|
|||
Кәсіпорынды басқарудағы қаржылық жоспардың деңгейі1.3 Кәсіпорынды басқарудағы қаржылық жоспардың деңгейі
Республикалық бюджетке түсетін түсiмдерге: 1. Мыналар: 1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; 2) қосылған құн салығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер; 4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер; 5) ойын бизнесі салығы; 6) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, үстеме пайда салығы; 7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы; 8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, бонустар; 9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық; 10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы; 11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi; 12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi; 13) жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым; 14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берілгенi үшiн алым; 15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке қойылғаны) үшiн алым; 16) дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшiн алым; 17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым; 18) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктегі құрылғылардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым; 19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшiн төлемақы; 20) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; 21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы; 22) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; 23) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; 24) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы; 25) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары; 26) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетін түсiмдер; 27) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар; 28) консулдық алым; 29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостил қойғаны үшiн мемлекеттiк баж; 30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгенi үшiн мемлекеттiк баж; 31) жүргiзушi куәлiктерiнің берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 32) механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 33) мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiнің берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 34) нотариаттық iс-әрекеттер жасалғаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж; 35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж; 36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж; 37) механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады. 2. республикалық меншiктен түсетін кiрiстер: республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi; республикалық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер; республикалық меншiктегi заңды тұлғалардың қатысу үлесiне кiрiстер; республикалық меншiктегi мүлiктi жалға беруден түсетін кiрiстер; екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарында мемлекеттiк сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң депозиттерi бойынша сыйақылар; 1) республикалық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар; қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кiрiстер; республикалық меншiктен түсетін басқа да кiрiстер; 2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткiзуден түсетін түсiмдерi; 3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi; 4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу; 5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсiмдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады. Бақылау сұрақтары: 1. Бюджет түсінігі және бюджет жүйесі 2. Бюджет жүйесіндегі ақпарат 3. Бюджет пәні 4.Бюджет объектісі және әдістері 5.Бюджетті қалыптастыруда технологиялық процедурулур 6. Жоспарлау кезеңі 7. Қаржылық жоспардың тәсілдері Негізгі әдебиеттер: 1. Волкова О.Н. Бюджетирование и финансовый контроль в коммерческих организациях. М.:ФиС, 2005. 2. Хруцкий В.Е. Внутрифирменное бюджетирование: Настольная книга по постановке финансового планирования. М.:ФиС, 2007. 3.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Бақару есебі. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б. 4. 28/08/2013/ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевтың 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заң жобасы туралы баяндамасы 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 352 бұйрығы 7.Төлегенов Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006
Слайдтардың тізімі: 1.Бюджеттеу объектілері 2.Бюджетті қалыптастыруда технологиялық (ұйымдасытрушылық) процедураларды сақтау кезеңдері 3.Республикалық бюджетке түсетін түсiмдер 4.Облыстық бюджетке түсетін түсiмдер 5.Республикалық бюджеттiң шығыстары
|
|||
|