Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз. 



№4 Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз

               Қашаған елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, тойымсыз бай мен бидің, қанағатсыз болыстың іс-әрекеттерін сынға алып, бетпердесін ашқан ақын. Қашағанның ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерді дәріптейтін шығармалары бір биік болса, елде болған болыстар мен молдалардың орынсыз қылықтарын әшкере еткен өлеңдері ел арасында ұлы туындылар ретінде сақтап қалған. Сол жанрдағы өлеңдерінің бірі «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі қаншама жыл өтсе де өз құндылығын жоймаған.                                                                                                                                              .              «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңінде қара халықты аяусыз қинаған байлар мен болыстар, надан, дінбұзар молдаларды өз жырына арқау еткен. Аталған кездесу былай болған: Қашаған ақын мен Құрманғазы күйші қыстың бір суық күнінде Каспий теңізінің маңындағы ауылға түседі. Қашағанның ақын екенін билеушілер оны әдейі Есқали сұпының үйіне әшкерелеу мақсатында қонуға жібереді. Үйге кіргізбей, есік алдындағы қарға жыққан сопы келінін ақын былай деп тоқтатады:

                          Ал, сенде ұят та жоқ, иба да жоқ,

                          Шамасы ұялтатын иман да жоқ,

                          Және де әдет те жоқ, ақыл да жоқ,

                          Өзің жаман болған соң жақын да жоқ.

                          Қонақты ренжітпей сыйла деген,

                          Үйреткен ата – енеінен нақыл да жоқ,-

деп қонақ қабылдамау ұятсыздық, әдепсіздік екенін айтып, қатты айыптайды. Ақын сөзін естіген Есқали сопы қонуға рұқсат бергенмен, жақтырмағанын білдіре, амандаспай намазға кіріседі. Онымен қоймай, домбыраның дыңылын ести салысымен Есқали сопы «шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан келді?»- деп жекіреді. Сопының надандығына ызаланған Қащаған:

Келе сала, сұпеке,

Домбырамды боқтадың.

Домбырамды боқтасаң,

Өзімды басқа соққаның.

Сұпылығың қай жақта,

Шын тентекке ұқсадың.

деп келе сала домбыраның ағаштан жасалғанын айта келе ағашының пайдаға асар тұстарын, оның ішінде діни саладағы қызметтерін тілге тиек етіп «Өзіңді халық сұпы дейді. Боқтағаның қай ағаш»,-деп Есқали сұпыға өз пікірін айтады

Қолымдағы қу ағаш,

Сайрап отыр бұл ағаш.

Қолымдағы ағашым -       

Алып жүрген домбыра,

Тартқан сайын даңғыра.

Домбыра күнә деген сөз,

Тек бір айтқан дабыра,-

 

Деп ағашты дәріптеу арқылы домбыраны кие тұтатын ел ұғымын паш етеді. Есқали сұпының ән – күйді «Шайтанның ісі» дегеніне тойтарыс беріп, домбыра өнерін қорған шығады.

    Ақынның «Есқали сүпыға айтқаны» өлеңі әдебиетіміздің бір биік шоқтығы болып табылады. Онда ақын ағашты мадақтай отырып, домбыраны қастерлейтін халық мінезін жанамалап айтуды шебер қолданған.  

№5 Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз

Қазақ қызы!Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп,жан жараңды емдеп,шабытыңды оятып,қолыңды сермеп,сезім гүлдеп жүректегі алаулаған отты үрлеп жібереді.Қазақтың мұңы,зары,арманы,үміті,ардағы,аманаты,тарихы,өмірі – бәрі-бәрі қазақ қызының тұңғиық мұңды көздеріне тұрғандай көрінеді.Ұлт болып ұйысуда,жұрт болып жұмылуда,халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар рөлі,алар орны ерекше.

Міне,осы қазақ қызына арнап өлең шығармаған ақындар,сұлулығына тамсанып жырламаған жыршылар қазақта кемде-кем шығар!Соның ішінд М.Мөңкеұлы «Қыз» өлеңі өте ерекше.Бұл өлеңді оқи отырып,ойыма «Сұлушаш» поэмасы түседі.Екі шығарманың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

Бір жағынан ұқсастықтарына тоқталсақ,М.Мөңкеұлы өлеңіндегі қыз сипаты ақ моншақтай әдемі,әдемілігі соншалықты,ақ жүзінің сәулесі жерге түссе,сары алтындай көрінеді.Ол- құрбыларының алды болған байдың қызы.Тісі – маржандай,сөзі – жағымды,сөйлесе тілінен бал тамады!Келген адам қасынан кеткісі келмейтін.Сол сияқты «Сұлушаш» бейнесінде әдемілігі соншалықты,қарақат көзі,қыр мұрынды,ұзын кірпік,тістері меруерттің тізген тасындай,дидары қоғалы көлдің құрағындай.

