Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ХІІІ. Тақырып: Ұлпаның девитальды экстирпация әдісін жүргізу



ХІІІ. Тақырып: Ұлпаның девитальды экстирпация әдісін жүргізу

1. Мақсаты: интерндерді ұлпаның девитальды экстирпация әдісін жүргізу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.            

3. Ақырғы нәтиже:ұлпаның девитальды экстирпация әдісін жүргізу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п   Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, анестетик, күшәлі сықпасы, цинк- эвгенолды паста.      
Жансыздандыруды өткізу: оң қолға 10% лидокаин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және жегіленген қуысқа салады.      
Тіс қуысын механикалық өңдеу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты ашады және кеңейтеді, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды. Содан кейін оң қолға орташа, кейін үлкен мөлшерлі фиссуралы боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты қалыптастырады.       
І келуде күшәлә сықпасын салу:оң қолға экскаватор алады және ұлпа мүйізін ашады. Содан кейін ұшында №1 шар тәрізді бордың басының мөлшеріне тең күшәлә сықпасы бар зондты алады және ұлпаның ашылған мүйізіне салады. Үстінен анестетигі бар мақталы шарик салады және дентин-сықпасынан уақытша пломбамен жабады. Бір түбірлі тұрақты тістерде 24 сағатқа, көп түбірліде - 48 сағатқа қалдырады.      
ІІ келуде сауыттық ұлпаның ампутациясы және түбірлік ұлпаның экстирпациясы:оң қолға шар тәрізді боры бар ұштықты алады, уақытша пломбаны алып тастайды. Оң қолға экскаватор алады, күшәлә сықпасы бар мақталы шарикті алып тастайды. Содан кейін оң қолға экскаватор алады және сауыттық ұлпаның ампутациясын жүргізеді. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады, тіс қуысын өңдейді және ұзын шар тәрізді бормен түбір каналдарының өзектерін кеңейтеді. Түбірлік ұлпаның экстирпациясын пульпоэкстрактормен жүргізеді. Пульпоэкстраторды 1-2 рет өз осьі бойымен қозғалыс жасап, түбірлік ұлпаны өзіне қарай бұрау арқылы түбірлік канал қабырғасы арқылы тереңге енгізеді. Құралды каналдан қабырға бойымен алады. 3% натрий гипохлориді, 1% йодинол ерітіндісімен және 3% сутегі асқын тотығымен дәрілік өңдеу жүргізіп, содан кейін қағаз штифтпен кептіреді.      
Түбір каналын пломбалау:оң қолға канал толтырғышы бар ұштық алады, оны цинк – эвгенол пастасына малып,түбірлік каналды асықпай айналмалы қозғалыспен толтырады. Пломбаланған каналды рентгенологиялық бақылау:түбір каналы түбір каналының физиологиялық ұшына дейін пломбалануы қажет. Оның үстінен ажыратқыш төсеніш және тұрақты пломба салады.      
Ажыратқыш төсенішті салу:оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады. Тұрақты пломбаны салу:оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды.       
Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды. Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу:оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды.      



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.