Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





V. Тақырып: Уақытша және тұрақты тістерде жегіленген қуыстарды егеу



V. Тақырып: Уақытша және тұрақты тістерде жегіленген қуыстарды егеу

1. Мақсаты: интерндерге уақытша және тұрақты тістерде жегіленген қуыстарды егеу дағдысын жүргізуге үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:уақытша және тұрақты тістерде жегіленген қуыстарды егеу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п   Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Тісті егеу үшін жиынтықты таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватр, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар.      
Жегіленген қуысты егеу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты егейді.      
Жегіленген қуысты ашу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты ашады. Жегіленген қуысты кеңейту:оң қолға орташа, содан кейін үлкен мөлшерлі фиссуралы боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты кеңейтеді.      
Некрэктомия жүргізу:оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуыстан көрінетін сау бөліктерге дейін эмаль мен дентиннің зақымданған тіндерін алып тастайды. Содан кейін жегіленген қуыстың түбі аймағында зақымданған тіндерді экскаватормен алып тастайды. Түбінде пигменттелген дентиннің жұқа қабатын қалдырады.      
Қуысты қалыптастыру: оң қолға кері конусты, содан кейін фиссуралы боры бар ұштықты алады, тік қабырғалары, сүйір бұрыштары, жазық түбі бар жәшік тәрізді қуыс жасайды. Қуыстың формасы - үшбұрышты, тікбұрышты, крест тәрізді.      
Финирлеуді жүргізу: оң қолға фиссуралы боры бар ұштықты алады және эмальдың жиектерін тегістейді. Бұл кезде қуыстың жиегі бойымен, пломбаның шайнау қысымы әсерінен ығысуын болдыртпау үшін, 450 бұрышпен қиық (фальц) түзеді.      
Қуысты медикаментозды өңдеу:оң қолға ұшында 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақтасы бар пинцетті алады және тіс қуысын өңдейді, содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісімен.      
Жегіленген қуысты кептіру: оң қолға ұшында мақтасы бар пинцетті алады және тіс қуысын кептіреді немесе ауа ағынымен.      



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.