Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





VІІІ. Тақырып: Терең тіс жегісін емдеу сатылары (жәй ағымды түрі)



VІІІ. Тақырып: Терең тіс жегісін емдеу сатылары (жәй ағымды түрі)

1. Мақсаты: интерндерді терең тіс жегісінде жегіленген қуысты пломбалау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.            

3. Ақырғы нәтиже:терең тіс жегісіндежегіленген қуыстарды пломбалау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, емдік сықпа, ажыратқыш төсеніш, пломбалаушы материал, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.      
Жансыздандыруды өткізу: оң қолға 10% лидокаин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және жегіленген қуысқа салады.      
Тіс қуысын механикалық және дәрілік өңдеу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты ашады және кеңейтеді, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды. Содан кейін оң қолға орташа, кейін үлкен мөлшерлі фиссуралы боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты қалыптастырады. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және тіс қуысын өңдейді және ауа ағынымен кептіреді.      
Емдік төсеніш салу:оң қолға зонд алып жегі қуыс түбіне емдік пастаны нүктелі түрде салады. Уақытша пломбаны І келуде салу:оң қолға пинцет алып мақталы шарикті жегі қуысқа салып, дентин байламымен 10-14 күнге қысымсыз жабады.      
Уақытша пломбаны ІІ келуде алу мен дәрілік өңдеу: оң қолға экскаватор алып уақытша пломба мен мақталы шарикті алады. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және тіс қуысын өңдейді және ауа ағынымен кептіреді.      
Ажыратқыш төсенішті ІІ келуде салу: Оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады.      
Тұрақты пломбаны салу:оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды.       
Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды. Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу:оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды.      

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.