Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йымдастырушылық – ізденістік



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.- Ал енді, балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық. Бүгін біз ақын Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оңып, оның мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысайық.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Алтын дән

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән

Тербеледі, толқиды.

Толықсыған тасқындай

Көкжиекпен ұштасып,

Күн астында аң бидай

Билейді қол ұстасып.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

- Осы оқыған өлең шумағында не жайлы айтылған?

- Өлеңнің авторы кім?

- Сендерге өлең ұнады ма?

- «Алтын дән» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

жай - жай - жай.

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ соқ қолды енді:

сарт - сарт -сарт.

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді:

жай - жай - жай.

Өлеңді қайталап, мәнерлеп оқу, жаттап алу.

Орындарына жайғасып отырады.

Мұқият тыңдайды.

Жауап береді.

Өлең шумағына байланысты дауыс ырғағын келтіріп, қимыл жасайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау:

Қазақтың нақыл сөздері арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Ас атасы – нан.

Нан болса – ән де болады

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын.

Игереді: алтын дәннің нәтижесі - нан, оны қадірлеу керек екенін.

Меңгереді: нанның үлкен еңбекпен келетінін.

 

Күні________

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 

31.Тақырыбы:«Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі)

Мақсаты: «Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, атрибуттар, үлгілер, арыстан мен тышқан кейіпкерлерінің бейнесі.

Сөздік жұмыс:арыстан, тышқан.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.