Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



6. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Лекция 1. Қаржы ресурстарды бақылау және басқару жүйесіндегі бюджеттеу

Лекцияның мақсаты: Бюджеттеудің мәні мен кәсіпорынды басқарудағы ролі. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі жоспарлау. Кәсіпорынды басқарудағы қаржылық жоспардың деңгейі.

 

Негізгі қарастырылатын сөздер:Бюджеттеу, Бюджет пәні, бюджет объектісі, бюджет принцптері, шаруашылық дербестік, қаржылық дербестік, бюджеттік бақылау, смета, капиталды бюджеттеу, республикалық бюджеттің деңгейі мен шығыстары.

 

Лекция сұрақтары:

1.1 Бюджеттеудің мәні мен кәсіпорынды басқарудағы ролі

1.2 Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі жоспарлау

1.3 Кәсіпорынды басқарудағы қаржылық жоспардың деңгейі

 

1.1 Бюджеттеудің мәні мен кәсіпорынды басқарудағы ролі

 

ҚР-ғы қазіргі экономикалық жағдай кәсіпорындарға микроэкономикалық деңгейде ішкі фирмалық жоспарлауда және макроэкономикалық деңгейде стратегиялық жоспарлауда жаңа қадамдар жасауды қарастырады .Кәсіпорынның қабілеттілігі нарықтық қатынастардың зәру мәселелерінен шығады,яғни оның мақсатын бюджеттеу арқылы ертерек кәсіпорынның өз күшімен орындауға мүмкіндігін және қаржыландырудың тартылған көздері арқылы өндірістік бағдарламаны орындауды қамтамасыз ететінін,материалдық-техникалық базаны нығайтатын және басқа да міндеттерді шештінін анықтауға болады.Бюджеттеуді басқа экономикалық пәндерден бөлуге болмайды,себебі,оны кәсіпорынның қызметін ,басқару процесінде жоспарлау,бақылау және басқару қызметі арқылы пайдаланады.Сонымен бюджеттеу – бұл шаруашылық және қаржылық қызметпен айналысатын әркімге қажет білім саласы.Бюджеттеу – бұл жоспарлау,бақылау,басқарушылық қызметті реттеу және кәсіпорынның даму стратегиясы негізінде тиісті өндірістік жобаларды орындау мақсатында шешімдерді қабылдау процесі арқылы экономикалық субъектіні басқару. Бюджеттеу түсінігі туралы нақты анықтаманы К.П.Янковский мен И.Ф.Мухарь береді, ол мынаны қарасытырады: бюджеттеу – шаруашылық қызметтің мақсаттарына сәйкес бюджеттерді дайындау.

Бюджеттеудің негізінде материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстарды тиімді басқару жүйесі жатыр.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше жоспарлауды, өндірістік бағдарламаларды дайындайды,өнімдерді өндіру мен өткізу,баға, әлеуметтік-экономикалық саясаттар жөніндегі стратегияны анықтайды. Осы және басқа да міндеттерді орындау үшін,сонымен қатар басшылар мен менджерлерге шешімдер қабылдау үшін өндірістік бағдарламалар мен жобалардың орындалуына байланысты барлық шығындардың түрлері бойынша,тартылған инвестициялар,осы мақсатқа мемлекеттен алынған тиісті қаржылық көмек туралы сенімді және объективті ақпарат қажет.

Мұндай ақпараттармен бюджеттеу және басқарушылық (өндірістік) есеп қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономика шаруашылық және қаржылық дербестікті болжайды.

Шаруашылық дербестік – кәсіпорынның ұйымдастыру формасын,қызмет түрін,бизнес бойынша серіктерді,өткізу нарығын,бағаларды белгілеу және басқаларды анықтауда өз таңдауын білдіруі.

Қаржылық дербестік – оның толық өзін-өзі қаржыландыруы,қаржылық стратегияны,баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.Осыған байланысты тиісті бағдарламалар мен жобаларды орындау мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын жоспарлау,бақылау және реттеуді қамтамасыз ететін бюджеттеу қажеттілігі көрініс табады.

Бюджеттеу өз жағынан қаржылық және басқарушылық есеппен өзара тығыз байланыста,себебі осы пәннің алдына қойылған кез келген мақсат бухгалтерлік есептен шығады.

Бюджеттеу пәні кәсіпорынның жалпы және құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік қызметі табылады.

Бюджеттеу объектісі болып:

- кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша шығындары;

- кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің нәтижелері;

- қаржылық ресурстар,қаржылық нәтижелер (шығындар);

- өндірістік бағдарламаларды және жобаларды қаржыландыру көздері;

- бюджеттеу және ішкі есеп беру.

Бюджеттеу процесінде әр түрлі әдістер қолданылады, бухгалтерлік есеп пен жоспарлаудың жұмыс қағидалары,құжаттау,баланстық қорытындылау мен есеп-қисап, индекстік әдіс, математикалық әдістер (кореляция,сызықтық программалау және басқалары).

Бюджеттеу өндірістік бағдарламалар мен жобаларды жоспарлауға, бюджет жасау және олады орындауға сметалар дайындауға, шығындарды қорытындылау және қызметтің, жұмыс пен қызметтің, шығындардың түрлері бойынша резервтерді анықтауға арналған.

