Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІІІ. Тақырып: Кешенді пародонтальды индексті анықтау (КПИ).



ІІІ. Тақырып: Кешенді пародонтальды индексті анықтау (КПИ).

1. Мақсаты: интерндерге кешенді пародонтальды индексті анықтау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:кешенді пародонтальды индексті анықтау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п   Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Ауыз қуысы гигиена индексін анықтау үшін құралдар мен материалдарды таңдау: лоток, пинцет, стоматологиялық айна, зонд, түймелі зонд, мақталы валиктер және тампондары.      
КПИ анықтау үшін ауыз қуысын дайындау: алты тіс аймағында17/16, 11, 26/27, 31, 37/36, 46/47 түймелі зондтың көмегімен визуальды қызылиекті зерттейді. Сау пародонт – 0 балл.      
Тіс қағын анықтау  – 1 балл. Оң қолға түймелі зондты алып, стоматологиялық айнамен 17/16, 11, 26/27, 31, 37/36, 46/47 тістер аймағында ерінді тартады, тіс қағының болуын анықтайды.      
Қанағыштықты анықтау – 2 балл. Сол қолға стоматологиялық айнаны алып, жоғарғы және төменгі ерінді тартады, оң қолға түймелі зондты алады және оны қызылиектің маргинальды жиегіне және қызылиек емізікшесіне енгізеді. Қанағыштықтың болуы - 2 балл, болмауы - 0 балл.      
Тіс тасын анықтау - 3 балл.Сол қолға стоматологиялық айнаны алып, жоғарғы және төменгі ерінді тартады, оң қолға стоматологиялық зондты алады және оның ұшын қызылиектің маргинальды жиегі астына және тістің мойыналды аймағына енгізеді. Қызылиекүсті- және асты тасының болуы 3 баллға, болмауы - 0 баллға бағаланады.      
Патологиялық қалтаны анықтау  – 4 балл. Сол қолға стоматологиялық айнаны алады және жоғарғы және төменгі ерінді тартады, оң қолға түймелі зондты алады және оны маргинальды қызылиек астына енгізеді. 3 мм және жоғары қалтаның тереңдігі болған кезде 4 баллға, 3 мм-ден төмен тереңдік кезінде - 0 баллға бағаланады.      
Тістердің қозғалғыштығын анықтау - 5 балл. Сол қолға стоматологиялық айна алады және жоғарғы және төменгі ерінді тартады, оң қолға пинцет алады және онымен тісті ұстайды. Тісті қозғалту вестибулярлы және тілдік, содан кейін бүйір бағыттарда жүргізеді. Қозғалғыштықтың болуы - 5 балл, болмауы - 0 балл.      
Алынған нәтижелерді стоматологиялық науқастың амбулаторлы картасына енгізу. Формула бойынша алынған нәтижені есептеу: Индекс= әр тіс көрсеткішінің суммасы/тексерілген тістер саны Кешенді пародонтальды индексті бағалау критерийлерін анықтау: 0,1-1,0 – ауруға қауіп; 1,1-2,0 – жеңіл түрі; 2,1-3,5 – орташа ауырлықтағы ауру; 3,6-5,0 – ауыр түрі.      


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.