Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз.



№1 Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберліктерін мысалдар арқылы талдап жаз.

Аумалы төкпелі заманда, қара бала қара қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан ерткен Махамбет еді. Махамбет – көтеріліс туын көтерген жалынды үгітші, <рі ардақты ақын. Еліне емірене қызмет етуді бүкіл ғұмыр тіршілігінің мазмұны деп білген Махамбет, қолына қоңыраулы найза алып, асқақ жырымен Исатай басшысының соңынан ерді.

Махамбет – ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Ол: «Асқар елдің баласы, жауды көрсе шыдамай, көзін салар қияға», – деп бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті. «Қарада да қара бар, хан ұлы басып өткіссіз», – деп елі үшін қан майданға тайсалмай түскен қайыспас қайсар, қара қазақ қамы үшін халықтан туған ер ұлды жырлаған, соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Махамбет «қазанаттан туған қаз мойын, ауырдан туған жампозды» Исатай бойынан көрген. Сондықтан да оның жырларында Исатай тұлғасы ерекше бейнеленеді. Ал Махамбеттей өр ақын Исатай бейнесін сомдауда қандай тіл шеберліктерін қолдана білді? Оны ерлігін қалай жеткізе білген?

Ақын оның ерлігін «Арыстан еді-ау Исатай, бұл ф<нидің жүзінде, арыстан одан кім өткен?!» деп суреттейді. Ақын, <сіресе, «Тарланым» деген өлеңінде алуан сөз образдарын қолдана отырып, Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған. Ең алдымен, Исатайды қол жетпес «таудан мұнартып ұшқан тарланға» балайды. Махамбет оның арыстандай қайратты тұлғасына орай көркем сымбаттын: «Кермиығым,кербезім, керіскендей шандозым...Қырмызыдай ажарлым», - деп суреттейді. Исатайдың сыртқы сұлу пішінімен бірге, «теңіздей терең ақылдым, тебіренсе ауыр мінездім» деп, оның сабырлы, ойлы, парасатты жан екенін, тек батыр ғана емес, «хиуадай базарлым» деп сері екендігін де көрсетеді. Оның ақбөкендей ойнаған Ақтабан аты да, асынған қаруы да ақын назарынан тыс қалмайды: 

«Мінгені Истайдың Ақтабан аты ай, Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны ай...

Ақтабаны астында,

Дулығасы басында...» – деп қас батыр кейпінде мүсіндеген.

Махамбеттің Исатайды сонша д<ріптеуінің, менің ойымша, негізгі түйіні – «қызғыштай болған есіл ердің» тек ерлігінде не жолдасты тастамайтындығында емес, сол ерлікті патшаға, ханға, билерге қарсы, еңбекші бұқараны жауыздардың қанды шеңгелінен босату үшін жұмсағанында еді деп білемін. Махамбет Исатайды халық қам үшін белдескен ер, батыр, ел басшысы, қамқоры етіп суреттейді. Ақынның: «Ағайынның басы еді, алтын ердің қасы еді. Исатайды өлтіріп, қырсықта шалған біздің ел» деуі де содан. Өйткені, Исатай – ел басшысы.

Қорытындылай келе, Исатайға арналған Махамбет өлеңдерінде батырға деген асқан сүйіспеншілік, терең сезім шынайылығымен, мөлдірлігімен оқырманды сүйсіндіреді. Исатай бейнесі ақын жырларында асқан көркемдікпен, шеберлікпен өрнектелген. Сонымен қатар, қазақ <дебиетінде адам образын сомдауда Махамбет тамаша шеберлік таныта білді деуге болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.