Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігін сипаттап жазыңыз.



№2 Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігін сипаттап жазыңыз.

«Ғабит Мүсірепов ардақты тұлға. Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген сөздің мағынасы <лдеқайда терең, мазмұны ерекше бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек»,– деп З.Қабдолов айтқандай, кеңестік д<уірде кең өріс жайған, көпжанрлы, биік профессионалды қазақ <дебиеті шеберлерінің алғы шебінде Ғабит Мүсіреповтің есімі аталады. Оның қаламынан көптеген қызықты <ңгімелер, новеллалар, очерктер туды. Сондай туындыларының бірі – «Қазақ солдаты» романы. «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай–қарай зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін» деп шығарма басын жазушы сиыр айдап жүрген Қайроштың сөзімен бастап, оның соңында ержүректі, қайсар батыл тұлға болғанын

<ңгімелейді. Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол – Кеңес Одағының батыры Қайырғали Сыпағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев еді. Ал осы кейіпкердің образын жасауда жазушы қандай шеберлік танытты? Қайрош бейнесі қалай сомдалады? 

Біріншіден, Қайрош, ол – қысылшаңда жол табатын, басқа ажал қаупі төнген қиын қыстау шақтарда еңсесін түсіп езілмейтін, сонымен қатар, қайғы мұңға болй алдырмайтын жігерлі жауынгер. Романда соғыс шындығының талай қиын өткелдері, жауынгерлер басынан өткен талай қатерлі сынақтар көрсетілген. Осы қысылтаяң кездерде Қайрош үнемі сабырлы, байсалды қалыпта көрініп, қиындықтан шығудың жолын тауып отырады. Ер мінезділігімен, алғыр ойымен батыр тұлға <рдайым серіктерін сүйсіндіріп, оларға үлгі болып көрінеді. М<селен, романда Қырым жағасында соғыс сипатталған бір с<тті көз алдымызға келтіріп өтелік. Сол бір қилы заманда совет сарбаздарының оқ д<рілері де азайған, азық түліктері де таусылған, көп күн ұйқы көрмей қажып шаршаған кездері болатын. Осы қатаң шайқаста Қайроштың көр серігі, жан жолдастары ерлікпен қаза табады. Толстов, Гришин, Қайрош үшеуі ғана тірі қалады. «Егер жау берілмесе, оны құртар болар», міне, дұшпанмен қанды шайқас үстінде <р совет жауынгерінің көкейінде сайрап жатқан сөз осы еді. Дұшпанға қарсы ерлікпен күресу үшін жауынгердің бойында Отанға деген зор махаббат болуымен қатар, оның оттай жүрегінде дұшпанға деген ызалы өшренділікте лапылдап жанып тұруы керек. Ғ.Мүсірепов Қайрош пен оның майдандастарының ерлігін суреттегенде, олардың бойындағы осы қасиеттерді толғана ашып отырады. Шығарманы оқығанда оқушыны өзіне баурап, оны ерлік сезімге бөлеп отыратын салалары да, міне осында еді. 

Екіншіден, көркем шығарманың, оның кейіпкерлерінің толық ашылу қасиеті оқиғаларды таңдап алумен, шебер композициясымен, характерлердің шыншылдығымен ғана шектеле бермейді.Сол себептенде, «Қазақ солдаты» романында тілдік шеберліктің неше алуан жарқын, <рі с<тті мысалдарын кездестіруге болады. Мұнда мінез бен тұлғаны жарқ еткізіп аша түсетін диалогтарда, ішкі жан дүниесін танитын монологтар да, жанды бейнедей елестейтін табиғат суреттері де аз емес екеніне көзім жетті. 

