Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 4. ҰЙЫМДАР МЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ



ЛЕКЦИЯ 4. ҰЙЫМДАР МЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ

Лекцияның мақсаты: Кәсіпорындар мен ұйымдарда шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизмдерін қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері мен принциптері.  Кәсіпорын салығы. Кәсіпорындар мен ұйымдарды экономикалық ынталандыру қорлары. Кәсіпорын қызметінің бюджеті. Бюджеттеудегі мәліметтер және инновациялық технологиялар

Негізгі қарастырылатын сөздер:басқаруды ұйымдастыру механизмі, басқару құрылымының қалыптасуы мен қызмет етуі, басқару шешімін қабылдау, техникалық және ұйымдық факторлар, әлеуметтік-экономикалық факторлар.

 

Лекция сұрақтары:

4.1 Кәсіпорындар мен ұйымдарда шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизмдерін қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері мен принциптері

4.2 Кәсіпорын салығы. Кәсіпорындар мен ұйымдарды экономикалық ынталандыру қорлары. Кәсіпорын қызметінің бюджеті.

4.3 Бюджеттеудегі мәліметтер және инновациялық технологиялар

4.1 Кәсіпорындар мен ұйымдарда шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизмдерін қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері мен принциптері

1. Бизнестің теориясы мен тәжірибесі оны жүзеге асыру барысында көптеген стратегиялық жолдарды қалыптастырды. Ол ішкі және сыртқы факторлар жиынтығымен, әр саланың даму қарқынымен, қойылған мақсаттың сипатымен және т.б. факторлар жиынтығымен анықталады.

       Кәсіпорындар мен ұйымдар кәсіпкерлік стратегиялық таңдауда қаржылық мүмкіндіктері әсер етеді, яғни шаруашылық субъектісі қызметін жүзеге асыруда (жаңа нарыққа шығу, жаңа өнім жасау не жаңа салаға ауысу) көп көлемде қаржы шығынын қажет етеді.

       Бизнесті дұрыс ұйымдастырып, басқармайынша жақсы нәтижелерге жету мүмкін емес. Кәсіпорындарды ұйымдастыру механизмі басқару құрылымы мен басқару жүйесінің қалыптасуы мен қызмет етуінен және басқару шешімін қабылдау мен оны жүзеге асырудан тұрады.

Басқаруды ұйымдастыру механизмінің моделі.

 

 

 

 


1. Басқару құрылымының қалыптасуы мен қызмет етуі.

1.1. Басқару құрылымының сатысына байланысты:

1.1.1. екі сатылы; 1.1.2. үш сатылы; 1.1.3. төрт сатылы; 1.1.4. аралас.

1.2. Еңбек бөлінісіне байланысты:

1.2.1. сызықтық; 1.2.2. функционалдық; 1.2.3. сызықтық функционалдық; 1.2.4. бағдарламалық мақсаттық; 1.2.5. матрицалық.

1.3. Өндірісті ұйымдастыру құрылымына қарай:

1.3.1. бригадалық; 1.3.2. бөлімшелік; 1.3.3. цехтық; 1.3.4. салалық; 1.3.5. аралас.

2. Басқару шешімін қабылдау.

2.1. Функционалдық мақсатына байланысты:

2.1.1. жоспарлау; 2.1.2. экономикалық; 2.1.3. технологиялық; 2.1.4. қаржылық

2.2. Ұйымдастырылуына қарай:

2.2.1. жекелей; 2.2.2. аралық; 2.2.3. ұжымдық.

2.3. Уақыт өлшеміне қарай:

2.3.1. перспективалық; 2.3.2. күнделікті; 2.3.3. жедел.

2.4. Мәселелерді қамту аумағына байланысты:

2.4.1. кешенді; 2.4.2. салалық; 2.4.3. жеке.

2.5. Атқаратын міндетіне байланысты:

2.5.1. стратегиялық; 2.5.2. тактикалық; 2.5.3. оперативтік.

2.6. Әсер ету әдісіне байланысты:

2.6.1. тікелей; 2.6.2. жанама

2.7. Әсер ету объектісіне байланысты:

2.7.1. ішкі; 2.7.2. сыртқы.

3. Басқару жүйесінің қалыптасуы және қызмет етуі

3.1. Басқару субъектісі:

3.1.1. басқару органы (мемлекеттік, шаруашылық, жеке); 3.1.2. басқару қызметкерлері.

3.2. Басқару объектісі:

3.2.1. өндірістік ресурстар; 3.2.2. ұйымдық-экономикалық жағдай.

Жоспарлы өндірісті басқаруды ұйымдастыру механизмі басқару субъектісінің экономикалық мүддесін жүзеге асырудың басты құралы болып саналады және ол өндірістің басқару объектісі ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сондықтан ұйымдастыру механизмі өндірістің барлық заңдылықтары мен ерекшеліктерін және олардың арасындағы байланыстар мен процестерді сипаттайды.

       Басқару құрылымының талаптарға сай қалыптасып, жұмыс істеуі басқару құрылымына әсер ететін факторларға байланысты болады. Басқару құрылымына әсер ететін факторларды төрт топқа топтастырамыз:

 

 

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.