|
|||
йымдастырушылық – ізденістікҰйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме. - Бүгінгі іс-әрекетімізде «Маша мен аю» ертегісін оқимыз. Ертегіні оқып беру. Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен, Теріп, теріп алайың, Қалтамызға салайық. Сұрақ-жауап арқылыәңгімелеу. - Атасы мен апасы Машаға не деді? - Олар қайда барды? - Маша кімнің үйіне кіріп кетті? - Маша аюға не деді? - Маша атасы мен әжесіне не пісірді? - Бәлішті ата-әжесіне қалай жеткізді? Қимылдар жасайды. Балалардың жауабы. Аюдың Бәліш Жәшікке кіріп, өзі жеткізді Рефлексиялық - түзетушілік Қорытындылау: - Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ертегі оқыдың? - Ертегі сендерге ұнады ма? Балалардың жауабы. Күтілетін нәтиже: Біледі: ертегінің мазмұнын. Игереді: жақсы, жаман қасиеттерді. Меңгереді: кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалауды.
Күні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 35.Тақырыбы:«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі Мақсаты: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін естеріне түсіру, тіл байлықтарын молайту, ертегінің мазмұнын дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер. Сөздік жұмыс:тоғай, қасқыр, лақ. Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. Арым таза, ақ көңіл, Адамдыққа сенемін. Абыройлы, ақ ниет, Адалдыққа сенемін. Шеңбер бойына тұрып орындайды. Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме. - Балалар, сендер қандай ертегілер білесіңдер? - Ертегі оқыған сендерге ұнай ма? Ертегіні оқып беру, сурет арқылы мазмұнын ашу. - Ешкі мен лақтар қайда тұрады? - Ешкі тоғайға не үшін барады? - Ешкі тоғайға кеткенде кім келді? - Лақтар қасқырға есікті неге ашпады? Балалардың жауабы. Мұқият тыңдайды. Балалардың жауабы.
|
|||
|