Қорыта келе, «Қазақ солдаты» романы – Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндерінің шындығын бейнелейтін туынды болып табылады, Ал жазушының бақыты мен м<ртебесі халықтың оған деген сүйіспеншілігі мен сенімінде, аталмыш шығармаларының жержүзілік даңқа ие болуында деп ойлаймын.. «Жауынгерді айналдырып кұрышқа, 

Тайсалмастан кірген талай ұрысқа

Ұрпағына үлгі болған ғұмырын

Ұқсатамыз жарқылдаған қылышқа»

Бұл қазақ солдаты – Қайырғали Смағұлов.

 

№3 Жамбылдың «Алғадай туралы Pрбір ой» өлеңі мен Абайдың 7бішке арнаған өлеңдерінің жазылу стилі мен мазмұнындағы үндестікті салыстыра талдап жазыңыз. 1941-1945 жылдар аралығында неміс фашистерімен болған соғыс зардаптарын арқау еткен Жамбыл «Өмір мен өлім белдесті», «Ленинградтық өренім» т.б. өлеңдерімен қатар , соғыста мерт болған сүйікті баласы Алғадайға арнаған бірнеше өлеңдері бар. 1942 жылы майдандағы баласы Алғадай хат жазып, елі мен жері үшін қалай қан төгіп жүргенін баяндайды. Жамбыл ақын оған былайша жауап қайтарады: «Балам, хатыңды оқып, халіңді білдім, соған қуанып отырмын. Сұраншы, Саурық секілді қаһарман болыпсың. Жамбылдай <кеден тудың, сондықтан аянба. Осы жырымды майдандағы барлық ерлерге жеткіз»,–дейді. Алайда сүйікті ұлының қазасы ақынның жанжүрегін жылатады. Ұлын жоқтаған <ке жүрегінің зары былайша төгіледі:

Алатауды айналсам, Алғадайды табам ба? Сарыарқаны сандалсам, Саңлағымды табам ба? Өлім деген у екен Мендей к<ріп адамға...

Алғадайдың ұлы Қуанышты қам көңіліне жұбаныш тұтып, ес жинағандай болады. «Ата <лдиі» өлеңі – атаның немересіне деген осындай көңілін, атаның болашаққа, өзінің артынан еріп келе жатқан ұрпағына тілек ниетін танытады. 

Абайдың Zбдірахманға арнаған өлеңдерін тұтас алып қарасақ, бұндада бауыр еті баласынан айырылған <ке күйзелісі, ақынның көңіл–күйі, қайғысы мен жүрегін жарып шыққан тебіренісі көрінеді. Дегенмен арнау өлең түгелдей біркелкі емес. Сондықтан Zбдірахманға арналған өлеңдерді екі топқа бөліп қараған жөн. Алғашқы топқа – болашағынан көп үміт күттірген Zбдірахманның аяқ астынан науқастанып, емханада төсек тартып жатқан кезде хат түрінде жазған өлеңдері жатады. Бұнда ақынның сырқат баласының халіне ортақ болып, тағат таппай қиналған с<ттердегі жүрек сезімі, оның тезірек ауыр дерттен айығуына қанаттандырып, жазылып шығады деп сенім білдірген үмітті сөздері жыр болып төгіледі. Екінші топқа, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген баласы Zбдірахманның қайтыс болған кезде мезгілсіз қазасына қайғыру үстінде шығарған өлеңдерін жатқызамыз. 

Ал осы екі ақынның баласынан айырылған кездегі жан жарасы анық бейнеленген өлеңдердің өзара үндестігі қандай? Оларды не байланыстырады? 

Менің ойымша, бұл өлеңдер қазақ салтына жататын жоқтау өлеңдері болып табылады. Сонымен қатар, болашағынан көп үміт күттіретін асыл азаматтан айырылған кездегі <ке зары мен пешенесіне жазылған тағдырды қабылдай алған ата ананың қайсарлығын көруге болады.

Қорыта келе, өзі м<пелеп өсірген баласының асыл қасиеттерін сипаттай отырып, өзінің артынан ерген ұрпағына аманат етуі – осы екі өлеңнің ұқсастығы мен негізгі түйіні дер едім.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.