ХІ. Тақырып: Ұлпаның девитальды ампутация әдісі
ХІ. Тақырып: Ұлпаның девитальды ампутация әдісі
1. Мақсаты: интерндерді ұлпаның девитальды ампутация әдісін жүргізу дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі:кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже:ұлпаның девитальды ампутация әдісін жүргізу дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п
| Тапсырма қадамдарының критерийлері
| Орындал
мады
0-0,1
| Жарты. орындал
0,2-0,3
| Орын
далды
0,4-0,5
|
| Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, анестетик, күшәлә сықпасы, резорцин-формалинді ұнтақ және сұйықтық.
|
|
|
|
| Жансыздандыруды өткізу: оң қолға 10% лидокаин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және жегіленген қуысқа салады.
|
|
|
|
| Тіс қуысын механикалық өңдеу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты ашады және кеңейтеді, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды. Содан кейін оң қолға орташа, кейін үлкен мөлшерлі фиссуралы боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты қалыптастырады.
|
|
|
|
| І келуде күшәлә сықпасын салу: оң қолға экскаватор алады және ұлпа мүйізін ашады. Содан кейін ұшында №1 шар тәрізді бордың басының мөлшеріне тең күшәлә сықпасы бар зондты алады және ұлпаның ашылған мүйізіне салады. Үстінен анестетигі бар мақталы шарик салады және дентиннен уақытша пломбамен жабады. Сүт тістерде 24 сағатқа қалдырады.
|
|
|
|
| ІІ келуде сауыттық ұлпаның ампутациясы және мумифицирлеуші сұйықтықты салу:оң қолға экскаватор алады, уақытша пломбаны, күшәлә сықпасы бар мақталы шарикті алып тастайды. Оң қолға экскаватор алады және сауыттық ұлпаның ампутациясын жүргізеді. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және тіс қуысын өңдейді және ауа ағынымен кептіреді. Содан кейін оң қолға резорцин-формалин сұйықтығына малынған мақталы шаригі бар пинцет алады, түбір каналдарының өзектеріне салады және 24 сағатқа дентиннен уақытша пломбамен жабады.
|
|
|
|
| ІІІ келуде мумифицирлеуші сықпаны салу:оң қолға экскаватор алады, уақытша пломбаны және резорцин-формалин сұйықтығы бар мақталы шарикті алып тастайды. Содан кейін оң қолға 3% сутегі асқын тотығы, 0,05% хлоргексидин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады, тіс қуысын өңдейді және ауа ағынымен кептіреді. Содан кейін оң қолға ұшында резорцин-формалин сықпасы бар зондты алады және түбір каналдарының өзектеріне салады, оның үстіне ажыратқыщ төсеніш және тұрақты пломба салады.
|
|
|
|
| Ажыратқыш төсенішті салу:оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады. Тұрақты пломбаны салу:оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды.
|
|
|
|
| Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды.
Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу:оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды.
|
|
|
|
|