Екінші жағынан,айырмашықтарын да қарастыруға болады.М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңінде қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі – қызды құтты орнына қондыру бейнеленген.Автордың айтпағы «қыз мұраты – кету» демекші,қыз өз ата – анасының дәулетіне еркелеп өскенімен,бір күні ол да ұясынан ұшып,өз орнын табады.

Ал Сұлушаш еркін ойлы,өз мүддесі үшін күресуге қабілетті өжет жандардың бірі өзі ғашық болған қосылуға ата – анасының батасын ала алмасада,ғашығына қосылатын еркін жан.

Қорытындылай келсек,бұл шығармалардағы қыз сипаты ұқсас болғанымен,тағдырлары өзгеше.                                                                                   Әр шығармадағы қыз жеке тұлға.Біріншідегі қыз сипаты тұрмыс құрарға дейінгі болып табылады.Қай шығарманы алсақ та, ертедегі қазақ қызының бейнесі шебер суреттелген деп ойлаймын.      

№7«...дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» дегенЫ. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?

  Әңгіменың тақырыбына қарап «жомарт» - адамға тән қасиет Атымтай – адамный есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесіп , әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Ал жомарт сөзі парсы тілінен аударғанда «жуван» - жас, жігіт, «мард» - адам деген мағына береді екен. Әңгімеде автор Атымтайдың жомарттығын барынша көрсетуге тырысқан. Атымтай Жомарт қолы ашық, кең пейіл ғана емес, рухани дүниесі мен де жомарт екендігін жоғарыдағы сөздерінде байқауға болады.

Атымтай Жомарт әңгіме барысындағы қарапайымдылығамен корінеді.Мәтіндегі сөздерге назар аударайықшы, «Өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі – құсқы киім киіп отын, шөп тасып жұмыс қылады екен», - дейді автор. Бүның өзі жомарт мінезбен өзін-өзі тәрбиелеу деп білеміз. Адам өзіне саналықпен есеп беріп отырмаса, өзін басқалардан жоғары санап, менмендің пайда болуы мүмкін екенін Атымтай Жомарт түсінеді.Ол сондықтан сол кеселге бой алдырып кетуден қорқады. Тәкаппарлық – тез жұғатын әдет.

«Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам , мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілері әбірет алсын деймін»,- деген сөздерге назар салсақ алдыға кінге деген қорқынышын көруге болады. Өзің жұмыс істемей, һзшелерге әмір берумен шектелсем, кейінгі ұрпағыма берем үміт қандай болмақ? Ендеше Атымтай Жомарттың қорқынышы орынды деп білемін. Адам шын мәнінде сол бақ-дәулетті сыйлар отырған құдайын ұмытса тәубаға келуде қалады.Адамның келбеті кен айырылары анық. Адамның жақсы нірсеге бой алдыруы мансапқор болуы бір өттік құбылыс екенін анық. Оны тіпті бірінші заманда анық байқауғада да болады .Атымтай Жомарттай бақ-дәулеті тасқан пенделер аз емес. Дегенмен солардығ бәрі «Атымтай Жомарт» па?! Солардың әрбірінде, тіпті адамның бәріңе деосы әңгіме кейіпкерінің «әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті әдет етсең, көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшалардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жірдем беруді ұмытармын» деген қорқынышы болса артыө болмас еді деген ой келеді.

Қорыта келсе, әңгіме кейіпкерінің әр сөзі,әрі ісі оқырманға үлгі екендігін баса айтқым келеді. Үлгі бола қана қоймай адам тұлғасында қалуына ой салар тұрткі екені даусыз.

 

№ 9 Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Аристотель – әлемнің алғашқы ұстазы. Парасаттылыңымен көпке танылған ол Хакім Абайдың «Ескендір» поэмасында ұлы патша ақылшысы болады.Әр ойды тұспалды,астарлы ойдың ашығын жеткізетін ұстақ сөзі әрқашан орынды

Ашкөз, бар әлемді өз қарамағына алғысыкелген озбыр патша сол бір шаһарға келгенде мысы басылып, беті қайтты. Себебі не деп ойлар едіңіз? Иә, өзінің тойымсыздығы.Өз һзінекөзделген қарудыі өзі ұстап тұрғанын ол сол күйі білмей кетуші еді. Тек әміршінің оң-солын танытқан оның ақылшысы Аристотелль ғана өз тұжырмымен жеткізбесе.. Бар ойпатты қанмен толтырған Ескендір Зұлқарнайынның көзі де қанға толы еді.Сол қанды көз көрмеген ұстаз анық көріп, анық шешімін айтты.

