Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәрістік сабақтардың конспектілері



2.2 Дәрістік сабақтардың конспектілері

№1 Дәріс тақырыбы. Кіріспе. БП-ны конструкторлы технологиялық пробалаудың құрылымдық сұлбасы

БП-ны конструкторлы – технологиялық жобалаудың құрылымдық сұлбасы 1.1-суретте келтірілген. БП жол сызбалау мүмкіндіктерінің жоғарылауын талап етеді.

 

 

 

 


1.1-сурет. Конструкторлы – технологиялық жобалаудың құрылымдық сұлбасы.

 

БП және 1-ші деңгейдегі модульді конструкторлы – технологиялық жобалау кезінде бастапқы мәліметтер жоғары құрылымдық деңгейдегі модульдер құрылымына сәйкес анықталады, мысалы: блок құрылымы. Сонымен қатар БП-ны конструкторлы – технологиялық шектеулеріне қойылатын талаптары бұйымның техникалық тапсырма (ТТ) талаптарына сәйкес келуі керек. Сондықтан ТТ-де БП конструкторлы – технологиялық жобалау мынаны көрсетеді:

1) Тағайындалуы, қондырғы объектісі бойынша, БП және 1-ші деңгейдегі модуль жасалып жатқан ЭА тобы және қолдану аясы: Мысалы, ернеулі ЭЕМ, ТП басқару құрылғысы және т.б.;

2) ЭА жұмыс тобын пайдалану, сақтау, транспорттың шарттары:

· механикалық әсерлер (дірілдер, соққылар, сызықты үдеулер және т.б.);

· климаттық әсерлер (сыртқы орта температурасы, ылғалдылық, атмосфералық қысым);

· арнайы әсерлер (торлы саңырауқұлақтар, кеміргіштер және т.б.);

1) БП дайындалатын функционалдық түйіннің (ФТ) электрлік принципиалды сұлбасы, оларға кіретін элементтер тізімі:

· элементтік база;

· электрлік параметрлер және БП құрылымына әсер ететін параметрлер (максималдық топ, кернеу, жиілік диапозоны, таралу қуаты, сигналды күшейту коэффициенті және т.б.).

· орнату алаңы немесе ЭРИ орнату нұсқалары: ЭРЭ, ИМС, МСБ, ҮИС, ӨҮИС және БҚК;

2) салыстырмалы жоғарғы деңгей модульдеріне БП-ны бекіту әдісі;

3) Берілген ЭА класының стандартына, аналог құрылымына өлшемдеріне немесе шектеулермен ережелерге сәйкес қойылатын конструкторлы – технологиялық шектеулер;

БП-ның конструкторлық-технологиялық жобалау тізбегі нормативті құжатпен және келесі деңгейлерден тұрады.

1. ТЗ-ні анализдеу және оқып түсіну бұйымға қатысты (баспа тармағы, 1-деңгейлі модуль, ЭА) оның құрамына өңделетін БП кіреді

· ЭА құрылғысының обьектісін және анализін тағайындау

· ЭА-нің қатаңдық тобы мен пайдалану жағдайын анализдеу

· элементті базамен электрлі принципті сұлбаны анализдеу

2.Конструкция блогы түрін таңдау және 1-деңгейлі (ұяшық)моделінің конструктивті орындалуын вариантын таңдау

3.ЭА ұяшықтың компановты құрылымын таңдау

4.БП конструкция түрін таңдау

5.БП дәлдік класын таңдау

6.БП дайындау әдісін таңдау

7.БП материалын таңдау

8.БП габаритті өлшемін таңдау және ұяшықтың компоновты сызбасын өңдеу

9.ЭРИ құрылғысының конструкторлық-технологиялық аймақтарын БП үшін компоновкалау, электрлік байланыс элементтері, ұяшықтардың фиксациямен бекітілуі.

Бұйымға қойылатын техникалық тапсырманы есептегенде келесідей зерттелуі керек:

· ЭА құрылғысының обьектісі немесе пайдалаланатын аймағын тағайындау, оның құрамына өңделетін БП кіреді;

· пайдаланылатын жағдайы, ЭА-ға әсер ететін факторлар және ЭА жұмысының қатаңдық тобын табу;

· электронды модульдің функционалды түйінді таңдау оған БП кіреді және жоғары конструктивті деңгей модулдерінің бекітілу әдістері;

· функционалды түйіннің электрлік принциптік сұлбасын, оның функционалды қиындығы; БП конструкциясын анықтайтын параметр (тезқабілеттілік, сезгіштік, жиілік, таралу қуаты т.б.) оның элементті базасы.

        ЭА-нің осы тобына қандай көрсеткіштер қойылады.
ЭА-нің  обьекті құрылғысына байланысты 3 класы бар: жердегі, теңіздік және борттық.

Жердегі ЭА деп аталатын класс келесі топтарға бөлінеді: стационарлы, тасымалданатын, қолданылмалы және тұрмыстық ЭА.

Стационарлы ЭА үшін орташа климаттық жағдайларда (25+10)° С температурада, ылғалдылық (65±)% (°C) ауалық қысым (8,36...10,6) • 104 Па (630...800 мм сын. дең.) орындарында жұмыс істеледі, ауа химиялық қоспасыз, механикалық жүктемелер болмауы керек.

Тасымалданатын ЭА-ға діріл жағдайында, шаңды жерлерде, жоғары ылғалдылықта жұмыс сәйкес келеді.

Қолданылмалы ЭА үшін миниатюризация тәуелділігі қажет.

Тұрмыстық ЭА-ға қойылатын негізгі талаптары: конструкцияның бағасын төмендету үшін технологиялықты жоғарлату, массамен өлшемді азайту, конструктирлеудің модульдік принципі, қолданылуда қарапайымдылығы, өңдірістің массалық сипаттамасы.

ЭА-нің теңіздік класына 100%-тік ылғалдылық жоғары температурада және тұздық туманда сәйкес келеді, двигательдің үздіксіз дірілі кезінде, соққылық жүктемелу, сызықтық үдеулер, акустикалық, магнитті және радиациялық әсер етулерде.

ЭА бортты класы келесі топтардан тұрады: ұшақты, ғарыштық және ракеталық техникалар.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.