ІХ. Тақырып: Терең тіс жегісін емдеу сатылары (тез ағымды түрі)
ІХ. Тақырып: Терең тіс жегісін емдеу сатылары (тез ағымды түрі)
1. Мақсаты: интерндерді терең тіс жегісінде жегіленген қуысты пломбалау дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі:кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже:терең тіс жегісіндежегіленген қуыстарды пломбалау дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п
| Тапсырма қадамдарының критерийлері
| Орындал
мады
0-0,1
| Жарты. орындал
0,2-0,3
| Орын
далды
0,4-0,5
|
| Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, емдік сықпа, ажыратқыш төсеніш, пломбалаушы материал, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі.
|
|
|
|
| Жансыздандыруды өткізу: оң қолға 10% лидокаин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және жегіленген қуысқа салады.
|
|
|
|
| Тіс қуысын механикалық өңдеу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты ашады және кеңейтеді, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды.
|
|
|
|
| Жегіленген қуысты қалыптастыру:оң қолға орташа, кейін үлкен мөлшерлі фиссуралы боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты қалыптастырады.
|
|
|
|
| Жегілік қуысты дәрілік өңдеу: оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және тіс қуысын өңдейді
|
|
|
|
| Емдік төсеніш салу:оң қолға зонд алып жегі қуыс түбіне емдік пастаны нүктелі түрде саладыАжыратқыш төсенішті салу:оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады.
|
|
|
|
| Тұрақты пломбаны салу:оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды.
|
|
|
|
| Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды.
Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу:оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды.
|
|
|
|
|