Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



                         Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Карбоний-ионы теориясын қалай түсінесіз?

2. Карбоний иондары үшін қандай өзгерістер тән?

3. Каталитикалық крекинг механизімі қандай ерекшеліктермен сипатталады?

 

 

                                              Дәріс 4

Тақырып: Каталитикалық крекингтің химизімі және параметрлері

   Каталитикалық крекинг реакциялары бастапқы шикізат молекулаларының өзгерісіне жататын біріншілік және реакция өнімдері қатынасатын екіншілік реакциялар болып бөлінеді.

Парафинді көмірсутектер. Парафиндер олефиндерге және молекулалық массасы аз парафиндерге бөлінеді.

                                CnH2n+2 →CmH2m + CqH2q+2

Парафин молекулаларының ыдырауы бірнеше жерден жүреді, бірақ оның ең шетінен үзілмейді. СН4, С2Н6, С3Н8 шығымы өте аз. Газда С34 көмірсутектері жинақталады. Термиялық крекингмен салыстырғанда ыдырау жылдамдығы оңдаған есе жоғары.

Олефиндер. Олефиндердің ыдырау жылдамдығы термиялық крекинг кезіндегімен салыстырғанда каталитикалық крекингте мыңдаған есе көп. Олефиндер келесі реакцияларға түседі: полимеризация, деполимеризация, сутегінің қайта таралуы, изомеризация, циклизация. Изомеризация реакциялары әртүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда құрылыстық қайта топтасулар, қос байланыстардың тізбек бойында ауысуы орын алады:

 

 nCnH2n → (CnH2n)n  (полимеризация)

СnH2n → 2CmH2m  (деполимеризация)

Олефин →Парафин+Ароматты көмірсутектер

Олефин →2Парафин+ Диенсутек

  Н – СnH2n → изо-CnH2n (изомеризация)

 

Нафтен көмірсутектері. Нафтендер өзгерістердің келесі түрлерімен сипатталады:

дегидрлену

 

 

дегидрлену және деалкилдену

 

 

 

сақинаның изопарафиндер түзілуімен ыдырауы

 

    

сақинаның изомерленуі

     

     

бүйір тізбектердің қайта таралуы (орынбасардың митрациясы)

 

 

 

Ароматты көмірсутектер. Ароматты көмірсутектер реакциясының жылдамдығына және бағытына крекингленетін көмірсутектердің молекулалық массасы және құрылысы үлкен ықпал жасайды.

Бензол гомологтары толықтай бүйір тізбегін жоғалтып, өлшемдерінің артуына байланысты деалкидену жылдамдығы күрт артады.

Бензолдың полиметилді гомологтары метил топтарының қайта таралуымен жеңіл изомеризацияланады:

 

 

 

Бензол реакцияға қатыспайды және бензинде жинақталады.

Каталитикалық крекинг процесі төмендегідей параметрлермен сипатталады: 1) температура 480-490 ̊С; 2) қысым – 0,14 – 0,18 МПа; 3) шикізат берудің көлемдік жылдамдығы υₒ = 0,6-2,5 ч-1; 4) Катализатордың айналым еселігі N=6,0-1,5 м33.

Температураның жоғарлауы елеулі мөлшерде газ және кокс түзілуге әкеліп, бензин шығымен төмендетуге әкеледі. Қысымның жоғарлауы кокс түзілуінің интенсивтілігін арттырады. Шикізат берудің жоғарғы көлемдік жылдамдығы өзгеріс тереңдігінің азаюына әкеледі. Катализатор айналымы еселігінің артуы газ, бензол және кокс шығымының жоғарлауына мүмкіндік береді.

 

                             Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Каталитикалық крекинг кезінде алкандар және олефиндер үшін қандай реакцияларға тән?

2. Каталитикалық крекинг кезінде нафтендер және олефиндер қандай реакцияларға түседі?

3. Каталитикалық крекинг процесінің негізгі параметрлері.

 

 

 

                                               Дәріс 5



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.