Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 3. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ



ЛЕКЦИЯ 3. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Лекцияның мақсаты: Кәсіпорында бюджетті құру және оның құрылымы, оперативті қаржылық жоспарлаудың бюджеттік мазмұны, бюджет түрлері мен формаларын қарастыру, жоспарлау процесінің сатыларын қарастыру.

Негізгі қарастырылатын сөздер:Бюджетті құру жүйесі, бюджет түрлері мен формалары, ұзақ мерзімді жоспарлау, басқарушылық бақылаудың этаптары, икемді бюджет, баланстың кіріс бөлігі, баланстың шығыстар бөлігі, салалық (ведомтволық) қаржы жоспарларының жүйесі, бизнес-жоспар.

 

Лекция сұрақтары:

3.1 Кәсіпорында бюджетті құру және оның құрылымы

3.2 Оперативті қаржылық жоспарлаудың бюджеттік мазмұны

3.1 Кәсіпорында бюджетті құру және оның құрылымы

 

Бюджетті құру жүйесі – басқарушылық есепте жоспарлау мен бақылау жүйесінің маңызды бөлігі. Бағдарлама секілді Бюджетті құру бұл жоспарлау процесі деп аталады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада, бағдарламалар бірнеше жыл бұрын жасалса, ал бюджет ереже бойынша келесі жылға (бір жыл) есептеледі. Бюджет басқарушылық бақылау жүйесінің негізгі құралы. Іс жүзінде барлық ұйымдар бюджет құрады. Көптеген ұйымдар жылдық бюджет ретінде пайда жоспарын қарастырады.

Бюджет сансыз түрлер мен формаларға ие болады. Оның қүрылымы бюджетті құрастырудың негізі болып табылатын: ұйым көлеміне, дәрежесіне және бюджетті жасаушылардың тәжірибесі мен біліктілігіне байланысты болады. Қаржылық есеп беру құжаттарына қарағанда бюджеттің қатаң сақталатын стандартты формасы жоқ. Бюджет өте қарапайым – сату және шығындар жобасы немесе күрделі – корпорацияның қаржылық жобасы түрінде болуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді жоспарлау – бұл фирманың алға қарай жылжуына бағыттау қызметі болып табылады. Корпоративтік жоспарды құру барысында мынадай сұрақ туындайды: «10 жылдан кейін кәсіпорынды калай көреміз?». Бұл сұраққа табысты жауап беру үшін мына аспектілерді қарастыру қажет:

а) фирма неге қол жеткізеді (міндеттері);

б) бұған қалай қол жеткізе алады (стратегия);

в) қандай ресурстарды қажет етеді (оперативтік жоспар);

г) бұл жоспармен салыстырғанда қаншалықты жүзеге асырылды (бақылау).

Жоспарлау процесінің сатылары:

а) Міндеттерді айқындау. Кез келген кәсіпорынның алғашқы сатысы міндеттерді айқындау. Міндеттер былай анықталады:

- экономикалық мақсатта;

- бизнес түрі;

- сатылатын тауарлар (көрсетілетін қызмет);

- қызмет ететін нарығы;

- нарық үлесі;

- жоспарланатын табысы;

- сату, табыс және активтердің талап етілген нормасы.

б) Іс-әрекеттердің мүмкіндіктерін іздеу. Стратегиялар жасалуы қажет:

       - шығарылған өнімдер үшін жаңа нарықты дамыту;

       - жұмыс жасап тұрған нарық үшін жаңа өнімдерді дамыту;

       - жаңа нарық үшін жаңа өнімдерді дамыту.

в) Баламалар туралы мәліметтер жинақтау. Бұл ақпараттарды жинақтау сатысы.

г) Іс-әрекетті таңдау. Шешім қабылдағаннан кейін ұзақ мерзімді жоспарлар жасалады.

д) Ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыру. Бұл сатыда жылдық бюджетті құруда ұзақ мерзімді жоспарлауға өту қарастырылады. Бюджет стратегиялық жоспарлау арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

е) Нақты нәтиженің мониторингісі. Қызметтің нақты нәтижесі туралы қаржылық есепті жүргізуде шығындарды есепке алу.

ж) Жоспармен салыстырғанда ауытқуларды анықтау. Бұл сметаның орындалуын бақылау процесі. Бюджет компанияның басшысы анықтаған міндеттер мен саясаттар шеңберінде қарастырылады.

Басқарушылық бақылаудың мақсаты кәсіпорын стратегиясын іске асыру болып табылады. Икемді бюджет – бұл өнім өндірісі көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Икемді бюджетті құру барысындағы негізгі міндеттер:

       а) икемді бюджет өндіріс деңгейіне алдын-ала есептеулер негізінде бекітіледі;

       б) қызметтің нақты деңгейіне сәйкес икемді бюджет өзгереді;

       в) нәтижесі нақты шығындармен салыстырылады.

Бюджеттегі негізгі ауытқулардың себептері:

- негізсізделген мақсат;

- қызметтің нашар көрсеткіштері;

- кездейсоқ ауытқулар.

Басқарушылық бақылаудың этаптары:

- бағдарламаны дайындау;

- бюджетті құру;

- нәтижелі көрсеткіштерді алу және есеп беруді қалыптастыру;

- талдау.

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:

1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы;

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды.

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленеді және:

1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде – макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын, әлеуметтік параметрлердің болжамын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын;

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде – өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын;

3) үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын қамтитын құжат болып табылады.

2. Бюджеттік параметрлердің болжамы:

1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:

Қазақстан Республикасының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын;

республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін;

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:

өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын;

жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуға тиіс.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.

4. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджеттік параметрлердің болжамы инидкативтік сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгерістері, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау, басқа да ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып, кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлеу кезінде нақтылауы мүмкін.

5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын, жылжымалы негізде әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді.

6. Әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

1. Мемлекеттік органның жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспары жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің мақұлданған болжамы негізінде әзірленеді.

2. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бюджеттік бағдарламаларға кіретін мемлекеттік орган қызметінің страегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат болып табылады.

3. Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемінің шегінде әзірленеді. 

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекітеді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергілікті атқарушы орган бекітеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті салалық атқарушы органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиісті салалық орталық мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.

6. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары тиісті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін пысықталады, бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:

1) бюджет нақтыланған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері өзгерген;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған, не қолданыстағыларына өзгерістер енгізілген;

4) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген жағдайларда жол беріледі.

8. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бекітілген күннен бастап екі апта мерзімде мемлекеттік органдардың басшылары меморандумдар әзірлейді.

Меморандум мемлекеттік орган басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік орган қызметінің тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету ниетін растайтын құжатты білдіреді.

Меморандумдарды:

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін не оған бағынатын орталық атқарушы органдар бойынша – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

Мемлекеттік органның меморандумы кезекті қаржы жылына бекітіледі.

 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар меморандумдарды бекітпейді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.