Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бюджетті орындаудағы қаржылық бақылау



2.4 Бюджетті орындаудағы қаржылық бақылау

 

Бюджеттiк есепке алу бірыңғай қазынашылық шоттан және мемлекеттік мекемелердің шоттарынан жасалатын операциялар туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегi ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және жинақтаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелген, тәртіпке келтірілген жүйесiн білдіреді.

1. Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттік есептiлiк жасау үшін негiз болып табылады.

2. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

1. Бюджеттік есептілік мынадай:

1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердiң жоқтығын білдіретін анықтық;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық талап етiлетiн ақпараттың көрсетiлуiн бiлдiретiн толықтық;

3) осы Кодекстiң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң есептiлiктi жасау жөнiндегi ережелерiнiң сақталуын бiлдiретiн сәйкестiк сапалық сипаттамаларға сай келуге тиiс.

2. Алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтiң) бюджетке түсетiн түсiмдерi бюджеттiк есептiлiкте ақшалай түрде көрсетiледi.

1. Бюджеттiк есептiлiк есептердiң мынадай түрлерiн:

1) мемлекеттiк мекемелердің есептерiн:

міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есептi;

тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түскен ақша түсiмдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;

демеушiлiк пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімi мен жұмсалуы туралы есептi;

дебиторлық берешек туралы есепті;

кредиторлық берешек туралы есепті;

2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің есептерiн:

бюджеттік мониторингтің нәтижелері туралы есепті;

бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті;

 тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түскен ақша түсiмдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;

демеушiлiк пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсуi және оның жұмсалуы туралы есептi;

дебиторлық берешек туралы есепті;

кредиторлық берешек туралы есепті;

стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті;

3) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептілігiн:

республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, облыс бюджеттерінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушiлiк және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуi және оның жұмсалуы туралы есептi;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есепті;

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есепті;

бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша республикалық (жергілікті) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті;

4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органның есептерiн:

республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi қамтиды.

2. Бюджетті атқару және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілеуге құқылы.

3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.

4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейді.

1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттерді, тіркелген, төленбеген міндеттемелерді, бюджет түсімдерінің атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелерді көрсетеді.

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп береді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 124-бабында көзделген есептерді береді.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да есептерді береді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бюджеттік жүйе дегеніміз?

2. Бюджет түрлері.

3. Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі қаржылық қатынастары

4. Бюджеттік кодексте қолданылатын принциптердің түрлері

5. Бюджеттік катынастар дегеніміз?

6. Бюджеттік кодекстің құрылымы.

7. Бюджеттік процесті іске асыру барысында бюджеттік іс-әрекеттің кезеңдері

8. Бюджеттік есеп және есептілік

9. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары

10. Бюджеттiк есептiлiк есептердiң түрлерi

Негізгі әдебиеттер:

1.2012 жылғы 10 сәуірдегі № 110 " Бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға жаңа тәсілдерді әзірлеу бойынша Жұмыс тобын құру туралы" ҚР ЭДСМ бұйрығы.

2. Хруцкий В.Е. Внутрифирменное бюджетирование: Настольная книга по постановке финансового планирования. М.:ФиС, 2007.

3.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Бақару есебі. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

4. 28/08/2013/ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевтың 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заң жобасы туралы баяндамасы

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329

6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 352 бұйрығы

7.Төлегенов Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006

  

Слайдтардың тізімі:

1.Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің қағидалары

2.Бюджетаралық қатынастар қағидалары

3.Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа қүрылымының қалыптасуы

4.Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс-әрекеттің барлық сатыларында негізгі мақсаттардың түрлері

5. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.