Бюджеттеу бюджеттің (сметаның) қалыптасуына біршама көңіл бөледі. Осы мақсатта жоспарлы кезеңге бюджетті қалыптастыруда технологиялық (ұйымдасытрушылық) процедураларды сақтау маңызды,олар бірнеше кезеңнен тұрады:

1 кезең – наурыз-мамыр –ақпараттарды жинау;

2 кезең – маусым –кәсіпорын алдына стратегиялық міндеттерді қою;

3кезең – шілде-қазан, жоспарларды және шығындарды статьялары бойынша егжей-тегжейлі дайындау;

4 кезең – қараша- барлық статьялардың біртұтас поцеске бірігуі;

5 кезең – желтоқсан – жоспарлы кезеңге жоспарды бекіту.

Жоспарлау бір жылдан үш жылға дейін созылады.Бұл жерде мынаған өте көңіл бөлінеді:

  1. инвестицияны жоспарлау;
  2. инновацияны енгізу;
  3. техникалық қайта жаңғырту.

Бұл бағыттарды орындау жауапкершілік менеджерлерге жүктеледі,ол оларға бухгалтерлер-бақылаушылар көмектеседі.Мұндағы ақпарттарға қойылатын талап орындалған операциялар мен олардың есебі және ЭЕМ арқылы оларды өңдеу арасындағы уақыттың аздығы.Осы есептіліктің негізінде жыл аяғына болжам жасалады.Болжам ай сайын дайындалады.Осы мәліметтердің негізінде жылдық және үш жылдық жоспарлар түзетіліп отырылады.Бюджеттеу туралы айтқанда оның салықтық жоспарлаумен байланысын айтпауға болмайды,себебі бюджеттеудің және оның соңғы нәтижелерінің нәтижесінде кәсіпорын алынатын пайданы көбейтеді.

Бюджет – кәсіпорынның шаруашылық (операциялық), инвестициялық және қаржылық қызметінен болатын шығындар мен түскен қаржыларды көрсететін операциялық қаржылық жоспар.

Бюджет кәсіпорынның қызметінен және даму жоспарының сандық түрінде көрінісі болып табылады,ол кәсіпорын әр түрлі баламаларда қандай пайда табатындығы туралы сұраққ жауап береді.

Бюджетті қолданудың бірқатар артықшылықтары бар:

  1. Стратегиялық және тактикалық жоспарлау өндірістік жағдайларды бақылауға көмектеседі;
  2. Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады,ұйымның және оның бөлімшелерінің қызметінен нәтижелерін бағалауға объективті негіз жасайды;
  3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіруші құрал болып табылады;
  4. Бюджет – жауапкершілік орталықтарының жоспарды орындауын бағалау үшін бағалау негізі: менеджерлер жұмысы бюджеттің орындалуы туралы есеппен бағаланады;нақты нәтижелерді бюджет мәліметтерімен салыстыру менеджерлер жұмысын қай аймаққа бағыттау керек екендігін көрсетеді;
  5. Бюджеттің көмегімен ауытқуларды талдау жүргізіледі.

Бюджеттеу – шаруашылық қызметінің мақсатына сәйкес бюджеттерді дайындау.

Капиталды бюджеттеу – кәсіпорынның капиталын басқару үшін бюджеттерді қалыптастыру көздерін және олардың орналасуын анықтау (баланстық активі).

Бюджеттік бақылау – жоспарлы бюджетпен анықталатын табыстар мен шығыстардың кейбір көрсеткіштерінің орындалуына ағымдық бақылау.

Смета – алдыңғы кезеңге және көрсеткіштерді есептеуде тізбелік әрекетпен кәсіпорынның ақша ресурстарына қажеттілігін анықтайтын жоспарлы есептеудің формасы.

Ұйымның бюджет жасаудағы процесі бюджеттік цикл деп аталынады,ол мыналардан тұрады:

- барлық жауапкершілік орталықтарының басшыларының қатысуымен ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жоспарлау;

- жаңа жағдайларға байланысты жоспардағы мүмкін болатын өзгерістерді талқылау;

- қызметті бағалауда қолданылатын көрсеткіштерді анықтау;

- ұсынылған түзетулерді ескеріп жоспарларды түзету.

Кәсіпорын алдында тұрған міндеттерге байланысты бюджеттің мына түрлерін бөледі:

1. бас бюджет және жеке;

2. икемді және статистикалық.

Бас бюджет кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін қамтиды.Бас бюджеттің негізгі мақсаты – жеке бюджет негізінде кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің сметасы мен жоспарларын біріктіру және қосу.

Бас бюджетті құрастыруда мыналар жасалынады:

- болжамды баланс;

- пайда мен залалдың жоспары;

- ақша қаражаттарының қозағлысының жоспары.

Бас бюджет екі бөліктен тұрады:

1. Оперативтік бюджет – пайда мен залалдың жоспарын қосатын бас бюджеттің бөлігі;

2. Қаржылық бюджет – күрделі қаржы салымы,ақша қаражаттарының қозғалысы және болжамды баланс бюджеттерін қосатын бас бюджеттің бөлігі.

Бас бюджеттің формалары стандартталмаған.

Бас бюджеттің құрылымы мыналарға байланысты:

- өнімдердің объектісіне;

- кәсіпорынның көлеміне;

- жұмысшылардың біліктілік деңгейіне.

Бұл құжат мына мәліметтерден тұруы қажет:

- шығыстардан;

- табыстардан;

- кейде баланстырылмайтын табыстардан;

- натуралды және құнды түріндегі материалды-өндірістік шығыстардан;

- жалпы кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.