.

 

 

Есеп 7

Екі науқаста субмаксимальды велоэргометриялық сынама жасаған кезде ЖСЖ едәуір жоғарылағаны-160 соққы/мин-ке дейін анықталған, бұл кезде бірінші науқаста ҚМК (қанның минуттық көлемі) 4,5л-ден 20л-ге дейін артқан, ал екіншісінде 4,8л-ден 4,2л-ге дейін төмендеген.

Сұрақтар.

  1. Алынған нәтижені түсіндіріңіз.
  2. Екінші науқаста ҚМК-нің төмендеуі неге байланысты болуы мүмкін?

 

Жауаптар.

  1. Бірінші жағдайдың жауабы адекватты-физикалық жүктеме метаболикалық жұмсалуға әкеледі, осының салдарынан ЖСЖ мен жүрек шығарымы жоғарылайды.
  2. ЖСЖ-ның жоғары көрсеткіштері кезінде ҚМК-ның төмендеуі диастола фазасының қысқаруымен, сол қарыншаның қанмен толық толмауымен байланысты болуы мүмкін, нәтижесінде жүрек шығарымы мен ҚМК-і азаяды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.