|
|||
йымдастырушылық – ізденістікҰйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме. - Балалар, бүгін біз оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып, одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын, қаншалықты түсінгенін жеткізеді. Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауапарқылы әңгімелеу. - Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар? - Шалқан қайда өседі? - Атай көмекке кімді шақырды? - Әжей кімді шақырды? - Немере қыз кімді шақырды? - Күшік кімді шақырды? - Мысық кімді шақырды? - Сонымен, бәрі бірігіп не істеді? - Ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз. Зейін қойып тыңдайды. Балалардың жауабы. Әжейді Немере қызды Күшікті Мысықты Тышқанды
Рефлексиялық - түзетушілік Ертегіні сахналау. Қорытындылау. Қазақтың мақал-мәтелдерін айтқыза отырып, оқу іс-әрекетін аяқтау. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірліктің арқасында шалқанды жұлып алды. Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады, Қиындықты жеңсе кім, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай Болайықшы, досым-ай. Рөлге бөлініп сахналайды. Мұқият тыңдайды. Күтілетін нәтиже: Біледі: ертегінің мазмұнын. Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауды. Меңгереді: сахналау арқылы ертегіні көрсете білуді.
Күні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімі:«бала тілін дамыту» 30.Тақырыбы:«Алтын дән» (өлең) Мақсаты: еңбеккеқызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер. Сөздік жұмыс:алтын дән.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Жылулық шеңбері. Тәрбиешімен бірге шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын орындайды. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Таза ауадан салайық, Достың мейірін салайық, Жүрек жылуын салайық, Осы жақсы лебіздерді Бір-бірімізге сыйлайық.
Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.
|
|||
|