Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Каталитикалық риформинг: процестің мақсаты



              Тақырып: Каталитикалық риформинг: процестің мақсаты

                                          және негізгі параметрлері

Каталитикалық риформинг процесі жоғарғы октан санымен бензин алу үшін, сондай-ақ жеке ароматты көмірсутектер, ең бастылары бензол, толуол және ксилолдар алу үшін арналған. Процестің, арзан, құрамында сутегі бар газ (ҚСГ) алуда маңызы зор.  Риформинг процесі катализатор қатысында жүргізіледі.

Мұндай өңдеудегі риформинг процестерінің маңызы 90 жылдары этилденбеген жоғары октанды автомобиль бензині өндірісінің қажеттілігіне байланысты мәні артты. Каталитикалық риформинг шикізаты ретінде тіке айдалған бензиндер, екіншілік процестер – термиялық крекинг және тазартылған кейінгі кокстеу бензиндері, сондай-ақ гидрокрекинг бензиндері қолданылады.

Құрамында платина бар катализатордағы каталитикалық риформинг процесінің маңызы жоғары.

Каталитикалық риформинг процесіндегі маңызды параметрлер:

реактордағы қысым және температура;

шикізат және құрамында сутегі бар газдың арақатынасы;

шикізат берудің көлемдік жылдамдығы. 

1. Реактордағы қысым. Процесс қысымы 20-40 ат. Қысым төмендеген кезде ароматты көмірсутектердің шығымы артады және газ тәрізді көмірсутектердің түзілуі азаяды.

Бірақ қысымның азаюы кезінде катализатордың кокстелу жылдамдығы күрт жоғарлайды және бұл кезде қондырғының жұмыс, циклі қысқарады. Сондықтан төменгі қысым жағдайында риформинг жүргізу кезінде жетілдірілген (бейметалдық және полиметалдық) платина катализаторларын қолдану қажет.

2. Реактордағы температура. Каталитикалық риформинг процесінің температурасы 500-520 ̊С. Температура жоғарлауымен бензин шығымы төмендейді және оның құрамында ароматты көмірсутектер мен тығыздығы артады, сондай-ақ газдар, соның ішінде айналымдағы газдардың шығымы жоғарлайды.

Процесс температурасының жоғарлауымен сутегінің түзілуі және тұрақсыз бензиннің қаныққан буының қысымы жоғарлайды.

3. Айналымдағы құрамында сутегі бар газдың көлемінің шикізат көлеміне қатынасы каталитикалық риформинг кезінде 1500-1800 м33 құрайды. Сутегінің парциалды қысымының жоғарлауы дегидрлеу реакцияларын баяулатады, бірақ айналымдағы газ мөлшерінің артуы барлық реакцияларды жылдамдатады.

4. Каталитикалық риформинг кезінде шикізат берудің көлемдік жылдамдығы 1,5 сағ-1 құрайды. Жоғарғы көлемдік жылдамдық кезінде бензин шығымы артады, ал оның құрамындағы ароматты көмірсутектер және бензиннің октан саны төмендейді.

Шикізат берудің көлемдік жылдамдығын анықтау формуласы:

 

                                               

Мұндағы Vш – реакторға бір сағатта берілетін шикізат көлемі; Vк – реакция аймағындағы катализатор көлемі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.