|
||||||||||
ХV. Тақырып: Жергілікті жансыздандыру жүргізуХV. Тақырып: Жергілікті жансыздандыру жүргізу 1. Мақсаты: Интерндерді жергілікті жансыздандыру жүргізуге үйрету. 2. Үйрету әдісі:кіші топтар. 3. Ақырғы нәтиже:жергілікті жансыздандыру дағдысын игеру 4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж 5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
Туберальды жансыздандыруды жүргізу.
| ||||||||||
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу. | ||||||||||
Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 28мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады. | ||||||||||
Дәрігердің қалпы:науқастың оң және алдыңғы жағында. Науқастың қалпы: аузы жартылай ашық, құралмен ұрттың жұмсақ тіндерін сыртқа итереді. | ||||||||||
Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады. | ||||||||||
Инені енгізу орны: уақытша екінші моляр деңгейінде немесе бірінші және екінші тұрақты молярлар арасынан кілегей қабықтың өтпелі қатпарына енгізеді. | ||||||||||
Инені қозғалту: инені жоғары, артқа және ішке 1,5 см тереңдікке шприцті сыртқа шығара отырып жылжыту. | ||||||||||
Анестетикті енгізу: 1-2 мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу. | ||||||||||
Инені шығару: инені асықпай төменге, алға, сыртқа қарай бағытта шығарады. | ||||||||||
Мандибулярлы жансыздандыруды жүргізу | ||||||||||
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу. | ||||||||||
Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 25мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады.. | ||||||||||
Дәрігер қалпы: науқастың оң және адыңғы жағынан. Науқастың қалпы: аузын барынша ашып, студент сұқ саусағын ретромолярлық шұңқырға орналастырады, төменгі жақтың ішкі тармағын сезе отырып. | ||||||||||
Шприц қалпы: шприц екінші кіші азу тіс қалпында, төменгі жақтың қарама-қарсы бетінде орналасқан. | ||||||||||
Инені енгізу орны: Инені қанат-жақ қатпарының медиальды бөлігіне, төменгі жақ үлкен азу тістердің шайнау беткейінен 0,5 см жоғары енгізеді. | ||||||||||
Инені жылжыту:инені сүйекке дейін 1,0-1,5 см тереңдікке еңгізгеннен кейін, тілдік нервті жансыздандыру мақсатында 0,2 мл анестетик жібереді. Шприцті өзіне қарай 0,2 см кейін шығарып, шприцті күрек тістердің тұсына жылжытып және инені төменгі жақ бұтағының ішкі беткейіне паралельді 1,5-2,0 см тереңдікке енгізеді. | ||||||||||
Анестетикті енгізу: 1-2 мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу. | ||||||||||
Инені шығару: инені асықпай сыртқа қарай бағытта шығарады. | ||||||||||
|
||||||||||
|