Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



                             Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Каталитикалық риформинг кезінде әртүрлі класс көмірсутектері үшін өзгерістердің қандай түрлері тән?

2. Каталитикалық риформинг кезінде қандай реакциялар тотығу-тотықсыздану және ионды механизмдер бойынша өтеді?

3. Риформингтің қандай реакциялары жылу бөлу және жылу сіңірумен өтетінін көрсетіңіз. Риформинг процесінің қосынды жылу эффектісі неге тең?

 

 

Дәріс 7

             Тақырып: Каталитикалық  риформинг  катализаторлары

Риформинг катализаторларын таңдау процесте өтетін реакциялар механизмімен анықталады. Гидрлеу және дегирлеу реакцияларына қатынасатын катализаторда реакция тотығу-тотықсыздану механизмі бойынша өтеді, изомеризация және гидрокрекинг реакцияларына қышқылдар катализатор болып, ол ионды механизм бойынша өтеді. Сондықтан, каталитикалық риформингте құрамы {Me + Al2O3} , бифункционалды катализатор қолданылады. Мұндағы Ме – молибден, платина, рений, Al2O3 – металдар фотопидтері немесе хлоридтерімен промоторланған изомеризация катализаторы, бір мезгілде тасымалдағыш болады.

Катализатор табиғаты мен сәйкес риформинг процесі төмендегідей түрлерге бөлінеді:

платформинг (катализаторы – платина)

риформинг (катализаторы – платина)

молибден катализаторындағы риформинг.

Молибден катализаторларының белсенділігінің төмендігіне байланысты олар қазіргі уақытта өндірісте қолданылмайды. Құрамында платина, кадмий және рений бар полиметалды катализаторлар жоғарғы белсенділік және таңдамалық көрсетеді, мысалы, КР-104 катализаторы октан саны ұқ дейін бензин шығымын қамтамасыз етеді және бір жылға дейін регенерациясыз тұрақты жұмыс істейді.

Өндірісте келесі катализаторлар қолданылады:

1) платина (тасымалдағыштары: фтор немесе хлормен промоторланған алюминий оксиді; алюмосиликат, цеолит және т.б.);

2) паладий (тасымалдағыштары: фтор немесе хлормен промоторланған алюминий оксиді; алюмосиликаттар, цеолиттер);

3) вольфрамникел сульфиді;

4) алюмомолибден тотығы (шамамен алюминий оксидіне 10% молибден оксиді);

5) алюмохромды (32% хром оксиді және 68% алюминий оксиді);

6) алюмокобальмолибденді (32% молибдаты кремнеземмен тұрақтандырылған Al2O3 –тасымалдағышында).

Алюмоплатиналы катализаторлар барынша кеңінен қолдау тапты.

Платина негізіндегі барлық катализаторлар катализатор уларына сезімтал, оларға күкірт, азот және кейбір металдар қосылыстары жатады. Сондықтан шикізатты риформинг операциясына берудің алдында құрғатудан және гидротазалаудан өткізеді.

Риформинг катализаторларына келесі талаптар койылады:

1) ароматтау реакцияларына жоғарғы белсенділі, парафиндерді изомеризациялау реакцияларына жеткілікті белсенділік гидрокрекинг реакцияларына төменгі белсенділік;

2) жоғарғы таңдамалық, таңдамалық көрсеткішін берілген октан саны кезіндегі риформаттың шығымы атқарады;

3) термиялық тұрақтылығы және тікелей реакторларда регенрация жолымен белсенділігімен қалпына келтіру мүмкіндігі;

4) күкіртті және азотты қосылыстар, оттек, ылғал, ауыр металдар тұздары әрекетіне тұрақтылығы;

5) тұрақтылық (ұзақ уақыт бойы жұмыс істелген кезде бастапқы белсенділігін сақтау қабілеті);

6) бағасының төмендігі;

7) Катализатордың кокстелуі оны регенерациялау қажеттігін туғызады, риформинг процесі екі технологиялық нұсқада жүргізілуі мүмкін:

a) катализатор регенерацияланбайды;

ә) катализатор регенерацияланады;

Катализаторлардың белсенділігін және таңдамалылығын қалпына келтіру

үшін оларды периодты түрде тотықтырып регенерациялауды жүргізеді. Алюмоплатиналы катализаторларды тотықтырып регенерациялау процесі 300-500 ̊С температурада катализатордың кокс қабығын ауа оттегісімен өртеу арқылы жүргізіледі.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.