Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Каталитикалық крекинг. Каталитикалық



              Тақырып: Каталитикалық крекинг. Каталитикалық

                                крекинг катализаторлары

    

Катализатор қатысында (каталитикалық крекинг) мұнай шикізатын мотор отындарын үшін мұнай өңдеу өңдірісінде кең қолдау тапқан крекинглеудің бірқатар ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктерге жататындар:

-октан саны жоғарғы болатын, құрамында көп мөлшерде ароматты көмірсутектер және изоалкандар бар крекинг – бензинінің шығымының жоғарылауы;

-органикалық синтез үшін шикізат болып табылатын, құрамы С14 көмірсутектер, газ тәрізді өнімдердің шығымының жоғарлауы.

Каталитикалық крекинг процессі бу фазасында 450-525 ̊С температура 0,15МПа қысымында алюмосиликаты катализаторы қатысында жүреді.

Бұрын каталитикалық крекингте катализатор ретінде құрамында 25% дейін алюминий оксиді бар табиғи және синтетикалық алюмосиликаттар қолданылды. Қазіргі уақытта барлық каталитикалық крекинг қондырғылары құрамында циеолиттер бар синтетикалық алюмосиликаты катализатормен жұмыс істейді.

Цеолиттер деп ұсақ поралары бар табиғи және синтетикалық алюмосиликаттарды атайды. Барлық цеолиттер кристалды құрылысты. Олардың ортақ қасиеттері – ұсақ қуыстары болып, олардың өзара поралар арқылы қатынаста болуы. Қуыстардың жалпы көлемі кристалдың барлық көлемінің жартысына жетуі мүмкін.

Цеолиттер натрий, кальций және басқа металдардың сулы алюмосиликаттары болып келеді. Цеолиттердің жалпы формуласы nMe2O*mAl2O3*pSiO2*qH2O.

Синтетикалық цеолиттердің 3 типі: А,Х,У шығарылады. А типті цеолиттердің поралары 0,3-0,5нм, көмірсутекті газдарды кептіруге және көмірқышқыл газы мен күкіртті сутегінен тазартады, сондай-ақ қалыпты алкандарды басқа көмірсутектер класы қоспаларынан бөлу үшін қолданылады. Х типті цеолит пораларының өлшемі 0,8-1,3нм, ал У типті -0,5-0,9нм болады. Х және У типті цеолиттер катализаторлар өндірісінде кеңінен қолданылады. 10Х және 10У (шар тәрізді –РСГ-2 және т.б.) негізіндегі цеолиттер 50-ге жақын активтілік индикісімен сипатталады. Бұл катализатордың кейбірінің құрамында рений оксиднің болуы катализатордың таңдамалық әрекетіне қолайлы әсер етеді және бензинді жоғарғы шығыммен алуға мүмкіндік береді.

Құрамында цеолиттері бар катализаторларда цеолит мөлшері жоғары емес (3-15%). Металдар мен (хром, рений, платина, палладий) модификацияланған цеолитті катализаторды дайындау процесінде, бейорганикалық тотықтар (кремний оксиді, алюминий оксиді, саз және басқа) матрицаларына енгізеді.

Каталитикалық крекинг катализаторының ерекшелігі олардың жылдам дезактивациялануы болып табылады. Катализатор 10-15 минут жұмыс істегеннен кейін поралары кокспен бітеледі. Сондықтан крекингте катализаторды үнемі регенерациялаумен алмастыру керек. Регенерация 570-650 ̊С температура кезінде катализатор бетінен кокс және шайыр тұнбаларын ауамен өртеу арқылы жүреді.

Каталитикалық крекингте қолданылатын катализаторларға төмендегідей талаптар қойылады:

-таңдамалығы;

-крекинг температурасы кезінде активтілігін жоғарғы болуы;

-активтілігінің тұрақтылығы (пайдалану мерзімінде өз активтілігін сақтау қабілеті);

-үйкелуге, жоғарғы температура және су буы әрекетіне тұрақтылығы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.