Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІІ. Тақырып: Гигиеналық индексті анықтау



ІІ. Тақырып: Гигиеналық индексті анықтау

1. Мақсаты: интерндерді гигиеналық индексті анықтауға үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже:Гигиеналық индексті анықтау дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:Стандартталған науқас. 

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п   Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Ауыз қуысы гигиена индексін анықтау үшін құралдар мен материалдарды таңдау: лоток, пинцет, стоматологиялық айна, люголь ерітіндісі, мақталы валиктер және тампондар.      
Индексті анықтау үшін ерітіндіні дайындау: флаконда люголь ерітіндісін таңдайды және оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен ұстай отырып, өзіне қатысты оңнан солға бұра отырып, флаконның қақпағын ашады. Қақпақты сыртқы жағымен төмен қояды және люголь ерітіндісін мензуркаға құяды.      
Тістердің вестибулярлық беткейлерін бояуға дайындау:оң қолға пинцет алады және мақталы тампонды ұстайды, сол қолға стоматологиялық айна алып, төменгі ерінді тартады және төменгі ерін мен фронтальды тістер аймағында қызылиек арасында мақталы тампонды салады. Тістердің тілдік беткейлерін бояуға дайындау:Оң қолға пинцет алады және басқа мақталы тампонды ұстайды, сол қолға стоматологиялық айна алып, тілді ығыстырады және тіл мен фронтальды тістер аймағында қызылиек арасында мақталы тампонды салады.      
Тістерді бояу: оң қолға кисточка алып, люголь ерітіндісі бар мензуркаға батырады және ерітіндіні кисточкамен тістердің вестибулярлы беткейіне қызылиек жиегінен тістердің кескіш жиегіне дейін жағады.      
Тістерді бояу нәтижелерін бағалау: төменгі жақ алты фронтальды тістердің вестибулярлы беткейінің боялу зонасын анықтайды: боялудың болмауы - 1 балл; тіс сауыты беткейінің ¼ боялуы - 2 балл; тіс сауыты беткейінің ½ боялуы – 3 балл; тіс сауыты беткейінің ¾ боялуы - 4 балл, тіс сауытының барлық беткейінің боялуы – 5 балл      
Бояу нәтижелерін стоматологиялық науқастың амбулаторлы картасына енгізу.      
Формула бойынша боялу нәтижесіне есептеу жүргізу: гигиеналық индекс=әрбір тістің мәндерінің қосындысы бөлінген 6. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайын бағалау критерийлері: 1,0-1,5 - жақсы; 1,6-2,0 – қанағаттанарлық; 2,1-2,5 – қанағаттанарлықсыз; 2,6-3,4 – нашар; 3,5-5,0 – өте нашар.      
 Жұмысты аяқтау: оң қолға пинцет алып, стерильді тампонды ұстайды және алты тістің вестибулярлы беткейінен люголь ерітіндісінің қалдықтарын сүртеді, пинцетпен мақталы тампонды тілдік жағынан, содан кейін вестибулярлы жағынан алып тастайды және ауыз қуысын ағын сумен шаяды.        



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.