Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Рефлексиялық - түзетушілік



Рефлексиялық - түзетушілік

Ертегіні екі топқа

бөлініп сахналауды ұйымдастыру.

Ертегіні сахналайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.

Игереді: мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.

Меңгереді: шығарманы зейін қойып тыңдауды.

 

 

Күні________

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 

36.Тақырыбы:«Суретші қыс» (өлең)

Мақсаты: өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Бала­ларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия.

Сөздік жұмыс:суретші, ақ мамық.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Шанамен зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Шаттың шеңбері:

Сырғанақ

Жасап қардан үйілген

Дөңге шығып бүгін мен,

Маңайыма бір қарап,

Кеттім төмен сырғанап.

Жерге тимей табаны

Шанам зулап барады,

Қорыққам жоқ сонда да,

Сужүрек деп ойлама.

(К.Баянбаев)

Қыс

Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, бұл өлең шумағында не туралы айтылған?

- Қыс несімен қызықты?

- Қандай ойындар ойнаймыз?

- Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетінде К.Нүсіповтың

«Суретші қыс» өлеңін жаттаймыз.

«Суретші қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Өлеңнің мазмұнын ашу.

 

«Қар жинау» қозғалысты ойыны.

Өлеңді жаттау.

Сұрақтарға жауап береді.

Ойын ойнайды. Өлеңді жаттайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау:

- Балалар, біздің жаттаған өлең шумағымызда не туралы айтылған?

3-4 баладан тақпақты жатқа сұрау.

Балалардың

жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңді жатқа айтуды.

Игереді: ойын арқылы қыс мезгілінің ерекшелігін.

Меңгереді: өлең мазмұнын түсіне отырып, қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.