|
|||
ЛЕКЦИЯ 2. БЮДЖЕТТЕУДІҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. БЮДЖЕТТІК ПРОЕКТІЛЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЛЕКЦИЯ 2. БЮДЖЕТТЕУДІҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. БЮДЖЕТТІК ПРОЕКТІЛЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР Лекцияның мақсаты: Бюджет жүйесі, түрлері, құрылымы және бюджеттік деңгей, бiрыңғай бюджеттік класиффикациясы және бюджетаралық қарым-қатынас, бюджеттік есепке алу мен есептілік, бюджетті орындаудағы қаржылық бақылау. Негізгі қарастырылатын сөздер:Бюджеттік жүйе, ынтымақтық принцип, толыгу принципі, шынайшылық принцип, жайдарылық принципі, орталық (республикалық) бюджет жэне жергілікті бюджеттер, бюджеттік катынастар, трансферттер нормативті, бюджет тапшылығы (профициті), бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Лекция сұрақтары: 2.1 Бюджет жүйесі, түрлері, құрылымы және бюджеттік деңгей 2.2 Бiрыңғай бюджеттік класиффикациясы және бюджетаралық қарым-қатынас 2.3 Бюджеттік есепке алу мен есептілік 2.4 Бюджетті орындаудағы қаржылық бақылау 2.1 Бюджет жүйесі, түрлері, құрылымы және бюджеттік деңгей Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің ма-ңызды қүрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын - бюджетті - қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке түлғалар мен аймақтар арасыңдағы барлығы қаржылық қатынас-тар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен қүқықтық нор-маларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі. 2005 жылы қаңтар айының 1 жүлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе қүрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген: • республикалық бюджеті; • облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті; • аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті). Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мүндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарльгғымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағьшда төтенше немесе әскери жағдай жарияланса. Қазақстан Республикасының ¥лттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері қүрайды. Бүл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған. Бюджеттік жүйе қызмет атқаруыпың негізі келесі қаржылық қатынастары: • мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде; • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюд-жет тарапынан қаржыландыру жөнінде; • мемлекеттіц халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде; • қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы минис-трлігі, Үлттық банк және т.б.); мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен. Қаржылық қатынастардың барлық бүл формалары мемле-кетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен қүқықтық нормалар негізінде басқарылады. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасьшда басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген. Ынтымақтық принцип - бюджеттік жүйенің ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бүл принцип Кеңес Одағының бюджеттік жүйесінде болды. Қазіргі қезеңде жергілікті билік органдарының дербестікке ие болғанына және оларға қаржыльгқ ресурстармен билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық принцип босаңсытылып қалды. Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шьгғыстар жалпы бірыңғай жүйесі бар екені осы ынтымақтық принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі. Бюджеттік жүйенің ынтымақтық принципі бірыңғай қүқықтық база, бірыңғай бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу, бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдала-ну, статистикалық және қаржылық ақпаратқа қажетті бюджет-тік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Бүл принципті қолданған бюджетті қүрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар бюджеттік баптардың болмауына әсерін тигізеді. Толыгу принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, объективті окәне сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың өзара талаптары мен талаптар қүқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нет-то түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық қаржы операцияларьш көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жүмсалған шығын-дарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді. Қазіргі кезенде әлемдік тәжірибеде бүл принциптің лайық-тылығы шамалы деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы қүралдарын қалыптасуда орталықтырылған әдіс қолданады, сондықтан 1998 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған. Шынайшылық принципдеген бюджегтің қабылданған көр-сеткіштерінің республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономи-калық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді. Шынайшылық принцип бюджет атқару жөнінде есеп беруді бүрмалауын болдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджет-тік белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және бюджеттікрезер-втер барлығымен қуаттандырылған негіздегі барлық кіріс көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады. Бюджет жүйесінің жайдарылық принципібекітілген бюджет пән оны атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат қүралдарьшда жариялауын керек етеді. Бұл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шьіғындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік бе-реді. Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады - ол бюджеттік заңнамалар аумағыңдағы нормативтік-қүқықтық актілер, бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөніңде басқа да ақпа-раттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу. Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестпік принципімаңында олардың кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қальштасу мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бүл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жүмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізіңде бюджеттік процесті өз еркі іске асыруына қүқық берумен қамтылады. Бұл принцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жүмсау жөніндегі құқықтарын бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюд-жеттерді атқарған процесте қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке қайтарьш алуы мен жергілікті бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса оларға қосымша шығындар салуы жіберілмейді. Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буында-рының түсімдер көздері заңмен бекітілу мен бюджет қүралдарын әрбір деңгейдегі билік органдарының заңмен анықталған өкі-леттіктері негізінде пайдалану құқықтары камтиды. Барлық дең-гейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы саясатының қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарасты-ру мен бекіткенде олардьщ тапшылықтарының шекті мөлшері тағайындалуы мүмкін. Бюджеттік жүйе қашанда болса түрақты әрекетте болуы ке-рек, яғни бюджеттік құрылыста, бюджеттік процесте, бюджеттік процедуралар мен қатынастарда ешқандай дөрекі өзгерістерсіз. Бұл бірізділік принципке негізделеді. Ол принцип мемлекеттік басқару органдары бюджеттік қатынастар аумагындағы бүрын қа-былданған шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді. Кейбір уақытта мелекетте экономиканың бөлек бір салалары немесе іс-әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті бо-лады. Осыған байланысты ел немесе аймақтардың әлеуметтік-эко-номикалық дамуының басымдылықты бағыттары жасалады. Сон-дықтан, басымдылықтық принциптің түсінігі бюджеттік жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылыкты бағыттарға сәйкес іске асыруды білдіреді. Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік жүйе әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы көлемінде пайдалана отырып, бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен қарастырылған белгілі бір әсершіл нәтижеге жету қажеттілік та-лаптарға бағынады. Бүл тиімділік және нәтижелік принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оньщ керек екендігі больш бюджеттік құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістік-терді қамтамасыз ету табылады. Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюд-жеттік заңнамалар талаптарьш орындауы тиіс. Сондықтан бюд-жеттік жүйеде жауаптылық принцип іске асуда, себебі бүл при-нциптің талабы - бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту. Жоғарыда айтылған принциптер негізінде әр мемлекет өз бюджеттік жүйесін жетілдіреді, бірақ біртұтас және федералды мемлекеттердің бюджеттік жүйелерін үйымдастыруда мемле кеттік құрылымына байланысты ерекшеліктер бар. Мемлекеттің федералдық жайластырушылығына үшбуынды бюджеттік жүйе сәйкес. Мүндай жүйенің маңында орталық бюджет (одақтық, федералдық), федерация мүшелерінің бюджеттері (республика, штаттар) және жергілікті бюджеттер кіреді. Біртүтас мемлекеттер-де екібуынды бюджеттік жүйе қолданылады - орталық (республикалық) бюджет жэне жергілікті бюджеттер. Федералды жайластырушылықты мемлекеттерде бюджеттік жайластырушылық бюджеттік федерализм принциптеріне не-гізделеді. Федерализм басқару әдіс ретінде мемлекеттің барлық мүдделерін оның әрбір белімдерінің мүдделерімен тіркестіреді және аумақтардың өздеріне берілген сауалдарды шешу дербестігін сақтай отырьш, елдің бірлігі мен тұтастығын қамсыз етеді. Сондықтан, бюджеттік федерализмді федералдық билік пен ұлт-мемлекеттік және әкімші-аумақтық билік арасындағы әрбір деңгейдегі бюджет кірістерін оңтайлы, ғылыми-негізді бөлу мен олардың шығындарын қаржыландыру себебіндегі қатынастар деп анықтауға болады. Бюджеттік федерализм төменде көрсетілгендей негізделеді: • федералдық бюджеттің бастаушы рөлін сақтап, аумақтық бюджеттердің дербестігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы мүдделерді тіркестіруге; • әрбір буынның бюджеттер құқықтарының теңбе-теңдігі мен үшбуынды бюджеттік жүйе барлығына; • аймақтарға қаржылық жәрдем көрсету мен олардьщ да-муын теңестіру мақсатына федералдық бюджеттен бөлінген құралдардың көлемі есебінің мемлекеттің барлық субъек-тілеріне біріккен критерийлерді пайдалану. Кірістерді федералдық деңгейде орталықтандыру жалпы-мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындау, мемлекет қаржыларьшың тұрақтылығын қамтамасыз ету мен аймақтар арасында қаржы ресурстарьш қайта бөліс үшін өндіріледі. Кірістерді бюджеттер арасында бөлгенге дейін биліктіц әрбір деңгейіне жүктелген өкілеттікке сәйкес олардың шығыстары шектелуі тиіс. Федералды мемлекеттерде жергілікті бюджеттердің кіріс пен шығыстары федерация мүшелерінің бюджеттеріне, ал федерация мүшелері өз кірістері және шығыстарымен федералды бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде жергілікті бюджеттер өз кірістері және шығыстарымен республикалық бюджетке кір-мейді, яғни олар дербесті болады. Жоғары экономикалық және әлеуметтік тиімділікке жету үшін шығыстар неғұрлым жергілікті әкімші-аумақтық бірлікке жақын болуы қажет, себебі сол бірлік мүдделеріне жүмсалатын шығыстар. Мемлекет біртұтас немесе федералды болсьпі олардың бюд-жеттік жүйелерінде бюджеттер әр түрлі деңгейде оңашалану мен дербестігі болуы мүмкін, бірақ та орталық бюджет маңында әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтанды-рылған деңгейге байланысты төменгі түрған бюджеттерге қаты-насты белгілі бір реттеуші рөлі сақталады. Қазақстан Республикасында, екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады - республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер.
|
|||
|