Өркөкірек Ескендір патша өзіне сыйлық алдым деп қуанғанында шыққан бас сүйеу оның өз қателігін айқын етті. Мәнін білмей дөл тұрғанда, Аристотель таразыны әкелдіруін сұратты. Бір басына сол бас сүйекті қойды.Екінші жағына бар алтынын,бар қару-жарағын қойса да, салмағы еш түспеген «өз сыйлығына» қатты ашуланған корольді өзіне келтірген Аристотель жалғыз қимылы,жалғыз ауыз сөзі еді. Бір уыс топырақты бас жатқан таразы бөлігіне қойғанда ғана ол салмағына келген-ді.

Мұның мәнін түсінбеген тойымсыз әскербасы өз ақылгөйінен бар мән-жайды сұрады.Шешімін Аристотель былай жеткізді:

     Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

     Өлсе тояр,көзіне құм құйылғанда...

     Сый сұрадың,бергені – бір қу сүйек,

     Мұны көріп, алыңыщ сіз де ғибрат!

Осылайынан мақтаншақ патша өз қателігін түсінді.Бар абырой – дүние-мүлік,жиған-терген емес, адамгершілік пен қанағат,ұят пен сабыр екенін ұғынып кері шегінді.

Осы ойдың қорытындысысына келсек,жалған қу өмірде жалғыз жолдас – адамдық.Бақ пен дәулетін,ықпалың уақытша. Тойымсыздалып,байлық іздеп,өз жолының адаспағың! Әйтпесе, әркімнен – ақ басынан Ескендір кешкен жайт өтер...

 

№10 Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз. 

Сондаған ғасырлар бойы батыс пен шығыстың талай елінде Ескендірдің жорық жолын дәріптеген көптеген туындылар дүниеге келді.Фирдоуси «Шахнамасында»,Низами «Ескендірнама» атты дастанында,Жәми «Ескендірдің даналық кітабында» жазып,оның образын данышпан,ақылды,батыр деп ардақтап аөрсеткен,Александр Македонский туралы тағы да тарихи еңбектер де,фольклорлық туындылар да,әдеби шығармалар да аз емес.

Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы басты кейіпкер- Ескендір.Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса,Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған,белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне,жырларға кейіпкер болған патша.Абай «Ескендір» поэмасының композициясын,сюжеттік әкелесін өзіне дейінгі жырлардың ешқайсысына ұқсатпай,Ескендір Зұлқарнайын образын озбыр,соғысқұмар,даңққұмар,дүниеқор,менмен,қатал,яғни жолында тұрған кез-келген тосқауылды қатыгездікпен жойған.Оған дәлел ретінде:

Көп елді күтінбеген қырды,жойды,

Ханды өлтіріп қаласын тартып алды.

Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,

Дарияның суындай қандар ақты,- деген жолдарданкөре                                      

 аламыз.

Ескендір Зұлқарнайын туралы тағы да бір әлемге тараған туынды ал «қос мүйізді Ескендір».Бұл әңгімеде Ескендір қос мүйізді болып бейнеленгендіктен оны «Зұлқарнайын деп атап кеткен екен.Содан кейін,оған ерекше күш,айбын,тіпті ежелгі Египеттегі жануар басты құдайлар мен патшаларға тән қасиет танылады.Себебі шығыс халықтарынынң ерте заманғы түсінігі бойынша,адамға біткен мүйіздер екшелеп батылдықтың,аса бір ерекшеліктің белгісі екен.

Белгілі ғалым Е.Э Бертельстің дәлелдеуінше,Ескендір туралы алғашқы аңыздар мен әңгімелер оның өз сарбаздарының арасында туған.Ол әңгімелерді көпшілікке таратқан да – осы сарбаздары. Ал басқа деректерге сүйенсек оның бейнесінің бүгінге дейін жаңғырып,жаңарып жетуіне қолбасшының өзі көп күш салған.Ол әрбір жорыққа өзінің ерлігін хатқа түсіріп отырған жылнамашы-жазушыларды ертіп жүрген.Сондай жазушының бірі – Каллисфен.Александр батырлығы мен айбындылығын әсірелей сипаттайтын «Александр жайлы роман»жазып қалдырған.

 Міне,жер жаһанға әйгілі Ескендір Зұлқарнайынның бүгінгі бізге жеткен бейнесі – батыр, білімді қолбасшы,әлемді аузына қаратқан ұлы патша екеніне көзіміз әкетіп отыр.Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік,тұжырым қалыптастырды,өзгенің жеріне,байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді.Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға өадам жасады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.