|
|||
зін-өзі тексеруге арналған сұрақтарӨзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 1. Каталитикалық риформинг процесінің мақсаты, оны жүргізу жағдайы. 2. Риформинг процесінің шикізаттары және өнімдерін сипаттаңыздар. 3. Процестің қандай параметрлері риформинг реакцияларының жүруіне әсер етеді?
Дәріс 6 Тақырып: Каталитикалық риформинг процесінің механизмі және термодинамикасы Каталитикалық риформинг жағдайындағы катализаторда көмірсутектердің барлық кластары өзгеріске ұшырайды. Бұл кезде маңызды төмендегідей реакциялар жүреді. 1. Ароматты көмірсутектер түзумен нафтендердің дегидерленуі: -3Н → Нафтендердің дегидрлену реакциясы ароматты көмірсутектер түзу есебінен бензиннің октан санын жоғарлатуда маңызды роль атқарады. 2. Парафинді көмірсутектердің дегидроциклизациясы:
С7Н16 -Н2 → -3Н2 → С6Н14 -4Н2 →
Бұл реакция каталитикалық риформинг реакциясының маңыздыларының бірі болып табылады. 3. Жоғарғы молекулалы парафиндердің гидрокрекингісі. Бұл реакцияның нәтижесінде екі немесе молекулалық массасы төмен бірнеше көмірсутектер түзіледі:
С9Н20 + Н2 → С4Н10 + С5Н12
4. қ-Парафиндердің изомерленуі тармақталған көмірсутектердің түзілуіне әкеледі:
СН3 – (СН2)3 – СН3 → СН3 – СН – СН2 – СН3 | СН3 5. Күкіртті қосылыстарды гидрлеу: 6. RSH +H2 → RH + H2S
7. Ароматты көмірсутектерді деалкилдеу және дегидроконденсациялау: С2Н5 → + С2Н4
+2С +2Н2
Конденсация реакциясы кокстің түзілуіне әкеліп, катализатор бетіне қабық түзеді және оның белсенділігін төмендетеді. Кокс қабығын азайту үшін риформинг процесін сутегі атмосферасында жүргізеді. Риформинг кезіндегі көмірсутектер өзгерісі 1 реттік реакция теңдеуімен сипатталады. U=kорт (a-x), Мұндағы kорт – реакция жылдамдығын тездету константасы. Риформинг процесінің жылу эффектісі ондағы эндотермиялық ароматизациялау реакциясының (Н1) меншікті салмағына, сонымен, шикізаттағы нафтендер құрамына және экзотермиялық гидрокрекинг реакцияларына (Н2) байланысты. Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялардың арақатысында эндотермиялық өзгерістер басым, риформингтің қосындысы жылу эффектісі теріс.
|
|||
|