Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ХІV. Тақырып: Түбір каналдарын эндодонтиялық өңдеу және пломбалау



ХІV. Тақырып: Түбір каналдарын эндодонтиялық өңдеу және пломбалау

1. Мақсаты: интерндерді түбір каналдарын эндодонтиялық өңдеу және пломбалау

дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.            

3. Ақырғы нәтиже:түбір каналдарын эндодонтиялық өңдеу және пломбалау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п   Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Материалды таңдау:эндодонтиялық сызғыш, түбірлік ине, дрильборлар, бурав, 3% сутегі асқын тотығы, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, каналды пломбалауға қажет материал.      
Түбір каналының жұмысшы ұзындығын анықтау:оң қолға К-файл алады, түбір каналына енгізеді, содан кейін оң қолға апекс-локатордың бір электродын алады және науқастың ерніне бекітеді, екіншісін файлға орнатады. Егер ұзақ дыбысты белгі естілсе, бұл түбір ұшылық тесікке жеткенді көрсетеді.      
Түбір каналдарын механикалық өңдеу:оң қолға мөлшері кіші дрильбор алады, ЭДТА гелін жағады және түбір каналына енгізеді және үдемелі-айналмалы қимылдармен өңдейді. Дрильбордың мөлшерін біртіндеп үлкейтеді      
Түбір каналдарын кеңейту:оң қолға мөлшері кіші буравты алады, ЭДТА гелін жағады және түбір каналына енгізеді және үдемелі-айналмалы қимылдармен өңдейді. Буравтың мөлшерін біртіндеп үлкейтеді.      
Түбір каналдарын медикаментозды өңдеу:оң қолға түбірлік инені алады және оған 3% сутегі асқын тотығы, содан 0,05% хлоргексидин ерітіндісіне малынған мақтаны орайды және түбір каналын өңдейді. Содан кейін оң қолға қағаз штифтін алады және түбір каналын кептіреді.      
Түбір каналын кептіру:оң қолға мақталы турунда оралған түбір инесін алып түбір каналын кептіреді немесе пиндер қолданады. Түбір каналын пломбалау:оң қолға канал толтырғышты алады, пломбалық материалда малады, содан кейін біртіндеп түбір каналын толтыра отырып, түбір каналына жайлап айналмалы қимылдармен енгізеді.      
Түбір каналының латеральды конденсациясы:оң қолға мөлшері 25 гуттаперчалы штифтті алады және түбір каналына тірегенге дейін енгізеді. Содан кейін оң қолға спредер алады, түбір каналының қабырғасы мен штифт арасына енгізеді, тығыздайды, канал толық толғанға дейін қайталайды.      
Пломбаланған каналды рентгенологиялық бақылау:түбір каналы түбір каналының физиологиялық ұшына дейін пломбалануы қажет. Тіс қуысындағы артық гуттаперчаны алып тастау:оң қолға плагерді алып, соның көмегімен гуттаперчаның артық бөлігін алу.      



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.