Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІV. Тақырып: Қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау.



ІV. Тақырып: Қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау.

 

1. Мақсаты: интерндерге қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п   Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Тіс жұғындыларын алып тастау үшін құралдар мен материалдарды таңдау: лоток, пинцет, стоматологиялық айна, экскаватор, Грейси ілмегі, мақталы валиктер және тампондар, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, пародиум гелі.      
Жансыздандыру жүргізу:10% лидокаин ерітіндісімен аппликациялық жансыздандыру. Оң қолға пинцет алып, жансыздандырғыш ерітіндіге малынған мақталы тампонды қажет аймаққа салады.      
Тістерді вестибулярлы беткейлеріндегі қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау үшін дайындау: оң қолға пинцет алады және мақталы тампонды ұстайды, сол қолға стоматологиялық айна алып, төменгі немесе жоғарғы ерінді тартады және төменгі немесе жоғары ерін мен тістер аймағында қызылиек арасында мақталы тампонды салады. Тістерді тілдік беткейлеріндегі қызылиекүсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау үшін дайындау:Оң қолға пинцет алады және басқа мақталы тампонды ұстайды, сол қолға стоматологиялық айна алып, тілді ығыстырады және тіл мен тістер аймағында қызылиек арасында мақталы тампонды салады.      
Медикаментозды өңдеу: сол қолға стоматологиялық айна алады және жоғарғы немесе төменгі ерінді тартады. Оң қолға 0,05% хлоргексидин ерітіндісіне малынған мақталы тампон алады және қызылиекті өңдейді.      
Қызылиекүсті тіс жұғындыларын алып тастау: Оң қолға экскавторды алады және қызылиекүсті тіс жұғындыларын тістердің тілдік беткейінен алып тастайды, содан кейін тістердің вестибулярлы беткейінен. Қызылиек асты тіс жұғындыларын алып тастау: Оң қолға Грейси ілмегін алады және қызылиек асты тіс жұғындыларын тістердің тілдік беткейінен, содан кейін вестибулярлық беткейінен алып тастайды.      
Ауыз қуысын медикаментозды өңдеу: сол қолға стоматологиялық айна алады және жоғарғы немесе төменгі ерінді тартады. Оң қолға 0,05% хлоргексидин ерітіндісіне малынған мақталы тампон алады және қызылиекті өңдейді.      
Тістерді тегістеу және өңдеу: оң қолға тегістеуіш сықпаға малынған щеткасы бар ұштықты алады, тегістеуді және тіс сауытының мойыналды бөлігін өңдеуді жүргізеді.      
Қызылиекті емдік таңғышты салу: оң қолға пародиум геліне малынған дәкелік сызығы бар пинцет алады және қызылиекке тістердің мойыналды аймағын алумен вестибулярлы беткейіне салады.      



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.